bannerbanner
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля
На страницу:
3 из 4

ДАНИЯЛ – Сондықтан да, кейіннен оларды тауып, тану оңайға түседі!

ТАЙЫР – Содан кейін тергеуші арызданушыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, жәбірленуші деп тану туралы қаулы шығарады. Егер мүліктік зиян келтірілсе, және, әдетте, осындай қылмы- стардың нәтижесінде мүліктік зиян сөзсіз келтірілсе, онда талап арыз да осы жәбірленушіден «алынады». Ол қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеліп, жәбірленуші азаматтық талап қоюшы болып танылады. Осы сәттен бастап ол жәбірленуші екендігімен қатар тағы бір азаматтық мәртебеге ие болады. Ол енді сонымен бірге азаматтық талап қоюшы! Егер қылмыскерден ұрланған зат тәркіленсе, жәбірленуші сәйкестендіру үшін шақырылады. Оған заттарды тану ұсынылады…

ДАНИЯЛ – Сонда ол: «Ия, бұл менің ноутбугым, оны менен осын- дай күні ұрлап кетті!» – деп мәлімдейді.

ТАЙЫР – Шамамен солай. Ал егер жәбірленуші өзінің заттарын танып жатса, онда олар қауіпсіздік туралы түбіртекке қол қойғызылып, қайтарылады немесе сот заттай дәлелдемелер бойынша кейіннен шешім қабылдауы үшін қылмыстық іс материалдарында қалдырылады.

ДАНИЯЛ – Яғни, жәбірленушінің сөзіне ешкім бірден сенбейді ме?

ТАЙЫР – Осы санаттағы істер бойынша сотта қылмыстық іспен бірге азаматтық талап қоса қаралады. Сот үкім шығарумен бірге талапты қанағаттандыру немесе қараусыз, не қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдайды .

ДАНИЯЛ – Яғни, тіпті кинематографиялық алаяқ Джордж Милославский ұсталса, тіс дәрігері Шпак оның мойнына қосымша күртелер мен магнитофондарды «іліп қоюы» мүмкін емес пе?..

ТАЙЫР – Бәрі де мүмкін… Алайда, ол өзі заң бұзушы қатарына қосылуы мүмкін, сондықтан жәбірленуші өзіне келтірілген материалдық залалдың мөлшерін асыра бағалау алдында жүз рет ойлануы керек.

ДАНИЯЛ – Егер мүлік сақтандырылса және бүлінсе ше? Немесе ол мүлдем ұрланбаған, бірақ жәбірленуші оны ұрланды деп қоса айтса ше?

ТАЙЫР – Егер бұл жағдайда сақтандыру компаниялары «араласса», онда Шпакқа мүмкін, мүлдем ештеңе болмайды. Олар «күртелер мен магнитофондар» сияқты, тіпті одан да құнды заттарды төлеуге мүдделі емес.

БЕЛГІСІЗДІ ТАБУ

ТАЙЫР – Қылмыскерлерді анықтау әдістеріне қайта оралайық. Күәгерлер жайлы айтып өттім, егер, әрине, олар болып жатса. Олардан жауап алынуы керек, сонымен бірге мүмкіндігінше дәлірек айғақтар. Айталық, біреу қылмыс болған кіреберістің жанында бір топ жастарды көрді. Олар сөмкелерімен шығып, мынандай түсті көлікке мінді делік. Егер, күәгерлер көліктің нөмірін естерінде сақтап қалса тіпті жақсы.

ДАНИЯЛ – Сонымен қоса, қылмыскерлер өздерінің құжаттарын түсіріп алулары мүмкін…

ТАЙЫР – Әзіл әзілмен, бірақ мұндай қателіктер де орын алып тұра- ды. Өкінішке орай, қылмыстың куәгерлері әрдайым бола бермейді.

ДАНИЯЛ – Қазіргі уақытта бақылау камералары көптеген жерлерде орналасқан.

ТАЙЫР – Бұл жерде де өз қиындықтары бар. Ешкімнің себепсіз бейнелерді алуға және көруге құқығы жоқ, детективті сериалдағыдай бәрі оңай емес. Бейне жазбаларды алу үшін, осы камералардың иесіне жүгіну керек.

ДАНИЯЛ – Олай әрекет жасамаған жағдайда, қорғаушы кейіннен бұл жазбаларға қарсы бола алады ма?

ТАЙЫР – Әрине.

ДАНИЯЛ – Сонымен қатар, телехикаяларда тергеу әдетте қылмы- скерді ұстау мақсатындағы қуғыннан кейін аяқталып жатады.

ТАЙЫР – Өкінішке орай, өмірде бәрі қарапайымдау. Осы қылмысты жасауға қатысқан адамдар және олардың орналасқан жері анықталған- нан, ал тергеушілерде осы қылмыстарды осы адамдар жасағандығы туралы нақты дәлелдер болғаннан кейін, барлық тиісті рәсімдер орын- далуы қажет.

Яғни, осы адамды ұстау туралы хаттама рәсімдеу, жеке тінту жүр- гізу, қалтасынан оның қатысы бар екенін дәлелдейтін заттай айғақтар алу, сондай-ақ бәріне мұқият хаттама жазу. Айталық, адам терезеден шығып бара жатып, сынған әйнекке бір жерін кесіп алды. Әйнекте қан іздері қалды, ал күдіктінің алақанында, шынтағында немесе бір жерінде кесілген жарақаттың ізі бар. Әрине, бұл жерде Сізге қан үлгілері мен әйнек сынықтарының сынамаларын алып, оларды зерттеуге жіберу керек – саусақ іздері, биологиялық, химиялық және т.б…

ДАНИЯЛ – Яғни, менің түсінуімше, тергеуші, былайша айтқанда, жалқаулыққа салынып істің басынан бастап «бәрі түсінікті» деп күтпеуі керек…

ТАЙЫР – Әрине, ол келешекте судьяның барлық тергеу әрекет- терінің толық заңдылығына және сәйкесінше сотталушының кінәсіне күмәнданбайтындығына бірден көз жеткізуге міндетті. Алдында кез кел- ген ұсақ затты өзінің клиентінің мүддесі үшін пайдалану міндеті тұрған қорғаушы мәні жағынан да, формасы жағынан да ешнәрсеге мін таға алмауы үшін… Яғни, дилетанттар қарапайым іс деп ойлайтын, ұрлық жағдайларында да көптеген нюанстар бар екенін көруге болады.

ДАНИЯЛ – Ал егер, бір адам бірнеше ұрлық жасаса, тергеу әрекет- терінің ерекшеліктері бола ма?

ТАЙЫР – Егер қастық ойлаушы адам ұрлықтар сериясын жасады деген күдік туындаса, онда олардың әрқайсысы жеке эпизод болып та- былады. Олар бір ғана ниетпен қамтылмайды, сондықтан да, әрқайсысы жоғарыда сипатталған схема бойынша жеке эпизод ретінде қарастыры- лады және қайталанған қылмыс болып саналады.

ДАНИЯЛ – Ал, қарақшылық пен тонауды тергеудің ерекшелігі неде?

ТАЙЫР – Өзіңіз білетіндей, мысалы, пәтер тонау үшін қылмы- скерге сіздің қатысуыңыз мүлдем қа- жет емес.

ДАНИЯЛ – Ия, әрине, ол керісін- ше, осы сәтте менің жоқтығымды, бір жерге барып, оның, былайша айтқанда, «сүйікті» кәсібіне араласпағанымды жөн көреді деп ойлаймын.

ТАЙЫР – Егер қалта ұрлығы ту- ралы айтатын болсақ, әсіресе сәт- ті болған, қылмыскердің әрекетін байқамай қалуыңыз мүмкін – ол бұл үшін қолынан келгеннің бәрін жа- сауға тырысады… Былайша айтқанда, сізді қажетсіз мазаламау үшін…

ДАНИЯЛ – Қандай сыпайылық десеңізші!

ТАЙЫР – Мысқылыңызды түсініп отырмын, бірақ бәрі де осылай. Негізінде, тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер сыпайы бол- майды. Ол сіздің мүлкіңізді иемдену үшін физикалық күш, тіпті қару-жа- рақ қолданып, тек материалдық ғана емес, сонымен қатар физикалық зиян келтіруі мүмкін.

ДАНИЯЛ – Сондықтан да, бұл қылмыстар ұрлықпен салыстырғанда ауыр деп саналады ма?

ТАЙЫР – Алайда, бұл жерде тергеудің кейбір артықшылықтары бар. Негізінде, тонау немесе қарақшылық кезінде, әдетте, жәбірленуші шабуылдаушыны көреді…

ДАНИЯЛ – Бұл дегеніміз, ол оны танып, анықтай алады деген сөз бе?

ТАЙЫР – Иә! Трасология нәтижелеріне жәбірленушінің тікелей идентификациясы сияқты маңызды фактор қосылуы мүмкін. Әрине, тану да, одан кейінгі көзбе-көз кездесу де олардың нәтижелеріне кейін дау айтуға болмайтындай заңды тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы керек.

ДАНИЯЛ – Жалпы, менің түсінуімше, мұндай жағдайларда да сотқа дейінгі тергеу оңай емес.

ТАЙЫР – Менің сөзме сеніңіз, бұл нағыз өнер!

ДАНИЯЛ – Ал сол «өнертанушылар» неге ерекше назар аударулары керек?

ТАЙЫР – Егер «өнертанушылар» деп тек тергеушілерді ғана емес, қорғаушыларды да айтып отырсаңыз – демек, дәлелдемелерге (айғақтарға)!

АЙҒАҚТАР: КЕРЕМЕТ ӨЗГЕРІСТЕР

ДАНИЯЛ – Неліктен айғақтарды мұқият құжаттандыру маңызды? Оларды алмастырулары мүмкін бе? Кім және қандай мақсатпен?

ТАЙЫР- Дәлелдерді кім және не үшін алмастырады дегенге сіздің де, менің де өз болжамдарымыз бар. Бірақ, оларды жай шатастырып алулары мүмкін екенін де мойындаймын. Немесе шығарып алу кезінде қате сипаттаулары және рәсімдеулері мүмкін. Алайда, егер олар алмасты- рылса немесе шатастырылса, бұл жазықсыз адамның сотталуына әкеліп соғады, ал дұрыс емес сипаттама күмән тудырады. Тергеуші қылмысты ашқан күннің өзінде де, «дұрыс емес» дәлелдемелердің пайда болуы, егер айыпталушының жақсы интуициясы бар қорғаушысы болса, бұл істің бұзылуына алып келеді.

ДАНИЯЛ – Мысалы?

ТАЙЫР – Айталық, айғақтардың ішінде 5 мың доллар пара беру мақсатында біреуге берілген конверт пайда болды. Актте конверттің мөр- ленгендігі туралы айтылған, ал тінту кезінде түсірілген бейнежазбада біз конверттің жабылмағанын көреміз. Бейне жазба мен хаттама арасында сәйкессіздік бар. Ал енді, мұнда қандай болжамдар жасауға болады?

ДАНИЯЛ – Кез келген болжам. Ақша көп болды, аз болды немесе мүлде ақша болмады, конвертті марсиандықтар тастап кетті…

ТАЙЫР – Кез келген жағдайда, мұндай сәйкессіздік орынды күмән тудырады. Міне, Сіз үшін бұдан да керемет мысал: менде күдікті бір жарым жыл түрмеде отырған қылмыстық іс болды. Басты айғақ – оның айтуы бойынша, оған ешқандай қатысы жоқ кәсіпорындардың мөрлері. Алайда, пакеттегі бұл мөрлер оның кеңсесінен табылған. Сонымен, кли- ентімді тінту кезінде жүргізілген уақытта дәл сондай тінту басқа жерде де жүргізілген бейнежазбаны алдық. Онда да тінту жүргізілген және бейнежазбада біреу бұл пакетті алып жатқандығы анық көрінеді. Күт- пеген жерден бірнеше минуттан кейін ол қандай-да бір ғажайып түрде менің клиентімнің кеңсесінен табылады, мен айтып өткендей, табылған мөрлер негізгі дәлел ретінде алынған!

ДАНИЯЛ – Телекинез болған болуы керек!

ТАЙЫР – Оларда не болғанын білмеймін! Алайда, бұл керемет фо- кустар сыртқа шыққан кезде не болғанын білемін. Өкінішке орай, бізде іс жүзінде ешқандай ақтау үкімі болмағандықтан, іс қосымша тергеуге қайтарылды және сол жерде ол толықтай «көмілді».

ДАНИЯЛ – Ең маңыздысы, адам бостандыққа шықты!

ҒАЖАЙЫП ӨЗГЕРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА:

ТҮСІНДЕ ЖӘНЕ ӨҢІНДЕ

ДАНИЯЛ – Қорғаушының ішкі түйсігі болады деп, не туралы ай- тқыңыз келді?

ТАЙЫР – Айтпақшы, мен қорғаушыларға ғана тән ерекше түйсік бар деп айтпадым ба? Түйсік – кез келген адамның психикасына тән қасиет. Алайда, әрине, әр мамандықтың адамдары үшін бұл белгілі бір формаға ие болады.

ДАНИЯЛ – Сонымен, қорғаушыларда қандай формада болады?

ТАЙЫР – Енді, тыңдаңыз. Он бес жыл бұрын контрабанда бойынша қылмыстық іс тергелді. Ол кезде, өзімнің тәлімгерім деп санайтын кере- мет маман, Иван Иванович Кравцовпен бірге жұмыс істедік. Іс бойын- ша бір топ адам тартылды. Біреулері Түркиядан зергерлік бұйымдарды әкелсе, басқалары оны «жауып» отырған. Өте қиын іс болды. Шенеунік- тер мен кәсіпкерлер қамауға алынды. Біздің клиенттер үшін жағдай өте қиын, үмітсіз болды.

ДАНИЯЛ – Олар кінәлі болды ма?

ТАЙЫР – Барлығы соған нұсқап тұрды. Алайда, біз, заңгер ретін- де, клиенттерімізге көмектесетін кез келген заңды құралдарды іздеуіміз керек. Сонымен, бір күні таңертең Кравцов екеуміз тергеу қызметкер- лерінің әрекеттеріне шағымданып, прокурормен кездесуге келдік. Бұл


шағым, шешуші болмаса да, клиенттерімізге көмектесе алады. Кездесу кезінде менің әріптесім кенеттен күту залының бұрышында тізерлеп отырып қағаздарды жайып жіберіп, бірдеңе жаза бастайды. Әрине, ол не істеп отыр деп қызығушылық таныттым. Ал, ол біз беретін арызды толығымен қайтадан жазып отыр екен.

ДАНИЯЛ – Неге?

ТАЙЫР – . ..Менің сұрақтарыма, түнде түс көрдім, оған сәйкес қорғаныс тактикасын толығымен қайта қарауымыз керек деп жауап берді.

ТАЙЫР – Ал, Сіз аян беретін түстерге сенбейсіз бе?

ДАНИЯЛ – Түс?

Затшай

дәлелд емелерд і mekcepi+jig

ХР

ДАНИЯЛ – Сене бермеймін.

ТАЙЫР – Сізге бір құпияны ашайын: менде сене бермеймін. Енді, сізге сұрақ – И.Д.Менделеев өзінің химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсінде көрді деген аңызға сенесіз бе?

ДАНИЯЛ – Менің ойымша, ол бұл туралы жиі ойланған, шамалаған – ал, сайып келгенде, кенеттен ойына келген. Ал бұл өңінде ме, түсінде ме оны енді психоаналитиктер анықтасын.

ТАЙЫР – Заңгерлермен де, суретшілермен де, яғни өз жұмысына шығармашылықпен қарайтын кез келген кәсіпқойлармен де осылай бо- лып тұрады деп ойламайсыз ба?

ДАНИЯЛ – Түсінемін. Сіз дәл осыны түйсік деп атайсыз ба?

ТАЙЫР- Иә. Нағыз маман өзінің ісі туралы тек тоғыздан алтыға дей- ін ғана емес, үнемі ойланады. Шешім де күтпеген жерден келуі мүмкін.

ДАНИЯЛ – Дегемен, сіздікі дұрыс. Сонымен, түсіне не кіріпті? Ол клиенттеріңіздің пайдасына шешілетін қандай да бір жағдайларды іздеді емес пе?!

ТАЙЫР – Оның ойына айғақты заттарды, яғни хаттама бойынша тәркіленген зергерлік бұйымдарды кейіннен сараптамаға жіберілген- дермен салыстыру келген.

ДАНИЯЛ – Нәтижесінде?..

ТАЙЫР – Сенсеңізде, сенбесеңізде бұл шындық, тәркілеу актісінде контрабандалық зергерлік бұйымдардың екі жүзден астам түрі сипат- талған болып шықты. Ал, сараптауға мүлдем басқа заттар ұсынылған!

ДАНИЯЛ – Таң қарарлық жәйт!

ТАЙЫР – Иә… Бәрі де айқын, бірақ ойға симайды!

ДАНИЯЛ – Мүмкін бұл тергеу механизмінің бір жерінде, біреудің сиқырлы таяқшасының көмегімен қолдан жасалған ғажайып шығар?

ТАЙЫР – Білмеймін, демек, ешқандай болжам жасай алмаймын және ешкімді де кінәламаймын. Қалай болсада, менің досымның түсі қолайлы болды. Айғақтық заттардың да жоқ екені белгілі болды. Тиісін- ше, біздің клиентке есептелінген сома ештеңеге негізделмейді. Ал адам қамауда отыр.

ДАНИЯЛ – Сонымен, іс немен аяқталды?

ТАЙЫР – Іс қайтарумен аяқталды. Сол кезеңде істі «қайта қаралуға» жіберу деген үрдіс болған. Содан кейін ол негіздердің болмауына байла- нысты тоқтатылды. Айыптаушы тараптың істі жалғастыруға мүмкіндігі болмады.

ДАНИЯЛ – Ал, Сіздің клиентіңіз ше?

ТАЙЫР – Әрине, босатылды, сонымен қатар ол лауазымды тұлға, подполковник болатын. Осылайша, ол лауазымына қалпына келтірілді және жалақысы бойынша барлық берешек сома төленді… Ал, енді аян беретін түстерге сеніңіз бе?

ДАНИЯЛ – Аян беретін түстерге сенбеймін! Бірақ жұмыс тәжіри- бесі мен адам психологиясын білуден туындайтын заңгердің түйсігіне – иә, сенемін! Және де, айғақтар – үлкен күшке ие дегенге!

ТІНТУ

ДАНИЯЛ – Ал, айғақтар тергеудің қолында үлкен күшке ие болуы үшін және барлық істі құлатпау үшін, оларды жинауға, яғни тінтуге өнер ретінде қарау керек шығар?

ТАЙЫР – Әрине. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеу әрекетін жүргізу, оның ішінде тергеу әрекетін тіркеу де, жазу да нақты көрсетіл- ген. Бірақ, шұғылдығына қарамастан, тінту тергеу судьясымен алдын-ала санкциялауы керек. Алайда, бірегей жағдайлар да болып тұрады. Егер бұл шұғыл жағдай сонымен қатар, өте маңызды болса дереу тінту жүргізе аласыз…

ДАНИЯЛ – Яғни, санкциясыз ба?

ТАЙЫР – Иә, әйтпесе күдікті айғақтарды жойып жіберуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдайлар кейіннен тергеу судьясының бақылауын қажет етеді. Егер судья оны жүргізу кезінде заң бұзушылықтарды таппаса, онда бұл тінту және оның нәтижелері дәлелді мәнге ие болады.

ДАНИЯЛ – Егер бірнеше күдікті болса ше?

ТАЙЫР – Әрине, әрбір тінту бөлек келісілген болу керек. Бірақ, әрине, іс жүзінде тергеу, тіпті тінту бірнеше жерде жүргізілуі керек болса, оның бәрі бір уақытта жүргізілгені дұрыс.

ДАНИЯЛ – Неге?

ТАЙЫР – Егер, бүгін қылмыстық қоғамдастықтың бір мүшесінде тін- ту жүргізіп, басқаларын «кейінге қалдыруды» шешсеңіз, онда олар бір- бірін ескертіп үлгереді және, тиісінше, қылмыс құралдарын және басқа да заттай айғақтарды жасыра немесе олардан мүлдем құтыла алады. Тінту жүргізу фактісінің өзі де мұқият құжаттадырылуы, ал хаттама тінту жүр- гізілген адамға табыс етілуі тиіс.

ДАНИЯЛ – Ал, мұндай қиындықтар не үшін керек?

ТАЙЫР- Өйткені, бұл тінту жұмыстары кейіннен шағымдалуы мүм- кін. Сондықтан, тергеушінің қолында оның әрекеттерінің толық заң- дылығын растайтын ресми құжат болуы керек.

ДАНИЯЛ – Есіме О. Джей Симпсонның әйгілі оқиғасы түсті..

ТАЙЫР- Ол жерде сәл өзгеше оқиға болды, бірақ сіздікі дұрыс. Тінту кезінде бір нәрсе «дұрыс ресімделмесе», нәтижесінде ауыр қылмыс жа- саған адам жазадан құтылып кетеді.

КӨЗБЕ-КӨЗ

ДАНИЯЛ – Мүмкін, көзбе-көз кездесулер де тергеуші өнерінің маңы- зды бөлігі болып табылатын шығар?

ТАЙЫР – Сөзсіз. Және де олар заңға сәйкес қатаң түрде жүргізілуі керек.

ДАНИЯЛ – Мүмкін, ол жерде процеске қатысушылардың жеке қа- рым-қатынасы айқын көрінетін шығар?

ТАЙЫР – Әрине, көзбе-көз кездесу жеке қарым-қатынастарды нақты- лау үшін өткізіледі деп ойлау қателік болар еді. Көзбе-көз кездесу, бы- лайша айтқанда, екі адамның айғақтары арасындағы айырмашылықтар, келіспеушіліктер болған жағдайда қажет. Бірақ бұл жерде жеке қатына- стар, ұнату-ұнатпау сияқтылар шынымен де жарыққа шығуы мүмкін деп дұрыс айтасыз. Сондықтан да, оның қатысушыларына көзбе-көз кездесу алдында…

ДАНИЯЛ – Яғни, араларында келіспеушіліктер туындаған адамдарға ма?

ТАЙЫР – Сондықтан да, көзбе-көз кездесу алдында олардан бір- бірін тани ма, жоқ па деген жауап алынады. Егер «иә» деген жауап болса, онда келесі сізді қызықтырған: олар қандай қарым-қатынаста деген сұрақ қойылады?

ДАНИЯЛ – Айғақтардағы сәйкессіздіктер туралы сөз болғандықтан, ең алдымен, қандай да бір дұшпандық қарым-қатынастың, жанжалдың, түсінбеушіліктің бар-жоғын білу керек шығар?

ТАЙЫР – Өкінішке орай, кейбір адамдар, егер олардың «досы» терге- уге түссе, онда бұл онымен есеп айырысудың қолайлы жолы деп санайды. Яғни, оған жала жабу немесе оны ақтайтын жағдайларды жасыру… Содан кейін, көзбе-көз кездесуге қатысушылардың бірінен түсініктемелерін қай- талауды сұрайды.

ДАНИЯЛ – Яғни, ол осыған дейін не айтқанын?

ТАЙЫР – Иә, дұрыс. Егер ол бәрін қайталаса, онда екінші адамға – оның айтқанын растайды ма, растамайды ма, әлде ішінара растайды ма – деген сұрақ қойылады? Оның жауабынан кейін қатысушыларға бір-біріне сұрақтар қою мүмкіндігі беріледі. Содан кейін, бұл құқық – қорғаушыларға да беріледі.

ДАНИЯЛ – Яғни, бір-біріне емес…

ТАЙЫР – Көзбе-көз кездесудің қатысушыларына. Содан кейін терге- ушінің өзі де қатысушыларға сұрақтар қояды. Осымен, көзбе-көз кезде- суі аяқталады. Хаттамаға куәлік бергендердің бәрі қол қояды. Хаттаманы тергеуші растайды. Айтпақшы, көзбе-көз кездесуде жауап алу барысында қорғаушы немесе жауап алынатын адам құжаттарды растайтын жазбаша дәлелдемелер ұсынуға және оларды хаттамаға қоса беруге құқылы, ал тер- геуші бұл құжаттарды іске тігуге міндетті.

ДАНИЯЛ – Ал тергеушіге Тараптар сұрақ қоя алады ма?

ТАЙЫР – Оған өтініш білдіре алады.

ДАНИЯЛ – Ол жауап беруге міндетті ме?

ТАЙЫР – Міндетті. Сондай-ақ, ол сұрақтың іске қатысы жоқ деуге құқылы. Бірақ сұрақты елемеуге құқығы жоқ.

ДАНИЯЛ – Сонда, қалай? Егер ол сұрақты қабылдамаса, бұл оның оны елемегенін білдірмейді ме?

ТАЙЫР – Жеке сөйлесуді ресми жауап алумен немесе көзбе-көз кезде- сумен шатастырмаңыз. Бұл жағдайда әр сөздің заңды мағынасы бар. Сұрақ қойылғандығы туралы құжаттық дәлел болу үшін, тергеуші бұл сұрақты хаттамаға енгізуге міндетті.

ДАНИЯЛ – Бұл не үшін және кімге керек?

ТАЙЫР – Бұл қажет, өйткені адвокат кейіннен тергеушінің іс – әрекеті- не шағымданып, қорғау құқығы бұзылғанын мәлімдеп, тергеушінің осы іске қатысы бар сұрақты «алып тастағанын» дәлелдей алады.

ТІРКЕУ НЕМЕСЕ ТЕРГЕУ?

ДАНИЯЛ – Жалпы, егер мен дұрыс түсінсем, сотқа дейінгі тергеуде қадамды қағазсыз жасауға болмайды. Онсыз іс бастау мүмкін емес пе?

ТАЙЫР – Бұл жерде екі жақты жауап беруге болады. Әрине, «құ- жаттық» тергеу бірінші оны тіркеуден басталады, СДТБТ деп аталады…

ДАНИЯЛ – Ал, бұл аббревиатура нені білдіреді?

ТАЙЫР – Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі. Бірақ, іс жүзінде ол алғашқы шұғыл әрекет деп аталатыннан басталады. Неге дейсіз бе? Есімде, тергеуші болып жұмыс істегенімде, кезекшілікке келетінмін. Мен, жедел уәкіл, сарапшы-криминалист және жүргізуші, бәріміз сол жерде отырып шақыруды күтеміз. Міне, олар бізге осындай бір жерде атыс жарақатының белгілері бар мәйіт табылғанын айтады. Ал, сіздің ойыңызша, тіркеу құжаттарын рәсімдеу үшін мен бірден ІІБ- ға баруым керек пе?

ДАНИЯЛ – Ия, бұл күлкілі. Сонымен қатар, хабарлама жалған бо- лып шығуы мүмкін.

ТАЙЫР – Егер жалған болмаса, уақытты босқа жоғалтпауға одан да көп себеп бар. Қылмыс іздерін бекіту үшін бірінші кезекте қылмыс орнына баруым керек, дұрыс па?

ДАНИЯЛ – Шерлок Холмс айтқандай: «Барлығын таптап тастамай тұрғанда»?

ТАЙЫР – Оқиға орнын тексеруім керек. Егер мәйіт шыныменде болса, онда оны бөлек тексеріп, денесінде жарақат бар-жоғына көз жет- кізіп, денені сот-медициналық сараптамасына жіберуім керек. Ондағы киімді алып, сипаттап, орап, оларды да сараптамаға жіберу қажет, ал егер ондайлар болып жатса, қылмыс куәгерлерінен немесе мәйітті тапқан адамдардан жауап алу керек. Мұның бәрі қылмыстың іздерін шоғыр- ландыруға бағытталған жедел тергеу әрекеттерінің кешені деп аталады.

ДАНИЯЛ – Иә, әрине, бұл қағаз толтырудан гөрі шұғыл іс.

ТАЙЫР – Бірақ, мен сізге дәлелдегенімдей, қағаздар да өте маңыз- ды, оны алда тағы да бірнеше рет дәлелдеймін. Қалай болғанда да, осы шұғыл шаралардан кейін барлық материалдарды кезекші бөлімге бересіз, содан кейін тіркеу жүргізіліп, сотқа дейінгі тергеу басталады. Айтпақшы, олар оны басқа тергеушіге тапсыра алады.

ДАНИЯЛ – Мұндай тәжірибе бұрыннан қалыптасқан ба?

ТАЙЫР – Бұрын «тергеуге дейінгі» тексеру болған. Ол бір айға со- зылатын. Яғни, фактінің өзін ғана бекіту жеткіліксіз болды. Жағдайлар әлі де нақтыланып, тексерілуі керек еді. Қылмыстық іс қозғауға негіздің бар-жоғы анықталатын, егер іс қозғалса, онда сотқа дейінгі тергеу баста- латын еді. Қазір ондай жоқ. Толық тергеу әрекеті басталады, ол туралы біз білмеуіміз де мүмкін.

ДАНИЯЛ – «Біз» дегеніңіз кімдер?

ТАЙЫР – Әрине, тергеу тобын емес, процестің басқа қатысушы- ларын – күдіктіні, оның әлеуетті өкілдерін – қорғаушыларды айтамын. Сондай-ақ, куәгерлер және т.б. Егер ешкім хабардар болмаса, бұл жа- сырын тергеу әрекеттері деп аталады. Қазіргі таңда Қазақстан Респу- бликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде осы жасырын тергеу әрекеттеріне арналған жаңа үлкен бір бөлім бар. Қылмыстық істер бой- ынша өте маңызды айғақтар дәл осының арқасында алынады. Тергеу- дің басталғаны туралы барлық басқа мүдделі тұлғалар тергеушіден кеш біледі, және мұны ол өз пайдасына пайдалана алады.

ДАНИЯЛ – Бұл жақсы ма?

ТАЙЫР – Алда әлі ол туралы айта жатамыз, алайда, өкінішке орай барлық кезде емес.

ИМИТАЦИя. ТЕК МӘРТЕБЕГЕ ИЕ БОЛҒАНДАР ҮшІН

ДАНИЯЛ – Ал, олардың мәні неде?

ТАЙЫР – Егер қарапайым түрде айтатын болсақ, онда жария тер- геу әрекеті аз-маз ашық түрде жүзеге асырылады – тінтулер, куәлардан, күдіктілерден, жәбірленушілерден жауап алу, көзбе-көз кездесулер және т.б… Ал, тергеу ешкімге хабарламайтын басқа да әрекеттер…

ДАНИЯЛ – Жасырын болып табылады ма?

ТАЙЫР – Сонымен қатар, тергеу оларды жүргізу фактісін өзгелерден мүмкіндігінше мұқият жасыруға тырысады.

ДАНИЯЛ – Мысалы, телефон сөйлесулерін тыңдау деген сияқты ма?

ТАЙЫР – Иә, келіссөздерді қолға түсіру деген сияқты. Қылмыстық әрекеттерді имитациялау жиі қолданылады.

ДАНИЯЛ – Ал, бұл не?

ТАЙЫР – Өзіңіз детективтердің әуесқойы ретінде, «жасырын бүр- кеме жұмыс» дегенді көп естіген боларсыз?

ДАНИЯЛ – Әрине, естідім. Бұл құқық қорғау органдарының қыз- меткері банда немесе мафия қатарына жасырын енуі.

ТАЙЫР – .Немесе басқа қылмыстық қоғамдастыққа. Мұндай операциялар тек кинода ғана бола бермейді. Қылмыскерлер Еуропа- дан есірткі тасымалдаған туралы іс жүргізгем. Заңды қорғаны халық тұтынатын тауарларды жеткізу болды. Бұл тауарлардың ішінде есірт- кі бар құпия орындар болды, олар сұлулық салондары, барлар, түнгі клубтар арқылы таралды. Міне, осы ұйымдасқан топқа жасырын агент енгізілді. Соның арқасында қылмыс ашылды. Онсыз, істің өрбуі екі та- лай еді. Іс ұзаққа созылуы мүмкін еді.

ДАНИЯЛ – Яғни, осы топқа енгізілген қызметкер қылмысты ими- тациялады ма?

ТАЙЫР – Иә, осы есірткі трафигіне қатыстылықты имитациялады.

ДАНИЯЛ – Дегенмен, бұл қауіпті шығар? Леонардо Ди Каприо мен Мэт Дэймонмен бірге ойнаған «Отступники» фильміндегідей. Не- месе, есіңізде ме, Шараповтың «Кездесу орнын өзгерту мүмкін емес» телехикаясындағыдай.

ТАЙЫР – Ия, менің ойымша, бұл жерде үлкен батылдық қажет… Көріп отырғаныңыздай, жасырын тергеу әрекеті маңызды әрі салмақты және көптеген жағдайларда пайдалы. Бірақ, әрине, оны ешкім тек- тен-тек өз еркімен жүргізе алмайды.

ДАНИЯЛ – Ал, оған кім санкция береді?

ТАЙЫР – Тергеу судьясы. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінде жа- сырын тергеу әрекеттерін белгілі бір мерзімге, яғни бір айға ұзартуға рұқсат етілген.

ДАНИЯЛ – Егер сіз айыптау үшін материал жинап үлгермесеңіз ше?

ТАЙЫР – Қажет болған жағдайда олар тергеу сотының санкцияла- уы арқылы да ұзартылуы мүмкін. Бір Казинода пара алу ісі тергелгені есімде – кейінірек толығарақ айтып беремін – ол жерде олар жасырын тергеу әрекеттерін алты айға ұзартты. Осының арқасында қылмыскер- лерді ұстау және жазалау мүмкін болды.

ДАНИЯР – Куәгерлермен қалай жұмыс істейтіні туралы егжей-тег- жейлі айттып өттіңіз. Ал, мұнда күәгер – құпия, былайша айтқанда агент. Оны жария етуге бола ма?

ТАЙЫР – Мұнда да ҚР ҚІЖК-де белгілі бір рәсімдер көзделген. Агент, сіз айтқандай, бүркеншік атпен куәлік береді, жүзін жасыра ала- ды. Мұндай жағдайларда сот отырысты жабық режимде өткізеді.

На страницу:
3 из 4