bannerbanner
Көттi қысқан бай болар
Көттi қысқан бай болар

Полная версия

Көттi қысқан бай болар

Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля
На страницу:
2 из 3

Ол не істеді:

– ипотекадағы зәулім үйін сатып, кішігірім қарапайым үй сатып алады;

– кейбір тұтынушы дағдыларынан арылып, қажетті заттарды қолжетімді супермаркеттен алып, үйін өзі жөндейді;

– отбасылық шығындарын азайтып, жұмыстан бос кездегі уақытын жанұясымен өткізеді;

– өзінің жылына 40 мыңға$ дейін табыс беретін пассивтік портфеліне өмір сүреді, ол болса табыстың үштен бірі, ал қалған үштен екі бөлігін қайта инвестицияға жолдайды.

Сізді ол тек Америкада, жалақылары қомақты елдерде, бізде жылына 100 мың$ табу қайдан болсын деген ойлар торлай бастар. Ал негізінде бәрі әлдеқайда оңай екенін айтқым келеді.

1.5.4 Нағыз бай адамның әңгімесі

Бай болу үшін көп ақша табу керек емес. Сіз ақшаны көп табу орнына аз жұмсаңыз. Мысалы, мен кеңес берген адамым 49 жаста, слесарь болып жұмыс істейді, айына 300$ дей табысы бар, оның 150$ жұмсап, қалған 150$ жылына 10% беретін инвестицияға салады. Есептегенде он жылда 31мың $ жинақтай алады екен, оның жылына 3100$, айына 258$ тауып, жұмысқа жұмсалатын шығындардан арылып, жұмыс жасамай-ақ жай-барақат өмір сүре алады екен. Әрине, ол миллионер бола алмайды, дегенмен Қазақстан, Ресей, Украинада немесе басқа да ТМД елдерде тұрып жатқандарға зейнетке уайымсыз шыға беруге болады. Бұл деген біз бен сіздің азаматтылығымыздың жақсы жақтары.

1.6 Кездейсоқ табылған табыс

Бұл сізге біреу ақша сыйласа. Менің бір танысымның әйелінің ұлты – кәріс. Кәріс ұлтында бала дүниеге келгенде думандап той жасайтын дәстүр бар. Сөйтіп менің досыма сыйға 10 мың$ тартыпты. Ол ақшаны инвестицияға құяды. Бұл кездейсоқ табылған табыс болады. Сондықтан ондай ақшаға көлік, үйге жөндеу жасамай – инвестицияға салыңыз.

Бір досым әрбір үй иесінің басынан өтетін таныс тағылымды оқиғаны айтып берді. Оның машинасының құны нарықта сатып алған бағасынан жоғары екен. Ол машинасын сатып, өзіне тура сондай машинаны төмен бағамен сатып алғысы келеді. Ал қалған ақшаны үнемдеп қоюға бел буады. Алайда машина іздеу айларға созылып кетеді. Ол болса өзіне ештеңеден бас тартпай, қымбат жерлерде демалады. Ақша әйелінің қымбат телефонына, мамасының үйін жөндеуге жұмсалып кетеді. Сөйтіп, оқиғаның немен біткенін өздеріңіз де сезіп отырған шығарсыздар. Ең соңында машинаны несиеге алуға тура келеді.

Бұдан алған сабағыңыз: кездейсоқ табылған табысты инвестицияға сал. Өзіңді сенде ондай ақша болмағандай ұста.

1.7 Үлкен сома

Адам қандай жағдайда бай бола алады? Оның табысы шығыннан асып тұрғанда. Мен үнемі: «100 миллион долларым болса маған ештеңе де керек емес еді» деген сөздерді көп естимін. Шынайына келсек, ол адамдар сол ақшаны неге жұмсайтынын да білмейді. «Хортица» атты арақ-шарап шығаратын Черняк атты украин олигархы бір сөзінде мотивация туралы айтады. «Ештеңеңіз жоқ кезде – ерте тұрып, жұмысқа бару мотивациясы оңай боп келеді. Ал бәрі бар кезде: машина, мүлік, жинаған ақшаң, бизнесің болғанда-қиынырақ. Бір миллион таптыңыз ба-керемет! Ендігі мақсатыңыз- 10 миллион табу. Содан кейін Forbes бетінде болғыңыз келер- боласыз. Forbes бетінде тұрған адамның мотивациясы қандай болу керек? Күрделі сұрақ.» Сол кезде залдан біреу:

– Черняк, тыңдашы! Ал егер менде болса…

Әңгіме оның табысының мол болғаны соншама, неге жұмсарын білмейді туралы еді. Сол кезде бір жас жігіт орнынан тұрып:

– Жоқ. Ақшаны жұмсау оңай ғой! – дейді

– Ал, жарайды- деп жауап береді Черняк.-Сенде 100 миллион доллар бар делік. Неге жұмсамақсың? Инвестициядан басқа нәрсе болу керек.

– Нью-Йорктан үй сатып аламын…

– Жарайды, сатып алдың делік…

– Ой, үй емес, пәтер.

– Нью-Йорк қаласында жақсы бір пәтер алдың делік. Құны 5 немесе 10 миллион доллар болсын… Тағы да?

– Мен Pagani Zonda сатып аламын.

– Жақсы. Pagani Zonda тағы 2 миллион тұрар. Сонда сен 12—15 миллион доллар ғана жұмсадың, әлі 85 мың бар. Ары қарай тағы не істейсің? Немен көңіл көтересің?

Әрине, ол жауап таппады. Сіз қарапайым лайықты жеткілікті деңгейде өмір сүріп жатсыз. Жақсы телефон, машина, пәтер бар. Ол үшін міндетті түрде миллионер болу қажет емес. Миллионер деген жылына ең болмаса 1 миллион табыс табатын адам. Бұндай нәтиже де міндетті емес. Алайда деректер бойынша ондайлар көп. Қытай елінде жылына 10 мың жаңа миллионер пайда болады екен. Тамаша көрсеткіш, дегенмен ондай болу мүмкін емес деуге болмас. Сондықтан, енді іс-әрекеттегіңіздегі бағдар туралы айтайық.

1.8 Іс-әрекеттегі бағдар – жеңіс кілті

Іс-әрекеттегі бағдардың екі түрі бар-қысқамерзімді және ұзақмерзімді. Олар ненібілдіреді? Бұл-сіз осы күнгі қажеттіліктерді қанағаттандырасыз немесе керісінше: болашақ үшін қазіргі кезді құрбан етесіз.

Жай ғана мыал келтірейік. «Сен біреуін таңда: бүгін 10 мың$ немесе он жылдан соң -100 мың $ аласың ба, жоқ 30 жылдан соң- миллион$ ба?» дегенге адамдардың 90% – 30 жылдан соң- миллион$ алу орнына он жылдан соң -100 мың$-ды таңдайды. Қарапайым математика. Миллион 100 мыңға қарағанда көп, 10 мыңға қарағанда тіпті көп. Дегенмен адамдар қазіргі уақыттағы оңай ақшаны таңдайды.

Ол негіз болып қаланып қалған инстинктке байланысты. Нақтылай айтсақ, мидың өзін-өзі сақтауы. Жануарлармен бірдей: тамақ, қорқыныш, секс, тағы басқа өзін-өзі сақтау инстинктіне жауап беретін мидың бір бөлшегі. Ол ата-бабаларымыз-бауырымен жорғалаушылардан келе жатқан өзін-өзі сақтау рефлексі. Қазіргі заманда ол қалай көрінеді? Қысқамерзімді бағыты бар адам – табысы соншалықты көп болмаса да, өзін ақшасы көп адам болғандай жүретіндер.. Қымбат жерлер мен клубтарда уақыт өткізіп, соңғы үлгідегі телефон ұстайды. Ондайларды «табынға» тән бренд пен мода, сән, жанжалдар қызықтырады. Күндері бір күндік, ертеңін ойламайтындар.

1.8.1 Адамдарды манипуляциялау: нарық vs реттегіш

Алайда, көпшілік қауіпті. Америкада реттегіш нарық ойыншыларын манипуляция үшін жазалайды. «Миллиарды» атты сериалын тамашаласаңыздар, Америка прокуратурасы осы жағдайларды қадағалайтынын көресіз. Ірі ойыншы құнды қағаздың нарықта құнсызданғаны туралы өтірік дүрбелең тудыртса немесе бағасын көтеріп, ішкі көздер ақпарат арқылы өсек таратса- АҚШ-тың құнды қағаз бен қорлар бойынша комиссиясының қаһарына ілігеді. Ол үшін адамды түрмеге отырғызып, лицензиясын айырылтуға дейін барады.

Ол неге заңсыз? Адамдар соған үйір. Баяғы «МММ» немесе басқа да қаржы пирамидалары сияқты. Адамдардың көпшілігі осындай ұйымдардың әділдігін растай бастағанда, бәріміз де сене бастаймыз. «МММ» де солай басталған, алайда бір кезеңде жабылып тынды. Болды. Манипуляция деген осы. Батыста бұндай пирамидалар заңсыз болып табылады. Ертең Дональд Трамп: «Мына, мына компаниялардың акциясын сатып алыңдар, оларға қомақты қаражат салдым» десе, не болмақ? Саларын салар, бағасы да өсер. Ал халық ше? Трамп өз ақшасын шығарып алар, ал компания болса құлдырайды. Ол үшін Трампты түрмеге отырғызар. Ал біздің елде бұл іс заңсыз болып саналмайды, сондықтан бұл іспен айналысатындар саны көп.

1.8.2 Қысқамерзімді бағыт алғандардың әдеттері

Қысқамерзімді бағыт алғандардың бір ерекшілігі-сараңдық. Бұрыңғы кеңес одақ кеңістігінде 10%, 100%, 200%,, 500% табыс табуына уәде беретін «Понци сызбалары» әлі күнге дейін бар. Себебі біздің халық оған әлі сенеді. Қысқасы: қысқамерзімді бағыт сізге – жау! Сіз алданып қаласыз! Ақшаңыздан айырыласыз! Соны ескеріңіз. Оған балама – ұзақмерзімді бағыт.

Герт Хофстед деген социолог қысқамерзімді және ұзақмерзімді теориясын дамытар кезде бірнеше нәрселерді анықтайды. Қысқамерзімді бағыттағы адамдардың басымы – қарапайым жұмысшылар тобынан шықса, ұзақмерзімді бағыттағылар-орта таптағы және буржуазиялардан шыққандар. Осылайша қысқамерзімді бағыт- кедей адамдарға тән, ұзақмерзімді бағыт-байларға тән боп бөлінді. Бұл ғылыми теория өмірде қалай көрінеді? Қысқамерзімді бағыттағы адам жайбарақат өз денсаулығын ойламай, зиянды дәмді тағамды жей береді. Ол оның әдетіне айналып, денсаулығы нашарлап, күткеннен ерте қайтыс болады. Ал ұзақмерзімді бағыттағылар денсаулыққа пайдалы тағамды жеп, өмірін ұзартады. Кока-коласын анда-санда ішеді. Қорқынышты ештеңесі де жоқ. Қысқамерзімді бағыттағылар айналасына әсер етуге тырысып, ақшасын шашып, қарызға батады. Ұзақмерзімді бағыттағылар бір күнгі қуанышын ертеңнің пайдасына құрбан етіп, сырахана, ресторандардың орнына жаттықтыру залына барады.

Ұзақмерзімді бағытты болу үшін өмірдің шұғыл қажеттіліктерінен гөрі инстинкт пен логиканы пайдалану қажет. Логика бізге шылым шекпе десе де, шылым шегеміз. Ал ішкі түйсігіңізді жеңе алсаңыз, логикаға жүгінсеңіз, шылым шегуді доғарасыз. Қысқамерзімді мен ұзақмерзімді бағыттағылардың айырмашылығы осыда. Осындай нәрселер таптық теңсіздікті тудырады. Кедей жерден болсаңыз – ұзақмерзімді бағытта болу қиындау болады. Бұл сіздің нашар адам болғаныңызға емес, тәжірибеңіз бен сіздің отбасыңыз қандай әдеттер мен құндылықтарды құрмет тұтатына байланысты.

1.8.3 Зефирлі тәжірибе

Зефирмен жасалған тәжірибе туралы естіген боларсыздар. Кішкентай балақайларды 10—15 минутқа зефиры бар бөлмеге қалдырып қояды да «Байқа! Сені осы зефирмен қалдырамыз. Жегің келсе жей бер, бірақ мен келгенше жемей күте тұрсаң, бір зефирдің орнына екеуін аласың. Сонда сенде басқалардан екі есе көп болады» дейді. Балалар «Окей, жақсы, түсінікті!» деп қала береді. Олардың жартысы өз зефирін жеп қойса, қалғаны жемей күтіп отыратыны белгілі.

Бұл өткізілген тәжірибесінің қулығы неде, не үшін сынаққа ұшыраған? Ең бірінші, жұмысшы таптарына деген біржақты көзқарас. Неліктен? Бұл тәжірибені алғаш рет байлардың балалары оқитын жекеменшік мектеп өткізілген. Басқа да көптеген мемлекеттерде қайталанған тұжырым: ұзақмерзімді бағыттағылардың мектептегі жетістіктері, жалақысы мен махаббатағы жетістіктері жоғары екен.

Кедей балалар оқитын мектепте өткізгендегі тәжірибе нәтижесі басқаша. Ол балалар неге қысқамерзім бағытын таңдаған? Себебі олардың жинаған өмірлік тәжірибесі басқа. Мысалы, ақшасы бар ата-аналар балаларына: «Сен мұздатқыштағы балмұздақты емес, көжені іш. Содан соң мен саған екі есе балмұздақ алып беремін, алдымен көжені іш» дейді. Қуатты жанұяда ата-ана балаларына берген уәдесін алдамай орындайды. Олар сол балмұздақты сатып бере алады, себебі оған ақшасы бар. Қысқамерзімді бағыттағы отбасындағы ата-аналар балаларын ақшаның жоқтығынан жиі алдайды. Әрине, ол оны қасақана істемес, жағдай сондайға келтіріп тұр. Бұл-кедей отбасынан шыққандардың шешім қабылдау механизмінің басқаша болуын айқындап тұр.

Бұл сізге нені көрсетіп тұр? Шыққан отбасыңыз кедей болып, қысқамерзім бағытта екеніңізді сезсеңіз, тезірек өзгеріңіз. Әйтпесе, капитал жинау сізге оңайға соқпас. Сізде 1000$, 5000$, 10000 мың долларлы капитал жиналса, тезірек жұмсауға асығып тұратын боласыз. Ол керек емес.

1.8.4 FIRE (FINANCIAL INDEPENDENCE, RETIRE EARLY) ҚОЗҒАЛЫСЫ

Неге осы тақырыпқа тоқталып отырмыз? Негізігі тақырыбымыз-үнемдеу. Статистика бойынша адамдар 25 жыл бойы өзінің табысының 20 пайызын инвестицияға құйып, зейнетке шыққанда жұмыс істеген кездегіден де жақсырақ тұрады екенін көрсетеді. Бұл дерек адамдардың қаражатты тезірек жинай бастаса, 45 жасынан бастап зейнетке шыға алатынын белгілейді. Сіздерді FIRE қозғалысымен таныстырғым келеді. «Қаржылық тәуелсіздігі немесе ерте зейнет» атты ұйымының қызметі жай ғана: табысыңның бір бөлігін жина, инвестицияға сал, нақты бір капитал жиналған кезде соның пайызына рахаттанып өмір сүр деген принцип. Мен ол принциптерге жиі тоқталып тұрамын, оны өзіңіз интернеттен немесе YouTube каналдарынан да таба аласыз. Әрі қарай армандаған миллионға жету жолының әр қадамын талдап отырамыз.

2-ші тарау. Ақшаны қалай басқаруға болады

Ақшаны қалай басқаруға болатын принциптің негіздерін талқылайық: қалай дұрыс жасау, тиімді де пайдалы болу үшін. Ақша таптық, әрі қарай не істейміз? Мысалы, 1000 мың долларлы капиталмен не істейміз? Осыған дейінгі кітаптағыны оқысаңыз, сізде ақша бар деуге болады, қалғаны техникалық сұрақтар.

2.1. Автокөлік

Ойыма келген ең бірінші ірі, керексіз, ысырап болған нәрсе – сатып алынған көлік. Әрбір адам оны алғысы келеді. Арзанынан ең қымбатына дейін. Дегенмен нені ескеру керек? Дұрыс таңдалмаған машинаның бір жылғы дұрыс күтіп айдау өз бағасының 30—40% құрайды. Ескі «Bentley Continental» маркасын аз дегенде 2 миллион рубльға сатып алсаңыз, күтіп ұстап айдауға жылына бір миллион кетеді.

Көлігі бар адамдар, әсіресе ескі машина айдайтындар, оны жөндеуге қаражаттың жиі кететінін білер. Люксты 2001 жылғы S-класты Merсedes автокөлігін қазіргі уақытта сатып алу көп қаражат қажет етпейді. Неліктен? Себебі ол қазір «Яндекс-Такси”жұмысына «Эконом» санатына жататын седандардың ішіндегі ең мықтысы болып табылады. Кейбіреу үшін ол машина әлгі күнге дейін мәртебе көрсеткіші болар, алайда оны сатып алып, өзін дүниенің қожайыны сезінетіндер күлкі келтіреді. Ондай машинаны жөндеп айдау көп қаражатты қажет етеді: жанармайды сужаңа көлікке қарағанда көп жейді, қосалқы бөлшектері де қымбат тұрады.

2.1.1.PORSCHE

Мен машина сатып алмаңыз деп жатқан жоқпын, дегенмен қажеттілік пен артықшылықты айыра білу керек. Егер такси айдаушы болып істесеңіз немесе жұмысыңыз алыс болса, онда машина қажет, ал тек мәртебе үшін болса, мәселе туындауы мүмкін.

Оқырмандардың да арасында автоны жақсы көрушілер табылар, мен де солардың бірімін. Менде сегіз машинам—оның бірі Porsche Сayman S, екіншісі-Merсedes SLK мен Audi, басқа да ақша жейтін көліктер болған. Олардың болғанына өкінемін деп айта алмаймын, дегенмен кеткен шығындар қынжылтатын. Қандай марка болса да бәрі-бір десеңіз, қарапайым үш-алты айлық табысыңызға келетінін сатып алсаңыз болады.

Неліктен тек үш-алты айлықтық табысқа? Одан да кеміне де болады, айына тапқан табысыңызға қарай. Бір танысым жылына 30—35 мың$ табатын, Қазақстандық өлшемдері бойынша бұл өте керемет табыс. Оған және басқа адамдарға тән нәрсе-олар автокөліктерді өздерінің жылдық табысына қарай сатып алады. Яғни, егер адам бір жылда 30 мың доллар тапса және оның 20 мыңын автокөлікке бөліп тастаса, ол жетіспейтін соманы несиеге алып, 30 мыңға автокөлікті оңай сатып алады деп санайды. Дұрыс-ақ шешім шығар, бірақ инвестиция жағынан емес. Жылына 30 мың$ жинап, оның 20 мың$-на автомобиль алу, ең сорақысы ескі спорткар алу – ақымақтық. Бір танысым солай істеді: менен сол ескі Porsche Сayman S спорткөлігін 20 мың $-ға сатып алды.


Бұл жақсы машина ма? Әрине! Жылдамдығы жоғары, осындай машинаның иесі болу керемет, әрине, бірақта елдің қызғанышын тудыратын: машинаға қоқыс та тасталды, жуғаннан кейін біреулер түкіріп те кететін. Бағасы жоғары болмаса да, оны күтіп ұстау қымбатқа түседі. Бір айдан кейін-ақ досым оған екі мың доллар жұмсады, әрі қарай шығынынан хабардар емеспін. Сонымен, машина керек болса-алу керек, дегенмен ең соңғы ақшаңызға емес. Мәртебе қумаңыз. Кейде айына бір рет адамдар: «О, машинасы мықты! Тамаша машина! Күшті өзгеріпсің! Жарадың!» деп айтады. Болды. Осымен әлеуметтік мақұлдау және әлеуметтік артықшылықтар бітеді. Тек жайлылық, ыңғайлық пен шығындар қалады.

2.1.2. Ақ піл

Ендігі әрекеттеріміз қандай болмақ? Роберт Кийосаки тапқан бір концепция бар: көлік құны сіздің үш айлығыңызға тең болу керек, немесе екіге, бір айлыққа ала алсаңыз тіпті жақсы. Үнді елінің байлары қолданатын «ақ піл» деген бір қулық бар. Біреуді жақтырмасаңыз – оған қымбат ақ піл, альбиносты сыйға тартасыз. Бұл ең қымбат сыйлық – Rolls-Royce немесе құны 500 мың доллардан асатын машина сыйлағанмен тең. Бұл машина, немесе ақ піл, тек қымбат тамақ ішеді, оны күтіп ұстау қымбатқа түседі, көп ақша қажет етеді. Уақыт өте келе, мұндай піл адамда қайыршы етер, өйткені оны сату өте қиын және ол жұмыс та істей алмайды.

2.2. Демалыс

Шығындардың бір көзі – демалыс. Өзіңіз білетіндей, демалудың әртүлді жолдары бар. Шығындардың үлкен бөлігін саяхат құрайды. Инстаграм пайда болғаннан кейін адамдар көбірек саяхаттай бастады десек болады, дәл сол жерге саяхаттары туралы көрсете бастады. Сонымен, демалыс кезеңі – бюджетіңізді едәуір шығынға ұшыраттаын кез, сол себептен оны дұрыстау пайдаланған жөн болар.

2.2.1. Туған еліңдегі демалыс

Бізде, Қазақстанда, Ресей немесе басқа да ТМД елдерінің халқы сияқты, Түркия мен Мысырда демалғанды ұнатады. Демалыс әдеттегідей 10 күнге созылады, онда ұшып-қону, «all-inclusive» -ті қонақ үй, экскурсиялар мен шопинг кіреді. Жақында әйелім мен кішкентай қызыммен бірге Түркияда демалдық. Осындай сапарларға неше қаражат кететінін санап көрсем: үшеуімізге 4500$ кеткен екен. Ол жылына 10 мың $ жинақтағанның өзінде. Мүмкін оған дұрыс қолданыс та табылып қалар ма еді.

Сол Түркия осы кеткен ақшама сай ма? Күмәнім бар. Тап сондай, сапасы да жаман емес, Түркияға сай жерлер өзімізде де бар ғой. Мысалы, Алматыда бірнеше қонақ үй кешкндері бар, бірақ теңізі жоқ, әрине, алайда құны 5—10 есе арзан. Түркияны қала сыртындағы демалысқа ауыстыру керек деп айта алмаймын, бірақ баламасы жаман емес екенін байқаған боларсыздар.2020 жылғы дағдарыс шетелде демалуға үйреніп қалған ТМД халқына лайықты болып табылды деп ойлаймын, өзіме келсек, баяғыда осындай шешім қабылдадым.

Бұл айтқандарымнан өмірдің рахатынан айырылтайын деп жатыр дегендер де басым болар. Олардың көбісі демалуға қаражатты несие мен бөліп төлеу арқылы алып, Инстаграм желісінде миллионерлердің өмір салтын көрсетеді. Бірақ, менің ойымша, осы кітапты оқып отырған сіз үшін де, мен үшін де басты мәселе – болашағыңыз үшін жыл сайын қанша ақша жинауға болады деген сұрақ. Ондай кезде демалыс рахаты кейінгі мәселе болу керек. Рахаттанып өмір сүру туралы айта кетсек, Қазақстан да Түркия да маған бірдей, дегенмен инвестицияға жоспарлағанымнан 50 пайызға артық салғанның рахаты артығырақ.

2.2.2. Отырыстар

Демалудың тағы бір түрі- отырыстар. Оны қаржыландыру – отбасы мәселесі. Жарыңызбен ақылдаспай инвестициялауға және ақша жинауға өте қиын. Ондайды да бастан өткіздік. Мен әйеліме: «Тыңдашы. Ақша жинап, зейнетке шығып алып, ештеңеге бас ауыртпай жүре берейік» дедім. Ол болса сыпайы түрде: «Бұл мүмкін емес. Қалайша?» деді. Ол, көптеген адамдар сияқты, мұның қалай мүмкін екенін түсіне алмады. Мен оған: «қарапайым нәрселерден бастайық. Маған сенің шығындарыңды жазып жүруің керек» дедім. Бұл бізде қалай болып жатыр? Мен ақшаны үйге әкеліп, сейфке саламын. Сол жерден мен және менің әйелім қажеттілігімізге жұмсаймыз, оны жазып жүреміз. Міне, бір айда ол қанша жұмсайтынын есептей бастады және оның айлық шығындарының жартысы мейрамханада құрбыларымен өткізетінін анықтады (ол кезде балалы емес едік).

Содан бері ол осындай шешім қабылдады: «Отырыстарды үйімізде немесе құрбыларымның үйінде өткіземіз. Ата-аналарымыздан бөлек тұрып жатырмыз». Осыдан кейін шығынымыз да қысқара бастады. Олар мейрамханаларға барады, бірақ бұрынғыдай жиі емес. Егер сіз жас болсаңыз және әлі балалы болмасаңыз, достарыңызбен уақыт өткізуге жұмсалатын шығынды қатаң бақылауға алуыңыздың маңызы өте зор – сіз оған өзіңіз ойлағаннан әлдеқайда көп ақша жұмсағаныңызды білетін шығарсыз.

Мұндағы басты мәселе – сіздің психикаңыз сізді жаман жаңалықтардан оқшаулауға тырысады. Сіздің миыңыз ай сайынғы шығындарыңыздың 50% -ын кафеге, тағы 20% -ын кофе ішуге жұмсап, қалған бөлігінде қалай болса солай өмір сүруіңізді тапқаныңызды қаламайды. Бұл, ең алдымен, 25 жасқа толмаған адамдарға қатысты.

2.3. Активтің ішіндегі пассивтер


2.3.1.Университет

Сіз ресми білім дегеннің не екенін білесіз бе? Егер, мысалы, сіздің ата-анаңыз сізді оқытуды деп талап етсе, ал білім алу қымбат болса, кейінірек бұл өте ұзақ уақытқа төленеді. Англияда жылына 12 мың фунт стерлинг, Америкада – жылына 100 мың долларға дейін, Қазақстанда тұрғын үйді есептемегенде – жылына 4—5 мың долларға дейін. Маркетинг, менеджмент, экономист сияқты ғылыми емес мамандығында оқудың пайдасы шамалы. Әрине, егер сіз өзіңіздің өміріңізді ғылымға арнағыңыз келмесе, сіз жұмыс табу үшін өз пәндеріңізді оқисыз. Мен университетте сабақ беретіндіктен, көптеген студенттерден үнемі не үшін оқып жатқанын сұраймын. 80% жағдайда жауап «мен білмеймін» немесе «ата-анам осылай қалайды» деп жауап береді. Олардың көбісі жұмыс істеп жүріп оқиды, жұмыс оларға университеттен гөрі көп нәрсені үйретеді.

Университетте оқу кезіндегі сіздің жасыңыз (18—22) білім беру үшін, жаңа дағдыларды, жаңа бағыттарды игеру үшін өте тиімді. Көңіл көтерудің ең жақсы уақыты емес. Мен мұндай суретті байқаймын және шетелдегі өзімнің студенттік тәжірибеме сүйенемін: Қазақстандағы және ТМД-ның басқа да елдерінің студенттері оқуды емес, баға қоюды, түсінбейтін нәрселер туралы шығарма жазуды, қалай қолдануды білмейтінін және көп ішкенді жөн көреді. Енді сұраққа жауап беруге тырысыңыз: қандай жағдайда мұндай оқыту сіз үшін немесе сіздің балаңыз үшін актив бола алады?

Егер тек университетте ғана алған білім арқылы ядролық-физик, ұшқыш, тағы басқа күрделі техникалық мамандарды игерсеңіз, онда ол біліміңіз ақталады. Жоғары біліммен осындай қулық бар: ол мәртебелі болуы керек (таныс-тамыр мен байланыстар болады), немесе қолданбалы (келешекте жұмыс істеп ақша таба алатын), немесе ешқандай (ескірген және пайдасыз дипломға уақыт жұмсамау үшін).

2.4 Жылжымайтын мүлік

Белгілі бір жағдайларда жылжымайтын мүлік те пассив болуы мүмкін. Ол көп қаражат қажет ететін немесе өтімі жоқ жылжымайтын мүліктер: зәулім жекеменшік үйлер, қарауына сомақты қаражат кететін Рублевкадағы үйлер. Бұл активті сата алмайсың, сатсаң да өз құнын ақтамайды. Сізді нарықтағы жағдай кепілге алады, пайдасыз мүлік боп қалады. Сондықтан жылжымайтын мүлік сатып алу қаражатыңызды құюдың жақсы нұсқасы деп атауға болмайды. Ипотеканы алайық. Бұл жағдайда көбіңізге ақша жинау ойыңызға да кірмес. Мүмкін сіздердің біреуіңіз нашар ауданда пәтер иелену жағдайына тап болған шығарсыз. Оны жалға да бере алмайсың. Постсоветтік елдерімізде «Пәтер сатып алып, оны жалға беріп күн көреміз» деушілерді жиі кездестіреміз. Қаражатты орналастырудың мұндай нұсқасында жақсы жақтары да бар, бірақ егер біз Қазақстанда немесе Ресейде жылжымайтын мүлікті сатып алсақ, біз іс жүзінде долларға аударылатын ақшаны инвестициялаймыз. Сіз үнемі құнсызданатын жергілікті әлсіз валютада пайда табатын активті сатып аласыз.

Тартымды ұсыныстар да кездесіп тұратыны бар, алайда. Жақында мен Семей қаласына бардым – менің досым ол жерде 36 мың шаршы метр обьектті 2 миллион долларға сатып алды, дегенмен, сіз Алматыда бұл ақшаға 5 мың м² сатып ала алмайсыз, Мәскеуде тіпті 1500 м². Мұндай нысанды салу үшін сізге шамамен 10 миллион жұмсауға тура келеді, бірақ мұндай да келісімдер болады

2.5 Сыйлықтар

Сыйлық деген керемет қой! Дегенмен көбіміз үшін қынжылтатын нәрсе. Өз мәдениетімізге келсек, бізде сыйлықты бәріміз және көп жасаймыз. Бір күлкілі бейне ролик бар: екі ер адам өзара кімнің сыйлығы асып түседі екен деп жарысқан екен. Сөйтсе, жеңген адамның жас жұбайларға сыйлаған автомобилі мен пәтері несиеге алыныпты. Бұл бейне ролик біздің қазақтардың және көптеген кеңес одағының адамдарының, қалтасына қарамай өзін көрсеткісі келіп тұратын дарақы менталитетін мазақ етеді. Сыйлық беру – ақылға қонбайтын қимылдың бір түрі.

Менің бір тәтем бар. Ол кісіні отбасымыз аса көп жақтырмайды. Тәтем қонаққа ешкімді шақырмайды, ешкімге сыйлық жасап жатпайды, тіпті машинасы да жоқ.

Көбінесе анасымен тұрып жатады. Отбасымыз тәтемді «Ол дұрыс өмір сұріп жатқан жоқ» деп сыйламайды. Бірде сол тәтем екеуіміз инвестиция мен жинақтау туралы әңгіме құрдық. Мені аса таңғалдырғаны: ол жалақысының тең жартысын жинақтайды екен. Жалақысының өзі Америкадағыдай емес, әрине, 1000$ көлемінде, ал Қазақстанда бұл жақсы жалақы боп саналады. Сол жалақысының жартысын болашақтағы зейнетіне инвестициялап жатыр екен. Тәтем мені таңқалдырды, ісіне сүйсіндім. Бұл тамаша ғой!

Ал мен өзімнің Жаңа жыл, туған күн тағы да басқа шараларға жұмсалатын ақшамды санасам бір айлық бюджетімнің жартысы кетеді екен. «Қап! Олардың не керегі бар еді, жылына бір рет жұмсасам да сол 1500$. Одан да инвестицияға салуым жөн еді» деп бір өкінем. Әрине, ер адам әйеліне сыйлық жасап тұру керек, әйтпесе олар өкпелеп қалуы мүмкін. Некеңіз де ондай жағдайда көпке созылмас. Бірақ алтын ортасы болу керек осындайдың. Туыс-тума, дос-жаранның бәріне де сыйлық жасағанның не қажеті бар? Одан да өзіңіз бен болашағыңызға жасаңыз. Менің ондайға кеткен шығыным-айдалаға кеткен шығын деп есептеймін. Содан бері сыйлық жасау алдында жақсылап ойланамын. Ал сыйлық алушылар өміріңіздегі ең маңызды адамдар болса – онда әңгіме басқаша ғой.

2.6. Мейрамдар

Мейрамдар да сыйлық сияқты тамаша нәрсе. Баяғыдан келе жатқан ұғым бар: мейрамның арты ратификацияға әкеп соғар деген. Ратификация дегеніміз – өз қимыл-тәртібіңді құптауың. Қазақта көктем мерекесі бар. Алты ай қыстан аман шығу айрықша қуаныш боп саналған. Мал-жанның амандығын ойлаған ел көктемге жеткенде, жадыраңқы көңілмен қауышқан. Өкпе-реніштері болса, кешірген. Ал қазіргілерге ондай мерекелердің мәнін түсініп жатпағандықтан бас тарту керек.

На страницу:
2 из 3