
Полная версия
Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong)
Қорытып айтқанда, біз бәріміз осы Лидің ұрпағы-мыз. «Халық» деген атау осыдан кейін пайда болуы мүмкін.
Түпнұсқаға сілтеме
1. «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте: «Вусян патшалығының шығысында Бинфэн деген қап-қара, алдында да, ар-тында да басы бар екі басты доңыз болыпты» деп жа-зылған.

2. «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте: «Чжуяо деген жер бар, онда Луань-няо құсы ән салып, феникстер билеп, дыр-думан болып жатады. Адамдар феникстің жұмыртқасын жеп,шықтан жасалған тәтті шырын ішіп, еркін өмір сүреді» деп жазылған.
3. «Таулар мен теңіздер классикасы: Қытай теңізі» деген еңбекте: «Дугуан деген жерде Цзянму деген ағаш бар, оны император өзі отырғызған. Бұл ағаш өсімтал келеді, оның жапырақтары болады, бірақ бұтақтары болмайды» деп жазылған.
4. «Таулар мен теңіздер классикасы: Қытай теңізінің оңтүстігі» деген еңбекте: «Кейпі сиырға ұқ-сайтын біртүрлі ағаш өседі, оның сыртқы қабығын сыпырып алсаң, қыздардың бас киімінің бауына да,жыланның терісіне де ұқсап қалады. Жапырақтары кёльрейтерия метельчатая ағашының жапырақтары-на, діңі гемиптелея ағашына ұқсайды, ағаш «Цзянму» деп аталады» делінген.
5. «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте: «Лин Цзия император Янның немересі, Лин Цзиядан Хужэндер (Хурэн) тарайды, сол Хурэндер аспан мен жердің арасында емін-еркін жүре алады» деп жазылған.
6. «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте: «Сонау шалғай аспан орталығында Риюэшань деген тау бар. У Цзюй Тяньмэнь күн мен ай-дың бататын ұясы. Басы адамдікі сияқты, қолы жоқ, екі аяғы кері басына біткен Сю дейтін Құдай тұрады. Чжу-аньсюйден Лаотун, ал Лаотуннан Чжун мен Ли тарайды. Аспан құдайы Чжунге аспанға көтерілуді, Лиді жерге тү-суге бұйырады. Ли жерге түскен соң, одан Ие тарайды. Ие жер шарының ең батысына барып, күн мен айдың және жұлдыздардың қозғалысын басқарады» деп жазылған.
Постскриптум
Бұл «адам мен Құдай бірге өмір сүрген» деген аңыз-ға негізделген қиял-ғажайып ертегі. Мұнда Чжун және Ли дейтін екі Құдайдың аспан мен жерді бір-бірінен бөліп тастауының себебі баяндалады.
«Таулар мен теңіздердің классикасында» «Құдай-дың Чжунды аспанға көтерілуге, Лиді жерге түсуге бұй-рық беруі» сияқты қазіргі адамдар үшін айтса нанғы-сыз болып көрінетін көптеген нәрсе жазылған. Көк Құдайының бұлай бұйыруының өзіндік себебі болды.
Бұл ертегіні жазуға сол себеп түрткі болды немесе мен содан шабыт алдым.
Бұл ертегі прозалық стильде жазылды. Ойдың жетегімен жалғасып, нақтылап жазылды. Ертегіде қиялға, ойға, қызығушылық пен балалыққа бой ұрдым десем де болады. Бұл оқырмандардың мұқият ойла-нуына мүмкіндік береді.
Шық туралы тамаша ертегі болды.
«Саудагер», «Тоғыз қабат аспан», т.б. сөздерінің шығу тегі туралы толыққанды жауап емес, бұл жай ғана ертегідегі ұшқыр қиял ғана екені даусыз.
Ертегідегі қиял өмірден қаншама алшақ болып көрінгенімен, көркемдігі мен этикасы жағынан ло-гикаға қонымды, бұл балалық қиялға жақын келеді. Менімен келісесіздер ғой?.. Болмаса… ол ертегі бол-майды.
Ертегі бойында балалық сезімі бар адамдарға ар-налады.
Сіздің де бойыңызда осындай пәк балалық сезім бар ма?
Фэйхуан (Ұшатын жылқы)
«Ұшатын» жануарлар әркез бас қосып, жиналыс ашып отырады. Ұшатын құс, ұшатын балық5, ұшатын тышқан, ұшатын жылан6, ұшатын қоңыз… ол заманда ұшатын жануарлар қазіргіден әлдеқайда көп болатын.
Міне, Фэйхуан да келіп қалды.
Фэйхуан7 шын мәнінде түлкіге ұқсайтын, екі мүйіз-ді пырақ. Мүйізі болғаны қызық қой, солай емес пе?Өйткені мінген адам екі мүйізден ұстап алса, құлап қалмайды. Оны сүйеніш ретінде немесе руль ретінде пайдалану мүмкін. Яғни солға, оңға еркін бұрып жүре беруге, тіпті алдыға да, артқа да еркін жүруге, оны тоқтау үшін «тежегіш» ретінде пайдалануға да жарай-ды. Оның мүйіздері жұмсақ, қанша күш қолдансаң да сынбайды. Ол балалардың қазіргі ойын ойнаған кез-де ұстайтын джойстикке немесе автокөліктің беріліс ауыстыру тетігіне ұқсайды. Былайша айтқанда, ойын джойстигін пайдаланғанды білсең болды, Фэйхуанға мініп жүре аласың, ол үшін жүргізуші куәлігін алудың мүлдем қажеті жоқ. Фэйхуанға міне салып, қалаған жеріңе тез әрі қиналмай жетіп алуыңа болады. Бірақ Фэйхуан мінгізе ме? Бұл мәселе осы жолғы жина-лыстың үстінде көтерілген тақырып.

Осыдан бұрын ұшатын жануарлардың кездесуі жайлы ешбір мәселе көтерілмейтін, ол тек сынып-тастардың бас қосуы сияқты өтетін. «Бес мың жыл бұрын бір-бірімізден ажырамаған едік, енді міне, ба-сымыз әрең қосылып жүр» деп ойлап, «Таулар мен теңіздердің классикасы» туралы әңгіме айтып, қонақ болып, тарасатын.
Кім екені белгісіз, отырғандардың бірі «Ұшатын жануарларға адамдар мінсе бола ма?» деген сұрақ қояды. Сол-ақ екен, бәрі соны талқылап ала жөне-леді. «Жуас түйе жүндеуге жақсы» деген сөз бар, мен өз басым адамдардың маған мінгенін қаламаймын» деп, ұшатын жылан ат бойын ала қашады. Ұшатын жыланның соңынан ылғи да бұлт ілесіп жүреді, мұның өзі бір тылсым дүние болып көрінетін. Кейбір көзі нашар көретін адамдарды (ол заманда көзілдірік деген бол-майтын) «моцзы» деп атайтын. Моцзы ұшатын жылан-дарды ұшатын айдаһарға ұқсатып, «Ой, мен айдаһарды көрдім, рас айтамын! Мен айдаһардың басын көрдім,құйрығын көре алмадым! Оның бұлттың арасында қалықтап бара жатқаны өте керемет…» дейтін. Бірақ оған ешкім сенбейтін, тіпті оның сөзін ешкім тыңдап та қоймайтын. Моцзы болса «Мен айдаһар көрдім, рас айтамын…» деп, жолыққан адамның бәріне айта бе-ретін.
Мәселен, ұшатын жәндіктер сияқты жыланға қар-сы пікір айтқандар да болды.
Ұшатын жәндіктер кіп-кішкентай, олардың түрі өте көп. Олар өз ұстанымдарын білдіру үшін іштерінен өкіл сайлап үлгереді. Әлгі сайланған өкіл бетін сипап, қа-наттарын жайлап қағып, аяқтарын ысқылап:
– Омыртқалылар немесе омыртқасыздар, сүтқо-ректілер немесе сүтқоректі еместер, құстар немесе аңдар, тіпті жәндіктер болсын, әйтеуір ұша алатын бол-са болды, адамдардың мінісіне жараса болды, одан асқан мәртебе болмайды деп ойлаймын. Әйтпегенде,ұшудың не пайдасы бар? – дейді.
Ұшатын жәндік бұл сөзді еш ойланбастан айта са-лады. Ойына не келсе соны айтады деген осы болар. Ұшатын жәндіктердің мініске дайынбыз дейтін себебі – оларға міне қоятын ешкім жоқ. Қалай мінуге болады?Кіп-кішкентай жәндік тұрса, оны тек Цзунрэн (кішкен-тай адам) ғана мінбесе. Цзунрэндердің үлкендігі күн-жіттей. Бірақ олардың өзі ұшатын жәндіктерді шуыл-дақ деп менсінбейді. Ұшатын жәндіктер қанат қағып ұшқан кезде қатты ызылдаған дыбыс шығарды… бұл дыбысқа адамдардың басы ауырып, шыдай алмай-ды. Одан да бақбақ ұсынған тегін парашютті пайдаланған дұрыс, ол тіпті ыңғайлы, жылдам, қауіпсіз әрі қоршаған ортаға зияны жоқ. Оның үстіне цзунрэндер үйлерінен тым алыстап кеткісі келмейді. Олар, әдетте,ұзақ сапарға шықпайды. Тым алысқа кетіп қалса, үй-лерін таба алмай қаламыз деп уайымдайды. Бақбақ парашютіне бір рет мінгеннің өзі оларға өте қызық бо-лып сезіледі.

Жануарлардың пікірі екіге жарылады. Бірі мінуді жақтаса, екіншісі мінуге үзілді-кесілді қарсы шығады. Сөйтіп, дау-дамай ушыға түседі.
– Менің ойымша, адамдар бізді осынша уақыт асырап келеді, мінгенде тұрған ештеңе жоқ. Тек әуе қозғалысы ережелерін сақтаса болды. Бірақ мас күй-інде көлік жүргізуге қатаң тыйым салынады, – дейді ұшпа тас.
Ұшпа тас дегеніміз – ұша алатын тас.
Мұндай тас өскенше ұзақ уақыт үйде баптауды қа-жет етеді (өйткені, ол – тас, саңырауқұлақ емес, әрине,баяу өседі). Ұшатын тасты мініске жарату үшін сегіз ұрпақтың баптауынан өту керек, сонда барып мініске жарайтын болады.
Бұған көп адамның шыдамы жетпейді. Өзі лас, өзі кіп-кішкентай тасқа ұзақ уақыт күтім жасап, тек оны жуып-шайып, сылап-сипап отыру керек. Оған үнемі әлди әнін айтып, ерте тұрып мөлдір шықтан нәр алуына, күн нұрына шомылуына мүмкіндік жасау керек. Онымен қой-май, жынды адамша тасқа қарап: «Балам, құлыншағым,мен сені жақсы көремін, мен сені шын жақсы көремін… өсе ғой, тез, тез өсе ғой! Өскен соң, маған мінгізетін бол…» деп күбірлеп сөйлеп тұру керек. Мұны түсінбейтін, білмей-тін адамдар «мынау жынды ма?» деп шошып қалады.
Ұшатын тастың пікірін тыңдайтын құлақ болған жоқ.
Оның пікіріне құлақ аспағандары былай тұрсын,өзін жиналыстан қуып жібереді. Себебі ол тек ұшады дегені болмаса, жануар не жәндік емес, ол – тас. Оның жиналысқа қатысатын құқығы жоқ. Оны ешкім шақырған жоқ, өзі кіріп алған, сол себепті оны қатардан қуу керек болды.

– Тас екеш тастың пікір білдіруге қандай қақысы бар, а?! – деп, ұшатын жылан жақтырмаған сыңай танытты.
– Ал мен сендердің араларыңа жайдан-жай келген жоқпын, ресми шақыртумен келдім. Оның үстіне, мына отырған сіздерге шақыртуды мен жеткізіп бердім. Менің еңбегім бар, сол себепті пікір білдіруге құқым бар шығар? – деді желаяқ.
– Әрине! Біз сенің пікіріңді тыңдауға дайынбыз!Сен бізге курьерсің, көктің хабаршысы – сенсің, қарсы емеспіз. Оның үстіне, сен ұша аласың, тіпті адам болсаң да бәрібір, өйткені сен ұша аласың. Адам деген де хайуанның бірі, оның деңгейі Құдайға жетпейді, ал бізден жоғарылау. Сайып келгенде, ол да хайуан… –деп қостай кетті отырғандар.
– Қолдау білдіргендеріңізге рақмет! «Ұшатын жануарларды адамдар міну керек пе?» деген сұрауға мен де мардымды жауап таппай тұрмын. Дегенмен,өз басымнан алып айтатын болсам, мені адамдар көп міне бермейді. Бірақ кейде адамдарды мінгізіп алатын кездер болады. Мәселен, біреулердің жарақаттанып қалғанын кездейсоқ көріп қалсам, дәрігерге арқалап жеткізіп тастаймын. Көпірді тасқын су алып кеткен жағдайда қариялар мен балаларды қауіпсіз жерге апарып тастауға да дайынмын. Бұл деген адамдықтың белгісі, бұл туралы көп айта берудің қажеті де жоқ. Менің негізгі міндетім – хабар жеткізу. Мен өз ойымды жинақтап жеткізе алмадым ғой деймін. Одан да ұшатын жануарларды міну керек пе, жоқ па деген сұрақ жөнінде Фэйхуанның пікірін тыңдасақ қайтеді? деді желаяқ.
У-шу болып отырғандар назарын бірден Фэйхуанға аударды.
Фэйхуан бағанадан үнсіз, оның не ойлап отырғанын кім білсін.
– Жақсы, дұрыс айттың, ал Фэйхуан, Фэйхуан,қане, сен айтшы?
– Біз бәріміз сізді тыңдауға дайынбыз.
– Неге үндемейсің, өз пікіріңді айтшы? – деп,отырғандар Фэйхуанға қолқа салды.
Фэйхуан тамағын кенеп алып, сөзін бастап кетті:
– Менің інім бар, оның аты Тэнда. Біз екеуміз егізбіз,ол менің сыңарым. Екеуміздің түріміз бір-бірімізге өте ұқсайды, көп ел бізді бір-бірімізден айыра алмай қалады. Менің інім де ұша алады. Бірақ оның атына «ұшу» сөзі жалғанбаған, сол себепті бұл жиналысқа келе алған жоқ. Өте өкінішті. Мен оны осында ертіп келіп, қыдыртып, көңілін көтергім келген еді. Ол қара кешке дейін үйде қамалып отырады. Оны үйге қамап қойған себеп, ол да мен сияқты жүйрік, оның үстіне ұша алатын қасиеті бар, шапшаң. Адамдар оған мінгенді ұнатады. Бірақ ол ешкімді мінгізгісі келмейді. Ол мінген адамды жерге бір қойып құлата салады,құлаған адамдар үстінде мерт болады. Өлмей қалған күннің өзінде комаға түсіп, өлі мен тірінің арасында жатып қалады. Осы адамдардың бәрі жиналып Уци деген ел құрып, өмір сүру үшін жердің астына түсіп кетеді. Бәрімізге белгілі, Уци еліндегі адамдар үңгірлерді мекен етеді. Олар өлген соң, жүз жиырма жылдан кейін қайта тіріледі. Сондықтан олардың алдында ата-бабасы, артында ұрпағы да болмайды. Олар үйленбейді, олар тірі жүр дегені болмаса, өліктен еш айырмашылығы жоқ. Уци елінің тұрғындары менің ініме мінеміз деп осындай хәлге жетіп отыр, яғни олар сәтсіздікке тап болды…
– Ойбой, сондай да болған ба?!
– Енді не істейміз? Ондай болса, сендердің үйлеріңнен кек аламыз деген адамдардың аяғы үзілмейтін болды ғой?
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.
Примечания
1
Таулар мен теңіздердің классикасы· Қытай теңізінің батысы» де-ген еңбекте айтылатын тәтті шық. Түпнұсқаға сілтемеге қараңыз.
2
«Таулар мен теңіздердің классикасы· Қытай теңізі» мен «Таулар мен теңіздердің классикасы· Қытай теңізінің оңтүстігі» деген ең-бекте айтылатын жасыл жапырақтары мен күлгін сабақтары, қара гүлдері мен сары жемісі бар ағаш. Түпнұсқаға сілтемеге қараңыз
3
Хужэндер (huren) «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте айтылатын жер мен көкті жалғап жүретін адамдар. Түпнұсқаға сілтемеге қараңыз.
4
Чжун мен Ли «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте айтылатын Ежелгі император Чжуан Сюйдің немересі. Чжун аспанды көтеріп тұрады, Ли жерді тіреп тұрады. Түпнұсқаға сілтемеге қараңыз.
5
Ұшатын балық: «Таулар мен теңіздердің классикасы·Чжуншань Цзин» кітабында айтылатын қызыл шұбар, шошқаға ұқсайтын ба-лық. Түпнұсқаға сілтемеге қараңыз.
6
Ұшатын жылан: «Таулар мен теңіздердің классикасы·Чжуншань Цзин» кітабында айтылатын тұманға қарамай ұша беретін жылан. Түпнұсқаға сілтемеге қараңыз.
7
Фэйхуан: «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген еңбекте айтылатын мифтік аң. Оған мінген адам үш мың жыл өмір сүретін болады. Түпнұсқаға сілтемеге қараңыз.