bannerbanner
ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ
ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ

Полная версия

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ

Язык: Русский
Год издания: 2020
Добавлена:
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля
На страницу:
4 из 6

Тамақтан кейін балалар асық ойынына отырды. Анарыс әдет-тегіндей құрулы тұрған даңғыра, кепшіктің алдына барып, оларды бір ырғақпен қағып, Тәңірге құлшылық етудің рәсіміне кірісті.

Даңғыра бір қалыпты соғылып, Анарыс әуен-ырғаққа жан-тәнімен беріліп кеткен бір тұста, айнала ұшып жүрген сауыс-қандардың үдере шыққан шиқылы ерекше естілді. Балалар елең етіп, орындарынан ұшып тұрды. Алаңдап қарап еді, Анарыстың арт жағында әудем жерде садақтарын кезеніп тұрған салт аттыларды көрді. Балалар ауыздарын ашып үлгергенше, қауырсынды жебелер зуылдап ұшып, Анарыстың арқа-жонына «сарт-сұрт» етіп қадалып жатты. Бірақ бір таңқаларлығы, қанша оқ тисе де Анарыс баба құламай тұр. Ол оқ атқандарға бұрылған кезде байқаса, жебелер жон арқаға дәл тигенімен, ешқайсысы денесіне дарымаған. Бәрі шетінен лыпа көйлекті тесіп өткенімен, жебелер төмен салбырап, матасына ұшынан ілініп тұрды. Бұл оғаш көрініске оқ жаудырған жауын-герлердің өздері таң қалғаны сондай, ауыздарын ашқан күйі тұрып қалған. Бір кезде естерін жиып, басшыларына ілескен бойы желе шоқытып, Анарыстың жанына жетіп келді. Басына мұрақ8 кигені Сабылдың өзі екен. Ол Анарысқа сұстана қарап:

– Саған жебелер неге дарымайды? – деді.

– Ол жебелерді дарытпаған – біз, – деді Ер суырылып алға шығып.

– Сендер кімсіңдер?

– Біз Анарыс бабаның қағушы періштелеріміз, – деді Би де ілгері адымдап.

– Қанатсыз қандай періштесіңдер! Жалған айтпаңдар!

– Ал, сіз бауырыңыз Анарыс бабаны қалайша өлімге қиып отырсыз?! – деп, Нар да бауырларының қатарына қосылды.

Сабыл жауынгерлеріне қарап:

– Мына тырбиған бақаларды менің аяғыма жығып, тәңірқұтқа қарсы шыққандардың қалайша жер қабатынын көрсетіңдерші, – деді саусағымен нұсқап.

Үш жауынгер аттарынан түсіп, өздеріне сенімді түрде балаларға жақындай берген.

– Бауырлар, дәл тамақтарынан тебейік! – деп сыбырлады Ер жайымен.

– Дайындалыңдар! Ал…

Үшеуі бір мезгілде шыр көбелек айналған күйі каратэ тәсілімен аяқтарын көтеріп, «сарт-сұрт» тепкен еді, мұндайды күтпеген әлгі жауынгерлер бірінен кейін бірі кескен теректей жалпасынан түсті.

– Кәне, бәрің жабылыңдар! – деді ызаланған Сабыл қалған жауынгерлеріне иек қағып.

Жиырма шақты жауынгер жан-жақтарынан шеңберлей қоршап, анталап жақындай бергенде, Нар бауырларына: «Сағаттарыңның минуттық тілдерін басыңдар!» деп айтып үлгерді. Жауынгерлер жабыла лап қойғанда, бауырлар ізім-ғайым жоғалды. Балалардың көзден ғайып болғанына қатты үрейленген жауынгерлер жан-жаққа бытырай кейін серпілген. Бір минуттан кейін балалар тұрған орындарында қайта пайда болды. Сабыл да өзінің сескеніп қалғанын байқатқысы келмей:

– Жабылыңдар! – деп тағы ақырды. Жауынгерлер сабасына түсіп, қайта ұмтыла бергенде, бауырлар қайта жоқ болды. Бұл жолы зәрелері зәр түбіне жетіп, естері ауыса есеңгіреген жауынгерлер жан-жаққа бытырай қашты. Балалар қайта пайда болды.

– Ал, енді, Сабыл мырза, біздің кім екенімізге көзіңіз жетті ғой, – деді

Ер тәңірқұтқа тура қарап. – Енді өзіңіздің жоқ болатын кезегіңіз. Мәңгі бақи жоқ боласыз. Ал, бауырлар, сиқырға дайындалыңдар…

– Сабыр, сабыр, жігіттер, – деді Сабыл бұл жолы сескенгенін жасыра алмай. – Не тілейсіңдер, қалауларыңды айтыңдар?!

– Тілегімізді орындайсыз ғой?

– Тәңірі алдында ант етемін!

– Біздің әрқайсымыздың тілегіміз бар. Менің тілегім: Анарыс бабаға бұдан былай қастандық жасамайсыз! Соңына аңдушы, тыңшы қоймайсыз! – деді Ер.

– Болсын! – деді Сабыл басын иіп.

– Ұғындырғы, білім ордаларын ашып, бала оқытуына кедергі жасамайсыз! – деді Би.

– Болсын!

– Анарыс бабаның заң-жарғысын қабылдап, іс жүзінде орын-далуына қатаң бақылау қоясыз! – деді Нар.

Сабыл қарасұр жүзі бозарып, біраз уақыт үнсіз тұрып қалды. Бір уақыт еріндерін әрең қимылдатып, тісінің арасынан сыздықтата:

– Бол-сын! – деп, ернін тістеп, жерге шұқшиды.

– Ал, енді, келген жақтарыңызға ат басын бұрып, бізді оңаша қалдырсаңыз.

Сабыл әскерін жинап, келген жолдарымен еңселері түсе кейін шегінді.

Қуанышы қойнына сыймаған Анарыс баба:

– Менің сақтаушы, жебеуші періштелерім! – деп балаларды бауырына қысты.

– Сендер шын мәнінде періштесіңдер ме? – деді Ардан өз күдігін ішінде сақтап қала алмай.

– Жоқ, біз де кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адамдармыз.

– Онда сендер қалайша көзден ғайып болдыңдар?!

– Ол мына сағаттың құпия тіліне байланысты, – деп балалар қолдар-ындағы сағаттарын көрсетті.

– Ал, хан иеме оқ жаудырып, қастандық жасайтынын күні бұрын қайдан білдіңдер?

– Біз бағана болашақтан келдік деп айтқан жоқпыз ба. Бізге уақыты өтіп кеткен Сіздің заманның барлық оқиғалары бесенеден белгілі жай ғой. Соны ұғыңыздар.

– Е, мейлі, ұғуға тырысайық. Ал, әлгінде хан иеме сыйлық ретінде қоймай кигізген оқ өтпейтін жейделеріңіз сыйқырлы нәр-се ме?

– Ол жейде сыйқырлы емес. Кәдімгі өздеріңнің жауынгерлерің киетіндей сауыт, оқ өтпейтін темірден тоқылған қарапайым жейде.

– Ал, енді… – деп Ардан тағы бір сұрақты қойғалы тұрғанда, Анарыс баба:

– Болды, қой енді, кейін бәрін біле жатарсың. Ал қазір аттарды тегеленге жек, елге қайтайық. Арман-мақсаттарымызды орындауға жұмылайық, – деді құлшына.

– Құп болады, хан ием! – деген күйі Ардан ат-арбаны жегуге жүгірді.

– Ал, періштелерім менің! Жүріңдер. Ел-жұртымызға тезірек жетейік! – деп, Анарыс баба жас баһадүрлерді емірене бауырына қысып, арбаның артынан ілесті.

«Кескілескен шайқаста мен жеңіп шықсам да,

тірі қалсам да, сен (Кир – К.О.) менің түбіме жеттің. Өйткені, жалғыз ұлымды айлакерлік қулық-сұмдықпен қолыңа түсірдің, ажалына жеттің. Тап сондықтан да енді мен, өзіңе ескерткенім сияқты, қанға деген тойымсыз құмарыңды қандырамын». Кир қазасы жайлы көптеген әңгіменің неғұрлым шындыққа

жақыны осы деп ойлаймын».

Геродот «Тарих».


«Кир үшін қасіретті аяқталған бұл шайқас

табанды Рим легионының парфияндық қолбасы

Суреннің атақты салтаттыларымен кездескен

Красстың парсылармен соғысын еске салады.

Массагеттердің ұшқыр сарбаздары Кирдің әскерін

шыр айнала қоршап, қоянқолтық айқасқа жола-май, парсылардың жаяу әскерін жебенің астына алды. Жаяу әскерден гөрі, салтаттылардың

оғы көп еді және қорамсақтарын дер кезінде

толтырып әкеле қоятын, өйткені қосын күрені

жақын жерде орналасқан».

В.В.Струве, «Кавказдың солтүстік

Қара теңіз жағалауы мен Орта Азия тарихы

туралы ойлар».

Кирдің түсі

Үшеуі «Ерлік алаңына» таң сәріден келді. Астарында жан серік-тері – Ақбоз, Көкбоз, Тоқбоз. Үстерінде – Алып Ер Тоңға сйылаған сауыт-сайман, бойларында —бес қару, арқаларында —жол қапшық. Олар әдеттегідей Тұран баһадүрлеріне тағзым етті.

– Ал, – деді Би. – «Кеңістік сағаттарыңды» біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылға туралап қойдыңдар ғой?

Бауырлары сағаттарын тексеріп көрді де:

– Туралап қойдық! – деді.

– Онда біз Тұмар патшаның заманына сапар шегеміз. Ал, ұранымызды бастайық:

Біз —Тұранның ұлдарымыз,

Ерлік – басты ұранымыз!

Жорыққа сай, дайынбыз,

Текті елдің қыранымыз! —

Олар өз ара келіскендей, сағаттарының түймесін басып қалады. Сол сәтте кеңістік өзгеріп, үшеуі ежелгі дәуірден шыға келеді.


***

Парсының жеңілуді білмейтін Кир патшасы Вавилон жорығынан кейін біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылы Сақ даласына келіп кіреді. Өзінің бармақтарынан бақайшағына дейін қаруланған 300 мыңдық қалың әскерімен жолындағысын тасқын судай жайпап, тыңнан түрен сала келіп, ұлы Сейхунның9 бойына тоқтап, күрендерін тігеді. Алдыңғы бақауыл жасақтарымен Сақ елінің әскери күшін сараптап, жер жағдайымен таныса келіп, өзінің басты қарсыласы – Сақ падишасы Тұмар ханымның ордасына елші жібереді.


***

Тұмар ханымның еңселі ақ ордасы. Төрдегі биік тақытта Тұмар ханым. Төңірегінде уәзірлері мен қолбасшылары. Бір бүйірде оның ұлы Спаргапис, жанында онымен бауырласып үлгерген Ер, Би, Нар отыр. Ашық тұрған есіктен парсы елшісі кіріп келеді. Ол:

– Сақтардың ұлы падишасы, Тұмар ханым. Сізге парсының ұлы патшасы Кир дұғай-дұғай сәлем жолдайды. Ол: «Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған жар болуға қалай қарайды екен. Екеуміз екі елдің басын қосып, мықты күш болып бірігіп ел билейтін едік», – дейді. Сіздің ұйғарымыңыз?

Тұмар ханым оған жауабын көлбілтелемей бірден айтты:

– Қалың қолымен жерімді басып, жаншып тұрып, бүйтіп аярлық жа-сағанына жол болсын. Оның бұл жымысқы айласына түсе қалатын ашықауызды тапқан екен. Бар, Киріңе айт: Келген жолы-мен кері қайтсын! Кир көзін маған емес, менің еліме, жеріме салып отыр. Ата-баба әруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып, қорлатпаймын. Соны айтып бар! – деп елшіні кері жібереді.


***

Тұмар ханымның жауабын естіген Кир бойын ашу-ыза кернеп, әскеріне Сейхунның үстінен өткел салуға бұйырады. Бұл – соғы-самын деген белгі еді. Мұны сезген Тұмар ханым Кирге жаушысын жібереді де, одан мынандай сәлем айтты:

– Мидиялықтардың патшасы! Өз жөніңе кет дегенге көнбедің. Ендеше тұрысатын жеріңді айт! Дарияға өткел салып әуре болмай-ақ, үш күн-шілік жерге кері шегініңдер. Сонда соғысамыз. Оған көнгің келмесе, сен-дерге жолды босатып, біз үш күншілік жерге кері шегінейік. Жауабыңды кешеуілдетпе.


***

Кирдің жорық шатырында әскери кеңес жүріп жатыр. Кир алдында қолбасшылар мен әскери кеңесшілер ғана отыр. Кир оларға барлай қа-рап:

– Иә, сендер не дейсіңдер? Томиристің айтқанындай үш күндік жерге кейін шегінейік пе, әлде олардың шегінгенін қалайсыңдар ма?

Біраз үнсіздіктен кейін кеңесшілердің бірі сөз алды:

– Тақсыр, – деді ол бір құпия сырды ашқандай жігерлене қарап. – Біздің кері шегінгеніміз дұрыс болар. Өйткені, біз шегінген жеріміздің ой-шұқырын бес саусағымыздай біліп аламыз. Сақтарға қарсы соғыс майданын ашқан кезде сол білігімізді пайдаға асыратын боламыз. Сөйтіп, оларды тықсыра қуған жағдайда, сақтардың шегінетін жері қалмайды. Өзен иініне әкеліп қамап, дүрліккен жауды қойдай бауыздап, қыра беруге де тиімді.

Әскербасының бұл ойын басқалар да қуаттады. Кир де осы ойға жығыла берген. Кенет осы кеңеске қатысып отырған лидялық Крездің10 басын шайқап тұрғанын байқап қалды.

– Иә, Крез, басыңды шайқағаныңа қарағанда, келіспей тұрған сияқтысың ғой? Неге келіспейсің, соны айт?!

– Уа, әміршім, – деді Крез нық та сенімді үнмен. – Егер сен өзіңді және әскеріңді елден ерекпіз деп бағаласаң, онда мен пікір айтып әуре болмай-ақ қояйын. Ал, егер сен өзіңді кәдімгі ажалды адам деп, әскерің де өзіңдей пенделерден құралған қол деп есептесең, әрдайым бір адамның жолы бола бермейтінін ұғын. Егер сен жауды өз жеріңе енгізсең, оның өте-мөте қатерлі деп білемін. Жеңілген жағдайда, мемлекетіңе де қауіп төнеді, олар жеңістің желігімен сені еліңнің түкпіріне дейін өкшелеп қумай тоқтамайды. Ал жеңіске жеткен күнде Томирис иелігіне түре тиіскенге не жетсін! Әйелдің тілін алып, жауын өз жеріне енгізу – Камбис баласы Кирге өліммен тең емес пе?! Сонымен ақылымды алсаңдар, дариядан өтіп жаудың шегінген жеріне дейін баса көктеп барайық та, мынандай айла жасайық: Өз қосынымызда көп қой сойып, ат-көпір етіп ас-су әзірлейік. Әсіресе шарап жағы ырғын болсын. Содан соң орнымызда әлсіз әскер қалдырып, дарияға қарай шегініп кетерміз. Менің ойымша, өздері бұрын татып көрмеген тағамның үстінен түскен жау дәмге тарпа бас салады. Ал, одан арғысы белгілі емес пе.

Осы екі ұдай пікірді салмақтап көрген Кир, әуелгі ұсынысты тәрк етті де, Крез пікірін қабыл алды. Сөйтіп, Тұмар ханымға «уәделі жеріне шегінсін», – деп шапқыншы жібертті.

Тұмар ханым уәдесінде тұрып, қосынын дариядан үш күндік жерге, қасиетті Қаратау қойнауына қарай шегіндірді. Кир болса қарақұрым әскерін дариядан жайлап өткізе бастады.

Кир қосынын дариядан өткізген күннің түнінде түс көреді. Түсінде немере ағасы Гистасптың үлкен ұлы Дарий биік таққа отырыпты. Екі иығында қос қанаты бар дейді. Бір қанаты Азияны, екінші қанаты Еуропаны бүркеп тұр екен. Түсінен шошып оянған патша түсінің мәніне ой жүгіртіп, оны тегін емес деп жориды. Немере ағасын шақыртып алады да, екеуі оңаша отырғанда оған былай дейді:

– Гистасп, сенің ұлың Дарий11 жасы жетпеген соң жорыққа қатыстырылмай, елде қалған еді. Сол ұлың менің тағыма таласып, өміріме қастандық жасағалы жүр. Менің кәміл-пірлерім әмісе қамымды жеп жүретіні және алдымды алып отыратыны өзіңе аян. Сол кәміл-пірлерімнің көрсетуінше, түсімде сенің үлкен ұлыңды көрдім. Екі иығында екі қанаты бар екен, бір қанатымен Азия, екінші қанатымен Еурпоны бүркеп, менің тағымда тұр екен. Соған қарағанда, сенің ұлың менің өміріме қатер төндіргелі жүргені даусыз. Сол себепті дереу Персияға қайттағы, мен мына жауды жеңіп, елге оралғанша жауапқа дайындай бер.

– Уа, ұлы патшам, – деді Гистасп оның аяғына жығылып. – Сен еліміздің даңқын аспандатып, жарты әлемді жаулап алдың. Ол елдердің бәрі салық төлеп, еліміздің дәулетін арттырып, тасқын-датса, бұл – сенің арқаң. Ендеше саған кім қастандық ойласа, ол бізге де жау. Ондай жаулық ойлайтын парсылықтың тумағаны игі еді! Туа қалған күнде, ертерек өліп кеткені абзал-ды! Түсіңде көргендей, баламнан қауіп ойласаң – бердім соны қолыңа құрбан ғып! Елге барып, оны тұтқынға алайын! – деп, патшадан шыға сала, атқа қонып, елге қарай жол тартты.


***

Дәл осы уақытта Спаргапистің шолғыншы жігіттері барлаудан орал-ған еді. Олар парсы әскерінің орналасу жағдайын баяндады.

– Кир әскерінің негізгі бөлігі жорық қамымен алға озып кетті. Ал, азық-түлік, шаруашылық жағын қамдайтын бақауыл жасақ-тары тыл жақта қос тігіп қалып қойды. Соларды басып қалуға мүмкіндік бар, – деді жорықшы жігіттің бірі.

– Иә, – деді Спаргапис ойланып. – Біз жауымызды азық-түлік, киім-кешектен айырсақ, олардың соғысу қабілетін әлсіретеміз. «Темірді қызған кезде соқ» дейді. Ендеше бізге жеңісті жақындата түсетін мүмкіндік туып тұр, – деді ол жанындағы қолбасшысына. – Әскерді жорыққа да-йында! Дәл қазір аттанамыз!

Қолбасшының сыртқа шыққаны сол еді, даланы жорық дабылы жаңғырықтырды.

Спаргапис ағайынды бауырларға қарады да:

– Ал, жігіттер, жүріңдер, атқа қонайық! – деді. Өзі жауап күтпестен оққағарларын ерткен күйі сыртқа шығып кетті.

– Бұл қалай болғаны? – деді Нар. – Олар парсылардың құрған тұзағына түскелі бара жатыр ғой. Олар осындай айламен сақтардың үштен бір бөлігін қоршап алып, қырып-жойып, Спаргаписті қолға түсіріп, өлтірмейтін бе еді? Бұл қауіптің алдын алу үшін Спаргаписке бәрін айтып, түсіндіруіміз керек.

– Дегенмен, ол қырғын түнге қарай болмайтын ба еді, – деді Ер. —Сақтар жеңістерін тойлап, парсылардың әдейі қалдырған мол тағамдарын жеп, көл-көсір шараптарын ішіп, мастанып бейғам ұйықтап жатқан кезде ың-шыңсыз басып қалмайтын ба еді. Ендеше біз олардың жеңіске жететін мүмкіндіктеріне неге тосқауыл болмақпыз?! Қайта, парсылардың күшін осылай әлсірете бергені дұрыс емес пе? Ал содан кейін біз қоршалатындай қауіптің алдын алуға тырысамыз.

– Иә, Ер дұрыс айтады, – деді Би оны қостап. – Жеңіске жетіп алайық, ал кейінгісін уағында көре жатармыз. Кәне, атқа қонайық, бауырлар! – Үшеуі бойларындағы қару-жарақтарын түзеп, нық адымдап сыртқа беттеді.


***

Спаргапистің қолы парсы жасақтарына тұтқиылдан тиісті. Бірақ пар-сылар да тез есін жиып, айтарлықтай қарсыласты. Соған қарамай Спаргапистің сайланып шыққан қолы қалың жауды нөсердей жауған оқтың астында қалдырып, қоғадай жапырып жатты. Одан кейін олар жан-жақтан анталап, тікелей шабуылға шықты. Алдыңғы шептің бір бүйірінде Ер, Би, Нар да қайқы қылыштарымен олай-былай осқылап, аттарының кеудесімен екпіндей омыраулатып, парсыларды баса-көктеп таптап бара жатты. Ақыр соңында парсылардың қалғаны сақтардың жойқын шабуылына төтеп бере алмай, бас сауғалап қаша жөнеледі. Спаргапистің жеңіл атты әскері оларды өкшелей қуып, жаудың сау-тамтығын қалдырмай жайпап, қалған-құтқанын тұтқындап, кері оралады. Жеңістеріне масаттанған жауынгерлер дабыл қағып, кернейлетіп, енді біреулері ат үстінде өнерлерін көрсетіп, парсылардың қос тіккен тұрақтарына шат-шадыман күйде қайтып келе жатты. Парсылардың қосына таяй бергенде, кенет Би астынан су шыққандай тыпыршып, бауырларына былай деді:

– Ер, Нар! Садақтарыңды оқтаңдар! – деді бұйырып.

– Иә, неге?! – деп, аң-таң болған Ер, Нарға:

– Шарап көзелерін атамыз! – деді Би әудем жердегі қос арасындағы қаз-қатар тұрған көзелерге қарата садағын көздеп.

– Ә, иә! – деп, бауырлары түсіне қойып, олар да садақтарын көздеп, үшеуі бірінен соң бірі көзелерді дәлдеп атып, қирата бастады.

Әуелгіде не болғанын түсінбеген Спаргапистің жігіттері аңтар-ылып тұрып қалған. Ең алдымен Спаргапистің өзі есін жиды:

– Әй, сендерді жын ұрған ба?! Тоқтатыңдар бассыздықты! – деп ақыр-ған. Бірақ бауырлар оның айқайына тоқтаған жоқ, көзелердің бәрін жайратып салды.

– Әй, басбұзарлар! – деді Спарагапис ашу-ызадан түтігіп. – Егер жай күндері болса, менің бұйрығымды орындамағандарың үшін үшеуің де өлім жазасына кесілер едіңдер. Дегенімен, сендердің жанқиярлық ерліктеріңді ескеріп, жазаларыңды жеңілдетем. – Жанындағы жасақтарына қарап. – Үшеуінің де қару-жарақтарын жинап алып, аяқ-қолдарына бұғау салып, тұтқындап, үйқамаққа алыңдар! – деп ақырды.

– Дат, тақсыр! – деп Ер сөз сұрайын деп еді, Спаргапис:

– Жабыңдар ауыздарыңды! Көзіме көрсетпей тез алып кетіңдер бұларды! – деп, жасақтарына өктемдікпен бұйырды.

Жасақтар үш бауырды аттарынан жұлып алып, дедектете сүйреп, алып кетті.

– Ал, сайыпқырандарым! – деді Спаргапис сап түзеген әскеріне барлай қарап. – Сендердің жанқиярлық ерліктеріңнің арқасында бүгін шарапатты жеңіске жеттік. Жарайсыңдар! Енді сендерге жеңіс тойын тойлауға рұқсат берем. Парсылардың мол дастарқанын көріп тұрсыңдар ғой. Тойғанша ішіп-жеңдер, күліп-ойнаңдар. Тек, әтте-ең… – деп аз бөгеліп барып, сөзін қайта жалғады. – Бар шарапты әлгілер қиратып, төгіп, рәсуа еткенін қарашы! Амал нешік, енді өздеріңнің жанторсықтарыңдағы қымыз, шалап, шұбатпен ғана сусын басарсыңдар. Ал, жақсылап дем алыңдар! – деп, ер жүрек жауынгерлерін еркіне жіберді.


***

– Енді қайттік?! – деді қызуқанды Ер бауырларына қарап. – Біз парсылардың алдауына түсіп, қоршауда қалып, қырылатын бол-дық қой.

– Оларды қоршауда қалу қаупінен сақтандыратын тек біз едік, біздің де көрген күніміз мынау.

– Бұл жерде Бауыржан атамыздай мықты қолбасшы керек шығар, – деді Ер бауырларына кезек көз тастап. – Александр Бектің «Арпалыс» кітабы естеріңде ме?

Сонда Бауыржан ата Мәскеу түбіндегі қаланы қорғау соғысында батальонымен бірге бес рет немістердің қоршауында қалып, бесеуінде де қоршауды жарып шығады. Соның алғашқысында ол асып-сасудың орнына батылдық пен тапқырлықтың үлгісін көрсетіп, қоршауды «ромб әдісімен» тас-талқан етеді. Яғни, соғысқа жарамды сарбаздарды ромб тәрізді сапқа тұрғызады да, ортасына жаралылар мен санитарларды тиеген арбалар мен зеңбіректерді, басқа да ат-көліктерді орналастырады. Сөйтіп, немістердің сақадай сай әскери-техникалық колонналарын күтпеген жерден сына сияқты бұза-жарып өте шығады. Бұл да әскери тапқырлықтың бірі.

– Иә, осы әдісі кейін әскери оқулықтарға енгізіліп, арнайы тактика ретінде оқытылып келеді емес пе.

Бауырлар біршама серпілгендей болып еді, бірақ өз баста-рындағы жау қоршауы естеріне түскенде, қайта қалың ойға беріліп, үнсіз қалды.

Кенет Нар үнжұрғалары түсіп кеткен баурыларын иықтарынан қағып:

– Эврика! Мен таптым! – деп айқайлап жіберді.

– Иә, нені таптың?

Ол жауап орнына қойнынан қойын дәптер, қаламсап алып, алдына қойды.

– Кімде металл теңге бар?

– Менде жүз теңге бар, – деді Би қалтасынан шығарып көрсетіп.

– Бәрекелді! – деді Нар жанары ұшқын атып. – Енді хат жазып, теңгені астына мөр етіп басамыз да, Спаргаписке беріп жібереміз.

– Содан?..

– Содан кейін тағы көре жатармыз.

Нар отыра қалып хат жазды да, теңгенің бетін сиямен бояп, мөр етіп басты. Оны шиыршықтап орап, сыртынан қолорамалымен қаптады да, оны күзетшілердің бірінен «Спаргаписке апарып бер» деп ұстатып жібереді.

Біраздан кейін күзетші қайтып келді де:

– Үшеуің де менмімен бірге жүріңдер. Спаргапистің алдына барамыз, – деді.

Күзетшілер оларды Спаргапистің жорық шатырына алып келді.

– Мына түсініксіз хат қайдан пайда болды? Мұны оқи аласыңдар ма, қайсың оқисыңдар? – деді Спаргапис олар кірген бойда.

– Мен оқимын, – деді Нар алдыға шығып, хатқа қолын созып. Ол хатты алысымен орауын жазып, оқи жөнелді: « Спаргапис! Көк Тәңірдің атынан аян етемін! Тап қазір төрт құбылаға шолғын-шыларыңды жібер. Парсылар сендерді қоршап алды. Олар өздеріңді қойдай топырлатып қырып-жойсын демесеңдер, мына үш елшімнің қол-аяғын босатып, солардың айтқанын тыңдайтын болыңдар. Олар сендерге жол нұсқайды!

Ерекше ілтипатпен өздеріңнің туғандарың – Зәрдаш пайғам-бар.»

– О, Тәңірім! – деді қолбасшылар көкке қарап, таң қала тізе бүгіп.

– Иә-ә! – деді Спаргапис хатты қайта қолына алып, оған үлкен мән бере үңіліп. Содан кейін оң жағында отырған қолбасшысына былай бұйырды:

– Орхан батыр! Төрт құбыламызға шолғыншы жігіттерңді жібер! Тышқан құсап жорғалап, құс болып ұшса да, төңіректі тезірек барлап келсін!


***

Ымырт қараңғысында шолғыншылар бірінен кейін бірі қайтып келіп, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай «Қоршауда қалыппыз!» деп айтып жатты. Спаргапис Ер, Би, Нарды бұғаудан босатты да, қару-жарақтарын қайтып берді.

– Иә, жігіттер, айтыңдар, қалың қоршауды қалай бұзып өтеміз?

– Тақсыр, ол үшін былай етеміз, – деді Би. – Бар әскеріңізді сапқа тұрғызасыз да, оларға: «Біз қоршауда қалдық», – деп шындықты айтасыз.

– Иә, сонымен?

– Қоршауды түн қараңғысында Темірқазықты бетке алып терістік бағытта бұзып өтеміз. Сол жауапты жорыққа қару-жарақ-тарыңды сайлап, жақсылап дайындалыңдар! – деп әмір бересіз. Кейін үш-төрт тұтқын парсының қашып кетуіне жағдай жасайсыз. Олар қандастарына барып қосылып, біздің жағдайымызды баяндайды да, барлық күшін терістік бағытқа шоғырландырады. Ал біз алдымызға қалған тұтқындарды саламыз да, қоршауды әскер қатары селдіреген түстіктен, дария бағытында бұзып өтеміз. Тақсыр, біздің жоспарымыз – осы. Ал, сіздің алып-қосарыңыз бар ма?

– Өте тапқыр, мықты жоспар екен! – деді Спаргапис толқып, қуанғаннан алақандарын ысқылап. – Ешқандай алып-қосарым жоқ! Дәл өздерің айтқандай іс жүргіземіз! – деді де өзі Ер, Би, Нарды кезек-кезек бауырына алып, құшырлана қысты.

Сонымен қараңғылық үйіріле жіберген шолғыншылар қайтып келді. «Парсылар негізгі күштерін терістік бағытқа шоғырландырып жатыр. Ал түстікте әскер күші селдіреп қалған, – деп баяндады олар. Осы мәліметті алысымен Спаргапис қалған тұтқындарды алдыға салып, қолын түстікке, дария бағытына қарай бастай жөнелді.

Парсылар шынымен-ақ алда келе жатқан тұтқын-жерлестерін көріп, олардың «атпаңдар, біз – өздеріңбіз!» – деген парсы сөздерін естіп, өз қосынымыз келе жатыр деп, қамсыз қалған еді. Олардың артынша лап қойған Спаргапистің қолына парсылар жарытып қарсылық көрсете алмай, босқа қырылды. Спаргапистің жасағы қоршауды осылайша бұзып-жарып өтіп, сақтардың негізгі қосынына көп шығынсыз келіп қосылды. Сол күні Тұмар ханым мен аман-есен оралған ұлы – Спаргапистің қосынында шынымен-ақ алғашқы жеңіс тойы тойланып, Ер, Би, Нарға сол тойдың бас қаһармандары ретінде үлкен құрмет көрсетіледі.

Дегенімен, басты ұрыс-қимылдары да, негізгі жеңіс реті де әлі алда еді.

***

Келесі күні Тұмар ханым Кирге шапқыншысын жұмсап, былай дегізеді: «Қанқой, Кир! Сен менің ұлымды алдап қолға түсірмек болып едің, арам ниетің жүзеге аспады. Тәңірім бізді қолдады. Менің ұлым сенен айласын асырып, сенің аузыңды аңқитып, қоршауыңнан сытылып кетті. Енді менің мына ақылымды ал. Сен сақтардың күші мен айла-әрекетіне құрық бойлата алмайтыныңды ұқтың ғой. Енді есен-аманыңда жөніңді тап! Егер үйітпесең, соғысамын десең, Көк Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қаншама қанға тойымсыз болсаң да, сені адам қанына мәймілдете тойғызбай қоймаймын! Соны ұғып ал!»

Бірақ Кир әйел падишаның бұл сөзін құлаққа ілмеді, «Соғысқа дайындала бер!» деп жауап жіберді.

Тұмар ханым болса, Кирдің өзі айтқан ақылға тоқтамасын білді де, бар әскерін жинап, парсыларға қарсы шеру тартып шықты. Бұл бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген соғыс болды. Ең алдымен қарсыластар алыстан бір-біріне жай оқтарын қара нөсердей жаудырды. Сақ сарбаздары Кирдің әскерін екі жағынан қоршай торуылдап, жақындап барып, улы жебелерді зуылдата атып, кері шегініп кетіп отырды. Алдыңғы лектегі парсылардың жаяу әскерінің қатары сирегенде, Кир патша атты әскерін майданға қосты. Тұмар ханым да Орхулан бастаған атты әскерін шығарды. Бұл соғыс кешкі ымыртқа дейін созылып итжығыспен аяқталды.

Таң сыз бере басталған келесі күнгі соғыста Кир арбалы әскерін жапты. Арбалардың доңғалақтарына өткір жүзді шалғылар бекітілген еді. Тұмар ханым оларға қарсы аттылы садақшыларын жіберді. Олар епті қимыл-әрекеттерімен арбалардан қашқақтай жүріп, ысқырма жебелерімен жау әскерін баудай қиып, парсылардың зәресін ұшырады.

На страницу:
4 из 6