
Полная версия
Ұлытаудың номадикалық тарихы. Мақалалар жинағы
Әлкей Марғұланның Рубрукке сүйеніп келтірген бұл аңызда Қият руының пайда болған сәті баяндалады. Әрине, қияттардың этногенезіне тиісті Рашид ад-Дин де, Әбілғазы да, Қадырғали Жалайыр да өз пікірлерін жазады және де олардың пікірлері аңыздарға қарағанда ғылыми түсініктемеге жақынырақ болып келеді.
Енді осы қазақ аңызына ұқсас моңғолдың аңызына көз жүгіртейік. «Моңғолдың құпия шежіресінде» Темүжіннің тегін тарқатқан бірінші бөлімде Добын мерген мен Дуба соқыр туралы жазылады. Моңғолдардың пайымдауынша екі кейіпкер дос емес, ағайынды, Торғылжын байдың балалары болып келеді. Оқимыз: «4. Дуба соқырдың мандайының ортасындағы жалғыз көзі үш көш жерді көретін еді. 5. Бір күні Дуба соқыр Добұн мерген бауырымен бірге Бұрхан-қалдұн тауына шығады. Дуба соқыр Бұрхан-қалдунда тұрып қараса, Түңкелік бұлағына таман бір топ ауыл көшіп келеді екен. 6. Сонда Дуба соқыр: «Мына көшкен ауылдың ішінде, бітеу арбаның алдында бір сұлу қыз кетіп барады. Егер біреудің жары болмаса, бауырым Добұн мерген, саған айттырып алып берейін», – деп оны көріп келуге Добұн мерген бауырын жібереді. 7. Добұн мерген манағы көшке барып, қызды көрсе, шынында хас сұлудың өзі екен және біреудің жары емес екен. Есімі Алұн сұлу екен… 10. Алұн сұлу Добұн мергенге келгеннен кейін, Бүгінүтей, Белгінүтей деген екі ұл туады.» («МҚШ. 27-бет. 2009 ж.)
Добун мерген Оғыз қаһанның нәсілінен тарағанын Әбілғазы жазады. Оның бабасы Қиян Ел қанның баласы еді. Қиянның кезінде Ұлы далада маңызды саяси өзгерістер орын алған болатын. Себебі – даланың басты аймақтарын ғасырлық шөл алып, жер жетіспей, рулар мен тайпа-елдердің арасында қақтығыстар орын алды. III – IV ғасырлары шығыстан жылжыған күндер Ұлы көштің басталуына себепкер болды.
Сол аласапыран заманда өмір сүрген Қиян мен оның құрдасы Нүкүз (Ел ханның інісінің ұлы) жан-жақтан алған жаудан мал-мүлкін сақтау үшін бір таудың ішіне кіріп паналайды. Ол жер бүгінгі тарихнамада Ергенеқон деген атаумен белгілі. Әбілғазы Қиянның ұрпақтары Ергенеқонда 400 жыл өмір сүрді дейді. Сонда, қият болып аталған Киянның ұрпақтары Ергенеқоннан шыққандағы кез VIII ғасырға келеді. Оларды сол кезде басқарған құрлас руынан шыққан патшалары Бөрте шене.
Әбілғазының Ергенеқон туралы баяны шындыққа жатады, өйткені Ұлы даланы жалмап алатын ғасырлық шөл туралы кезінде Лев Гумилев те жазған. Ол шөл әр алты ғасыр сайын болып тұрған. Адамзат тарихнамасына белгілі ең бірінші ғасырлық құрғақшылық біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда болған. Одан кейін жоғарыда аталған ІІІ-IV ғасырда болған екіғасырлық құрғақшылық орын алды. Сол кезден VІІІ ғасырға дейін далада мал жайып, адам баласына өмір сүру мүмкін емес еді. Тек VІ ғасырда жауын-шашым мөлшері артып, шөптің басы көтерілгеннен кейін қаңсырап қалған даланы аман қалған ру-тайпалар иегере бастайды. Ол кезең Түрк қаһанатының құрылып, үлкен империяға айналған кезеңімен белгілі.
Сонымен, Ергенеқоннан шыққан ел даланы жайлап, қоныстарды иегеріп, жайылымдарға мал өргізіп көбейді. Сол арада Бөрте шенеден Добұн мергенге дейін 13 ұрпақ өнеді. Добынның жұрты қуатты мемлектке айналды. Қиян (Хиям) қаласы оның басты қонысы болып, жазғы орны Арғанатыдағы Добұнның ауылы (Домбағұл) деп аталған Дарқу сарайы болды.
Күлтегіннің тасқа қашалған жазуында «оғыздар менің иелігімде еді, бірақ олар маған қарсы бой көрсетті» деп жазылған. Кейін оғыздарды қайта бағындырмақ болған істен ештеңе шықпай, олар Түрк қаһанатынан егеменді болғаны тарихқа мәлім. Осы саяси жағдайға Добынның қатысы бар ма деген сауал туындайды, өйткені Теріс-Кендірліктің бойындағы дің тарихта ерекше із қалдырған тұлғаға арнап тұрғызылғаны айдан анық.
Добұнның үлкен ұлы Белгінот (Белгібай) қазақ шежіресінде Найман елінің белгілі бабасы ретінде көрсетілетін Белгібайға келеді. Ал екінші ұлы Бүгінүт моғол тілінен қазақшаға аударғанда Бақанот, немесе Бағаналы болып шыға келеді.
Әбілғазының жазуы бойынша Добұн баян ерте қайтыс болып, әйелі Алангүй ерсіз тағы үш бала табады. Ол таңғажайып хиқаяны «Түрк шежіресінен» табамыз. «Бұл үш ұлдан болған елдердің бәрін Нирун дейтін еді, нирунның мағынасы – „ару тұқым руы“ дегені, өйткені моғолдың түсінігі бойынша, ол ру нұрдан пайда болды». (Әбілғазы. Түрк шежіресі. 1992 жыл. 47-бет). Осы үш баланың ең кішісі Бүтіңжардан Шыңғыс қаһан мен мұңғылдың көп рулары тарайды. "Оғыз-нама" мен "Түрк шежіресі" бойынша, Қайду Бүтінжардың сегізінші ұрпағы болса, Шыңғыз қаһан Қайдудың алтыншы ұрпағы. Яғни, Бағаналылар мен Шыңғыс қаһан әулеті бір шешеден туады. Сондықтан, кейбір зерттеушілер Шыңғыс қаһанды бағаналыдан таратады.
Жоғарыда келтірілген екі аңызды сараптай отырып, Домбауыл мерген мен Добұн мергенді бір кейіпкер ретінде қарастырсақ, Шыңғыс ханның Қият бабаларының атамекені ретінде Ұлытауды қарастыруға болады деуге толық негіз бар. Бұл жайында Гавердовский былай жазады: «При возвращении Чингиз-хана из Персии в свое Отечество, Чучий в 1223 г. имел в степи Киргизской около гор Улутау с отцом своим свидание, во время которого при большом торжестве, сопровождаемом ристаниями и знаменитою охотою, отец восстановил опять согласие с сыном, отдав все земли Дайтше-Кипчак в верховное его управление». (Гавердовский Я. П. Обозрение киргиз-кайсакской степи. 1804 г.)
Әрине, аңыз бір мәтінде болып, тек уақыт өте адам мен жер атаулары өзгеріске ұшырағанын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ Әбілғазы мен Қадырғали Жалайыр Шыңғыс қаһанның шежіресін тарқатқанда Добұн мергенді атайды. Соған қарағанда «Моңғолдың құпия шежіресінде» аталған Добұн шын өмірде болған кейіпкер болу тиіс.
Ал енді географиялық сұраққа келетін болсақ, Шыңғыс қаһанның бабалары – Қара хан, Өғыз хан, т.б. бәрі Борсықтағы Қарақорымда (Қарақұмда) қыстаған. Гавердовский 1804 жылы ел шежіресіне сүйене отырып Найман елінің кіші бір бөлігі Бақана (Бағаналы) руы Қарақұмда Шыңғыс қаһанның жорықтарына дейін қыстаған дейді. Бұл дерек Қазақстанды мұңғылдар келіп жаулап алды деген тарихи ұстанымды жоққа шығарып отыр. Өйткені мұңғылдармен тайпалары автохтонды болып шыға келеді. Тарихи шындық соған жақын болады.
Ол ол ма? Гавердовский Шыңғыс қаһанды мұңғыл нәсілінен шыққанын атап, олардың Отаны Ұлытау мен Кішітау деп кесіп айтады. Сонымен қатар, Шыңғыс қаһаннан кейінгі Ұлы қаһандары қазақ жерінің шығыс бөлігінде орналасқан дейді. «Известно, что прямые наследники Чжингис-хана, имевшие главное пребывание близ восточной части степи Киргизской, носили титул великих ханов и верховных властителей всех орд, а потому народ, им подчиненный, назывался Великою ордою, или, говоря прямо по азиатскому диалекту, Большою ордою, которая занимала обширное пространство восточной части степи Киргизской. От сего впоследствии западные поселяне всех в востоке обитающих моголов называли сим именем». (Гавердовский Я. П. Обозрение киргиз-кайсакской степи. 1804 г.)
Жоғарыда сарапталған фактілерді түйндейтін болсақ, Ұлытау өңірінің Шыңғыс қаһан империясының тарихында ойып алған рөлі шынымен де ұлық. Басқа емес, Жошы ұлысының Ұлық Ұлыс аталуы бекер емес. Ұлытау ХVІ ғасырға дейін бөгде ешкім жоламайтын қорық болды. Ұлытауды Карпини де, Рубрук та, Поло да көре алмай кетті. Алаша хан, Домбауыл, Жошы хан, Болған ана күмбезді кесенелер ашық алаңға, «он ок ұшатын» қашықтыққа дейін жан-жағы алақандай көрініп тұратын жерге тұрғызылған. Олардың айналасындағы бейіттерге кейін, шамамен ХVІ ғасырдан кейін кісілер жерленген. Оған дейін Жошы ханнан басқасының бәрі жалғыз тұрған. Оларды қият-бағаналылар мен Жошының ұрпақтары қорыған.
Сонысымен Ұлытау өзінің ұлылығын бүкіл Евразияға паш ете алмады. Ол саяси құпия тарихи құпияға айналды. «Моңғолдың құпия шежіресінің» түп нұсқасы солай пайда болды деп ойлаймыз. Бұл тек біздің пікіріміз. Қалғанын бір Аллаһ біледі!
Мұхтар Бақытұлы
Сәтбаев қаласы
30.01.2021 жыл
Қырық-Құдық мешіті
Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты қазақ ру-тайпаларын «төмен мәдени», яғни дала аймақтарына ығыстыруды көздеді. Петропавловск, Павлодар, Усть-Каменогорск, Семипалатинск, Верный бекіністері қалаларға айналып, аумақтарында православл шіркеулері мен еврей синагогалар бой көтерді. 1865 жылы Орал, Сібір және Жетісу казактары Ташкентті алысымен, қазақ толығымен өз шаһарларынан айырылды. Ұлы Жібек жолы құлдырап, оның үстінен жоңғар шапқыншылығы оңтүстіктегі қалаларды әлсіреткеннің үстінен, орыс патшалығы жаңа қалалар салып, қазақтарды үйреншікті мешіт-медреселерінен шектетті. Көне шежіре мен Құран-кітаптарына толы кітапханалар, зәулім мешіттер, терең рухани білім беретін медреселер біртіндеп жойылды.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.