
Полная версия
Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
Ел тамаққа кіріскенде болашақ келіннің қасында отырған қыз:
– Күміс, тамақ ішуге кедергі болады, бетіңді ашыңқырап отырсайшы, -деді. Күміс оған қимылдай қоймады. Содан жаңағы қыз Күмістің бетін ашпақшы болды. Бұл жігіт те сенің жүзіңді көрсін деген саясатпен жасалған іс болатын. Енді қыз да, жігіт те қырын отырса да бәрін анық көреді. Екеуі де біріне бірі ұрлана қарап, бірін бірі жақсы көріп отыр.
Тамақ ішіп болғаннан кейін, қарсы алған жігіт бар, бәрі сыртқа шықты. Қазір біраз серуендеп, кейін алтыбақан тебетіндерін айтты. Әлсен оңашаланған бір сәтте Шоңнаң сұраған болатын.
– Қалай болашақ әйелің ұнады ма?
Шоң өзінің ашуланғанда болатын тіктеу мінезіне салып турасын, бірден, ұнамайтынын айтып салған.
– Несі ұнамады саған?
– Түрі сап-сары, шикі сары қыз ғой.
– Саған үнамаса, әкене ұнап отыр. Қайтсең де аласың. Ұнамаса кейін тоқал аласың…
Әлсеннің мына сөзі жазадай болып естілді. Тоқал аласың, екі әйелді бірден сүю сөзі Шоңның басына қонбайтын. Содан Әлсен сөзінің соңын тыңдамай жүріп кеткен болатын. Қалың ойда келе жатыр. Әлгінде досы айтқан тоқал аласыңы жадынан шықпай қойды. Шоңның ойлауы да басқалардікінен өзгелеу еді. Екі әйелі бірден қалай сүюге болады. Әкесі Телқозының бұл кезде екі әйелі болатын. Бірде Шоң шешесінен сұраған еді: «Сіз Телқозының екінші әйел алғанына қалай қарайсыз?» «Құдайдың жазуы солай болған соң көну керек. Екі әйел алған жалғыз сенін әкен емес, талайлар соны жасап жатыр. Байқаймын, Телқозы енді әкелері тәрізді үшіншісін де алғысы кеп жүрген сияқты». Қазір шешесінің осы сөзін ой толғамынан өткізіп, анасының да көңілінде реніш барын байқаған, әкесінің бұл қылығын қазір ұнатпай келе жатыр. Шоң ой әсеріне беріліп, жылдам басып біраз жерге кетіп қалғанын аңғармай қалды. Артынан Әлсен келе жатые еді.
– Сен қайда барасың?
– Біраз серуендеп қайтамын.
Шоңның мына түсініксіздеу сөзіне таң қалып Әлсен:
– Қазір алтыбақан болады. Әлгінде басқарып жүрген жігіт айтты ғой. Соған барамыз.
– Соған көңілім соқпай тұр.
– Сен бос сөзді қой. Олай болса бұл жаққа келмеуің керек еді.
Шоң Әлсеннің бұл сөзінде дұрыстық бар екенін түсінді. Әуелі салт бас, сабау қамшы болып келуі ойында болатын. Әкесі бірден құда түсіп, барлық қиындықты басына салып отырғанын білді. Жүріп бара жатқанда Шоңға, осы жолы қызды алып келесіңдер деп әкесі тапсырған. Ерсілі- қарсылығы жүре беруге уақыт жоқ. Басқа шаруалардың бәрі реттелгенін айтқан. Шоң сонда көкейінде тұрған сөз, таныспай жатып бірден қалай алып келемін дегенді айтпаған еді. Қазір соған өкінгендей.
Әлсен сөзін әрі қарай жалғады.
– Айтып отырмын ғой, ұнамаса екінші әйел аласың.
Әлсенің бұл сөзі басына кірмеді. Шоң тағы да үндеген жоқ, жүріп кетті. Әлсен досын айтқанына көндіре алмай келе жатқан қасында…
Бұл кезде үлкендер отырған үйде де әңгіме болды. Телқозының айтуы бойынша, енді барлық мәселе осы жолы шешіліп қызды алып кету болатын. Бас құда Қарақозы Алдажұманға Теоқозының сәлемін жеткізген: « Бала оқуда, ерсілі-қарсылы жүре беруге жағдай келмейді. Соған орай осы жолы баланы алып кетеміз». Телқозының осы сәлемін құдасына жеткізген. Алған жылқы бар, қыз әкесі бұған қарсы сөз айтқан жоқ.
Дастархан қасында отырған Жамал әрі қарай сөзді жалғаған еді.
– Амандық болса Күміс осы жолы Шоңмен бірге Ақмолаға барады. Сонда тұрады.
Әуелінде осы жолы алып кетемізді сөз еткенде Алдажұманның әйеліне ұнамай қалған, құдаларының қыздарың қалада тұрады деген сөзі шешесінің көңілінен шықты. Сол арада қыз әкесімен, шешесі онаша өзара ақылдасып келісімдерін берген.
Енді олар қазақ тәртібімен қыз бен жігіті төсекте кездестіруге дайындала бастады. Соған орай Алдажұманның бәйбішесі келіндеріне нұсқау берді. Олар соған лайықты іс жасауға кірісті. Енесі айтқандай, қыз төсегін түгел жаңартты.
Жастар жағы бұл кезде алтыбақан теуіп, ақ сүйек ойнап тойдың басталуын өткізіп жатқан.
Шоң келгеннен бері өзін суықтау ұстады. Сол күйден өзін қанша зорласа да арыла алмай қойды. Қызға жақындамаған. Күміс те жігіттің бұл қылығын түсінбеді. Өзі расында есалаң шығар деген ойға берілген. Әйтпесе, қызға жақындап, көңіл-күйін білдіру жігіт міндеті ғой. Оның бірі жоқ. Керісінше қашқақтап жүр.
Ақыры күйеу жолдас Әлсен арқылы бүгін қыз бен жігітке оңаша төсек салынатынын қыздың жеңгелері жеткізген еді.
Жігітпен қыздың көңіл-күйіне ешкім қараған жоқ. Әкелерінің айтқаны орындалуда. Қыз үйіне жігіттің кіруіне дайындық жүріп жатты. Әлсен, бүгін қызыққа батасын деді, -Шоңға. Осының алдында екі ай бұрын Әлсеннің өзі үйленген еді.
– Несі қызық, егер сүймей тұрсаң…
– Алғашқы кезде солай, кейін сүйіп кетесің. Сен әлі үйренісе алмай жатырсың, мынау соның белгісі. Қыз төсегі ғажап дүние, одан қызық болмайды.
Шоң оның бұл сөзін түсінбеді. Қыз тартпай тұрса, онда қандай қызық болады. Бұл сөзді Шоң сыртқа шығарған жоқ.
Қазақ тәртібі бойынша жеңгелері Шоңды қыз үйіне кіргізді. Оны шешіндірмекші болып еді, ол бұған көнбеді. Өзі шешінетінін айтқан. Ақыры ырымдарын аяғына дейін жасай алмай қыз жеңгесі шығып кеткен.
Шоң барды да төр алдына қисайды. Артынан біраз уақыттан кейін кірген Кұміс білте шамның жарығынан Шоңның төр алдында жатқанын байқап қалды. Ол да ләм деместен төсегіне қарай өтіп кетті. Екі жақтан да бір ауыз сөз де, қимыл да болған жоқ. Содан таң атқан. Шоң ерте орнынан тұрып кеткен. Ол сыртта ұзақ жүрді. Бәрінен ертерек тұрған Малай сыртта жүрген ағасын көріп, келіп Әлсенге айтқан болатын.
– Шоң сыртта жүр. Сірә, қыз екеуі келіспей қалған болуы керек.
Әлсен оның сөзін жақтырмай:
– Келіспеді деген не сөз?
– Мен Шоңның мінезін білемін. Ол көңіліне ұнамаған адамға қатты айтып тастайды. Қызға да көңіліне келетін бірдене айтқан болуы керек…
Мына сөзді естіген Әлсен орнына жата алмады. Тысқа шыққан еді. Шоң анадай жерде ауыдан алшақтау жерде кетіп барады екен. Әлсен қуып жетіп қасына келді.
– Сенің таң атпай қыз қасынан қашып жүргенің не?
– Мен қыз қасына жатқам жоқ.
Әлсен не сенерін, не сенбесін білмей сәлтұрды да:
– Жатсаң да, жатпасаң да аласың. Жұрт енді Күмісті бүгіннен бастап қызға жатқызбайды, сенің әйелің деп есептейді. Мұның ұят болды…
Шоң Әлсеннің мына құбылмалы сөзіне түсінбеді. Келе жатқанда, қыз бүлінген екен деп айт деген болатын. Енді келіп айтып тұрғаны мынау…
Дегенмен, Әлсеннің мына айтқаны оның ойын енді басқа жаққа жетелегендей еді. Расында, менікі дұрыс болмады. Енді амал жоқ, кейін тоқал аламын ұйғарымына келген. Сол күні қызға жылы қабақпен қарауға тырысқан еді. Бірақ қыз сыр бермеді. Шоңның түндегі қылығына ренжіп қалған болуы керек, өзін тұйықтау ұстаған. Сонымен күн де өтті. Шоң мен Күміс бұл күні ешқандай тіл қатысқан жоқ. Шоң емес, бүгін мінез көрсетіп жүрген Күміс еді. Екінші күн. Жеңгелер келген жоқ. Барлық шаруаны өздеріне қалдырғандай. Күн ұзын дастархандас болып, алтыбақан теуіп, түрлі ойын ойнағанда екеуі жақындасу орнына алыстай берген еді. Әлмен мен Шоң тысқа біраз жүріп қыз үйінің манайына келген кезде Әлсен:
– Сен қызды ұнатпасан да жат, мінез көрсетпе. Енді бәрі де кеш. Көңілін табуға, Күміс тілегінен шағуға тырыс, – деген.
Шоң үйге кірсе, Күміс Шоңды қарайламай жатып қалыпты. Шоң кешегідей төр алдына қисайған еді. Көп жатты. Қыз жақтан бүгін де тырс еткен қимыл жоқ. Сен жатсаң, менде жатқанға басып Шоң жата берді. Кешегі түн қайталанды. Ақыры таң атқан болатын. Шоң ойлады, мына қыз мені шын сүймейді екен. Кешегідей ерте орнынан тұрып кетті. Содан өткен жолғыдай сыртта көп жүрді. Әлсеннің айтқанын еске алды. Расында, мен Күмістен құтыла алмаймын. Барып қасына жатуым керек екенін ойлады. Киіз үйге қарай бұрылып еді, аяғы жүрмей қалғандай. Өзін қанша зорласа да ол жаққа аяғын баса алмады «Бұл қазақтың заңы да қызық, таныспай-біліспей жатып, күні бұрын байлап-матап қояды. Ерегескенде алмаймын. Маған не істейді». Осы ой оған күш берді де жүріп кетті. Беті ауған жағына жүре берді. Ауыл сыртыедағы тоғай жаққа келгенін байқамай қалды. Біреу қалың тал арасынан шығып осылай қарай келе жатыр екен.
– Бұл қайсың-ай, таң атпай жүрген, -деп дауыстады. Бұл қыз әкесі Алдажұман болатын. Дәрет алып үйіне қарай келе жатқан.
Шоң үндеген жоқ. Алдыжұман күндіз көрген күйеу баласын танып қалған. Үйге кірген соң әйеліне:
– Әлгінде далада біреу жүр. Сырт бейнесі біздің күйеу балаға ұқсайды.
– Қателескен боларсың?
– Жоқ, қателескем жоқ, тура соның өзі.
– Осы уақытта жаңа табысқан адамдар төсектен тұра ма? Басқа біреу шығар…
– Сен мені соқыр деймісің, дәл, соның өзі. Мына күйеу баланын қылығы түсініксіз. Сен ертең қызыңмен сөйлесіп көрші. Неге күйеу бала ертерек тұрып кетті екен?
Күйеуінің мына айтқаны әйелін да мазасыздандырды. Танертең әйелі әдейі барып оңаша қызынан сұрады:
– Түнде әкең күйеу баланы тыстан көріпті. Немене, таныспай жатып араздасып қалдың дар ма?
– Апа, мен күйеу баланы сүймеймін, ол да мені ұнатпайтын тәрізді.
Мына сөз шешесін шалқасынан түсіргендей болды. Ойбай салды.
– Сен не деп тұрсын. Ел бетіне, құдалардың бетіне қалай қараймыз?
– Апа, не ойласаңыз, оны ойланыз, мен бұл жігітті сүймеймін.
– Қазір кім кімді ұнатып тиіп жатыр. Бүгін ұнатпасаң, ертең ұнатасың. Ертеңгі күні ел айтады. Алдажұманның қызын алмай тастап кетті дейді. Ол сөзді естігенімізше өлгеніміз жақсы!
– Жоқ, апа, қажет емес, жігітте кішкентай сезім болса қасыма келіп жатар еді. Екі күнде қасыма бір жатқан жоқ, – деп ашулы қыз ашығын айтып салды.
Шешесі қызының мына сөзіне сенерін, не сенбесін білмеді. Жігіт қанша ұнатпаса да алмақшы боп отырған қызының қасына қалай жатпайды. Түгіне түсінген жоқ. Келіп жағдайды күйеуіне айтқан.
Ол да таң қалды. «Шынында қанша сүймесе да қыздың қасында қалай тыныш жатады. Осы жігіттің еркектігінде бір кемшілік бар шығар» қортыңдысына келді. Дегенмен, бұл туралы әйеліне айтпаған еді. Таңертеңгілік тамақтан кейін Қарақозыны бөлек шығарып алып сөз бастады.
– Баланың басқа бір жерден әйел алуға көңілі болған жоқ па еді?
– Ондай сөзді ол да, біз де бұрын қозғамап едік. Көңіліміздің қалап отырғаны сіздің балаңызда.
– Біздің Күмісті сіздер қалағаныңызбен, ол қаламайтын тәрізді.
– Ол мүмкін емес, -деді Қарақозы.
Алдажұман көңілде тұрған күдігін айтпады. Ұялды.
– Олай болса балаларыңызбен тағы бір сөйлесіп көрініздерші!
Қарақозы Алдажұманның мына сөзіне ренжіп қалды да:
– Бәрі айтылып, келісілген жоқ па? Сондықтан келіп отырмыз ғой…
– Мен сіздермен құда болудан қашып отырғам жоқ. Алайда, балалар бірін бірі ұнатпаса, онда біздің қызды да әуре етпеңіздер.
Алдажұман құдасының мына құбылмады қылығына Қарақозы таңғалды. Мынау Шоңды қызынан кем санап отыр ма, әлде біздің берген қалың малымыз үстіне тағы қалың мал қосты жасап отырма білмеді, көңілдегісін бұл да басқаша айтты:
– Жарайды, сөйлес десеңіз сөйлесейік, -деп үйден шығып кетті. Бұл ашудың белгісі еді. Тыста біраз жүріп келіп, үйден шыққан Жамалды онашалап шақырып алды да, сөз бастаған еді. Жамал келіні болса да Қарақозымен жас айырмашылықтары аз болғанықтан еркін сөйлесетін.
Қарақозы:
– Мына Алдажұман бүгін құбылып сөйлеп отыр. Осы берген қалың малды азсынып отыр ма, білмеймін. Әлі де балаларыңмен тағы бір сөйлесіп көріндер дейді. Ол не сөз екенін түсінбедім…
Былтыр Телқозы баяғы берген қалың малды қайтарыңдарды айтып барғанда осы қызын Шоңға бермеші болған. Бұл құбылысына Алдажұманның Жамал да түсінбеді. Содан кейін ешнәрсеге түсінбегендей ой білдірді. Соңында айтқаны:
– Қалың малды азсынып отырса тағы да мал береміз…
Қарақозы келінінің айтқаның жеткізуге Алдажұмаға қайыра барды.
Қарақозы келіп Жамал айтқан сөзін жеткзігенде ол, көңілінде түрған күдікті сөзін ашық айтты:
– Мал жағын қойшы, мен сол берген малға ризамын. Менің ойлап отырғаным қазіргі баламның бақыты. Осы сіздердің балаларыңыздың жаратылысында бір кіәрат бар ғой деймін.
Қарақозының аңқаулығы бар еді, әуелінде Алдажұманның сөзіне түсінбей:
– Ол қандай кінәрат? – деп сұрады
– Әйелге шабыты жоқ, тәрізді. Екі күн қасында жатқанда қасына бір бармай ма?
Қарақозы Алдажұманның сөзін енді түсінді. Қарсы айтар сөзі жоқ сияқты көрінді.
Қарақозы қайтадан келіні Жамалға келді. Алайда, Алдажұман аузынан шыққан сөзді айтуға дәті бармады. Ұялды. Басқаша сөйледі.
Ол Жамалдан Шоңның анау Ақмола жақта алайын деп жүрген қызы жоқ па деп сұрады.
Ондай болса айтар еді ғой, айтқан жоқ, -деді Жамал.
– Аналар қыздан қашып жүр дейді. Мынасы ұлкен ұят болды, ішіңнен шыққан бала ғой, өзің сөйлесіп көрсеңші.
Шоңның бұл қылығы шешесін де таңқалдырды.
Жамал Қарақозыны Ағеке дейтін. Сонысына салып:
– Ағеке, Телқазы айтып отыр, қай бала әкесіне қарсы шығады.
– Жамал мен байқап жүрмін, осы баланың мінезінде бір өзгешелік бар. Орысша оқығанның әсері ме, білмедім. Түсініксіздеу өзі…
Жамал Қарақозының сөзіне қарсы ештеңе айта алмады. Ақыры, Шоңды оңаша шақырып алып сөйлескен еді.
– Мына құдалар реніш білдіріп отырған көрінеді. Сен қызына бірдеңе дедің бе?
– Осы сіздердікі қызық, мен көрмей жатып құда түсесіңдер де, енді келіп маған ал дейсіздер. Мен әлі де ойланамын, қызды сынап көремні. Содан кейін барып өз пікірімді айтамын. Қазір қызтуралы ешқандай пікірім жоқ.
Шоңның бұл сөзінде қулық бар еді. Кейінге салып алмай кету ойы бар болатын.
Шешесі басқаша қаттырақ айтқысы келіп еді, көңіліне қарап оны жасаған жоқ.
– Шоң қалқам оның ұят болады. Әкең құда түсіп қойды, енді аласың. Қыздың саған несі ұнамай қалды. Қыз жап-жақсы бала…
Сіз қалай-қалай сөйлейсіз. Қыз сіздерге емес, маған ұнауы керек алдымен…
Енді Жамал қаттырақ кетті.
Қазақтың ежелден келе жатқан ата дәстүрі бар, бала әкенің айтқан жерінен әйел алуға тиісті.
Егер көңілімнен шықпай тұрса қалай аламын?
– Кейін ұнатасың, бәрі де ретке келеді.
– Сіз Телқозыға қосылғанда ұнаттыңыз ба?
Мына сөзді естігенде Жамал сасып қалдыда, есімде жоқ дей салды.
– Сіз енді бұлай жалтармаңыз. Әр уақытта сүйіп алып, сүйіп тию керек. Күміс те мені ұнатпайтын секілді. Екеуміз бір-бірімізді ұнатпай қалай өмір сүреміз.
Жамал сөзі таусылып қалғандай үндемей қалды. Шоң бұдан кейін үйден шығып кетті. Жамал баласының бұл қылығын Қарақозыға айтқан болатын. Ол мына хабарды естігенде ойланып қалды да:
– Бұл жастар өзгере бастаған екен. Біз жас кезімізде әкемізге қарсы сөз айтпай, ал дегенін ала беруші едік.
– Бұл Шоңның мінезі ешкімге ұқсамайды, осындай бір тік кететіні бар.
– Мен әкем мен Телқозыға баланы орысша оқытпаңдар деп баяғыда айтқанмын. Мына орысша оқудың әсері.
– Ағеке бұл одан емес. Шоңның жаратылысы сондай. Мінезінде мен түсінбейтін қылықтар бар. Білмеймін. Кішкентай күнінен бір айтқанынан қайтпайтын мінезібар. Сонысына салып отырған тәрізді.
– Олай болса бұл баланы мына қызға телудің қажеті жоқ. Шатыстырмайық. Содан Қарақозы үйден шығыпкеткен еді. Тыста мұны күткендей Алдажұман отыр екен. Сөзді Алдажұман бастады.
Бұлар да Жамал Шоңмен сөйлесіп жатқанда әйелі екеуі қыздарымен сөйлескен еді. Екі түн бойы қасына жуымаған жігітке бармаймынды айтып, ат тонын ала қашқан екен. Күміс бұл жолы тіптен қатты кетті. Кімге бар десеңдер де барамын, бірақ мына жігітке бармаймын. Бұл сөзі әйелі арқылы Алдажұмыан құлағына да жеткен. Қыздың сол сөзі әсер етті ме, екеуі оңаша сөз бастаған еді, Алдажұман:
– Қареке, мен сіздерге қызымды бермеймін.
Қарақозы ашуланып кетті де турасын айтқан:
– Олай болса алған қалың малды қайтар! Мен қайтармаймын. Мен қыз бермеймін дегенім жоқ. Балаларың анадай мінез көрсетіп отыр. Барлық кінә сіздерден. Сондықтан малды қайтармаймын. Алдажұман тентек адам еді. Сол екі арада екеуі шатасып қала жаздап, зорға тоқтаған. Мұның артынан үлкен жанжал бет алып бара жатқанын түсініп Қарақозы айтқан еді:
– Жастарда ондай-ондай бола береді. Қайда кетер дейсіз, түсінеді де. Бұл баланың әуелден сондай мінезі бар. Әкеміз Жанкелді еркелетіп жібергендіктен бе, білмеймін…
Алдажұман ақыры көкейінде тұрған сөзді айтқан.
– Мен сіздерге баланы бермеймін демеймін. Сіздерде өсіп келе жатқан жастар көп қой, солардың біреуіне берейін. Бұл екеуін әуре етпейік. Қарақозы ойлаған, егер құдалықты бұзып барсам, Телқозы улкен шу шығарады. Пәлен бас мал босқа кеттіні айтып, соңынан қалмайтынын білген еді. Жанкелді тұқымының малдарының барлық билігі Телқозықолында еді. Базарға апарып сатып, Жанкелді тұқымына қарасты шаруаның бәрін Телқозы атқаратын. Одан асып ешбір әкесі қимыл жасамайтын. Жанкелді оған тұңғыш немересі болғандықтан барлық билікті беріп қойған. Бабасы Жанкелді, әкелері алдында Телқозыда еркін сезінетін. Қазір Қарақозы Телқозыға не айтып барамын туралы ойға берілген еді. Бір байламға келе алмай ұзақ отырды. Алдажұман да оны асықтырмай күтіп отыра берді. Әлден уақытта Қарақозы тіл қатты.
– Ондай жағдайда өмірде бола береді. Оған не істейміз. Рас, Жанкелдіде ұрпақ көп, болмаса солардың біреуіне алып береміз. Бәріміз де Алтайдан тудық. Туыстығымыз да, құдалығымыз да сол қалпында қалсын.
Бұл Алдажұман тілегінен шыққан сөз болды да ол былай деді:
– Менің де сіздің өзіңіз де менің ойыммен ұштасып бір жерден шығып отыр. Бірақ осы сөзді Телқозы аузынан естиін. Әйтпесе, етреңгі күні ол келісімді бұзуы мүмкін. Алдажұман Телқозыберген малдарын алатынын ойлап қорқыңқырап отыр.
Қарақозы барлық жағдайды айтып ауылға Малайды шаптырған. Телқозы Қарақозының сәлемін естіп алып Малайға айтқаны.
– Олай болса Алдажұманның қызын сен ал.
– Менен бес жас үлкен көрінеді. Қалай аламын? Ана шешең де менен үлкен. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қызтисе алабер. Мен де алдым ғой. Қайта өзіңнен үлкені жақсы болады. Ақылы толған, бәрін үйретіп отырады.
Әкесінің мына сөзіне қарсы Малай ештеңең айта ламды. Жаратылысында өзі жуас еді. Әкесінің сәлемін айтып келген. Бірақ Малай көңілінде мазасыздық бар еді. Бұған Шоң қалай қарайтынды ойлаған. Телқозының айтқанын әуелі шешесіне жеткізді.
Ол отырып:
– Әкең солай дес солай жасаймыз
– Мен оған қарсы емеспін. Бірақ Шоң не дейді? Деді Малай. Шоңда жұмысың болмасын, деп шешесі қысқа қайырды.
Жамал Телқозының сәлемін Қарақозыға жеткізген. Олболса Алдажұманға айтқан.
Екеуі шақырып алып Малаймен сөйлескен. Ана жақтан әкесі қайрап жіберген болуы керек. Ол турасына көшкен:
– Шоң алмаса мен аламын.
Қарақозы Шоңды шақырып алып:
– Сен өзің көзге көрінбей осы ауылдан кетші, – деді.
Шоң әкесінің айтуымен бір өзгерістің болғанын білді. Бірақ ол қандай өзгеріс екенін білмеді. Ештеңе айтқан жоқ. Сол күні Жәмкені ертіп алды да екеуі екі салтатпен тайып тұрды. Басқалары Алдажұман ауылында қалды.
Шоң әкесінен қорқып ауылына соқпай Елгелділер ауылына кетіп қалған. Сондабарып жатып алды. Телқозы ашуының басылуын күткен еді.
Алдажұман ауылындағы шаруа ретке келген соң, Қарақозы мен Жамал Малайдың қасында Әлсен бар сол ауылда қалдырып қайтып кетті. Шоңның аузы күйіп қалған Күміс де бірден қабылдады. Малай бар қызыққа батып Алдажұман ауылында жата берді.
Шоңның ойы осы жақтан Жәмкені ертіп алып Ақмолаға тартып кету еді. Бәріне кедергі болып тұрған Жәмке болатын.
Жәмкенің ең жақын туысы Сәтекке Таубай бастаған ақсақалдары салған. Ақыры ол көнген. Жәмкенің оқуына төрт жылқыберді. Таубай Шоңның өз аттарына мініп шапқанына риза болып Кербестінің тұқымынан бір жүйрік тайдыберген еді. Енді ертең Ақмолаға жүрмекші боп отырғанда Телқозыкелді. Баласының Жәмкемен бірге Елгелділер ауылына кеткенін сезген. Елдегілер Телқозыны жақтырмай отырса дабаласы үшін жақсы қарсы алды.
Телқозы Кербестінің тұқымынан бір тайды Шоңға жетектеткенін естігенде қатты қуанды. Елгелділерге ашуы тарқағандай болды.
Телқозы сан сұрап Таубайдан Кербестінің бір тұқымын ала алмай жүрген. Таубайдың мына қылығына риза болды.
Қасында Жәмке бар үшеуі Қараағашқа қайтқан. Содан келе жатқанда Телқозы баласынан сұраған.
– Саған Алдажұман қызының несі үнамады?
– Бұрын көзім көрмеген қызға менің сыртымнан құда түсесіздер. Ондай қыздың маған керегі жоқ.
– Ақымақ-ау, онда менің малым кетіп бара жатыр. Қыз ұнамаса кейін тоқал алатын едің ғой.
– Маған сіз тәрізді екі әйелдің керегі жоқ, бір әйел де жетеді. Тек өзім сүйіп ұнатқан адамды ғана аламын. Онымен қоса қызға мен де ұнауым керек. Бұдан былай сырттан құда түсендіқойыңыз!
Телқозы бұл орысшаоқудың әсері болар деп ойлаған еді. Айтары бар еді, айтпады…
Шоң ауылында тағы екі күн жатып Ақмолаға жүріп кетті. Бұл кезде Малай қызауылында жатқан болатын. Әдеттегіден ұзақ жатты. Шоң кеткен соң бір аптадан кейін келді. Телқозы Малайдың қызкөңілінен де, әкесінің де ойынан шыққанын біліп жүрді.
Шоң сұлтан көңілінен шықты.
Арада екі жылдан астам уақыт өтті. Жәмке Шоңның арқасында оқуға түсіп оқып жатты. Шоң оқуын бітіріп, жұмыс таба алмай әуре болып жүрген. Қанкелдин деген биге аудармашы болған. Ол аудармашы емес, атын жегіп, жолда тамағын істейтін жалшы балаға айналдырып жіберген. Содан одан кеткен еді. Шоң арманы дуанға қызметке тұру болатын. Ол сұлтан Қоңырқұлжа басқарған мекемеге қара қазақ баласының қызметке орналасуы қиын екенін білетін. Сұлтан қара қазақ түгілі төрелердің балларын да таңдап, талғап алатын. Соны біле тұрып Шоң бағын сынап көрі үшін Ауызүйде отырған көмекшісі татарға айтып еді, ол сұлтанға кіріп кетті де тезшықты. Кірсін депті. Шоң сұлтанның бұл тезқабылдағанына таңқала ішке кірді.
Сұлтан отырып сұрады:
– Сені орыс мектебіне тұсірген кім?
– Ешкім де түсірген жоқ, өзім келіп түстім.
Егер азын аулақ орысшасы болмаса мектепке қабылдамайтынын білетін аға сұлтан.
– Сен жалған айтып тұрсың, мектепке орысшабілмесең қалай қабылдайды.
– Біздің ауылда орманшы Василий деген бар. Әуелде соның балаларынан үйрендім. Тіл сындырдым.
Бұл орысты Қоңырқұлжабілетін. Ол Қараағаштан Ақмолаға аң-құс аулап әкеліп сататын. Ол қазақ жеріне алғашқы келген орыстардың бірі еді. Нұра бойын аралап жүріп, Қараағашқа тоқтаған. Қазақтың көзіне іліне бермейтін байлықтың көзін тапқан. Ақмоладан үй салып жатқандарға ағаш сататын. Қараағаштааң көп еді. Соларды аулайды. Соның арқасында ол орыс байып алған болатын. Шоңның айтып тұрғаны сол орыс еді.
Ендеше орысша сөйлеші деді. Шоң өзінің қай жерден екенін, руы туралы бәрін орысша айтып берді.
– Тілің орысшаға жақсы жаттығып қалған екен. Ертең кел, содан кейінжұмыс жағдайын ойластырып көремін.
Шоң сұлтанның бұл сөзіне сенерін, не сенбесін білмеді, келесі күні тағы келді. Тағы да орысша біразсөйлетіп, өткен жолдай ертеңге сілтеп тағы жіберген еді.
Қоңырқұлжа Құдаймендин аға сұлтан қаптаған қазақ
байларын қалаға жібермейтін. Омбыдағы облыс бастығының талабысондай ма, әйтеуір, қазақты қалада тұрғызбайтын. Қазақкелсе саудасын жасаған соң кету керек. Жаңа ғана бекеттен қалаға айналған Ақмолаға анау жылдары кіріп лаған, Кенесарымен соғыс кезінде Қоңырқұлжамен қосылып орыстарды жақтап соғысқан, бірен-сараң төрелерге ұлықсат берген. Олар қанша көп емес еді. Қазақтармен байланысқа керек болған соң біраз татарлардың көшіп келуіне жоғары жақұлықсат берген. Қазыргі Ақмоланың негізіүш халықтан тұратын – олар орыстар, татарлар төрелер болатын. Қазақтар тек қана саудамен келетін. Кенесары көтерілісінен кейін орыстар да, сұлтан да қорқып қалған. Шоң соңғы кіргенде дуан басы айтқан:
– Мен сені жұмысқа алайын. Қызметіне ақша төлеймін…
Мына сөзді естігенде Шоң іштей қуанып кетті. Бар арманы Ақмолада қалып, дуан кеңесіне сіңісіп біразеңбек етіп, ар жағында мүмкіндік болса дуан басымның көмегімен Омбы жаққа барып оқуын жалғастыру болатын. Өйткені, оқыған төре балалары мұнда біразжұмыс істеп, орыс қалаларына кетіп жататын.
Көкейінді сол ой тұрған Шоң, соған орай былай деді:
– Қадірлісұлтан мырза, бізкедей дамадар емеспіз. Мен ақшаға оншақызықпаймын. Мақсатым білімімді жетілдіріп, сіздің басшылығыңызбен осы кеңседебіразқызмет істеу. Бұл сөздерді де орысша айтқан.
Қоңырқұлжа мына баланың сөз сөйлеу мәнерінде орыстарға тән бір ерекшелік барын әуелінде байқап қалды. Азырақ акценті боламаса орысшаны таза сөйлейтінін өткенде байқаған. Төре балларына да, татарларда да өзіне тән ерекшеліктері бар еді. Лоар оншыорыс сөзін мәнеріне келтіріп айта алмайтын. Қоңырқұлжаға Шоңның таза сөйлегені ұнады. Сонысына таңқалды. Әйтпесе, жалпы, Қоңырқұлжа қара қазақты ұнатпайтын.
– Жарайды, мен сені қызметке аламын. Әкең қалаға келсе маған жолықсын. Қоңырқұлжа Шоңның әкесінің малдыекенін біліп бұл сөзді әдейі айтып отыр еді. Шоң дуан басының тамағы жыбырлап отырғанын біле қалды. Шоң да жаста болас алды-артын байқағыш, оның үстіне қулығы да бар еді. Сол арада әкесінде қанша жылқы барын сұрағанда, сол маңдағы ең бай дама екенін мақтанышпен айтқан.
Қоңырқұлжаға мына баланың өзіде, әкесінің байлығы даұнады. Сол күні Омбыға жіберілетін бір хатты ауызша айтып, соны орысшалап шығуды тапсырған еді. Шоң қолма қол аударып, жазып берген. Сұлтан орысшаны нашар білсе де, орыс сөздерінің мән мағынасын жақсы түсінетін, Шоңның сөзін тыңдап отырып орысшасына да, аудармасына да көңілі толғандай болды. Сол күні-ақ Шоң жұмыс қа кірісіп кетті. Осыны күтіп тұрғандай елінен Телқозы келген. Баласының дуан басы мекемесіне қызметке орналасқанын татар Табристен естіп қатты қуанды. Ес қалмады. Оған ол жерде қызмет атқару қара қазақтың қолы жетпейтін биіктей болып көрінетін.