Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция
Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция

Полная версия

Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция

Язык: Русский
Год издания: 2026
Добавлена:
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля
На страницу:
4 из 6

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, Ван профессор! Менің сұрағым: қазіргі кезде негізгі білім беруде, әсіресе төменгі сыныптарда, мысалы, 1–3 сынып балалары дәстүрлі қытай мәдениетін насихаттау мақсатында 1-сынып оқушыларынан «Шәкірт ережелерін» жаттау талап ете ме? Балалар көне иероглифтерді мүлде білмейді әрі мазмұнын да түсінбейді. Менің ойымша, бұлай жасау біржақтылық деп ойлаймын. Бұл мәселеге қалай қарайсыз?

Жауап: Осы сұрақ бойынша өз пікіріммен бөлісуге рұқсат етіңіздер. «Шәкірт ережелері» – балаларға оқуды, тәрбиені үйретіп қана қоймай, ережелерді үйрететін кітап. Біз оны «Балалық шақтың оқулығы» деп атаймыз. Біреу келісер, ал біреу келіспес, мен өз басым «Шәкірт ережесін» жаттау мүлдем қажет емес деп есептеймін және оған әрқашан үзілді-кесілді қарсымын. Біз қазір қандай балаларды тәрбиелеп жатырмыз? Бәрі де заманауи болуы керек. Балалар болашақтың еншісінде. «Шәкірт ережесінде» балалар қалай отыруы, тұруы керек, т.б. қарастырылып, барлығы феодалдық дәуірдің әдептеріне сай келеді. Эстетикалық құндылықтар болсын, мінез-құлық ережелері болсын, әр заманның өз құндылықтары бар. Оның үстіне, сауат ашатын балаларға арналған оқулық ретінде тілі де қазіргі ортақ тіл емес, жазулары да қазіргі заманауи жазу емес. Осы жерде мен сіздерді бірнеше статисткамен таныстырғым келеді: Балалық шақтың сауат ашу кітабы, жай ғана көне оқу кітабы: «Саньцзыцзин (үш таңбаның каноны)», «Байцзясин (жүз отбасының тегі)», «Мыңжылдық (Мың таңбалы мәтін) деп аталады.Үшеуінде де 2708 сөз бар, қайталанбайтын сөз саны 1462. Қайталанатын сөз статистикасына сәйкес, олардың алғашқы 100 таңбасының 47-сі ғана қазіргі қытай тілінің бастапқы 100 таңбасымен бірдей, ал жартысынан көбі әртүрлі. «Шәкірт ережелерін» де осы саладан бөліп қарауға болмайды. Бұл ескі материалдарды қазіргі сауат ашуға негізгі материал ретінде пайдалану орынсыз екенін байқауға болады. Дәстүрді жалғастыру ескіні қайталау емес. Қайта балалар мен жасөспірімдерге көп уақыт бөліп, әлеуметтік дамуға бейімдеу керек.

2-лекция. ӘЛЕМДЕ ҚАЗІРГЕ ДЕЙІН САҚТАЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ИДЕОГРАММАЛЫҚ ИЕРОГЛИФТЕР. ҚЫТАЙ ЖАЗУЫНЫҢ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Осы жазулар қытай иероглифтерімен салыстырғанда қандай мәнге ие? Оның ерекшелігі қандай? Егер бұл қытай иероглифтерін түсіну барысындағы бірінші мәселе болса, бұл сұраққа қалай жауап береміз? Алдымен, бізде теориялық алғышарт болуы керек, яғни жазу тілді жазып алатын таңбалар жүйесі. Бірінші лекцияда белгі тілді хатқа түсірмесе, қанша тамаша, әдемі болса да оны жазу деп атауға болмайтынын айттық. Тілді естелікке алу, тек дыбыс пен мағына болғанда ғана іске асады. Бізде «Жазу – тілді қайта кодтау» деген кәсіби мақал бар. Жазу – ауызекі тілді жазба тілге айналдырып қайта өңдеу деген сөз. Басқаша айтқанда, жазу – тілді жазып алатын қосалқы белгі. Тіл – негізгі орында болса, жазу – қосалқы орында болып, тілмен бірге өмір сүреді. Жазу мен тілдің арақатынасын анықтаған соң, жазудың сипатына баға беру жазу формасының тілмен байланысына баға беру екенін түсінеміз. Жазудың сипатын талдағанда біз ең алдымен осы мәселеге көңіл бөлуіміз керек.

Екінші мәселе, жазудың өзіндік даму тарихы бар. Ол да адам сияқты туылады, өседі, өрбиді, өзгереді. Бірінші лекцияда иероглифтердің өте ұзақ, шамамен бес-алты мың жылдық тарихы бар екенін айттық. Археологиялық қазбалар әлі жалғасуда, иероглифтің пайда болған уақыты одан да ұзақ болуы мүмкін. Ендеше, осыншама ұзақ тарихи даму кезеңімен құбылыстарды, өзгерістерді басынан өткізген қытай иероглифтерінің сипаты өзгерді ме?

Үшінші мәселе, фонетикалық санаттағы иероглифтер қытай жазуының көп бөлігін ұстайды. Фонетикалық санаттағы иероглифтің бір бөлігі – мағына білдіретін мағыналық бөлігі, ал екінші жартысы айтылуын білдіретін фонетикалық бөлігі. Олар күнделікті өмірде кез келген жерде кездеседі. Қысқасы, аты-жөніңізді жазғанда да фонетикалық санаттағы иероглифтер кездесуі мүмкін. «Шуовэнь Цзецзы»-дегі сяочжуань жазуында фонетикалық санаттағы иероглифтер 87%-дан жоғары. Фонетикалық санаттағы иероглифтердің маңыздылығына қарап, кейбіреулер қытай иероглифтері идеограмма емес, мағынасы да, дыбысы да бар фонетикалық жазу деп қарайды. Тіпті мағынасы мен дыбысы бар фонетикалық санаттағы иероглифтік осы жазу бірте-бірте әліппеге айналып келеді. Бұл дұрыс па? Оны қалай түсінуіміз керек? Фонетикалық санаттағы иероглифтер қытай иероглифтерінің көп бөлігін қамтитындықтан, ол фонетикалық жазуға айналуы керек дегенді білдіре ме?

Бүгінгі лекция осы үш сұрақ төңірегінде өрбиді. Әйгілі лингвист Соссюр әлем тілдерінің классификациясы туралы керемет классикалық тұжырым жасаған. Лингвист Соссюр дүниежүзіндегі жазуды тілдің дыбыстық немесе мағыналық жағына қарай екі үлкен топқа бөледі. Ол тілде екі түрлі элемент бар: жазу формасы тілдің мағынасына қарай құрастырылса, идеографиялық жазу, ал тіл дыбыстар негізінде құрастырылса, фонетикалық жазу дейді. Бұл классификация өте қызық, өйткені тілде үшінші элемент жоқ. Егер кез келген классификацияда мүмкін болатын аралық күйді алып тастап, семантикалық және фонетикалық конфигурация классификациясын жіктесе, дүниедегі барлық жазу екі түрге бөлінеді. Осы екі түрді мүмкіндігінше жан-жақты қарастыру керек.

Қытай жазуы Соссюр айтқан бірінші топқа жататыны даусыз. Олар – қытай тілінің мағынасына қарай өзіндік форма қалыптастырған типтік идеографиялық жазулар. Әрине, идеограмма дыбыстарды естелікке алмайтынын анық түсінуіміз керек. Жазу тілді жазып алатын таңба болғандықтан, дыбыстың тек мағынаға ғана ие болуы мүмкін емес. Біз қытай иероглифтерінің сипатын тіл дыбыстары емес, қытай жазуының формасына негізделіп бағалаймыз. Иероглиф мағына қалыптастыру ерекшеліктеріне ие болғандықтан, ары қарай жануарлар сүйегіне жазылған көне жазулар жинағын да қарастырсақ, «себеп пен мағына конфигурациясы» заңын тереңірек түсінеміз.







Мұның барлығы біртұтас пиктографиялық жазулар. Бірінші жазу – «鹿 бұғы». Бұл жазуды тану қиын емес, бірақ қызық сұрақ төңірегінде ойлануымыз керек: Дәл бұғыға ұқсатып жазуды ата-бабаларымыз қалай жасаған, олардың менталитеті қандай болған? Бұл сөз қалай пайда болды? Сүтқоректі жануардың әдетте төрт аяғы, басы және құйрығы болады. Егер бұл фотосурет болса, біз жануарды бір көргеннен танимыз, бірақ оны таңбалағаннан кейін оны анықтау біршама қиынға соғады. Бұл жазу жасау кезінде жануардың ерекшеліктерін көрсетуді талап етеді. Цзягувэнь жазулардағы бұғы деген жазуға қарасаңыз, иректелген ұзын мүйіздер көзге түседі. Сиыр мен қойда да мүйіз бар, бірақ бұтақ тәрізді өте әдемі мүйіз тек бұғыда ғана. Екінші жазудағы «虎 жолбарыс». Бұл жазуға тігінен қарау керек. Ол жолбарыстың азу тістерін ерекшелеп, жауыздығын, үстемдігін толық көрсетіп тұр. Үшінші жазу – пілдің ұзын мұрнын ерекше әйгілейді. Төртінші жазу қоянның тырбиған аяқтары мен қысқа құйрығын ерекше көрсетеді. Бесінші жазу – «жылқы». Оның қандай ерекшелігін айырықша атап өту керек? Жылқы – жүйрік, шауып, желсе, желкесіндегі жалы желмен бірге желкілдейтін жануар. Бұл жазудағы желкілдеген ат жалы – оны бір қарап тануға мүмкіндік беретін ең ерекше белгісі. Алтыншы жазу – «ит», ал иттің құйрығы қайқиып, оралып тұрады. Егер сіз үйде ит ұстаған болсаңыз, бұл сурет сізге өте жақсы таныс. Соңғы екі жазу – «сиыр» мен «қой». Олардың тек бастары сызылып, мүйіздерімен ерекшеленеді: сиыр мүйізі жоғары, қой мүйізі төмен қарай иілген. Бұл сиыр мен қой бейнелеріне өте сәйкес келеді.

Ең алдымен, жануарларды білдіретін осы сегіз жазудан қандай қағиданы көруге болады? Біз бірінші лекцияда кейбір еуропалық жазулар пайда болған кезде жазуды сурет ретінде салу үрдісінен өткенін айттық. Суретті жазу белгілі бір тіл бірлігімен тұрақты түрде біріктірілмегеннен кейін, жазу санатына ие бола алған жоқ, тек қана сурет арқылы ақпарат жеткізуге қолданылады. Бастапқыда ол сурет өнерінің функциясына біршама жақын болды. Сызба неғұрлым егжей-тегжейлі болса, екінші тарапқа соғұрлым көп, дәл ақпарат беріліп, жақсы қарым-қатынас жасай алады. Идеографиялық иероглифтер кескіндеме кезеңінен өткен жоқ. Тым болмаса, қытай иероглифтерінде тұтас бір суреттің, болмағанда бір бөлігін дәлелдейтін археологиялық дәлелдер әлі табылған жоқ. Ертедегі қытай иероглифтерінде жеке бейнелер мен нақышталған белгілер болды, олар физикалық бейнелерге сәйкес тікелей пішінделді. Неліктен бұлай болды? Менің ойымша, бұл қытай тілінің бір буынды сөзіне байланысты болып, бір сөз (морфема) бір мағынаны, бір дыбысты білдірді, сондықтан иероглиф формасы салыстырмалы түрде қарапайым болды. Бұл иероглифтер дыбыстық ақпарат бермейді. Біз тек салынған белгіден оның ерекшелігіне қарап жолбарыс екенін біліп, «hǔ» деп оқып айтамыз. Салынған сызбадан пілдің ұзын мұрнын көріп, піл екеніп түсініп, «xiang» деп дыбыстаймыз. Бұл таңбалардың барлығы – «мағынасы бойынша жасалып» құрастырылған өзіндік пішін.

Екіншіден, бұл белгілер қазірдің өзінде де жазу. Иероглифтер жануарлардың пішініне ұқсағанымен, олар суреттен гөрі жазуға көбірек келеді. Неге олай дейміз? Иероглиф қытай тілін сипаттап жазу үшін қолданылады. Олар цзягувэнь жазуынан немесе қола ыдыстардағы жазулардан келген және барлығының өз контексті бар. Жазумен тіл дыбыстары жазылғандықтан, ол жазу болуы керек.

Соңында бұл жазулар жетілген символдық жүйеге айналды. Неліктен цзягувэнь жазуы мен темір ыдыстардың ернеуіне жазылған жазулар қазірдің өзінде жетілген жазу жүйесі деп қаралады? Жазудың пісіп-жетілуі оның қанша таңбаға ие болуына байланысты емес, қайта жазулар арасында айқын айырмашылықтар мен корреляциясы бар-жоғына байланысты екенін білуіміз керек. Жазу мен жазу арасындағы айырмашылық өте маңызды. Айырмашылық болғанда ғана сөздерді дұрыс қолдануға болады. Кейбір жазулар кайшу стилінде қатты ерекшеленеді және оларды ажырату қиын. Мысалы: өзіміз дегендегі «自己 zi ji» «jǐ» деп, «辰巳午未 chensiwuwei» «sì» деп, «已经 yǐ jing» «yǐ» деп оқылады, сондықтан мұғалімдер оқушыларға осы иероглифтерді жиі түсіндіреді: «jǐ» жабылмаған, «sì» жабылған, «yǐ» жартылай жабылған деген мағынаны білдіреді. Тек айырмашылығы бар, сәйкестік жоқ әрі таңбалар жүйесін құрай алмайды. Сәйкестік дегеніміз не? Оқуды үйренгенде бәріміз «жазу арқылы сөзді тану» кезеңінен өтеміз. Мысалы, « 材 » сөзінің сол жағында « 木 », оң жағында « 才 », екеуі қосылып, «материал» деген ұғымды білдіреді. «材», «木», «才» деген үш сөз бір-бірімен сәйкесіп, өзара байланысып, бір мағына береді. Сәйкестік дегеніміз – осы. Цзягувэнт жазуы арқылы танылған таңбалардың ішінде бір-бірінен айырмашылығы да, сәйкестігі де бар, иероглифтер жүйесі қалыптасқан. Мұның өзі ұзақ тарихи жинақтау мен ретке келтіруден кейін иероглифтер салыстырмалы түрде жетілгенін көрсетеді. Цзягувэнь жазуларын реттеушілер сол кездегі шежірешілер болса керек. Бірегей пиктографиялық жазулар қарастырғаннан кейін біз қолданыстағы иероглифтердің мағыналарына сәйкес жаңа жазу қалыптастыру үшін мысалдар қарастырайық. Мысал ретінде «Иероглифтер түсіндірмесіндегі» сяочжуаньды алайық. Сяочжуань Циньжуань деп те аталады. Бұл Цинь династиясында Ли Си стандарттаған жазу. Төменде алты сяочжуань жазуына қараңыз:





Бірінші таңбаның сол жағы « 木», оны тез тануға болады. Оң жағындағы «斤», пішіні – ежелгі замандағы балта бейнесінің төменгі бөлігі. Өткен лекцияда біз бұл сөзді таныстырғанбыз. Егер ағаш пен балта қосылса, балтамен ағашты жарсақ, қандай сөз шығар еді? Сараптау «талдау» мағынасын беретін дыбыстық белгісі жоқ сөз шығады.

Екінші жазу бұғыға топырақты қосып, қандай сөзді жазуға болады? Дәстүрлі жазудағы « 塵 (шаң-тозаң)» сөзінің жеңілдетілген « 尘 (шаң-тозаң)» түрі. Есіңізде болсын, неліктен киік шаңды бейнелеу үшін қолданылады? Бұғы – өте жеңіл жүгіретін талғампаз жануар, сонымен бірге ол топтасып өмір сүріп, көбінесе үйір-үйір болып жүгіреді. Бұғылар – қолға үйретуге болатын үйірсек жануарлар. Олардың өн бойы толған қазына. Адамдар оларды ұстап алғысы-ақ келеді, бірақ олар оңайлықпен жеткізбейді. Олардың жерге қалқып барып тиген тұяғынан шыққан шаң басқа қолға үйретуге көнбейтін жыртқыш аңдар қасқыр мен аюдың ауыр тұяғынан әлдеқайда жеңіл болғандықтан, шыққан шаң да баяу көтеріледі. Міне, осыған байланысты «塵» иероглифінің жеңілдетілген нұсқасы « 尘 (шаң-тозаң)». Сяочжуаньдағы «塵» штрихтары тым ауыр. Егер балаға көлденең және тік сызық квадратының ортасынан үш бұғыға қосып бір топырақ иероглифін жаз десең, біртүрлі болар еді. Ал жеңілдетілген иероглифтерді жазу әдісі өте оңай. Мысалы: 小 мен 土 қосылып, «尘(шаң-тозаң)» болып оқылады.

Үшінші жазуға қарасақ, жоғарғы жағы «大 үлкен», төменгі жағы « 火 от» қосылып, Сяочжуаньдағы «赤 қызыл». Қызыл – жалынның түсі, ал ежелгі Қытайдағы қызыл түс – от қатты жанған кездегі жалынның түсі, сондықтан «大» сөзі мен «火» от дегенді білдірді. Кейін ондағы « 大 » сөзінің штрихтары түзетіліп, шеңберге доғаланып, қазіргі формаға келді.

Сіз төртінші жазумен таныс емес шығарсыз. Ол үш иероглифтен тұрады: Біріншісі – « 厂 зауыт», келесі иероглифті де «廠 зауыт» деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ бұл екі иероглиф Сяочжуаньда «hǎn» деп айтылады. Бұл – құзар, тік, яғни өзен жағасындағы жартастардың бейнесі. Жартас астындағы екі таңбаны танимыз. Олар көшет «禾», яғни біркелкі өсетін дақылдар. Төменде ше? Тоқтауды білдіретін «止» – адамның аяғы. Осы төрт жазу бөліктерге бөлінсе немесе біріктірсе, қандай жазуды құрайды? Қытайдың дәстүрлі жазуы «歷 (历)» иероглифі неліктен төрт иероглифтен тұрады? Қытайдың жер бедері бойынша екі таудың арасында өзен болса, өзен бар жерде жартас та бар деген мағынада. Судың жағасында дақылдарды өсіруге болады. Ежелгі адамдардың түсінігінде дақылдар біркелкі өсіп, жабайы шөптерден ерекшеленеді деп қарайды. Суы бар жардың маңайы егіс алқаптары ретінде егінге толы болғандықтан, бұл жерден бір аяқпен өту қисынсыз жағдай. Ал ол жерден қалай өтеміз? Ол жерден біртіндеп кезең-кезеңімен өту – практика, ал тарихта жылдан-жылға, айдан-айға, күннен-күнге бірқалыпты өтіп жатады. Бұдан ата-бабаларымыздың даналығын, « 歷 » иероглифінің қаншалықты ғылыми тұрғыдан жасалғанын3[3] көре аламыз.

Бесінші жазу – күрішті ақтау дегендегі «舂 chōng». Жоғарыдағы бірінші таңба – мезгілді білдіретін «午», бұл форма – «杵 chǔ» үшін бастапқы белгі. Төменде «収 алу» бір қол сол жақта, бір қол оң жақта, екі қол бір-біріне қарама-қарсы тұр. Бұл таңба Сяочжуаньда «ɡǒnɡ» деп оқылады. Екі қолын қусырып, тағы «алу» мағынасын білдірсе, екі қол заттарды ұстап, тағы да «収 алу» деген мәнде. Бұл жазу кайшу стилінде бір көлденең екі нүктеге немесе бір көлденең екі тік сызыққа айналған. Осы жөнінде екі мысал келтірейік. Солдаттың «兵»-нің үстіңгі жағында «斤» бар, ол – солдаттың қолындағы қару, ал төменгі жағында екі қолына қару ұстап тұр. Тағы «弄» бар. «弄» қолдағы нефритпен ойнау дегенді білдіреді. Иероглифтің жоғары жағы нефрит тас, астыңғы жағында екі қол бар. Бұл құрылымдардың барлығы «収» жазуының нұсқалары. Ол қазіргі қытай иероглифтеріне жеке қолданылмайды, бірақ басқа глифтерді қалыптастыру үшін қолданылады. «収» дың астында «臼» күрішті елеу үшін қолданылатын ыдыс бар, бұл Гуансиде осы күнге дейін қолданылады. Осы үш сөздің бірігуінен дәл күріш ақтаудың бейнесі екенін көреміз: екі қол күрішті қағып, елекке салып елеп жатыр, бұл өте әсерлі.

Алдыңғы лекцияда айтқан соңғы жазуымыз – «解», яғни сиырдың мүйізін пышақпен кесу. Осы алты иероглифті түсіндіргеннен кейін, біздің иероглифтердің идеографиялық жазу екеніне одан әрі көзіміз жетті. Олар мағынаға негізделген жазу жасады, яғни бар таңбаларды мағынасына қарай біріктіріп, жаңа иероглифтер жасады. Қытай иероглифтерін бастапқы жинақтау кезеңінде бұрынғы адамдар мағынаға өте сақтықпен қарады. Мағынаға үлкен мән беру, оны мұқият түсіну Қытай мәдениетінің өте маңызды қасиеті деп айтуға болады.

Қытай иероглифтерінің идеографиялық сипаты шексіз. Қытай иероглифтерінің дамуын екі үлкен кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең «көне иероглифтер» деп аталады. Ол көне иероглиф бағытымен жасалған жазулар. Сяочжуань ‒ Цинь әулетіндегі стандартталған жазу жүйесі және ежелгі жазудың соңғы кезеңі. Цинь династиясында шағын мөр жазуы ғана емес, ресми жазу ретінде танымал болған. Сяочжуаньнан кейін иероглифтер өзгерістерге ұшырап, кейін лишу жазуы мен кайшу жазуы пайда болды. Бұл – қытай жазуының екінші кезеңі, яғни «қазіргі иероглифтер». Қазіргі иероглифтер сызықтар арқылы жазылады. Сызықтар жарыққа шығып қалыптасқаннан кейін иероглифтердің пішіндерін сақтау қиынға соқты, өйткені дөңгелек сызықтар арқылы пішінін келтіретін иероглифтер де бар. Алайда иероглифтер әлі де идеографиялар ма деген сұрақ болса, біз еш ойланбастан «иә» деп жауап береміз. Жазудың қазіргі кезеңінде де біз иероглифтердің құрылымынан мағыналық конфигурация сипаттамаларын көре аламыз. Қазіргі жазудан көне жазуға дейін иероглифтер құрайтын компоненттер тек мағынаның графикалық таңбалары ғана емес, компоненттердің бірігу себебі де олардың мағынасында жатыр. Сяочжуань, лишу, кайшу, әсіресе қазіргі кайшу жазуының бәрі де бір бастаудан шыққан. Көне жазудан қазіргі жазуға дейін даму немесе зерттеу болсын, әйтеуір қытай иероглифі идеографиялық сипатын өзгерткен жоқ.

«Қытай иероглифтерінің идеографиялық сипаты және иероглиф неге шаршы таңбалар?» деген сұраққа жауап:

Қытай иероглифтері ағылшын тілінен ерекшеленеді. Ағылшын тілі әріптері сызықтық сипатпен орналасады, ал қытай иероглифтері екі өлшемді кеңістікте жазылады. Иероглифтердің бұл қасиеті оның сипатынан айырылмайды. Идеографиялық жазу әуел бастан мағынасы бойынша құрылымдалған. Ол нысанның бейнесіне еліктеп, объект кескіндерінен белгілер бойынша жинақтаған. Жолбарыс болсын, қоян болсын, барлығында дене, пішін, көлем бар. Егер сіз осы нысандарды жоспарлағыңыз келсе, осылардан болмағанда екі белгі аласыз. Сондықтан жазу қалай дамыса да, алған екі өлшем сақталып, шаршыға ұқсап шыға келеді.

Шаршы таңбалар қытай иероглифтерінің артықшылығы деп есептеледі. Олар екі өлшемді квадраттар болғандықтан, таңбалар арасындағы айырмашылықты көрсетудің көптеген тәсілдері бар. Алдымен, мысал келтірейік:




Жоғарыда көрсетілген сол жақтағы үш таңба сяочжуань жазуымен, оң жақтағы үшеуі кайшу жазумен жазылған. Екі қаріптің құрылымы бірдей, екеуі де «日» мен «木»-дан құралғанын көруге болады. «日» – күн. Бірақ күннің орналасқан орны әртүрлі болғандықтан, құралған иероглифтің беретін мағыналары да әртүрлі. Күн ағаштың ортасында тұрса, яғни дәстүрлі қытай жазуындағы « 東 шығыс». Ежелгі адамдар шығысты бейнелеу үшін орманнан шыққан күн бейнесін қолданған. «日» ағаштың «木» үстіңгі жағына қойылса, бұл – жоғары көтерілген күн «杲», яғни күн шыққаннан кейінгі шексіз жарықты білдіреді. «木» астына қойылған күн «日» тұман себебінен « 杳 » анық көрінбеу мағынасында. Шаршы жазулардың екі өлшемі аясында қытай иероглифтерінің компоненттері салыстырмалы түрде орындары өзгеру арқылы әртүрлі мағыналар беріп, негізгі айырмашылық көрсететінін көрдік. Сонымен қатар сызықтар мен құрылымын салыстырғанда шұбалаңқы ұзақ жазу да азаяды. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы алты тілдегі құжаттардың ішінде қытай иероглифімен жазылған мәтін әрқашан көлемі ең азы дейді. Бұл – осы құрылымның артықшылығы.

Әрі қарай біз өте маңызды сұрақты талқылаймыз. Қытай иероглифтерінің сипаты туралы айтқанда, адамдар шатастырып алатын сұрақ: фонетикалық санаттағы иероглифтер идеограмма болып санала ма?

Қытай жазуында фонетикалық санаттағы иероглифтер өте маңызды. Фонетикалық санаттағы иероглифтер – қытай жазуының даму тенденциясы. Цзягувэнь жазуларында фонетикалық санаттағы иероглифтер шамамен 23%. Сяочжуань мен Лишудың Цинь жазбасында фонетикалық санаттағы иероглифтер шамамен 87%. Қазіргі қытай иероглифтерінің ішінде біз қолданып жүрген қазіргі тұрақты жазу немесе көне кітаптарды басып шығаруда қолданылатын дәстүрлі иероглифтер болсын, фонетикалық санаттағы иероглифтер 90%-ға жуықтайды.

Фонетикалық санаттағы иероглифтердің жартысы – мағыналық таңба, жартысы – дыбыстық таңба. Олардың көптігі сол, кейбір мамандар қытай иероглифтерін логограмма деп айтады. Фонетикалық санаттағы иероглифтер мәселесін қанша ескерсек те, қытай иероглифтері логограмма емес, идеографиялық жазу деп қаралады.

Неге бұлай дейміз? Сіз білесіз бе, біз жазудың сипатын бағалағанда, оны сөзбе-сөз қарастырмай, конфигурация жүйесін талдауымыз керек. Біз фонетикалық санаттағы иероглифтерді жартылай дыбыстық, жартылай мағыналық деп сезінеміз. Дегенмен фонетикалық санаттағы иероглифтердің жасалу процесіне зер салсаңыз, олардың шын мәнінде идеографиялық жазу жүйесі екенін түсінесіз. Негізінде фонетикалық санаттағы иероглифтер де мағына арқылы жасалады. Тіпті оның фонетикалық белгілері қытай тілін хатқа түсіретін концептуалды құрылымдар. Дыбыс болған кезде ғана дыбыс пен иероглифті ажыратушы фактор ретінде пайдалануға болады. Әрі қарай біз сіздерге фонетикалық санаттағы иероглифтердің үш тарихи кезеңін таныстырамыз: күшейтілген фонетикалық санаттағы иероглифтер, сараланған фонетикалық санаттағы иероглифтер және жалпыланған фонетикалық санаттағы иероглифтер.

Күшейтілген фонетикалық санаттағы иероглифтерге үш мысал көрсетейік:




Бірінші иероглиф – жұлдыз «星». Цзягувэнь жазбаларында жұлдыздардың төбесіне үш шеңбер қолданылады, жалпы жұлдыздың белгісін күн мен ай фазаларынан ажырату керек: күн – дөңгелек, ай – имиген сопақ, ал жұлдыздар көп болуымен сипатталады, сондықтан оларды бейнелеу үшін үш шеңбер сызылады. Бірақ мәселе мынада: үш шеңбер тым көп нәрсені, соның ішінде үш тасты, үш жемісті, үш жұдырықты да бейнелей алады... Бұл тек қана жұлдыз болуы керек деп кім айтты? Осы жағдайдан кейін оны басқа заттардан ажырату үшін ежелгі адамдар иероглифтің астына « 生 »-ның дыбыс белгісін қосқан. Көне тілде «星» мен «生» дыбысталуы айтарлықтай жақын. «星»-ның дыбысталуын күшейтіп, дөңгелек нысандарды ажыратуға және мағынасын жеңілдетуге мүмкіндік берген. Сяочжуань жазуында жұлдыз әлі күнге дейін үш күн. Кейінірек ол бір күнге азайтылып жеңілдетілді, бірақ ешбір қателік туындаған жоқ. Мұның барлығы « 生 »-ның дыбыстық белгілеу функциясына байланысты болды.

Екінші иероглиф – «凤凰 феникс», бұл дәстүрлі қытай жазуында«鳳 феникс» деп жазылады. Феникс – ежелгі киелі құс. Ол қазіргі біздің тауысқа ұқсайды, басында тәжі, әдемі ұзын құйрығы бар. Десе де, феникстің басқа құстардан айырмашылығын айту оңай емес. Сондықтан ежелгі адамдар сөздің айтылуын белгілеу үшін феникске «凡»-ның дыбыс белгісін қосқан. Кейінгі иероглиф «鳳»- ға дыбыстық белгісі «凡»-ды қосып, мағыналық таңба «құс» болған. Оның феникске ұқсайтыны немесе ұқсамайтыны баяғыда-ақ маңызын жойған. Үшінші иероглиф – тауық. Айтқанымыздай, ол алғашында « 鸡 » тауық пішінінде сызылған, кейін оның жанына «奚 xi» дыбыс белгісі қосылған.

Бұл үш иероглифке тәуелді ортақ сипат: олар бастапқыда айқын суреттік кескіндері бар фонетикалық санаттағы иероглифтер болды. Дегенмен қытай иероглифтері сурет кескіндемесі емес, белгі жазу, біртіндеп жеңілдетілгеннен кейін фонетикалық санаттағы иероглифтер бірден әлсіреп, ажырату ықтималдығы азайды. Сондықтан фонетикалық санаттағы иероглифтерді күшейту мақсатында дыбыстық белгілерді қосу арқылы бастапқы фонетикалық санаттағы иероглифтер бірден идеограммаға айналады. Қосылған белгі ақпаратты білдірмейтіндіктен және иероглифтердің идеографиялық сипаттамаларына сәйкес келмейтіндіктен, бұл жазудың жасау үлгісі көп ұзамай өнімділігін жоғалтып, иероглифтерді қалыптастыру үшін қолданылған жоқ.

Фонетикалық санаттағы иероглифтер күшейтуде тағы бір құбылыс бар. Тағы екі сөзді қарастырайық:




Бірінші иероглиф – Шу патшалығынан шыққан «蜀 шу». Ертеде Сычуань аймағы Шу деп аталған. Неге олай? Шу патшалығында жібек құрттарын өсірудің білгір Канцун деген маман болған және «蜀» сөзі бастапқыда жібек құртының пиктограммасынан шыққан. Үстіңгі бөлігі жәндіктердің басына ұқсап, ал төменгі бөлігі бунақ денелер. Дегенмен бұл иероглифтердің сипаты әлі де күшті емес, сондықтан оның мағынасын күшейту үшін бунақтарға тағы бір иероглиф «虫 құрт» қосылған.

На страницу:
4 из 6