bannerbanner
Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап

Полная версия

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап

Язык: Русский
Год издания: 2021
Добавлена:
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля
На страницу:
4 из 7

Ертеңіне Шоң әкесін Приказной-Дуан басының кеңсесіне ертіп апарған. Түс кезі болатын. Бұлар Қоңырқұлжаны күтіп отығанда түскі үзілістен ол келген. Шоңның қасында отырған әкесі екенін айтпаса да бірден білген сұлтан. Кабинетіне ертіп алып кеткен Аға сұлтан әкесімен оңаша қалып біраз сөйлесті. Ақыры сұлтан кабинетінен әкесі қуанышты, ткөңілді шықты, Шоң да оны бірден аңғарды.

– Бүгін сұлтанның үйіне қонаққабарамыз, – деді.

Шоң әкесінің Қоңырқұлжамен біржолатіл табысқанын сезді.

Кешінде Шоң әкесін Есілжағасындағы ағаштан салған сырт аумағы

еңселі үйге ертіп апарды. Шоң бұрын татарлардан дуан басы қалада екі әйелмен тұрады деген сөзді естіген еді. Жұрттың бәрінің аяғы баспайтын үйге кіріп отырған Шоң мен әкесі.

Бұлар келгенде сұлтанның отбасылары кешкі тамақтарын енді ғана алдарына алып отырған екен. Қоңырқұлжа көп жылғы есік танысындай Телқозы мен Шоңды қарсы алды. Телқозыбаласынан жасырған жоқ, осында келер алдында, сенің жұмысқа тұрған көрімдігіңе сұлтанға бір үйір жылқы беретін болғанынын айтқан. Сұлтанның әкесіне ықылас көрсетіп отырғаны соның әсері екенін білді. Әуелінде әкесінің бұл сөзіне сеніңкіремей де қалған. Өйткені, әкесінің керемет сараң екенін білетін. Бір үйір жылқыны бердім сөзінеғ сеніңкіремей ойланып қалған. Бірақ пайдасы қайтатын жерден әкесінің де аянбайтынын және білетін. Пайдасы ол өзін жұмысқа алуы екенін Шоң сезіп отыр. Олар үйге кіргенде бұларды Қоңырқұлжаның жақсы қарсы алуының сыры осында жатқаныны әкесі де, өзі де жақсы түсінген. Қоңырқұлжада некелі, некесіз әйелдер көп болатын. Солардың ішінде мына сән-салтанаттты үйде төре қызы Қаниса мен Шыңғыстың қарындасы Аққағаз тұратын. Бұл екі әйел апалы-сіңілілердей тату еді. Қоңырқұлжаның Аққағазды алуында үлкен сыр бар еді. Жас қызәуелінде қартаң тартқан сұлтанға тигісі келмеген еді, бірақ ағасынан асып кете алмаған. Тиген. Содан бұл қыз Қоңырқұлжамен Уалихан балаларын жақныдастыруға себепкер болды. Шоң оқуға түскелі хандар мен сұлтандар өмірін зерттей бастаған. Олар бір-біріне жақындау үшін қыз беріп, қыз алатынын білетін. Аққағазды да сұлтан сондай жағдаймен алып отырғанын түсінді. Аққағаз бұл үйдің табалдырығын он үшке келмей жатып аттаған. Бұл кезде сұлтан елуге келіп қалған еді. Аққағазәйел есебінде Қоңырқұлжаға онша ұнамаса да, бірақ сұлтанның көңілдері жақындасуына себепкер болған. Аққағазон бестен аса бала тапты да, оның атын Қоңырқұлжа туысқандық белгісіндей, көңіл жақындығы үшін Шыңғыс қойған. Екі әйелді жақындату үшін сұлтан оны бәйбішесіҚанисаның қойнына салдырған еді. Бала тапқан Аққағаз осы үйдің еркесінде болып жүре берген. Сұлтан қасына жатқысы келсе жатып, жатқысы келмесе жатпайтын. Бірақ үйіне келген төрелермен қанша ойнаса да өз ерікнде еді. Сұлтанға сездірмей өзі ұнатқан төрелерінің қасына ретін тауып түндебара беретін.

Сұлтан бәйбішесін жас Аққағаздан әлдеқайда жақсы көретінін Шоң кейін сезді. Төре қызы онымен қатар көрікті де, ақылды еді, сонымен сұлтанды билеп алғанынын Шоң кейіл білді.

Қоңырқұлжаның ұлы әкесі Сәмеке хан бір кезде Әбілхайыр ханмен бірігіп орыстарға проктер болып кіруге келіскен еді. Қазақтың атақты билері Қазбек, Төле, Әйтеке билер онысын ұнатпаған. Кейін билікті төре тұқымынан шыққан, Төле бидің есігінде жүрген Абылайға бергенде Сәмеке ханның баласы сұлтан Құдайменде орыстар жағына біржола шығып кеткен. Олардың жолын Қоңырқұлжа да жалғады. Орыс шенеуніктері сұлтанның онысын жақсы көретін. Сыйлайтын. Патша адамдарының хан тұқымынан өздеріне тартқаны осы Сәмеке хан ұрпағы еді. Абылай балаларымен жанасу үшін Қоңырқұлжа Уәлиханның немересі Аққағазды алып отырған. Бұл үйлену Абылайдың Уәлиханнан тараған тұқымдарын Қоңырқұлжамен біржола жақындастырған еді. Кенесары соғысы кезінде Уәлихан балаларының патша жағына шығып кетуінің бір сыры да осындажатқан болатын. Қазір сұлтан үйінде төре қызы Қаниса мен осы Аққағаз ғана тұратын.

Қоңырқұлжада басқа да қара қазақтардан алған әйелдерінің әрқайсысының өз ауылдары бар. Әр жердетұратын. Олардың басқа еркектермен ойнап қоймасын деп күзет қойғызған. Оларды Аөмолаға жуытпайтын. Қара қазақтан алған әйелдің біреулермен ойнап қоймауы үшін күзет мықты еді. Содан олар басқа да біерулермен ойнауға қорқатын. Еркіндік тек Аққағазда болатын.

Қаниса мен Аққағаз екеуі де бір үйде күндестердей емес, апалы-сіңілілердей тұратын. Оларда күндестік жоқ, татулықтары жарасқан апалы-сіңілідей. Шоң оның бәрін кейін білді.

Дастархан басындағы барлық қызметті Аққағаз атқаратын, күтушілеріне бұйрықты дасол беретін.

Шоң мен әкесі кірген соң сұлтан оларды дастарханға шақырды. Анау-мынау адамдарға күйеулерінің оны жасамайтынын екі әйелі де білетін. Шақырғаннан-ақ бұл адамдар бір мықты жерден екенін сезген еді, олар да. Бұлар жайғасқан соң сұлтан әйелдеріне әкесі мен Шоңды таныстырды.

Бұлар Нүра бойында тұратын маған көңілі жақын Тоқа Жангелді Деген кісінің ұрпақтары. Содан кейін бүгін үйге қонаққа шақырып отырмын, – деді.

Сұлтан төрелер мен қазақтардың мықтыларын ғана үйіне шақыратынын екі әйелде білетін. Оның сөзінде алақаныан бірдеңе салғандарды ғана қадірлейтінін сезетін. Екі әйел күйеулерінің осы азсөзінен көп жайды түсініп, мына дамның қолы ашық адам екенін біліп отыр еді. Өйткені, берері жоқ адамдарды сұлтан үйінің табалдырығынан да аттатпайтын. Сол кеңсе жақта шаруаларын реттеп жіберетінін білетін әйелдері. Дегенмен, екә әйел да қара қазақты баласымен қосып шақырғанына таңқалып отыр.

Сұлтан кең отырып, көсіле сөйледі. Тағы да сөзін екі әйеліне арнап сөйледі.

Жанкелді бабаларын сыйлап, соған мына баланы жұмысқа дуанға алдым. Өзім тәрбиелеп өсірмек ойым бар. Орысшаға судай жігіт. Талабы күшті. Амандық болса мынау деген тадам болады. —Мына сөзді сұлтан аузынан естіп, Телқозының есі шыққандай болып отыр еді.

Екі әйел қара қазақтың баласын сұлтан ешқашан жұмысқа алмайтынын білетін. Мына бала бір ерекше жасөспірім екенін әйелдері де түсінді.

Қоңырқұлжаның өзі кәрілікті мойындап қалған дама болса да жақсы күтімнің әсері ме, көзге әлі елудің ішіндей көрінетін сырт адамға. Үлкен әйелі толыға түскенмен, дене бітімінде ешқандай жақсы келгеннің белгісі байқалмайды. Ал кіші әйелі тіпті қыздай. Жаратылысы солай ма, денесінде түйір артықет жоқ. Телқозы оймен шолып, көңіл дүниесіне салып отырған бәрін. Әйелдерге қарап отырып сұлтанның талғамы да жоғары болар деп топшылаған. Телқозы да төре қыздарына құмар еді. Әсіресе, сұлтанның бәйбішесі қатты ұанды. Осындай әйелді құшып жатқан сұлтанның да арманы барма екен, деген деген ойға берілді іштей.

Бұлар дастарханға отырғаннан кейін басқа бөлмеден шығып он бес-он алты жастар шамасындағы бір қыз да дастарханға келіп отырды.

Бұл осы үйдің кенже баласы сұлтанның бәйбішесінен туған Сақыжан еді. Қоңырқұлжаның бәйбішесі де қуланып алған. Сұлтанның емдейтін дәрігерімен ақылдасып, бала таппаудың жолын біліп алған. Мұны Аққағазға да үйреткен еді. Содан Жәніләдән кейін бәйбішесі де, Аққағаз да Шыңғыстан соң бала таппай кеткен. Көп жыл жүріп бәйбішесі ақыры мына қызды тапқан. Қыз барлық жағынан толысып, пісіп отырған кезі еді. Телқозы да өзініңі байқағыш көзімен байқап қалған.

Шоң сырттай, қала ішінен ілуде-шалуда базардан, көшеден көріп жүретін. Бірақ тіл қатысқан адам емес. Қыз Шоңның өзі ұнататын қара торының сұлуы еді. Айтпай-ақ Канисадан туғанын біліп отыр.

Іштей ұнатып жүрген қызбен бір дастархан басында отыр. Жақын жреден көргенде Шоңға ол тіптен ғажайып сұлудай болып көрінді. Оның үстіне анау-мынау емес, сұлтанның қызы. Хан тұқымынан екені сұлулығына сұлулық қосқандай әсер қалдырады. Шоң талай қызды көріп жүріп мұндай күйге түспеген шығар. Айрықша бір сезімде отырды.

Әке-шешесінен жасырып, ұрлана қызға қарап қояды. Қыз оны аңғармағандай, мән бермегендей жайбарақат тамағын ішіп отыр. Осыдан-ақ, Шоң қызкөңілінің биікте жатқанын, қыздың ауылы өзіне алыс екенін аңғарды.

Дастархан басына отырғаннан соң Телқозы мен сұлтан арасында жарасымды әңгіме біраз жерге барды. Қоңырқұлжа елдегі адамдардың өзіне көзқарасын сұрады. Телқозы шынын айтты.

Кенесарының көтерілісі кезінде бараз адам соған мойын бұрып еді, бүгінде түзелді. Сізге қазір бәрінің де көзқарасы жақсы.

Мына аға сұлтанның көңілінен шыққан тәрізді. Әңгіменің тиегі енді тіптен ағытылып кеткендей болды. Сұлтан Телқозымен енді тіпті ашылып сөйлесті.

Бұл Нұра бойының қазақтарына өкпем қара қазандай. Кезінде балам Шыңғыстың өліміне осы Тоқалар себепкер болды ғой.

Телқозы оған не айтарын білмеді, бірақ бірдеме деуі керекін түсініп:

Сұлтеке, адамдардың да жаратылысы әртүрлі ғой. Сондай жігітке қолдары қалайбатып барғанын түсінбеймін. Кезінде соған өзіміздің де ішіміз ауырды. Ол балаңыздың хан тұқымына лайықты адам екенін еститінбіз.

Қонағының мына сөзі тілегінен шығып, жақсы көріп қалды үй иесі. Екі әйел де сондай күйде еді. Телқозы аузынан мындай сөзді естігенде Аққағаз жылап жіберді. Шыңғыс туралы сөз болғанда Аққағаздың көзінен жас көрініп қалатын. Сұлтанның дәрігерінің көмегімен кейін жалпы бала таппай кеткен. Содан кейін бала көтерм еген. Сұр бойдақ болып алған. Ал Қанисадан екі бала бар болатын. Жәнілдә мен мына отырған кенже қызы. Сұлтанның басқа қара қазақтан алған әйелдерінен де балалары бар болатын. Алайда, ілуде-шалуда болмаса қара қазақтан туған балаларға оншамән бермейтін сұлтан. Қоңырқұлжаның бар үміті осы төре қызы мен Қанисадан туған бала еді. Қазір сонау Санкт-Петербургте оқи Жәнілдә мен Аққағаздан туған өзі айтып отырған Шыңғыс болатын. Қандарына біткен бе, төре қыздарынан туған баллары мен қара қазақтан туғандарын ала-құла ұстайтын. Қара қазақтан туған балаларын әйтеуір, төре атанып, оларды хан тағына жіберу, сонау Шыңғыс хан заманынан келе жатқан тәртіп еді.

Сұлтан да Қанисадан туған баласын айрықша көретін. Сондықтан Жәнілдәні алыстағы Санкт-Петербургке щқуға жіберген. Ойы білім алып патша маңайынан бір жерден ойып орын табатынына үміті бар болатын. Ал Нұра бойында болыс болып істейтін сұлтанның тағы бір баласы бар. Ол қара қазақәйелінен туған бала. Баланың пысықтығын байқап Қоңырқұлжа оны кішкентай кезінде шешесынен алып Қаниса бауырына салған. Өзінің қара қазақтан туғанын білмейтін ол. Кеміткені ме, Қоңырқұлжа оқытпай он жетіге толған соң болыс етіп қойған болатын. Ағасын оқытып, өзін оқытпағанынана Бекәлі әкесіне ренжіп жүретін. Сұлтанның қара қазақ әйелінен туған Әділ аты баласы және бар болатын. Оның денсаулығы нашарлау еді. Ол Нұра бойында шешесімен тұратын. Ауру болғандықтан оны мазаламайтын. Қоңырқұлжаның қара қазақтан алған тағы екі-үш әйелі болатын. Бірақ олардан туған балларға сұлтан мән бермейді. Сұлтан қара қазақтан алған иәйелдеріне барған күнін қағазға жазып отыратын. Сол қағазда жазған мерзімге келмей туған балаларды өзінікі емеспе санап, мән бермейтін. Қанша күзет қойсада ретін тауып әйелдердің ойнап қоятынын сұлтан да білетін.

Бекәлі әкесіне қарсы келе аламй сол болыстықта істеп жатқан. Әкесіне жолыққан сайын оқымағанын әкесіне мұң етіп айтып қояды. Ондайдасұлтан айтатын, кішкене байиық, содан кейін оқытамын дейтін. Кенесары көтерілісінен кейін сұлтанның кедейленіп қалғаны рас еді. Барлық малын Кенесары айдап әкеткен болатын. Алдау болса да, шын болса да соған көніп Бекәлі болыс болыр Нұра жақта істеп жзататын. Бұл жігіт әкесі итерм елей ме, алымпаз еді. Түйені түгімен жеп қоятындай әдеті бар болатын. Сонысына ыза болып оның үстіне Қоңырқұлжаның өзінен асырып сонау губернаторға дейін жергілікті халықтар арыз-шағым жазып жататын. Ана жақтан орыстар да сұлтан құлағына салып қоятын. Патша алдында беделі бар сұлтанды Омбыда, Тоболда отырған бастықтар сыйлайтын. Сондықтан әзірге олар да құлаққа салумен, ескертумен келеді. Сол жағдай еске түсіп, қазыір отырып айтқан Қоңырқұлжа:

– Телқозы сен анау Тоқаларына айтып қой, жоғары жаққа жаза бермесін. Одан түк өңбейді. Айтатындарын маған келіп айтсын. Ал олай болмаса малдары ана жылқылары жиырма мыңға жақындап қалған Сапақ тәрізділер салықты түгел төлемей отыр. Оларын қоймаса малдарының жартысын сыпырып аламын. Соны жеткіз. Тоқа туысқандарың сенің айтқан сөзіңді тыңдайды ғой. Мен де ына балаңа мына жақта қамқор боламын.

Бұл сұлтанның сәтті пайдаланып орынды келістіріп айтқан сөзі еді. Бұл сөзіңе шындық жатқан. Қоңырқұлжаның ойы Телқозы арқылы қорқытып, Нұра бойының байларынан біраз мал жинап алу. Жанкелді балаларының Тоқалар арасында беделі бар екенін

білетін.

– Сұлтеке, өзіңіздей көріңіз. Қолдан келгенше аянбаймын.

– Телқозы қолдан келгенді ғой. Сенің айтқаныңды аяққақалдыратын Тоқалар ішінде адам жоқ. Тіпті, сол арыз жазатын адамдарды маған көрсетші. Содан кейін олармен өзім сөйлесемін.

Телқозы мына сұлтанның өзіне аса ауыр жұмыс тапсырып отырғанын білді. Қорқып кетті. Бірақ ол күйін сездірмей:

– Сұлтеке олай болса Тоқалардың тәуірлерміен сөйлесіп көрейін.

Бұл сөзді сұлтан көңілі үшін айтып отырған. Баласының қолы жетті ме, жетпедіме деп отырғанда басқа сөз айтуға Телқозының мүмкіндігі жоқ еді.

Кенесары соғысы кезінде орыстар жағында болған Қоңырқұлжаны губернатор да жақсы көретіні туралыТелқозыда естіген. Мына адамның көңілін тапса балсының ертеңгі күні шарықтау биікке көтерілетін сезетін Телқозы.

Сұлтан да маңайында өзіне берілген адамдарды жинап, бұл дуандыөзінің берік қамалына айналдуыруды ойлап жүрген. Соған орай орыстан да, төрелерден де өзіне берілген адамдарды маңайына жинап жатыр еді. Сондайлардың біреуі мына қара қазақтан шыққан Шоң болатынына сенімді болатын. Орысшаға зерек. Оны қызметке алуында да осындай ой бар еді. Әзірге сын мерзімге алған. Бірақ бұл туралы баласына да, әкесіне де айтпаған.

Қазір дастархан басында отырып сұлтан Телқозының көңілін көтеру үшін айтқаны:

– Балаң зерек, амандық болса өзім үйлендіріп, тәрбиелеймін деген сөзін әңгіме арасында бір айтып қойды.

Сұлтан шындап қолға алса айтқанын жасайтынын Телқозы біліп отыр. Шоң да сұлтан қызын көргеннен кейін әлгі сөзден соң көңіліңе бір арман орнап қалғандай. Ұрлана қызжаққа көзсалып қояды. Әкесінің мына сөзі қызға қалай әсер еттті дегендей ойда отыр еді. Бірақоған түк әсер етпегендей тамағын ішіп жаймыен отыр. Алайда, сұлтан қызы өзінің қолы жетпес биікте тұрғанын Шоң да сезген. Дегенмен, әлгі сұлтанның сөзі көңілінде түсініксіз бір үміт ұялатқандай болды. Сұлтанның үйінде олар біраз отырып түннің біраз уақытында әкесімен екеуі Табрис үйіне қайтқан. Келе жатқанда Телқозы былай деді:

Әлгінде қыз әкесінің сөзін естідің ғой. Егер көңіліңнен шықса қызын саған беруі мүмкін, – деді Телқозы

Тіпті, төре деемес, хан тұқымынан туған қызды маған бере ме? Сіздің үмітіңіз зор екен…

– Ол сенің оның көңілін табуыңа, іскерлігіңе байланысты… Қыз да сонда саған кет әрі болмайды. Сені әкесі мақтап отырған соң саған байланып қалуы мүмкін.

Шоң әкесінің мына сөзінде бір шындық жатқанын білді. Жас Шоңның көңілі бір көтеріліп қалды. Әкесінің мына айтқаны мен сұлтан сөзі Шоң көңіліне бір әдемі сезім ұялатқандай еді, сонымен қатар онда күдік те бар. Қазір соны айтты әкесіне:

– Сіз тым артық ойлайсыз. Қай төренің қызы он бес жасқа келгенше басы бос болып еді. Сұлтан Баяғыда бере жерін белгілеп қойған шығар.

Телқозыда баласының мына сөзінде шындық жатқанын аңғарды. Сонда да баласын жігерлендіру үшін:

– Қыз көңілін жаулап алсаң, сұлтан ешқайда кетпейді…

Ертеңіне әкесі қайтып кетті. Шоң Қоңырқұлжа кеңсесінде жұмыс істеп жатты. Арада үш-төрт күн өткен соң Шоң Қоңырқұлжаның шақыруымен оның үйіне барды. Түннің біразуақытына дейін отырғызып Қоңырқұлжа хат жаздырды. Бұл Тобылдағы Бас губернатор атына, Омбыда тұратын көңілі жақын мықты орыстардың атына жазылған хаттар еді. Әуелі сұлтан айтатынын айтып шықты, осыны Шоң ретке келтіріп айтқанын орысшалап жазды. Жазып болғаннан кейін Шоң сұлтанның өзіне орысшасын оқып берді. Жоғарыда айтқандай, Қоңырқұлжа ошна орысша білмегенімен, хаттың қалай жазылғанын мән-мағынасын түсінетін. Ол Шоңның мына жазғанынан риза болып:

Мен саған енді жоғары жаққа жазатын хаттардыжаздырып отырамын. Бұл сөзі шындық болды. Жоғары жаққа жазатын жазатын хаттарды Шоңға жаздыру әдетіне айналды. Жұмыстан кейін үйіне ертіп келіп, түннің біразына дейін жаздырадыжоғары жаққа. Бұл кезде көп жерлерде дуанды уезге айналдыру басталған. Оған тек орыстарды бастық етіп қойып жатқан. Шоң енді Санкт-Петербургтегі патша маңайындаотырған мықтылар жазған хаттарынан осындай қауіп Ақмола дуанынан төніп келе жатқанын сезген. Шоң Қоңырқұлжаның мұнысын кеңседегі отырған адамдарға жаздырмай өзіне жаздыру елге сездірмеудің амалы екенін түсінентін.

Бүгін түннің біраз ауқытына дейін отырып жазған еді. Сонда Қоңырқұлжа:

– Бұл жазғандарың туралы тірі жанға айтпа, аузыңнан шығарма, – деді.

Шоң сұлтанның қорқып отырғанын түсіне қалды да:

– Аға, ол жағына өзіңізге сенгендей сеніңіз, – деді.

Қоңырқұлжа Шоңның мына сөзіне риза болып болған тәрізді. Сол күні үйіне жібер мей өз үйіне қондырды. Таңертең Шоңды қыз көріп сұраған болатын:

– Сіз қашан келіп қалдыңыз

– Мен осында қонғанмын. Сұлтан қызы әкесінің мына қара қазақты үйде жатқызғанынан таң қалды. Осы жасқа келгенде төрелердің мықтылары болмаса қара қазақтың өз үйлеріне қондырғанын көрген жоқ еді. Бірінші рет көріп отыр.

Әкесінің мына қылығы қызға ой салғандай еді. Ләм демей басқа бөлмеге шығып кетті.

Қоңырқұлжаның Шоңды үйге алып келіп басқа жақтан келген хаттарды оқытып, үйде оған жауап жазғызу әдетіне айналды. Шоң осы үйдің бір адамындай болып кеткен еді. Бір күні Қоңырқұлжа отырып Қанисаға:

Осы жігітті ерсілі-қарсылы жүргізе бермей, біздің үйге жатқызайықшы.

Бәйбішесі мына жігіттің күйеуіне өте қажет болып отырғанын сезді де бұған қарсы еместей ниет етті. Содан Шоң ойламаған жерден осы үйдің бір адамындай болып шыға келді. Енді өзін еркіндеу сезебастады. Бұл да енді қызбен жолығып жиі сөйлесіп жүрді. Ол да әкесі мына жігітті үйіне жатқызғаннан кейін іш тарта бастаған. Сұлтан қызын арнайы татардан мұғалым жалдап орыс тілін үйретіп жүр еді. Енді мұғалімді сирек шақыртатын болған. Шоңның орыс тілін жақсы білетінінбайқаған қыз бұл жатқан бөлмеге де келіп жүрді. Шоң да қыздың мұнысынан бір сыр ұққандай еді. Әзірге ашық ешқандай әңгіме жоқ. Шоңдатек көңіл бар. Оны қалай сыртқа шығарарын білмей жүрген еді. Бр күні сұлтанның бәйбішесі айтты:

Таяуда, Сақыжан ұзатылады, -деді. Ашық айтпаса да бұл сұлтан әйелінің Шоңға ескертуі болатын. Бұдан кейін Шоң одан қашып жүретін болды. Қызболмай орысша сөйлескісі келіп жақындаса береді. Бұның ақыры не болатынын Шоңның өзі де білмейтін. Сөйтіп жүргенде құдалар келді.

Бұл төре Көкшетауда тұратын, Шыңғысқа жақын дама еді. Шыңғысқа жақын болуымен қатар, қалың малды тым көп беріп, сұлтанды өзіне құлатын алған. Қызды соның баласына беретін боп отырған. Бұл қазақша айтқанда қарсы құда түсу болатын.

Сұлтан үйіндеқонақтар көп болып Шоң қайыра Табристің үйіне бара жатқан.

Ақыры сұлтанның қызы ұзатылды. Ол Шоңға бір мұң тастап кеткендей болды. Көп уақытқа дейін Шоң содан арыла алмай жүрді.

Шоң осы үйдің баласындай болып кеткен еді. Қоңырқұлжа әр жерге барып жүргенде оны ертіп алатын. Бір рет Омбы жаққа, екі-үш рет Көкшетауда демалып жатқан орыстардың мықтыларына барғанда ертіп барды.

Соңғы жолы Бурабайға барғанда орыстың бір генералы Қоңырқұлжадан сұраған:

– Бұл бала кім?

Бұл менің балам, -Бұл сұлтанның өзін жақсы көргенінің белгісі еді.

– Орысшаны жақсы біледі екен.

– Сіздер жақсы біледі дейсіздер. Ал біздің балаларға дұрыс қызмет бермейсіздер! – Бұл орыстарға шын өкпесі еді. Баласы қанғып сонау Санкт-Петербургте жүр. Ал мұнда жаңа құрылып жатқан уездердің басшылығына орыстарды әкеп жатыр. Сөздің реті келді ме, Қоңырқұлжа ашық айтып салған.

– Міне, дуандар тарқап, уездер құрылып жатыр, менің анау Петербургте жүрген баламды уездің бастығы етіп қоймайсыздар ма?

– Қонырқұлжа Құдаймендинович ол менің қолымдағы шаруа емес. Оны шешетін басқа адамдар. Егер менің қолымда билік болатын болса мынадай жігіттерді өсірер едім.

Генералдың мына сөзі себеп болды ма, Қоңырқұлжаның Шоңға қамқорлығы бұрынғысынан да арта түсті. Солай күндер өте берді. Шоң дуан кеңсесінде жұмыс істеп жатты. Көбіне Қоңырқұлжа Тобыл, Омбы жаққа жіберетін хаттарын жаздырады. Шоң жас болса да сұлтанның көңілінен шыққандай етіп келістіріп жазады. Мына жігіттің тапқырлығына, білгірлігіне риза еді ол.

Бірде Омбыға барғанда бұлардан келетін хаттарды оқып, тіркеп отыратын орыс айтқан:

– Қонырқұлжа Құдаймендинович, сіздерден келетін хаттардың соңғы кезде сапасы мен мазмұны жақсара түсті. Қонырқұлжа сөз табуға шебер адам еді, сол арада әлгі адамға, бұрын ылғи қарамағымдағы хатшылар жазушы еді, енді олардың жазғандарына көңілім толмай өзім айтып, үстінен қарап түзетіп жүрмін деді. Бұл туралы Шоңға айтпады. Айтса Омбыға кетіп қалу қаупі бар еді. Омбыдан кайтып келгенде бір күні отырып:

– Сен Омбыдағы жер басқармасының атына арыз жаз, олар қарсы болмаса жұмысыңа ақша төлеймін, -деді Қоңырқұлжа.

Шоң Қоңырқұлжаның айтуы бойынша Омбыдағы жер бөлімінің бастығына тілек-хат жазған еді. Ол хат мынау еді;


Город Омск!

Его высокоблагородию, начальнику, господину Пограничного управления сибирскими киргизами, от Айткожа —Карповского волостного, киргиза Чона Телькозина, прощение, зная татарскую грамоту и приспособляясь к русскому языку, я осмеливаюсь покорнейше просить Ваше Высокоблагородие, если не встретиться препятствий, определить меня в Акмолинский Приказной письмоводителем.

Чон Телькозин,25 августа 43 года

Город Акмолинск»


Осы хатты Омбыға жіберген еді. Бір ай ішінде Шоң тілегін қанағаттандырған хат келді. Осы жауаптан кейін Шоң өзін шын тілмаш, дуан қызметкері екенін толығымен сезінген еді. Жұмыс бір қалыпты жүріп жатты. Шоң тек қана Қоңырқұлжаның жоғары жаққа хаттарын жазады. Бұрынғыдай сұлтан үйінде тұрып жатты. Осы үйдің бір адамындай болып кеткен.

Арада бір жылға жуық өткенде Қоңырқұлжаның қызы байынан қайтып келді. Шоң енді байқады, сұлтан да, әйелдері де Шоңды өздеріне бұрынғыдан да жақын тарта түскендей. Бірде әйелі Қаниса:

– Шоң осылай жүре бересіңбе, келін түсірсейші, -деген еді.

Шоң бұл сөздің ар жағында қандай сыр жатқанын ұға қалды. Алдында Қоңырқұлжа қызын ұзатқан жерден адамдар келіп кешірім сұрап, сұлтан қызын қайыра алып кетпекші болған. Бірақ ерке қыз көнбей қойған. Сұлтан жерім бар. Енді сонда ұзатамынды айтқан. Жоспарлап қойғандары Шоң еді. Қоңырқұлжаның бәйбішесі осыдан кейін әлгі сөзді айтып отырған. Әзірге олар Шоң да ештеңе айтпай жүр.

Шоң Табристің үйіндегі толған кітаптарын біржола Қоңырқұлжа үйіне көшірген. Күн сайын таңертенгілік, кешкілік сұлтан қызы Шоң жатқан бөлмеге келіп жүреді. Қыз қай уақытта келсе де Қаниса қарсы сөз айтпады. Онымен қоса реті келгенде Қаниса Шоңды сөзге тартып әңгіме қозғайды. Үйленбейсіңбе, үйленбейсіңбені жиі айтып қояды. Шоң мұның ар жағында қандай сыр жатқанын біледі. Оның көңілі бұрынғыдай емес, қызға суыған. Қыз ұнататын әңгімеге бара бермейді.

Сөйтіп, жүргенде ауылдан әкесі келді. Кешкі тамақтан кейін Телқозы Қоңырқұлжаның бөлмесінде отырып, әлден уакытан соң болатын. Келісімен сөз бастаған: – мына сұлтан туыс болайык дейді. Сен оған қалай қарайсын? Әкесінең мынадай сөз естігенде Шоң ренжіп қалды да, турасын айтқан:

– Байдан қайтып келген қатын маған әйел болама?

– Келешегің үшін ал мен білемін, әйтпесе, сұлтан сені жұмыстан қуып жібереді. Онсызда сөз жоқ, сөз саптауынан байкадым. Мына сөзді естігенде Шоң қорқып кетті. Пәлен жылқы беріп, зорға тұрған жұмыстан шығып қалуға болмайды. Онда әкесі ешқашан кешірмейді. Шоңның сөзі таусылып қалғандай болды да, содан кейін сұраған. Біліп отырса да әдейі:

– Қызы қалай қарайды екен?

– Кызы айтқан соң осындай ұйғарымға келіп тәрізді. Бұл аймақта бұған жететін қыз жоқ!

– Телқозы дуан басының қызы болған соң мақтап отырсың ба? Оны байдан қайтып келгенің де ұмытпаныз!

Мінезі де жеңілтек. Онымен тіл табыса алмайтын сияқтымын. Бүгін қосылып, бүрсікүні айрылысып жүрсек несі жақсы!

– Бола берсін. Кейін өзің ұнатқан бір қызды аласың…

– Қызымен айрылысып жатсам сұлтан қалай қарайды.

Сені өте жақсы көреді

– Телқозы менің жүрегім дауаламай тұр, хан тұқымынан шыққан қыз, екінші әйел алғыза ма?

Баласының мына сөзіңде шындық жатқаның біліп

Телқозы ойланып қалды. Көңілі баласының бір әйелмен қалғанын қаламайтын. Бір жағынан баласының да келешегін ойлап отырған болатын. Сәлден сол ол:

– Сенің әйел тілің табуыңа байланасты. Егер оны алдай білсең бір әйел емес, екеуін де аласың. Ана Ыбырай құрлы жоқсын ба, екінші әйел алып отыр ғой. Оның өзінде Алтайлардың ең тандаулы қызын алды.

– Сіз бұл қызды Ыбырай әйелімен салыстырмаңыз. Бұл қыз орысша оқыған. Мұнда жаңа көзқараз қалыптасқан. Ондайға көнбейді. Дегенмен, әлгі сөзден кейін Шоң ойланып қалды да, алайда, әкесінің осы іске араласпауын айтты:

– Сіздің жұмысыңыз болмасын. Мен әуелі Сақыжанның өзімен жақсылап сөйлесіп көрейін. Егер ол екінші әйел алғаныма қарсы болмаса аламын.

Телқозы тұрып айтқан.

– Сен әзірге екінші әйелді айтпа. Әуелі қызды қолға түсіріп алайық. Содан кейін көреміз. Шоң көңілдегісін сұлтан қызына айта алмай жүрді. Дегенмен, Теклқозы Шоңның сұлтан қызын алатына сенімді болатын. Ана жақтан қыз екі қабат болып келген. Содан қызы босанды. Жеңілденіп алған соң қыз қыдыруды көбейтті. Шоңға оның бұл мінезі ұнамады. Бойын алшақтау сала бастаған. Қыз еркелеу еді. Бір күні түскі ас кезінде Шоң отырғанда Сақыжан турасын айтып салды.

На страницу:
4 из 7