bannerbanner
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля
На страницу:
4 из 4

ДАНИЯЛ – Меніңше, жасырын тергеу әрекеттері өте пайдалы іс сияқты.

ТАЙЫР – Өкінішке орай, іс жүзінде бұл тек қылмыскерлердің ғана емес, сонымен бірге процестің басқа қатысушыларының да – атап ай- тқанда, күдіктінің ғана емес, қорғаушының да, тіпті куәгерлердің де өмірін қиындата алады. Және олардың іс жүргізу құқықтарын бұзады.

ҚҰҚЫҚТАР МЕН СЕБЕПТЕР

ДАНИЯЛ – Алайда, барлық тер- геулер бір жерде біреудің зорлық-зом- былық өлім белгілері бар мәйітті та- буынан басталмайды ғой.

ТАЙЫР – Құдайға шүкір, әрқа- шан олай емес.

ДАНИЯЛ – Ал, басқа жағдайлар- да сотқа дейінгі тергеуді бастауға не себеп болуы мүмкін?

ТАЙЫР – Біреудің мәлімдемесі, кінәсін мойындап келуі, лауазымды тұлғаның баянаты немесе тіпті БАҚ-тағы хабарлама. Бірақ, мұнда эко- номикалық құқық бұзушылықтарды тіркеумен байланысты нюанстарды да ескеру қажет. Тергеуді бастау үшін көптеген басқа процедуралар мен тексерулерді жүргізу қажет. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықты кейбір азаматтық-құқықтық мәмілелердің орындалмауынан шектеу мақсатында жасалады.

ДАНИЯЛ – Бұл дұрыс емес қой?!

ТАЙЫР – Теория жүзінде – иә, әрине. Бірақ, іс жүзінде – бәрі де болуы мүмкін. Алаяқтар өз қылмыстарын дәл осы «азаматтық-құқықтық келісімнің орындалмағаны» үшін ұсынып жатады. Міне, сол кезде қиын- дықтар туындайды. Мен жүргізген бір азаматтық іс болды, ол қылмы- стық істерден туындады. Белгілі бір инвестор серіктесіне кондицио- нерлермен байланысты компанияны өркендету үшін ақша берген. Ал екіншісі ол ақшаны жұмсап қойған.

ДАНИЯЛ – Ұрлаған ба?

ТАЙЫР – Басқаша айтайық – жұмсап қойды. Алайда, жабдыққа емес. Менің клиентім қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазады, бірақ серіктесінің тапқырлығы нәтижесінде қылмыстық іс тоқтатылады. Ал, бұдан кейін не болды десеңізші? Бұл серіктесі қыл- мыстық жауапкершіліктен құтылғанына қуанудың орнына, моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінеді…

ДАНИЯЛ – Яғни, жәбірленуші оған жала жапты деп мәлімдейді ме?

ТАЙЫР – Әрине, ол жеңіске жете алмады, өйткені бұл жағдайда менің клиентім өзін жәбірленуші деп санады және өзінің конституци- ялық құқығын пайдаланды – арыз жазды.

ДАНИЯЛ – Дұрыс істеді, құқығы болды!

ТАЙЫР – Біздің бұл мәселенің ақ-қарасын шешуге құқығымыз жоқ. Жәй, құқығы болды дейік. Ал, егер ол қасақана жалған шағым жасаса, онда ол өтемақы төлеуі керек еді.

КІНӘЛІ БАС ЖӘНЕ ТАЗА ЖҮРЕК – АЙЫБЫН МОЙЫНДАП КЕЛУ

ДАНИЯЛ – Фильмдерде тергеушінің қылмыскерге шын жүректен өкінуі және кінәсін мойындап келуі оның жағдайын жеңілдеті дегенді жиі естуге болады. Бұл, шыныменде, солай ма?

ТАЙЫР – Өкінудің «шын көңілден болуы» – әрине, моральдық тұрғыдан қиын мәселе.

ДАНИЯЛ – «Шын көңілден» дегеннің дәрежесін меңзеп тұрсыз ба?

ТАЙЫР – Менің ойымша, қылмыскер шынымен өкінетін кездер де болады. Ар-ұждан деген бос сөз емес қой. Бірақ, көптеген жағдайларда бұл жазаны жеңілдету үшін ғана қолданылатын ыңғайлы тұжырым. Сон- дықтан да, мен прагматикалық терминологияны қолданғанды қалаймын. Ал, кінәсін мойындап келуі күдіктінің жағдайын және оның болашақ тағдырын, жазасын жеңілдетуі мүмкін. Тек, егер ол фактілерге сәйкес келсе және оларды бұрмаламаса ғана. Кейде, күдікті жоқ жерден істі өзі ойлап тауып немесе оны көбейтіп жатады. Нәтижесінде, әділеттілік, сонымен қатар, бүкіл қоғам зардап шегеді, өйткені нағыз қылмыскерлер бостандықта қалады және жазадан босатылады.

ДАНИЯЛ – Не себепті күдікті өзіне-өзі жала жабады?

ТАЙЫР – Құқық қорғау органдарында қылмыстық қудалаумен екі қызмет айналысады – анықтау және тергеу. Олардың арасында мүдделер қақтығысы жиі болып жатады. «Оперлар» үшін көрсеткіш – ашылған қылмыстардың саны, осы көрсеткіш бойынша олардың жұмысының сапасы бағаланады.

ДАНИЯЛ – Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысуының диалектикалық Заңын мектепте өткенбіз, есімде…

ТАЙЫР – Мәселенің мәні осында, мұнда диалектика мектептегі- дей үстіртін… Себебі тергеушінің жұмысының сапасы сотқа берілген істердің санымен бағаланады.

ДАНИЯЛ – Бұл жерде мүдделер қақтығысы неде? Қандай істі ашты, соны берд?

ТАЙЫР – Әрине, егер бәрі де шын мәнінде адал ашылған болса.

ДАНИЯЛ – Енді түсінген сияқтымын.

ТЕРЕЗЕНІ АшЫҚ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР!

ТАЙЫР – Әрқашан «ашылған» қылмыс сотқа жіберілген іспен бір- дей бола бермейді. Оперлар тергеушілерге: Міне, біз сізге қылмысты ашып бердік, неге істі жібермейсіздер? – деп жатады. Өзім тергеуші болып жұмыс істеген кезде есімде, ұрлық туралы бір іс болды. Бір «Фор- точникті», яғни ұрлықшыны ұстадым.

ДАНИЯЛ – «Форточник» – бұл пәтер ұрлығының маманы ма? Ал атауы – пәтерлерге кіру әдісіне байланысты қойылған шығар?

ТАЙЫР – Сонымен, бір күні маған бүкіл аудандағы 35 ұрлық эпи- зодымен опер келеді де, мұның бәрі менің «форточнигімнің» ісі дейді. Бұл маған таңқаларлық жайт болып көрінді. Бірақ опер өз сөзінен тай- май, тергеу эксперименттерін жүргізуді ұсынады. «Форточниктен» жауап алып жатырмыз: «Мұны дәл сіз жасадыңыз ба?». Ол: «Иә, бұл менің ісім» – дейді. Іс сотқа кетті. Сөйтіп, ол сотталды.

ДАНИЯЛ – Барлық оқиға бойынша ма?

ТАЙЫР – Солай болса ғой! Бастапқыда ұстаған жалғыз бір іс бой- ынша. Қалған отыз бес іс бойынша – ақталды. Дәлелдер сәйкес келмейді, ол жерде тіпті алибиі бар. Міне, сізге өз кінәсін мойындап келгені! Оның жолы болды, әйтпесе, бөтен біреудің қылмысы үшін отыратын еді. Ал, ол қылмысты жасаған адамдар әлі күнге дейін еркіндікте жүретін еді. Енді, олар ұсталып, жазасын өтеді деген үміт бар.

ДАНИЯЛ – Иә, мұндай өкінуді шынайы деп айту қиын. Ал, ол немен түсіндірілді?

ТАЙЫР – Оған опердың не айтқанын немесе не уәде еткенін біл- меймін… Негізі, бұл «форточник» нашақор және мәжбүрлеп емделуге жатқызылған.

ДАНИЯЛ – Мұндай адамдарға қандай уәде беруге болатыны түсінік- ті. Оларды басқару да қиын емес.

ТАЙЫР – Өкінішке орай, солай. Сондықтан да, «кінәсін мойындау- дың» арқасында ашылған істерге әр- дайым мұқият қарау керек және кейбір жағдайларда қорғаушы тарапынан өте орынды күмән болуы керек. Қылмы- стық істі оқып жатқанда, құжаттар қалай жазылғанына, қандай қаламмен толтырылғанына дейін әрқашан өте мұқият болу керек…

ДАНИЯЛ – Яғни, олар «ақ жіппен» тігілген бе жоқ па?

ТАЙЫР – Болатын іс, болады.

МЫЗҒЫМАС ОДАҚ

ДАНИЯЛ – Егер мен дұрыс түсінсем, мұндай «ірілендіру» сот төрелігіне пайда әкелмейді ме?

ТАЙЫР – Жоқ, дұрыс емес. Көптеген жағдайларда, сіз айтқандай, «ірілендіру» тергеудің қалыпты бағыты үшін қажет. Бұл сотқа дейінгі тергеудің бір маңызды ерекшелігіне байланысты – қылмыстық істер қыл- мыс жасалған жерде тергеледі.

ДАНИЯЛ – Меніңше, бұл ойға қонымды.

ТАЙЫР – Әрине, қисынды. Міне, енді мына оқиғаны тыңдап көріңіз. Тергеуші болып жұмыс істеген кезімде кәсіби мамандармен жаб- дықталған Ұйымдасқан қылмысқа қарсы «алтыншы бөлім» болды. Сол кезде бандитизм туралы бір қылмыстық іс алдым. Қарақшылық шабуыл- дармен айналысатын өте күшті және жақсы ұйымдасқан қылмыстық топ кездесті. КСРО ыдырағаннан кейін көп ұзамай, 90-жылдардың басында.

ДАНИЯЛ – Үлкендер «қылмысты 90-шы жылдар» деп жатады ғой.

де, бандиттер үшін де.

ТАЙЫР – Айпаңыз, болғанда қандай! Біз сияқты тергеушілер үшін

ДАНИЯЛ – Әбден қылмыс жа- саған шығар?

ТАЙЫР – Сөзсіз! Біздің жағдай- да не қиын болды десеңізші?! Біз- де, Заречныйда бүкіл Кеңес Одағы бойынша органдардың заң бұзған бұрынғы қызметкерлері жазасын өтеп жатты.

ДАНИЯЛ – Ол кезде де сондай- лар болды ма?

ТАЙЫР – Өкінішке орай, ондайлар үнемі болады. Әрине, ол жердегі адамдардың белгілі бір білімі, олар айтқандай, «көрінбейтін майданның» бір жағына шығып, пайдалы болуы мүмкін. Қылмыстық істерді тергеу әдістерімен олар да жақсы таныс болды. Және іздерді жоғалтумен де. Онда, Заречныйдың жанында қоныс колониясы болатын.

ДАНИЯЛ – Қоныс колониясы дегеніміз не?

ТАЙЫР – Негізінде, бұл сотталғандар тек түнде ғана келе алатын орын. Ал, қалған уақытта бір жерде жұмыс істейді.

ДАНИЯЛ – Халық арасында оларды «химиктер» деп атайтын сияқты?

ТАЙЫР – Иә. Өкінішке орай, ол жерде кез келген нәрсемен «ай- налысу» мүмкін болды… Біреу шынымен жұмыс істейді, ал біреу жәй ғана есепте тұрады… Ол уақытта барлық жерде құлдырау болды, соның ішінде осындай мекемелерді басқаруда да. Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ашылмаған қарақшылық шабуылдар өте көп болды. Бетперде киген адамдар үйлерге, пәтерлерге кіріп, иелерін ұрып-соғып,

ақша мен барлық құнды заттарды алып кетіп жатты. Кейде олар саусақ іздерін қалдырып жатты, бірақ бір мәселе – олар картотекадан өтпеді.

ДАНИЯЛ – Неге?

ТАЙЫР – Себебі ол жердегі адамдар бүкіл Одақтан келген. Одақ ыдырап, ақпаратты алу қиын болды, мысалы Мәскеуден немесе Сык- тывкардан ақпарат алу мүмкін болмады. Бірыңғай база жоқ. Дегенмен, ізіне шыға алдық…

ДАНИЯЛ – Қалайша?

ТАЙЫР – Тергеу жұмысының барлық әдістерін ашпай-ақ қояйын. Детективтік телехикаяларды көргенді ұнатасыз, сондықтан өзіңіз-ақ болжай аласыз.

ДАНИЯЛ – Мәлімет берушілер? Жасырын жұмыс? Қылмысты ими- тациялау? Жасырын тергеу әрекеттері?..

ТАЙЫР – Жалпы, осы тізбектің бір жібін тарттық – тізбек бойын- ша қоныс-колониясына шықтық. Банданы Мәскеуліктер құрып, барлық аймақтардан адамдар жинаған болып шықты. Бұл бандада 20-дан астам адам болды. Олар күндіз халық шаруашылығының игілігіне жұмыс істеудің орнына, Алматыға, Қапшағай, ГРЭС-ке барады, қарақшылық шабуыл жасап, кешке шаршап, бірақ риза болып қайтады.

ДАНИЯЛ – Олар айтқандай, орындалған борыш сезімімен.

ТАЙЫР – Тек борыш сезімімен ғана емес, сонымен бірге тоналған заттармен де. Сол кезде Алматы мен Алматы облысы бойынша 50-ден астам эпизодты тексеруге тура келді. Ақыры оларды ұстаған кезде, маған тіпті 20 шаршы метрге жуық нақты дәлелдер үшін арнайы сақтау ка- мерасы бөлінді. Бұл бөлме аузы-мұрнына дейдін толды. Теледидарлар, бейнемагнитофондар және т.б. 90-жылдардың басында мұның бәрі қан- ша тұрғанын көз алдыңызға елестете беріңіз?

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Конец ознакомительного фрагмента
Купить и скачать всю книгу
На страницу:
4 из 4