Полная версия
Көттi қысқан бай болар
Көттi қысқан бай болар
Даулет Арманович
Переводчик Бейбит Шагановна Солтанкулова
Дизайнер обложки Дмитрий Миронов
Редактор Инара Ахметжанова
Редактор Азымбек Адильгазы
Редактор Рахат Баттал
Редактор Айнель Аманбекова
Редактор Айбар Жандарбеков
Редактор Гулинур Мухтарова
© Даулет Арманович, 2021
© Бейбит Шагановна Солтанкулова, перевод, 2021
ISBN 978-5-0055-3293-0
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Даулет Арманович
Көттi қысқан бай болар
Бұл кітапта пирамида, спортқа бәс тігу және басқа да кәззап ұтыстарға жатпайтын тұрақты қаржы құралдарын таба аласың. Бұл құралдарды мен, менің студенттерім, клиенттерім, достарым және Forbes тізімінің үштен бірі қолданып көрген. Бұл кітапта көрсетілген стратегиялар миллионды бір айдың ішінде жинақтауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен кітапты оқып шыққан соң, сол миллионды, уақытыңды бостан босқа сауда-саттық, талдауларға жұмсамай, жайлы өмірден бас тартпай, қалай табуға болатынымен таныса аласың.
Бұл кітапта атауында көрсетілгендердің бәрін табасың. Оқып шыққан соң ең тұрақты, классикалық, консервативті қаржы құралдарын пайдалана отырып (пирамида, Форекс, спортқа бәс тігу және басқа да күмәнді табыс табуға жатпайтын) бір миллион доллар табу капиталының қаржы жоспарын құрастыра аласың. Бұл құралдарды мен, менің студенттерім, клиенттерім, достарым және Forbes тізімінің үштен бірі қолданып көрген. Бұл жерде көрсетілген стратегиялар миллионды бір айдың ішінде жинақтауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен кітапты оқып шыққан соң, сол миллионды уақытыңды бостан босқа сауда-саттық, талдауларға жұмсамай, жайлы өмірден бас тартпай қалай табуға болатын жолымен таныса аласың.
Ата-анама арнаймын – олардың көмегісіз мен де, әрине, бұл кітап та болмас еді. Әке, анам! Алдарыңда бас ием, сіздерге деген алғысым шексіз!
Кіріспе
Қымбатты оқырман! Осы кітапқа көңіл аударғаныңызға ризамын. Қазір қысқаша бұл кітаптың кімге, не үшін, өзі үшін пайдалы не табатыны және менің кім екенімді айта кетемін.
Танысқаныма қуаныштымын, мен-Дәулет Арманұлы, кәсіпкермін. Екі бизнесім бар: жаттықтырушы залмен кішігірім коммерциялық жылжымайтын мүлік. Және де ХБА бакалавриат студенттеріне дәріс беремін, оған дейін бүгінгі AlmaU мен Қазақстан-Британ техникалық университетінде (Қазақстаннан болсаңыз олар туралы естіген боларсыз) жұмыс істеп көрдім.
Дәріс беру менің негізгі ісім еместіктен пәндерім аз, дегенмен менің сабақтарымды студенттердің көпшілігі нағыз адал, қызықты да өте пайдалы деп санайды. Пәндерім «Кроссмәдениетті менеджмент», «Практикалық менеджмент», «Business communication» деп аталады. Жеке қаржы мәселесін үнемі қозғап отыратынмын, бірақ пәндерім мен берілген уақыттың шектеулігіне байланысты студенттеріммен өзімнің, өзгелердің ақша жұмсау тәжірибесімен бөлісе алмадым.
Бұл мәселе студенттердің қызығын тудырғанымен, студенттік кезең ұзақ, бірақ тұрақты инвестициялық табыстың артықшылығын аса түсіне бермейтін кез екені бәрімізге мәлім. Менің ақысыз кіру мүмкіндігі бар жеке қаржы туралы дәрістерім 30-дан асқан аға буындарды қызықтыратынын байқадым, себебі инвестиция мәселесі олар үшін өзекті мәселе де, студенттерге қарағанда жеке қаржыны басқаруға ықпалдары үстемірек.
Бұл кітап өзі, ата-ана, бала-шаға, тума-туыстары үшін мойнына жауапкершілік алған тұлғалар үшін жазылған. Егер де бұл жауапкершілік сізде болса, бұл кітап алдымен сіз құрған капитал мен сіздің араларыңыздағы жүкті дұрыс бөлуге, содан соң жауапкершілікті капиталға аударып, қаржы қиындықтарды барлық деңгейде өзіңіз, ұрпақтарыңыз үшін шешуге көмектеседі. Ал егер де бұл жауапкершілік сізде болмаса, дұрыс қаржылық бағытын сілтеу арқылы көптеген долларлық миллионерлер құрған қаржылық әдеттерді бойыңызға сіңіртуге мүмкіндік береді. Ол үшін биткоин, бюджетті қысқарту, лоторея, тендер, «пирамида», наркобизнес дегендерден аулақ болу керек. Сіз әлемнің ақша жетіспеушілік жағдайда өзіңізді қалай ұстайтыныңызды, одан шығу жолдарын, ең күрделі сұрақ-ақшаны қайда салу керектігі жайлы біле аласыз.
Жоғарыдағының негізінде бұл кітапты жазбауыма болмады. Өмірбаяныңды, танымал жұлдыз болмасаң, жазбауға болар, себебі ол ата-анаңнаң басқасына бәрібір. Менің Қазақстандағы тұрып жатқан 4 жыл ішінде байқағаным: адамдардың, тіпті бай адамдардың сәтсіз қаржылық шешімдері арқылы банкротқа ұшырауы таңғалдырды. Қазақстанда небәрі он мыңға жуық жеке инвестициялық шоттар (ЖИШ) ашылған, ал бұл дегеніміз банк картасының аналогы, ол арқылы биржаға инвестиция құюға болады. Бұл ЖИШ тек еліміздің 0,06% халқында бар болса, оны үнемі қолданып жүргендер саны 2000-ға жуық, немесе Қазақстан халқының 0,01% ғана. Мұндай көрініс бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде де кездеседі, бір қызығы, мемлекет кінәлі емес, білім, тәжірибе мен мамандардың жоқтығы -ең басты себеп. Олар қайдан болсын, капитализм біздің елге 30 жыл бұрын ғана келсе.
Сіз – қайдағы жоқ бір дәріс беруші мен жаттықтырұшы зал иесі жеке қаржы туралы бір кітап жазатындай қайдан білсін деуіңіз мүмкін. Ал мен 7 жыл Ұлыбританияда тұрып оқыдым; Өкінішке орай, қаржы ісі бойынша емес. 10 жылдан аса кәсіпкерлікпен, инвестициямен айналысамын. Әр қимылым жаңа білім, тәжірибе мен жаңа таныстыққа толып жатыр. Англияда гольфты жиі ойнайтынмын, сол кезде Exeter қаласында оқып жүріп, осы қаланың инвестиция қорының иесімен таныстым. Оның басқаруындағы капиталы 500 миллион фунттан астам, ал бұл, айтпақшы, аталған салада көп емес.
Қазақстанға қайта оралған соң көптеген, сіз олардың қызметі тұрмақ аттарын да естімеген, брокер, инвестор мен миллионерлермен таныстым. Бұл кітапта өз ойымнан шығарылған ештеңе де жоқ – бәрі баяғыдан ойлап табылған, ал менің ойым – тек ТМД елдерінің қазіргі жағдайына сай, сол бір миллион капиталды қалай жасауға болатын туралы үлкен мақсат пен жиналған тәжірибемен алмасу.. Кітабым сіздің үлкен шыңға шығатын қадамдарыңыздың біріне себепкер болып жатса, мен де сізбен бірге қуанамын. Сондықтан оқып болған соң өз жетістігіңізбен бөлісе отырыңыз. Менің Инстаграм парақшам @realprepod немесе email realprepod@gmail.com.
Бұл кітапты қалай оқу қажет
Егер де сіз қаржы әлемінен бейхабар болып, кәдімгі бизнес пен қарапайым жұмысыңыз болса, кітап дәл сіз үшін. Ал егер де жеке қаржы мәселесінде шебер болсаңыз, бұл кітап сіз үшін өте пайдалы болмас, пайдалы болса – сіз шебер емессіз. Кітаптағы менің негізгі ойым: біз тек адамдармыз, әркімнің өз мамандығы бар, жаңа мамандық іздеп жүрген жоқпыз, сондықтан бұл жерде биржадағы алып-сатарлар үшін ештеңе жоқ. Бұл кітап бір миллион табу мақсатын қойған, шыдамдылық танытып, инвестицияға ісіне жылына 2—3 сағат уақытын бөлуге дайын адамдар үшін. Практика көрсетіп отырғандай, ондаған жылдар ішінде жылына 2 сағаттың өзі жеткілікті.
Кітаптың басылып шыққан нұсқасы болса, қолыңызға маркер мен қалам алып, пайдалы жерлерін белгілеп отырыңыз. Мөлдір бетбелгіні алып, маңызды жерлеріне жабыстырыпқойыңыз, кітаптың шеттеріне жазыңыз, Инстаграмда жариялаңыз да, мені «realprepod» деп белгілеуді ұмытпаңыз. Егер электронды нұсқасы болса скриншот жасаңыз да, сізге пайдалы да маңызды жерлерін жария ете беріңіз, күмән тудырса, қаржы мәселесін білетіндермен, сенетін адамдарыңызбен талқылаңыз. Сұрақтарыңыз болса маған Инстаграмға жазсаңыз болады, міндетті түрде жауап беремін. Аудио кітап форматын таңдасаңыз, онда тек талқылалай аласыз (2—3 жылда бір рет болса да тыңдап тұрыңыз).
Кітапты қарапайым, түсінікті тілмен жеткізуге тырыстым, күрделі терминдер көп емес, ал егер оларды кездессеңіз, түсіндірмелерін осы кітаптың беттерінен немесе Гуглдан таба аласыз. Көптеген тарауларда сіздерге түсінікті болу үшін өзімнің, достарымның, кеңес алған клиенттерім мен студентерімнің өмірінен мысал келтірдім. Және де үй тапсырмаларын кездесесіз, оларды мұқият орындауға кеңес беремін. Олар өте оңай болғанымен, тәртіп пен тұрақтылықты қажет етеді.
1 -ШІ тарау. Ақшаны қайдан алу және бизнес нұсқалары
Ақшаны қайдан алуға болады? Инвестицияға қолданыланатын ақша көзі, шынайына келсек, өте көп. Бұл жалақы, үнемделген ақша, бизнес, кездейсоқ тапқан табыс, сатылған жылжымайтын немесе басқа да мүлік болуы мүмкін. Ең бастысы өз-өзіңді инвестиция 100500 миллионнан доллардан басталады деген оймен жей бермеу керек. Биржалық нарыққа кірудің бастапқы соммасы 100 $ басталады. Казір сол дереккөздерімізді талдайық.
Бизнестен бастайық. Қарапайым адамдарға тән 3 бизнес түрін анықтайық. Яхта сатып алушылар Forbes тізімінде болмайды. Олардың бизнесы қандай болуы мүмкін? Қазақстанда қазынаға салықтың бір бөлігін төлейтіндер мұнай және де басқа мемлекеттік кәсіпорындар делік. Бұл экономиканың айтарлықтай әлсіздігін көрсетеді. Қазіргі уақытта, 2020 жылдың сәуір айының басында, карантин кезінде Алматыда кітап жазып отырғанымда, бұл өте айқын байқалды. Мұнай бағасы 25долларға құлдырап кәсіпкер мен жалақы алатын жұмысшылар арасында дүрбелең басталды. Олар ащы шындыққа көздері жетіп, негізгі «касса» жасайтын өнімнің сұраусыз қалғанын, ал басқа халықаралық нарықта сатылатын өнімнің қазірше жоқтығын түсінді. Ал екінші жағынан, егер сіз Америка, Қытай, Ұлыбританияны алсаңыз, олардың экономикасы аз үлесін бірнеше ғана компаниялар мен салалар құрайтынын көресіз. Қызметтердің үлкен үлесін шағын бизнес пен жеке дара кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан олардың экономикасы тұрақты да мықты болып табылады.
1.1 Кәсіпкер
Бизнестің 3түрін анықтайық: шағын бизнес, орта бизнес және өзін-өзі жұмыспен қамту. Егер сіз осылайша ақша тауып, үнемдей алсаңыз, бұл бизнес түрлері инвестиция құюға өте қолайлы екенін байқайсыз. Неге десеңіз, бізде, кеңес үкіметінен қалған инвестор – кейпі бай, ақшасы сансыз адам ретінде санамызда қалыптасып қалған. Оларда бәрі де бар: қымбат машиналар, элиталық мүлік, ал инвестициямен басқа ісінің жоқтығынан айналысады деп ойлаймыз. Ал шынайы келсек, ол басқаша. Менің ойымша инвестициямен кедейліктен бір саты жоғары тұрғандардың барлығы айналысу керек. Себебі инвестиция өсуге, ақшаны көп табуға, өміріңді жақсартып, келе жатқан ұрпағыңа актив пен мұра қалдыруға мүмкіндік береді. Сізде бизнес бар болса, ол дұрыс жолдағы бизнес болған жағдайда, сіз үлгілі кәсіпкерсіз. Ал үлгілі кәсіпкер болсаңыз, онда ақшаны қажеттіктен де арта таба аласыз.
1.1.1 Шағын бизнес
Шағын бизнестің қызмет көрсету саласындағы жақсы жақтары неде? Ол – аз уақытта тәуір ақша тауып капиталды жинап алу. Қызмет көрсету саласындағы бизнес едәуір инвестицияны қажет етпейді, көбіне жарнама мен үй-жайларға саласыз. Бизнестің алғашқы кезеңін алсақ, мынадай математика шығады: сіз 100 мың саласыз да (2020 жылдың тамыз айының доллар бағамы 240$), 1 айдың ішінде қайтара аласыз. Сөйтіп бір жылда бір айлық пайдаңыз 100 мың боп тұрады. Ал бизнесіңізді дамыта берсеңіз, өсімі де көбейе береді; миллион, 5 миллион… Қызмет көрсету саласының бір жақсысы – тез кеңейте аласыз, мысалы, онлайн арқылы бүкіл елге немесе әлемге де шығуға болады. Бұл бизнес сізден тек бастауды, көңіліңіз, күш-қуат пен көзделген мақсатыңызды талап етеді.
Бірақ сізде бұл бизнеспен қаншама уақыт айналаса аласыз деген сұрақ туындауы мүмкін? Жұмыс жасамай, сол өсімнің пайдасымен өмір сүру уақытын аңсаймыз, дегенмен ол тез арада болмас. Бұны тек мен ғана емес, көптеген кәсіпкерлерде де кездесетін жағдай. Бұны сол деңгейге жеткендер ғана түсінетін шығар. Сол себептен шеберлік пен дағдылыққа апарар жол ұзақтау. Статистикаға сүйенсек, неден жоғалтып, неден пайда көретінімізді анықтауға болады. Бізде осы бизнеске құйған 100% ақшаны жоғалту қаупі бар делік, егер де бұл іспен айналысу қиындық туындатса, өсімінен де айырыламыз. Бұл, мысалы, капиталымызды құрған 100 мың теңге (2020 жылдың тамыз айының доллар бағамы 240$). Ықтимал пайдамыз -1200$, бұл көрсеткіштің сәттілігі 20-ның ішінен 1-і ғана болуы мүмкін.
1.1.2. Кәсіпкер мінезі
Бизнеспен айналыспақ болсаңыз, оны қалай жасау керектігіне тоқталу қажеттік етпес, кітап ол туралы емес. Сіздің уақытыңыз бен осы іске назар аударғаныңыз қажет. Бизнес ашсаңыз, сіз ол жерде ұзақ уақыт өткізесіз.
Бизнес дегеніміз кәсіпкерлер айналысатын іс. Кәсіпкер деген ерекше тәжірибесі, ақылы, мінезі бар адам. Сіз шынайы кәсіпкерсіз бе? Шынайы болсаңыз —керемет! Бизнесіңіз инвестициялық кірістің негізін қалаушы болар. Сіз кәсіпкер болып, жасыңыз 20-дан төмен болған жағдайда осы істе өзіңізді сынап көре аласыз. 20 жаста бизнестегі ақшаңыз да көп болмас, сондықтан жоғалту қаупі де жоғары емес. Бұл жаста бизнес үшін инсвестицияның да керектігі шамалы.. Мен шағын бизнестің кірісі өте жоғары деп айтып кеткенмін. Айына 100% табыс әкеледі. Бұнымен кішігірім бизнесқана күресе алады. Дегенмен, бұл белгілі бір деңгейге, кішігірім сомаларға дейін. Табысты бизнес ашу үшін сіз кем дегенде 20-ға жуық сәтсіз бизнескеректігін естіген едім. Бұған дейін сіз өзіңізбен болып жатқан жағдайды сабақ ретінде қабылдап, кәсіпкер болу үшін керек білімді теріп жүресіз. Кәсіпкерлер туралы сөйлесейік. Өзім немесе таныс кәсіпкерлер туралы айтайын. Кәсіпкерлерлікпен 14 жасымнан айналысамын. Қазіргі уақытта 27-демін. Мен Алматыдағы AlmaU мен Қазақстан-Британ техникалық университеттерінде дәріс беремін. Жаттықтырушы залым мен бизнес орталығым бар. Оған дейін неше бизнесім болғанын санап шығу қиын. Көп нәрсемен айналыстым. 20 шақтысы сәтсіз аяқталды. Инвестор мен кәсіпкер деген екі жол, ал мен үшін жұптасқан жол. Кей кәсіпкер таныстарымды инвестиция тіпті де қызықтырмайды. Олар үлкен қатерлі табысты тез арада табуға ұмтылады. Олар маған соғыстан қайтқан ардагерлер тәрізді – соғыстан қайтып, бейбіт адамзаттық өмірге үйрене алмай жүргендердей. Бірде консалтингпен айналысатын танысыммен сұхбаттасып отырғанда оның айтқаны: «Дәулет, мен 1 айда 2—3 миллион рубль табыс тапсам, келесі айда сол соманы жоғалтып та аламын» дейді. «Бұл саған ұнай ма? -деген сұрағыма жауабы- бұл қызықты өмір, әрине, тұрақтылық та көбірек болса дейсің». Адамның мінезімен байланыс көрініп тұр. Оған не жарасады, өмір тәжірибесі қандай, өзін неше уақыт дайындағаны – бәрі көрініп тұрады. Біріншісі, бозбала кезінен бастайды. Инвестиция мен бизнесті салыстырсақ, жас кезіңдегі бизнесің инвестицияны көбірек қайтарады.
Ал енді сәтсіз аяқталған 20 бизнес бастамаларыма оралайық. Өзімнің, таныстарымның, достарымның тәжірибесіне жүгінсек, бұл, айына 100 мың теңге табыс әкелетін, сәтсіз аяқталатын 20 бизнестің заңдылығы екен. Бұл жердегі математика басқаша: 100 мың теңгені (стартаптың орташа құны) 20-ға көбейтсек =2 млн шығыс, 2—10 жыл аралықта осы үшін кеткен әрекеттер, сонда ғана айына 100 мың теңге табыс беретін бизнес сізде деуге болады. Мүмкін бұл нақты емес те шығар, дегенмен құны қандай екенін түсіну керек.
1.2. Несие мен ірі бизнес
Ірі бизнестің артықшылығы-инвестиция сияқты қайтарымында. Оны өз ақшаңызға жасамайсыз, себебі капиталыңыз сомақты болу қажет. Ол үшін кепілдікке мүлік қойылады. Ақшаңыз жоқ болып, несие алғанда, сіздің шығыныңыздың тәуекелі банктік тәуекелден жоғары боп тұрады. Себебі кепілдікте сіздің мүлігіңіз. Бұл ірі бизнес казинодағы рулетка ойыны тәрізді. Алайда нәтижесі дағды, тәжірибе, сәттілік, эмоциялық жағдай тағы да басқаларына байланысты.
Сіз, банк несие беруге бас тартқанда, автоломбардқа келдіңіз делік.
Көлігіңіз 2 млн теңге (27$ мың 2020 жылдың тамыз айында) тұрады делік. Сізге ақша өте қажет боп тұр делік, бірақ той, немесе басқа несиені жабуға емес. Автоломбард сізге бірінші аптада несиені төлемейсіз, ал сол аптаның ішінде қарызды толық қайтарсаңыз, несие пайыссыз болады дейді. Сіз авто құнындағы 2 млн теңге емес тек 500 мың теңге алдыңыз делік. Ары қарай не болмақ? Автоломбард несие пайызы өте жоғары болады. Төлемді кешіктірсеңіз, банк автомобиліңізді алып қояды. Ол қалай болмақ: алған ақша қалтада, бір апта өтеді, санауыш қосылады, пайыз қосылады, сіздің несиеңіз өсе береді, көлігіңіз қамалады, айыппұл тұрағына жабылады. Тағы бір апта өтеді, несие пайызы да өседі, сөйтіп қарызға белшеден басып, соны жабу үшін басқа жерден несие алуға тура келеді.
Сонда сізге N-сомадағы ақша қажет болғанда, актив ретінде ақша түратын тек көлігіңіз қолданды. 2 млн тұратын автоны кепілдікке беріп, небәрі 500 мың теңге алдыңыз. Сіздің тәуекеліңіз 125% құраса, банктікі керісінше. 25% алып 100% жоғалта аласыз. Бұл математика сізге жаман көрінгенмен, ломбард үшін бәрі керемет. Банк несиесі де тура сондай. Олар несиені кепілдікке жылжымайтын мүлікті қойғанда ғана береді. 100 мың$ тұратын пәтер немесе үйіңізге тек 50 мың$ бере алады. Сол 50 мың$-ға бизнеспен айналысасыз, оның да тәуекелі бар. Сонымен, сіздің тәуекелдеріңіз ықтимал табысыңыздан асады. Несие алған адамдардың жағдайы осындай болады.
1.3.Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар
Енді тұлға түріне оралайық. Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды алайық. Шағын бизнес дегеніміз- өзін-өзі жұмыспен қамту дегеніміз. Оны жалақысы жоғары табысты топ-менеджерлер немесе қызмет көрсету саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамти алатындар құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамту-уақыты мен зияткерлік ресурстарын ақшаға айырбастады дегенді білдіреді. Бизнесте ақшаны адам емес жүйе табады. Енді кәсіпкерге тоқтала кетейік. Ол қандай адам? Мен білетін кәсіпкерлердің көпшілігі оқу орындарын оқымаған білімі жоқ немесе дипломды сатып алғандар, себебі білім алу бизнеске көп жағдайда кедергі келтіреді. Мен формалды, өз елімдегі университеттерді айтамын. Озат оқығандардың 3-ке оқығандарға жұмыс жасап жүргенін талай естіген боларсыз. Радислав Гандапас 3-ке оқығандар келісімге келе алатын, ережелерді айналып өтетін, алдауға жақындығы бар адамдар деп айтады. Осы қасиеттер кәсіпкерлікке өте пайдалы. Сондай-ақ өзін-өзі ұстау, жауапкершілік, қаталдық қасиеттері де бойларынан табылады. Жауапты адам жауапсыз кәсіпкерден әлдене құнды серіктес.
1.4 Жалақы
Бизнестен басқа менде жалақым бар. Университтерде сабақ беретінімді білесіздер. Бос уақытымның барлығынан, өзім де білім алып, оқып, ары қарай дамытқым келеді. Маған олар жеңілдік те жасап берді. Almaty Management University DBA бағдарламасын оқып жатырмын. Сол жердегі бакалавриаттарға өзімді сабақ беруші ретінде ұсындым. Аптасына бір-екі рет барып, едәуір жалақы аламын. Кітапты оқып жатқандардың көбісі мансапты қуатын болар.
Неге дейсіз ғой? Кәсіпкерлер саны жұмыс жасап жүргендердің санынан аз.
Тәуекелдері мен артықшылығына келсек, бизнес жүргізу қауіп-қатері бар іс. Ал мансаптың қауіп- қатері аса жоғары емес. Бұл еліміздегі халықтың 99 пайызының мансаптың арқасында, жалақыдан жалақыға дейін күн көріп отыр деген көрсеткіш. Бірақ сол карьера, мансап, бізге байланысты емес жағдайлар туындағанда, мысалы, жаһандық пандемия проблемасы сияқ ты, жоғалтып алуы да мүмкін.
Кәсіби спортшының мансабын талдайық. ТМД елдерінің арасында спорт мансабы – қайтарымы өте төмен, ең тәуекелді мансап болып табылады. Спортшылар уақыты мен денсаулығын қатерге тігеді. Олар өздерін спорттан кеткен соң өздерін қамтамасыз ете алатын дағдыларға жұмсамайды. Ал спорт тез бітіп қалуы мүмкін. Ярослав Радашкевич деген пауэрлифтингпен айналысқан жас жігіт туралы естіген боларсыз, Ресей, Еуропа, әлем рекордсмены, чемпион болып жүрген. Ал Еуразия чемпионатында штанганы көтеріп, тізе бүктіретін сәтінде, аяғында жарықшақ пайда болып 20 жасында мансабымен қош айтуына тура келді. Ол өзіне, осындай жағдайларға ақша жинап қойып па еді? Қайдам, пауэрлифтингішлер клиенттерін жаттықтырып, көп пайда табыс та таба алмайды. Ол сақтандырылған ба еді? Мүмкін, бірақ оның мөлшері өмір бойы жұмыс істемеуге жетпес. Біздің елде спортшыларды сақтандыру деген тиісті деңгейде емес. Сондықтан алдымен келесіні ұғып алу керек: бұл іспен айналысып жүргенің, өз рахатың үшін бе әлде табыс табу үшін бе? Спорттағы мансап қысқа, бәсекелестікке толы, жолы қауіпті, бір мезетте-ақ аяқталуы мүмкін. Сақтандыруды сатып алсақ та, жұмсаған уақыт пен еңбегіміз ақталмас.
Ал жай мамандықтарға келетін болсақ, көп нәрсе сіздің қайда жұмыс жасайтыныңыз бен қандай баға жетпес маман екендігіңізге байланысты. Кей қызметкерді батпаққа батырсаң меруерт алып шығады, ал кейбіреуі мөлдір судан да ештеңе таба алмай жатады. Бұның бәрі бірнеше факторға: сәттілік, өзіне, жұмысқа, өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасына байланысты. Бұл жердегі мансап та спортшыға қарағанда оңайырақ болады. Дегенмен, бизнес тәрізді, мансап та, тез аяқталуы мүмкін. Қолдарынан ештеңе келмейтін адамдарға қиын, әрине. Жұмыстан қысқартылуға түсіп қалуы жа ықтимал, себебі олардың келешекте сенуге болатын кәсіби негізі жоқ. Бұндайлар несие алып, аяқ астынан жұмыстан айрылып қалса ше? Банктер болса аямайды. Негізгі тәуекел математика емес, адамдардың тағдыры ұйымдардың қолында екенін көрсетіп тұр. Бір жұмыс беруші мен екіншінің арасында күн көру үшін жүгіріп жүр дегім келмейді, алайда бизнес те аяқ асты тоқталып қалуы мүмкін.
Жұмыс жасап жүргендерге келер болсақ, жасыңыз 25-тен, тіпті 35-тен асқан болар. Сіз, тәуекелді жақтырмайтын, кәсіпкер бойында табылмайтын: біркелікті іс-шаралармен айналысып, одан зардап көрмейтін қасиеттеріңіз бар консервативті тұлға боларсыз. Бұл дегеніміз – сіз кәсіпкерге қарама қайшы мінезіңіз бен шеберлігіңіз үшін ақы аласыз. Табысыңыздың мөлшері де аз болмауы мүмкін. Жалданып жұмыс жасаған адамның табысы аз дейтін қағида жоқ. Бұл адамдардың кәсіпкерлерден айырмашылығы – тәуекелге деген төзімділіктің төмендігінде. Ол әр кәсіпкерде табыла бермейтін тәртіп.
1.5 Инвестициялар
Біз қызығушылығымызды тудыратын ақша көзіне де жеттік. Оның ең бірінші артықшылығы-ешнәрсемен шектелмегендігінде: уақыт, географиялық тұрғыда. Мансабыңыз болған кезіңізде тәуліктегі 24 сағаттың сегізі ұйқыға, сегізі басқа: отбасына, жолға, ойын-сауыққа тағы басқа нәрселерге кетіп жатады. Жұмысқа уақытыңызды көп жұмсай алмайсыз. Біреуді жалдасаңыз, оларды қадағалап басқару керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас жасай білу үшін тәжірибе, білім, эмоционалды күш-қуат қажет.
Бұл бизнесіңіз болса да, келесі көрініс орын алады. Өз қолыңмен әртүрлі он шақты бизнесті басқару қиын. Сіз ол үшін көмектесетін адам жалдап, ақысына ақша төлейсіз. Үнемделген ақшаңыз күннен күнге өсе беруі мүмкін. Көз алдыңызға өсіп тұрған гүлді елестетіңізші: жан жағына ұрығын сеуіп, ол ұрықтардан тура сондай гүлдер өсіп жатса. Бұл гүл құмырамен шектелген боп тұр. Бір гүл жылына тура сондай гүлді өсірсе екі гүл болады. Жыл сайын бір гүл- екіге, екі жылда-төртке, үш жылда-алтыға көбейе береді делік. Инвестицияңыз да сол сияқты, мұнда бір ғана «гәп» бар-оның капитал сияқты құмырасы жоқ. Бұл жақсы. Біз гүлді құмырада өсіреміз, себебі оларға құмыра далада өскеннен гөрі ұнайды. Бұл жерде де солай: біздің қаражатымыз «құмырасыз» жақсы өседі. Олар көбею арқылы өсіп отырады. Сондықтан ірі капитал құруға көп жинақтар қажет емес, ең алдымен тәртіп пен ертерек инвестицияны бастау керек. Тағы да нені айтып кетсек болады? Мүмкін, сіздер инвестиция арқылы көптеген бай адамдардың одан ары байығаны туралы білмейтін шығарсыздар. Әрине, бұл өте тамаша, ал оны пайдаланбағандық – ақымақтық шығар.
1.5.1 Масштабтау
Менің, пандемия кезінде жабылған, жаттықтырушы залым бар. Мен дағдарыс біткен кезде бір емес екі жаттырықтушы зал ашқым келер делік. Ол үшін бизнес жүргізуді өзгерткенім жөн. Әрине, оңайға соқпас, дегенмен, оларды еңгізген соң тағы екі жаттығу аппаратын сатып ала аламын. Сосын жиырмасын алғым келер. Қайтадан өзгеріс енгізу қажет, бұл басқарудың өзге әдіс түрлері боп келеді. Ол да өзгертілген жүйе. Ал бизнесім бірнеше жерде болса, қадағалап басқару қиынға соғады емес пе? Онда басқару жүйесін қайта өзгертемін. Содан соң 100 жаттығу аппараты алғым келер. Тағы қосымша тәуекелдер кездесер: брендті басқару, бәсекелестерді ойлау дегендей. 100 жаттығу аппараттарым болған соң, Қазақстанда нөмір бірінші инвестор бола алам. Бұл деген тәуекелдер мен уайымдар.
Алайда, менің де 1000$ капиталым 100 мың $ болса десем, өз тұлғамды түбегейлі өзгертпес едім, қымбат оқуды ұзақ оқымас та едім. Ресурстарымды бұл іске жұмсамас едім. Күштің зоры осында. Сондықтан ірі капиталдың едәуірі инвестиция арқылы құрылған, ал дарынды инвестор данышпан кәсіпкер болуға қарағанда әлдеқайда оңай.
1.5.2 Инвестордың имиджі
Кейбіреуіңіз, осы жерге дейін оқып болмай тұрып, кітап инвестиция туралы емес Forex тәрізді қор биржасында сауда жасау туралы деп ойлауыңыз мүмкін. Шынында бәрі кинодағыдай емес: галстук таққан ер адамдар телефоннан түспей бүкіл залға «Сатып аламын», «Сатылды» деп айқайласатын. Инвестиция- қызықсыз, ішті пыстыратын, күш пен уақыт аз бөлінетін нәрсе. Ол жалғыз нәрсені – тәртіп пен көп жылдарды талап етеді.
1.5.3 Бір миллионердің әңгімесі
Ең алдымен Карл Дженсенмен таныстырайын. Ол Америкада бағдарламашы (программист) болып жұмыс істеп, жылына 100 мың $ тауып, жұмысы шиеленісті атмосферада өтетіндіктен, кезекті бір жұмыс күнінің аяғында өзіне зейнетке қалай тезірек шықсам деген сұрақ қояды. Әйелі екеуі 5 жылдан соң қомақты 1 миллион доллар ақша жинап, өз еркімен зейнетке шыға алатын жоспар құрады. Дәл солай болды: 43 жасында 1—2 миллион доллар жинап, зейнетке шықты.