Полная версия
ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ
– Әне, Дарбаза кенті де алақанға салғандай иегіміздің астында жатыр.
– Шаймерден әулие мешітіне де адамдар көп келетін болыпты ғой, – деді Би төбе етегіндегі мал сойып, ас қамдап жатқан адамдар мен бір шетте қаз-қатар иіріліп тұрған автокөліктерге қарап.
– Сен оны айтасың, мына Ер Дәуіт төсіне де зиярат етушілер көп келетін болған. Әне, үюлі темір-терсектердің алдында шоғырланып тұрған адамдарға қараңдар.
– Қызық, Ер Дәуіт төсіне зиярат еткеннен кейін олардың мамандық шеберліктері мен ұсталық өнері шынымен-ақ алға басар ма екен?
– Кім біледі, бірақ сенім деген ұлы күш бар ғой.
– Менің естуімше, Ташкенттің он екі қақпасының бірі осы Дарбаза сайында болған дейді? Сол рас па екен?
– Қақпа демекші, сонау көне сақ заманында Александр Маке-донский бірнеше ай қоршап, басып алатын темір қақпалы қамал да осы өңірлерде болған дейді. Өйткені, ол сақ жауынгерлерінің қатты қарсылығына ұшырап, Сырдариядан өте алмай кейін қайтатын еді ғой.
– Болса болар, – деді Би ойланып. – Халқымызда «Ескендір қайтқан төбеден» деген көнеден келе жатқан ән мен мәтел де бар емес пе. Мүмкін, Ескендір осы біз тұрған төбеден қайтқан болар?
– Қызық екен, – деді Нар да ойланып.
– Әй, біз осы жолқапшықтарымызды арқалап жүру үшін әкелген жоқ шығармыз, – деді Ер екеуіне сынай қарап. – Анау ықтасын көкмайсалы жерге барып, дастарқанымызды жайып отырайық та. Біз мұнда демалуға келген жоқпыз ба.
– Иә, жүріңдер, – деді Нар бірден келісіп. – Дастарқан үстінде мен сендерге Ескендір жайлы бір шағын аңызды айтып берейін.
Олар бір түйетастың түбіне келіп, иықтарындағы жолқап-шықтарын шешті. Ішінен бір үлкен одеал, құрақ көрпешелер алып, көкмайсалы жерге төседі. Ортасына клёнка дастарқан жайып, тағы бір қапшықтан тағамдар мен сусындарды алып қойып жатты.
– Ал айта бер, – деді Ер аузына бір тоқаш пен кесек етті ытқытып, шайнаңдап тұрып. Нар ұртындағы шайнаңдаған тағамын жұтып, стақандағы лимонад сусынын асықпай ішіп болып, әңгімесіне кірісті:
– Бірде осы өлкелерде жорықта жүрген Ескендір Зұлқарнайын кең сахарада қоныстанған сақ ауылына тап болады. Олардың бірінің киіз үйіне кіріп, дем алып, айналасына барлай қараған Ескендір үй ішіндегі көздің жауын алған ою-өрнектердің мәнісін сұраған екен дейді. Сөйтсе, үй иесі: «Өзіңіз отырған ақ киізге қара ою түсіреміз, ол – мыңғырған бай бол дегеніміз. Қолтығыңыздағы жастыққа құс тұмсық ою саламыз, ол – келген қонағымыз құстай еркін болсын дегеніміз, Анау ер-тұрмандағы өрнектер „айбалта“ оюы. Оған мінген ер-жігіт батыр да қаһарлы болсын дегеніміз. Ал мына тұтулы тұрған сырмақтағы „қошқармүйіз“ оюы, бұны тұтынған үйдің адамдары бай-бақуат болсын дегеніміз», – деп жауап беріпті. Сонда Ескендір Зұлқарнайын:
– Е-е, мен киіз кітаптың үстінде отыр екенмін ғой, – деп, көшпелі ауылға тиіспей аттанып кетіпті деседі.
– Қызығы сол, – деді Ер аздаған үнсіздіктен кейін жұтынып. – Ескендір бұл сақ өлкесіне жорыққа шыққанда, ғалымдары тынбай іздеген «фәлсафалық тасты» осы жақтан табамын деп дәмеленген екен.
– Фәлсафалық тас?!
– Иә, өмірдің мәні мен шексіз билікке, байлыққа сол тас арқылы жетуге болады-мыс.
– Ол сонымен бірге сақтардың алтын-күміс байлығына белшесінен батып қалам деп те ойлаған емес пе?
– Айтпақшы, оның әкесі Филипп II-де сақтардың алтынын іздеп, 20 мың қолмен Дунайдан өтпеп пе еді. Бірақ ол да сақ патшасы Атейді жеңе алмай, құр қол қайтқан екен.
– Ал, енді бауырлар, осы жерде үлкен әңгіменің кезегі келді, – деді Би екеуіне кезек қарап. – Сол әйгілі қолбасшы Александр, өз тілімізбен айтсақ Ескендір жас ханзада кезінде әйгілі ғалым Аристотельдің шәкірті болмап па еді.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.
Примечания
1
Асырда* – хандарға арнайы тігілетін зәулім, кең жорық үйі.
2
Хазар* – Каспий теңізі.
3
Қылшан* – қайың тозы мен теріден қаптап жасалған оқ салатын сауыт, қорамсақ.
4
Тегелен* – үстіне киіз үй орнатылған арба.
5
Ақинақ семсер* – сақ семсері.
6
Ұғындырғы* – мектеп.
7
Таупық-тәубе* – тәубеге келу, түсіністік.
8
Мұрақ* – қаған, хандар киетін бас киім.
9
Сейхунның* – Сырдарияның.
10
Крез* – 560—546 жылдары Лидия мемлекетінің патшасы тағында отырған. Кейін оның патшалығын Кир жаулап алып, оны өзіне қызметке алған. (Алдыңғы тарауды қара).
11
Дарий* – Кир өлгеннен кейін парсы патшалығы тағына Дарий отырады. Ол да үлкен империя құрып, көптеген елдерді жаулап алады.