
Полная версия
Қытай жазуы мен мәдениеті туралы он лекция
Екінші иероглиф – тілеу өткізу, тасаттық беру, құрбан шалу мағынасындағы « 祭 ». Иероглифтің ең алғашқы формасы – қол, құрбандық шалу үшін малды бауыздап, қан шығару. Ертеде қан шығару әдісі арқылы құрбандық берген. Бұл жазу осы ритуалдық рәсімді бейнелеген. Бірақ кейінірек әлі де мағынасы жеткіліксіз екенін сезініп, құрбан шалу жазуына «示 ши»-ды қосты, бұл қосымша ақпарат берді.
Семантикалық ақпаратты көтеру құбылысы да «күшейтілген фонетикалық санаттағы иероглифтерге» жатады. Күшейтілген фонетикалық санаттағы иероглифтер екі жұптан тұрмайды, керісінше бір таңбаны негіз етіп, мағыналық белгілерді қосу арқылы жасалады. Оның негізгі тұлғасы бар, бастапқы мағынасын фонетикалық санаттағы иероглифтер білдіреді. Кейін пішіндер қосылып, дыбыс таңбасына айналады. Бұл түрдегі фонетикалық санаттағы иероглифтер мағынаны арттырып, идеографиялық сипаттағы иероглифтердің құрылымдық ерекшелігін көбірек дамытады.
Сараланған фонетикалық санаттағы иероглифтерге қарасақ, кейбір фонетикалық санаттағы иероглифтер қытай иероглифтерінің саралануының нәтижесі. Ол үш түрді қамтиды:

«采 Сai»-дің төбесінде тырнақ, астында ағаш бар. Бұл иероглиф ағаштан жеміс теріп жатқан қолдың бейнесін білдіреді. Иероглифтің конфигурация жүйесінде бірдей заттар жазу формасында әртүрлі позицияларда пайда болып, жазылу тәртібі басқаша жазылған: жоғарыда жазылған қол мен тырнақ « 采 , 孚 »-дың астыңғы жағында «支,殳 салу, найза» немесе тұтас қол «拿,摩 ұстау, ысқылау» деп жазылған, екі жағындағы тұтас қол «掰 аршу, сындыру» мағынасын білдірген. Сол жақта жазылған тұтқа «打,扣 соғу, ілу»-ден «看,拜 қарау, табыну» иероглифтері туындаған. Жазу әдістерін үздіксіз жетілдіру арқылы қаріптер түрленіп, әдемілене түскен. «采 жинау» түпкі мағынасы – қолмен теру. Кейін адамдар «采» қолдану арқылы түсті білдіретін «彩» иероглифін жасады. Бұл түс, реңмен қалай байланысты болады? Бұл – қиын шаруа. Кейде сөздерді қолдану барысында екеуі еріксіз араласып кетеді. Жеміс теру ме? Әлде әртүрлі түс пе? Осыны түсіне алмаймын. Сондықтан өрнек, бедер деген мағынаны білдіру үшін «采»-дың жанына «彡» кілті қосылады. «Сai» деген сөзге қолдың қимылын білдіретін тұтқа қосылып, екі сөз толығымен ажыратылды. Кейін тағы «睬 (көз қырын салу)» сөзі жасалып, оған «cǎi» дыбысын белгілеп, мағыналық ақпарат ретінде «目» кілтін қосты. Қытай иероглифтерінен тағы басқа мағына беретін сөздер жасаған кезде оның дыбысы алынады. Бірақ иероглифтер идеографиялық жүйе болғандықтан, бұл әдіс әрқашан орынсыз болып көрінеді, сондықтан қабылданған сөздерге айқын мағына беру үшін семантикалық ақпарат қосылады.
Тағы бір мысал қарастырсақ: «辟». Бұл таңба ертеде өте жиі қолданылған. Алдымен, оның ежелгі формасына назар аударайық:

Ежелгі жазуда оның екі түрлі формасы бар. Бірінші форма – (жоғарыдағы бірінші жол) оң жағында өлім жазасын атқару құралы қылыш, сол жағында жазалайтын адам тұр. Екінші форма (жоғарыдағы екінші жол) бірінші формадағы иероглифтің ортасында «口» ауыздың пішіні қосылған. Кейбіреулер оны сәндік үшін қойылған таңба деп ойлауы мүмкін. «Шуовэнь Цзецзы» жазбасында бұл форма жинақталып, «игіліктенуші» мағынасында түсіндіріледі. Жалпы қай форма болмасын, оның бастапқы мағынасын қылмыспен байланысты деп түсінуге болады. Ежелгі әдебиетте «辟 pì» дыбысы әртүрлі мағыналарды білдіру үшін қолданылған. Қашықтықты білдіретін «僻 pì» сөзі, тәмсіл мағынасын білдіретін «譬 pì» сөзі, Чжао патшалығын сақтау мақсатында гауһартасты қайтару «璧 bì» сөзі, бойды аулаққа салу «避 bì» сөзі, әуес, құмар болу «癖» сөзі, осылай жаза беруге болады, яғни бір сөз көп мақсатта қолданылады және оны ажырату оңай емес. Егер тілдік аямыз тар болса, «辟» қашықтық, тәмсіл, гауһартас, бойды аулаққа салу, құмарлық деген осынша көп мағыналарды білдірер ме еді, білмеймін... Мағынаны бір-бірінен ажырату үшін әрбіреуіне бірбірден мағыналық белгілер қосылып, ол біртіндеп жұртқа жалпыласқан. Қашықтықты білдіретін « 僻 pì» сөзіне жэньцзыпан, тәмсіл мағынасын білдіретін « 譬 pì»-ге яньцзыпан, Чжао патшалығын сақтау мақсатында гауһартасты қайтару «璧 bì»-ге юйзыпан, бойды аулаққа салу « 避 bì»-ге цзоуцзыди, әуес, құмар болу « 癖 » бинцзытоу сияқты кілттер қосылған. Әртүрлі тарихи кезеңдерде «辟»-дің мағыналары сараланып, сәйкесінше «僻 pì»,«譬 pì», «璧 bì», «避 bì», «癖 pǐ» иероглифтері жасалды:

Фонетикалық санаттағы иероглифтердің дыбыстық белгісі кездейсоқ біріктірілмейді, қайта мағыналық белгілер қосылғаннан кейін барып, бастапқы белгілерден өзгеріп қалыптасады. Басқаша айтқанда, иероглифтер үздіксіз даму, мағыналық ақпарат қосу процесінде фонетикалық санаттағы иероглифтердің саны үздіксіз өсті.
1. Кең мағынада жіктелу. Екі мысалды қарастырайық:

«介 jiè » ара, орта, кіріспе және таныстыру, делдал болу мағынасына ие, сондықтан ол ортаны, аралықты білдіреді. «介» төбесіне «田» қойсақ, «界» шекара, шек, ірге, шет, жиек, аумақ, өріс, көлем деген мағына шығады. Тағы цзяосыпан кілтін иероглифтің жанына қойған «紒 jì» шаш түю дегендегі «түю» мағынасын және қытайдың ерте заманғы киімдеріне тігілген түймелерді түймелеу деген мағыналарды білдіреді. «介»-нің беретін мағынасы өте кең. Әртүрлі мағыналық компоненттер қосылғаннан кейін «界» мен «紒» мағынасы нақтылана түскенін көреміз.
«和» әдетте бейбітшілік пен келісімді білдіреді. Ол мағыналық компоненттерді өзгерту арқылы бөлшектенген. «口» «皿»-ге өзгеріп, «盉» пайда болған, бұл – ежелгі шарап құйып араластыратын сирақты шәйнек. «口» «龠»- ге өзгеріп, « 龢 гармония» құрайды, гармония яғни музыкалық дыбыстардың үндестігі. Бұл фонетикалық санаттағы иероглифтер мағыналық белгілерді өзіне қосып, өзгергеннен түрленген.
2. Мағынасы бойынша жіктелу:

« 止 » бастапқы мағынасы « 脚 » аяқты білдірген. Цзягувэнь жазуларында бұл таңба аяқтың пиктограммасы. Аяқ – тұрақты тұратын тірек, ал «тоқтату» бір орыннан қозғалып барып тұру. Аяқ пен тоқтау мағыналарын ажырату қиындау, сондықтан «аяқ» сөзіне цзуцзыпан қосылып, «саусақ, бақай» болып өзгерді. Кейін «аяқ» мағынасын анықтайтын түпнұсқа иероглиф болды. Әсілі, бастапқы сөз тұру, аялдау мағынасын білдірген. Оның жанына туцзыпан « 址 » қосылып, мекенжай, орын деген мағынада. Қытай иероглифтерінің даму үдерісінде иероглифпен жазылған сөздер жаңа мағына тудырғанда, көбінесе белгі пішіндерін ажырату үшін мағына жасау ережелерінің әсерінен қосылып немесе өзгертіліп отырады. Мұндай құбылыстар өте көп. Мысалы, «窄» тар, кішкене кеңістікті білдіреді. Егер затты үстінен таспен бассаңыз, оның көлемі кішірейе береді. Сондықтан қыш ыдысқа салып, үстін ауыр затпен басып маринадталған тамақты «榨菜» деп атайды. Яғни, «窄» сөзінің жанына муцзыпан кілтін қосып, «榨» сөзін тудырған. Тағы « 化 » сияқты өте қызықты саралау құбылыстары да бар. Сяоцжуанда тік тұрған адам және төңкерілген адам бар. Адам мағынасын білдіретін иероглифті төңкеріп жіберсе, өзгеріс деген мағына шыға келеді. Егер «化»-ның алдына яньцзыпан қоссаңыз, «讹» сес көрсету, құқай көрсету деген мағына шығады. Әсілі, « 讹 » қате, дұрыс емес деген мағыналарды білдіреді. Өзгеріс сөзі қалайша қате деген ұғымға айналуы мүмкін? Шын мәнінде, бұл Қытай халқының өте дәстүрлі құндылық тұжырымдамасын көрсетеді, яғни табиғат бәрінен мықты, ол тым көп өзгеріске ұшыраса, өзінің ерекшелігінен алшақтап, дұрыс емес өзгеріске тап болады деген көзқарас.
Соңында біз жалпыланған фонетикалық санаттағы иероглифтерді қарастырамыз. Мысалдар жинағы төменде:

Бұлардың барлығы – тасаттық беру, құрбан шалуға қатысты таңбалар. Бірінші жол – цзчгувэнь жазулары, екінші жол – қола жазулары, үшіншісі – сяочжуань жазуы. Алдымен, осы көне тоғыз иероглифті қарастырайық: бірінші белгі – құрбандық шалу «祭», екіншісі – «祀», үшіншісі – «福» . Бұрынғылар «福» құдай жарылқау деп есептеген. Сондықтан ол құрбандық шалумен қатысты. Төменде « 祖 » – ата-баба, ата-бабаға арнап тасаттық беретін тауапхана «祠». «祝» құттықтау, «社» киелі жер деген мағынаны білдіреді. Ертеде жер құдайына табынып, тілек тілеп, «祈» мен «礼» дұға жасау.
Біз « 示 »-ның фонетикалық санаттағы иероглиф ретіндегі формасынан оның әлі толық қалыптаспаған цзягувэнь жазбалары екенін көрдік. Сонымен қатар «祭»- ға бағынатын және бағынбайтын « 示 »-ның екі түрлі формасынан басқа «祀» мен «祝» деген екі таңбада ғана «示» компоненті бар, 福, 祖, 祈, 礼-ларда «示» компоненті жоқ. Қазіргі жазу бойынша шибупаньдар бірте-бірте жүйеге келіп, сяочжуаньдағы шибупаньдар одан әрі жетілдірілді. 福, 祖, 祈, 礼 сияқты құрбандық шалуға қатысты иероглифтер жаңа мағыналармен толықтырылды. Бұл жалпылау процесі – өздігінен ұйымдастырылатын құбылыс. Оны адамдар реттемей-ақ мағынаны білдіру заңдылықтары арқылы табиғи насихаттаудан шыққан.
Фонетикалық санаттағы иероглифтердің үш қайнар көзі мен түрін түсінгеннен кейін біз фонетикалық санаттағы иероглифтердің мағыналық белгілер мен дыбыстық белгілердің қарапайым тіркесуі емес екенін көрдік. Бастапқыда оның орнында сөз болды. Идеографиялық ақпараты бай және түсінікті болу үшін оның мағынасын білдіретін белгі қосылып, бастапқы пішіні дыбыстық белгіге айналды. Фонетикалық санаттағы иероглифтер жаңа таңбаларды шығару мақсатында мағыналық ақпаратты үнемі қосып және жаңа сөздерді саралау динамикалық процесінде жасалып, одан ары дамыды. Осы тұрғыдан алғанда фонетикалық санаттағы иероглифтер логограмма емес, идеограммалар. Бұл – идеографиялық жазу жүйесіндегі иероглифтер құрылымының ең маңызды және жан-жақты түрі. Фонетикалық санаттағы иероглифтердің пайда болуымен кез келген таңба құраушы идеографиялық символ әрі мағыналық, әрі фонетикалық қызмет атқара алады. Мысал ретінде «口» ауыз сөзін алайық. Жеу, ішу, жырлау, ән айту, айқайлау, шақыру сияқты көп қолданатын сөздер және ауызға қатысты сөздердің барлығы осы «口»-дан туындаған. Сонымен бірге оны дыбыстық белгі ретінде де қолдануға болады. Сұрастыру, түймелеу дегендегі дыбыстардың барлығы «口»-дан алынған. «口» сөзінің қос таңба жасау функциясы бар. Сондықтан қытай иероглифтері ықшамды, өміршеңдігі күшті бір таңбамен көп мағынаны білдіреді.
Фонетикалық санаттағы иероглифт бөліктерінің ішінде пішіндік таңбалар, мағыналық немесе фонетикалық белгілер болсын, олардың барлығы мағына арқылы қалыптасқан. Фонетикалық санаттағы иероглифтер – дыбыстық белгілері пиньинь жазуының фонограммасынан өзгеше. ABCD деген белгілердің дыбыстары бар, мағынасы жоқ. Әріптер дыбысты жаза алады, бірақ мағына білдіре алмайды. Ағылшын тілін түсінбейтін адамдар ағылшынша сөздерді оқи алады, әріпті жаза алады, бірақ мағынасын түсіне алмайды. Фонетикалық санаттағы иероглифтер дыбыстық белгілері өз кезегінде көптеген дыбыстық белгілерден түрленіп, идеографиялық символға айналғандықтан, дәл дұрыс айтылмайды. Күнделікті өмірде «сөздің жартысын айтып, жартысын айтатындарға» жиі күлеміз. Дыбыссыз дыбыс пен дыбысталу арасында сәйкессіздік құбылысы неліктен орын алады? Фонетикалық санаттағы иероглифтер алғаш жасалғанда дауыссыз дыбыстар мен тұтас сөздің айтылуы негізінен бірдей болған. Алайда ежелгі және қазіргі дыбыстардың айтылудағы айырмашылықтары, солтүстік өңір мен оңтүстік өңір тұрғындарының дауыссыз дыбыстар мен тұтас сөздерді айтылу ерекшелігіне байланысты болған. Сонымен дауыссыз дыбыстардың қызметі қандай? Бұл – таңбаларды бір-бірінен ажырататын элемент. Мысал ретінде «木部»-ды алайық. Қытай тіліндегі «木» муцзыпанмен жасалатын көптеген иероглифтер бар, бірақ олардың дауыссыз дыбыстары әртүрлі, сондықтан бұларды ажыратуға болады. Қорыта айтқанда, фонетикалық санаттағы иероглифтердің сөзжасам бөліктері идеограммалар, олар – иероглифтердің мағыналық ақпаратын арттыру үшін жасалған қалыптасу үлгісі. Олар жасалғаннан кейін фонетикалық санаттағы иероглифтердің қызметі жүйелі сипатқа ие болды. Бұл, әрине, идеографиялық жазудың бір түрі, бірақ фонетикалық жазу емес.
Қытай жазуының сипатымен танысқаннан кейін біз иероглифтердің ерекшеліктерін қорытындылаймыз: біріншіден, қытай жазуы идеографиялық жазу. Екіншіден, қытай жазуы – буындық жазулар, яғни бір иероглиф бір буын, бір мағынаны білдіреді. Үшіншіден, қытай жазуы – көне заманнан бүгінге дейін үзіліссіз сақталып, қолданылып келе жатқан жазу әрі екі бөліктен тұратын шаршы таңбалар. Сонымен қытай жазуының бұл сипатын қалай анықтаймыз?
Ең алдымен, иероглиф қытай тілін жазып алу қажетіне байланысты жасалып, дамыды. Қытай тілінің ерекшеліктері қытай иероглифінің ерекшелігін анықтайды. Қытай тілі – мағынаға мән беретін түбір тіл. Қытай таңбаларының екі өлшемді конфигурациясы негізінен форма және мағына, бұл қытай тілінің сөздік қорына өте пайдалы.
Екіншіден, қытай жазуының қайнар көзі – ерте заманнан бастау алған иероглиф, қытай ұлтының өз туған жерінде жасаған және қытай ұлтының ұзақ тарихы мен мәдениетінің жауһары. Иероглиф жазу тасымалдаушысы ретінде үнемі жетіліп, үздіксіз дамып отырды. Ол өзі елеулі өзгерістерсіз, үздіксіз байытылып, толассыз алға ілгеріледі. Мысалы, мағына « 意 » дегенде төбесінде дыбыс тұр да, төменгі жағында жүрек бар. Егер біз екі өлшемді құрылымнан бас тартсақ, әрбір сызық пен құрамдас бөлікті бөліп алып, оларды ағылшын тіліндегідей әліпби түрде орналастырсақ, біз оны тани аламыз ба? Екі бөліктен тұратын қытай иероглифтері – құрылымы ықшамды, сөзжасамның тиімді үлгісі. Ол қытай халқының мәдени психологиясына түбегейлі енген. Иероглифтің өзіндік төл сипатына байланысты екі бөліктен құралған идеограммада терең мәдени коннотациялар бар. Төменде қызық мысал: «独» және «群». Неліктен жалғыз өзі дегендегі «жалғыз» сөзі итпен, ал «топ» деген сөз қоймен байланысты? Мал бағудың жайкүйін ойлап көріңізші, қойды табындап бақса, ит шопанға еріп жеке жүреді. Қытай иероглифі – Қытай тарихы мен мәдениетінің тасымалдаушысы. Бұл туралы кейінірек түсіндіреміз. Бір сөзбен айтқанда, иероглифтер қытай тілінің ерекшеліктеріне сәйкес келеді, олар пайда болғаннан бастап қытай ұлтының тамыры тереңге жайылған тарихы мен мәдениетін асқақтатып жүр. Қытай иероглифтерінің ерекшеліктері, міне, осылай пайда болған.
Ақырында, біз бір сұрақ туралы ойлауымыз керек: неге қытай иероглифтері әлі күнге дейін үзіліссіз жалғасып келеді? Менің ойымша, төрт себебі бар: ең алдымен, қытай иероглифтері қытай мәдениетінің тасымалдаушысы ретінде барлық этностарды біріктіріп, салтдәстүрін сақтап, бүгінгі күнге дейін жеткізді. Қытай иероглифімен ханзулар жазады, бірақ этникалық азшылықтар да қолданады.
Юань династиясы мен Цин әулетінің билеушілері хань ұлтынан емес еді, бірақ олардың барлығы қытай иероглифтерін өте жақсы сақтады. Тіпті Вэй, Цзинь, Оңтүстік және Солтүстік әулеттер кезінде шекарадағы көптеген этникалық азшылықтар да қытай иероглифтеріне үлес қосты. Менің ойымша, бұл иероглифтің одан әрі гүлденуінің бірінші себебі.
Екіншіден, тасымалдаушының ебедейсіздігі көптеген көне жазулардың жоғалып кетуіне тікелей себеп болды. Тасымалдаушы дегеніміз – жазу жазылған зат. Біз сіздерді ертедегі қасиетті кітаптың жазылуы және Шумер сына жазуымен таныстырдық. Олардың барлығы үлкен сазбалшықтарға жазылған. Бұл өте ыңғайсыз. Егер мен сіздерге хатты сазбалшыққа жазсам, оны Дунданнан Сиданьға апару үшін қаншама адам керек болады. Цзягувэнь жазулары тасбақа сауыты мен жануарлар сүйектеріне, ал қола жазулар қола ыдыстардың ернеуіне нақыштап салынды. Бамбук сырғытпалары пайда болғаннан кейін жазуды бамбук қабықтарына жазып, домалатып орамды айналдыру, үлкен прогреске апарды. Бірақ оның да қолайлы жақтары болған жоқ, кейін сөздер жұқа жібекке жазылып, содан барып қағаз ойлап тапты. Қолайлы мүмкіндіктердің арта түсуіне байланысты, иероглиф жазу құралдары да үнемі жетілдірілді. Жұмсақ қаламдардан қатты қаламдарға, қылқаламдардан фонтан қаламдарға, қарындашқа дейін бірқыдыру барысты басынан өткізді. Бүгінгі компьютер дәуірі қытай иероглифтерінің жазу тиімділігін арттыра түсуде. Жазу тәсілдері мен жазу құралдарының эволюциясы қытай халқының даналық деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Бұл – иероглиф өркендеуінің екінші себебі.
Үшіншіден, жазуды аз санды адамдар монополиялап алса, оның мәңгілік болуы қиынға соғады. Дегенмен иероглифтер халықтар арасында өте ерте танымал болды және Цан Цзені құрметтеу, жазуды қастерлеу аясында өсіп, дамыды. Қытай халқы Цан Цзені қастерлеп, каллиграфияға үлкен құрметпен қарайды. Кішкентай кезімде үйдің әр жерінде «жазу қағазын аяла» деген жазбалар ілініп тұратын. Қағазға жазылған жазу болса болды, оны құрметтеп, албаты тастамайтынбыз. «Қағазды құрметтеудің» мәні неде? Бұл – қытай иероглифінің құрметі. Жазу ақсүйектердің монополиясына түссе, ол күрделеніп, бірте-бірте әлеуметтік құндылығын жоғалтады. Жалпы ақсүйектердің иероглифті толық монополияға айналдыруы қиын. Бүгінгі қолымызда бар жазбалар мен құжаттардың ішінде императорларға арналған ескерткіш жазулар, өткен әулет шежірешілері жазған естеліктер, қарапайым адамдар жазған жазбалар, құлпытас ойма жазулары бар. Мысалы, суды үнемдеу ескерткіші – қарапайым халық арасындағы су ресурстарын бөлу туралы келісімшарт. Ол ескерткішке келісімшарт ретінде қашалып жазылған. Мысалы, суды үнемдеу ескерткіші қарапайым халық арасындағы су ресурстарын бөлу туралы келісімшарт ескерткішке қашалып жазылған. Қытай тарихында халықтың көпшілігі иероглиф пайдаланды, сақтады, құрметтеді. Бұл – қытай иероглифтерінің гүлденуінің үшінші себебі.
Қытай иероглифтері – өте әдемі жазу. Ол сурет жазуынан дамып, екі өлшемді конфигурация үлгісін сақтайды, сондықтан оны өнер туындысына оңай айналдыруға болады. Қытай иероглифінің каллиграфия өнері – Қытай мәдениетінің қазынасы. Каллиграфтардың сиясының тамшысы болсын, халықтың талғампаз қағаз қию өнері болсын, олардың барлығы әлемде шексіз қызығушылық тудырды. Көптеген өлмейтін каллиграфиялық туындылар иероглиф тарихымен бірге жаңа заманға көшті. Бұл – қытай иероглифтері таралуының төртінші себебі.
Меніңше, Қытай жазуының мыңдаған жылдар бойы үзіліссіз игеріліп, бізге қызмет етуінің жоғарыдағы төрт себебі – иероглифтің өміршеңдігі мен тарихының тереңде екенінің нәтижесі, сонымен қатар халық даналығының жауһары, мәдениетінің қазынасы әрі құнды байлығы. Иероглифтің сипаты мен ерекшелігі мыңдаған жылдар бойы дамып қалыптасты. Бұл сипаттамалар ақпараттық қоғамға енуімізге жол ашып қана қоймай, иероглифтердің компьютерге енуіне жақсы мүмкіндік берді. Сонымен қатар иероглифтердің идеографиялық сипаты бізге ұзақ сақталған тарихи жәдігерлерді өте ыңғайлы түрде жеткізеді. Сіз оны қаншалықты түсінсеңіз, соғұрлым оны бағалайсыз, жақсы көресіз және оны ынтамен үйренесіз, қорғайсыз. Біз кейде балаларымызға ден қойып мұқият жаз деп айтамыз, бірақ қанша айтсақ та, олар кейде түсінбейді. Осы кезде сіз оған мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан иероглиф тарихын байыппен түсіндіруіңіз керек. Ұлттық мәдениетке деген мақтаныш сезімі оянғаннан кейін, білім беру саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында, тіпті ойын-сауық қимылдарында да иероглифтерді құрметтеп, қадірлеп, оларды қорғауға тиіспіз. Бұл – сіздерге қытай иероглифтерінің сипаты мен ерекшелігі туралы әңгімелеп беруімнің басты себебі.
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰРАҚ-ЖАУАП
Сұрақ: Иероглифтерді жеңілдету туралы айттыңыз, мен мұны жазуды жеңілдету мен сабақтастық деп түсінемін. Менің ойымша, дәстүрлі қытай жазуының формасы дәстүрлі мәдениетімізбен тығыз байланысып, кейбір ақпаратты сақтап отыр. Егер солай екені рас болса, біз неге дәстүрлі жазуды сақтай алмадық?
Жауап: Жеңілдетілген иероглифтер мен дәстүрлі қытай жазуы мәселесі туралы сұраққа қысқаша жауап берейін: Қытай елінде қанша жан бар? Жапондарға қарсы соғыс кезінде бізде 450 миллион адам болды. Жеңістен кейін 600 миллион адамға жетті. Қазір Қытай халқының саны 1,3 миллиардтан асты. Қытай иероглифтерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің мақсаты – барлығына иероглифті пайдалануға мүмкіндік беру. XX ғасырдың басында қытай иероглифтері өте ретсіз әрі күрделі болды. Егер адамдар білім алып, мәдениетті меңгерсін десек, мұндай күрделі таңбаларды қолданудың машақаты көп екені анық. Дәстүрлі жазудағы «塵 (жердегі шаң-тозаңды)» мысалға алсақ, сяочжуань жазуында үш «鹿 бұғы», бір «土 жер» бар. Сіз осы жазуды бір рет жазғанда-ақ қытай иероглифінің қиындығын сезінесіз. Сондықтан біз иероглифті жеңілдету қажеттілігі мәдени танымалдылық пен жалпы білім берудің негізгі талабы деп білдік. Жеңілдетілген иероглифтердің шығу тегі мен оңтайландыру әдістеріне келесі лекцияда арнайы тоқталамыз.
Бұл жерде айта кететін бір жайт, мемлекет жазуды екі аспектіде реттеді: бір жағынан, көне кітаптарды жүйелеу деңгейінде, ал енді бір жағынан тарихимәдени мұрадағы жазуларды сақтап қалу. 2013 жылы Мемлекеттік кеңес жалпы саны 8105 иероглифтен тұратын «Қытай иероглифтерінің жалпы стандартталған жобасын» алға тартты. 2000-нан астам жеңілдетілген иероглифті қоспағанда, қалған тарихимәдени мұрадағы жазулардың дәстүрлі қытай жазуынан еш айырмашылығы жоқ. Қазір біз көне кітаптардағы жазуларды қолдану стандарттарын жасап жатырмыз. Ежелгі кітаптарда жеңілдетілген иероглифтер жоқ, барлығы тарихи-мәдени мұрадағы дәстүрлі жазулар. Екінші жағынан, әлеуметтік сөздерді қолдану тұрғысынан біз жеңілдетілген иероглифтерді енгіздік. Біздің екі жолды таңдауымыздың себебі: мәдени мұраларды ұрпаққа қалдырумен қатар халықтың әртүрлі қажеттіліктерін ескеру.
Көптеген мемлекеттер шағын болғандықтан салыстырмалы түрде халық саны аз, сондықтан ол елдерде тіл мен жазу стандарттарын жалпылау қиындық туғызбайды. Бірақ Қытайдағы жағдай күрделірек, егер жұртшылықтың иероглифті меңгеріп, сауатты болуын қаласаңыз, белгілі бір деңгейде иероглифті жеңілдетуіміз керек. Мойындамасақ болмас, иероглифтерді жеңілдету кезінде кейбір мәселелер туындағаны рас, бірақ біз жұмысты ыждағаттылықпен баяу түзетіп жатырмыз. Сондықтан «дәстүрлі иероглиф» деп отырғанымыз қазіргі уақытта жеңілдетілген иероглифтерге сәйкес келетін 2000-нан астам дәстүрлі иероглифтерді айтамыз. Қытай иероглифтерінің қалған бөлігі дәстүрлі немесе жеңілдетілген деп бөлінбейді: мысалы, «分析» дегендегі «析», әрі жеңілдетілген әрі дәстүрлі екеуіне де тән. 8105 иероглифтен тек 2000-нан астам иероглиф ғана жеңілдетілген.
Сұрақ: Сәлеметсіз бе, Ван ұстаз! Қазір интернетте жаңадан жасалған иероглифтер бар, мысалы, « 囧 », немесе осыдан аз уақыт бұрын танымал болған «duang». Сіз қытай иероглифтерін стандарттауға баса назар аударып жүрсіз. Білгім келетіні, сіздің ойыңызша, мұндай сөздер қытай иероглифтерін стандартталуына әсер ете ме? Басқаша айтқанда, біз оны қытай иероглифтерінің өміршеңдігінің көрінісі ретінде қарастыра аламыз ба? Рақмет!
Жауап: Бұл – интернеттегі сөз қолдану мәселесі. Желіге келетін болсақ, бұл – екі жүзді қылыш тәрізді дүние. Егер интернеттегінің бәрі мінсіз деген таным болса, онда оның көптеген жанама әсерлері де болады. Бірақ біз ақпараттық кеңістік дәуіріне аяқ бастық, интернет әркімнің өмірінен ажырағысыз дүние болды. Сондықтан интернеттегі сөздерді диалектикалық тұрғыдан қолдану мәселесін де қарастыруымыз керек.
Тағы бір жағынан иероглифтердің дамуына тілдің барлық саласы әсер етеді. Қытай тілінің сөздік қоры үздіксіз байып келе жатқандықтан, иероглиф те соған сәйкес жетілетін болады. Кемелденген құбылыс біртебірте өміршеңдікке ие болған соң, оны қоғам біртіндеп мойындай бастайды. Дәл сіз айтқандай, бұл иероглифтердің жетіле түсуіне ықпал етіп, сөз қолданудың жаңа өрісін қалыптастырады. Екінші жағынан, интернетте сөз қолдану мәдениетімізге әсер етіп, оны бүлдіруі мүмкін. Мысалы, «囧» сөзі – бізде бастапқыда «窘» сөзі болған, ол қысылу, қиналу, ыңғайсыздану, ұялу, сасқалақтау сияқты мағыналармен қоса, жоқшылық, қатты мұқтаждық, өте кедей деген мағыналарды да білдірген. Сонымен қатар «窘», «囧» екеуінің дыбысталулары да бірдей. «囧»-ның «ұят» деген мағына беруінің себебі, оның формасы шынымен де қызық. Екі қасы, аузы бар, қатты ұялып тұрған кісі сияқты төртбұрышты тұлға. Интернетте немесе ойын-сауық отауларында « 囧 » сөзін «ұят» деген мағына ретінде қолданудың еш айыбы жоқ, бірақ «囧» орнына түпнұсқа «窘» сөзін қолданбасақ, болашақта ресми жазбаларда бұл «囧» сөзін қолданатын шығармыз. Мысалы, эссе жазғанда «囧» сөзін үнемі қолдану ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Қытай иероглифтер жүйесінде « 窘 » сөзі бар, егер оны қолданбайтын болсақ, сөздік қордағы бар сәйкестікті бұзады.


