
Полная версия
Құдайдан қорқу

Құдайдан қорқу
Бүркіт Темір
© Бүркіт Темір, 2026
ISBN 978-5-0070-4691-6
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Алғы сөз
Бұл кітапшада көбіне өз ойымды жеткізуге тыры- стым. Сондықтан мені қатты сынға алмауға шақы- рамын. Бұл өмірде әркім өз ойын айтуға және жазуға құқығы бар деп санаймын. Сондай-ақ кімде-кімге бұл жазғаным оның сеніміне ауыр тисе, одан алдын ала кешірім сұраймын. Бұл тек менің жеке ойым және жеке өмірімнен алған тәжірибемен бөлісу.
Мазмұны
Ғайып. 1 Раббыңды пәктеу 2 Жала жабу 3 Дұшпаннан қорықпау 4 Ойланбайтын. 5 Шыншылдық. 6 Сырт айналмау 7 Құлшылық ету 8 Жан тәнімен берілу 9 Құдайдан қорқу 10 Міндет 11 Бағыну 12 Аманат 13 Тәуекел. 14 Тура жол. 15 Жақсылық жасау 16 Әділ үкім. 17 Дұшпанды қорқыту 18 Пайғамбарға еру 19 Жәрдемдесу 20 Басқа жолдарға түспеу 21Ғайып
Жас кезімде көп аура беретінмін. Ата-анам бақсы емшілер- ге апарып жүретін. Олар: «тіл көз бар» -деп, су, тұмар т.б. заттарды оқып беретін. Кей кезде келешекті болжап беретін жайлары болатын. Осы күні болжағандары дəлме-дəл бол- ды деп айту қиын. Əрине ол бақсы, емшілер жаман ниеттері болды деп айталмаймын. Жаратушы оларға адам емдеу, көріккелдік қасиет берген. Олар сол қасиетті пайдаланып, барынша адамдарға көмектескісі келеді. Алайда бұл ара- да адамдардың дұшпаны шайтан араласпай қоймайды деп ойлаймын. Өйткені ол көріпкелге сеніп, бір талай топ адам барады. Сондықтан бір талай топ адамды тура жолдан тай- дыру үшін, шайтанға сол бір көріпкелді тура жолдан тайды- ру жеткілікті. Жаратушы: «Күлі аспан əлеміндегі һəм жерде- гі бірде-бір жан ғайыпты білмейтінің. Ғайыпты тек Өзі ғана білетінің» — атап айтады. Сондықтан көріпкел айтқаныңдай болады деп кесіп айту қиын. Тағы бір жай ол біз көріпкелге сенім келтіріп, Жаратушыға серік қосқан боламыз. Бір нəр- сені есте шығармаған жөн деп ойлаймын. Емшілік, көріп- келдік қасиет ол бір құдыретті Алладан. Қай сəтте болсын Жаратушыны еске алып, мақтау айтсақ Жаратушыға серік қосудан алыс боламыз деп ойлаймын. Осы арада жаман ой салушы шайтанда Алланы еске алғанда бізден алыстайды. Оған бір мысал: «Иса» пайғамбар халықты Құдай берген қасиетпен емдегенде, бір талай адам Құдайды еске алып мақтау айтып, тура жолды тапты, ал бір талайы Құдайды ұмытып мақтауды Исаға арнады. Осылайша шайтан олар- ды адасу жолына түсірді. Сондықтан көріпкелдің айтқа- нындай болады деп, не жұлдыз жорамал бойынша болады деп жəне т.б. амалдар арқылы ғайыпты нақты білеміз деп сенбейік. Өйткені ғайыпты бір Жаратушы Алла ғана біледі. Енді əрине біздің жанымыздың əлсіз тұсы ғайыпты білгіміз келеді. Ал бұл біздің əлсіз тұсымыз шайтан пайдаланбай қоймайды, соңы есімізде сақтайық. Қай кезде болсын, бір Жаратушыға сенейік жəне Оған ғана тəуекел етейік!
Раббыңды пəктеу
Осы күндері бес уақыт бес уақыт намаз туралы жалпы ислам діні туралы қарама- қайшы пікірлерді естіп, көріп жатамыз. Бес уақыт намаз туралы Құранда айтылмаған деп те айтып жатқандар бар. Жаратушы- мыз: «Олардың айтып жатқан сөздерге сабыр ет жəне күн шығуынан жəне батуынан бұрын Раббына мадақ-алғыс айту мен пəкте жəне на- маз оқы! Түн кезеңдерінде жəне де күндіз кезеңдерінде де тасбих айт, намаз оқы, əрине сонда разы боласың» — деп бұйырады. Сондықтан сол белгіленген кезеңде Раббымызды еске алып, дұға еткеніміз дұрыс болар. Раббымызды еске алып қана жанымыз тыныштық табады, əрі тура жолдан тайып, адасып кетпеуге себепті болады деп ойлаймын. Осы күндері жалпы ислам діні таралған елдерді, дамыған елдермен са- лыстырғанда, жалпы əлемнің дамуына, экономикасының дамуына қо- сып жатқан үлесі аз деп жатқандар бар. Оған себеп дін, құлшылық бес уақыт намаз көп уақыт алады т.б. себептерді айтатындар аз емес. Мен ойымша оның бір себебі дамыған елдер өз күш қуатын пайдаланып
,сол дамымаған елдердің байлығын пайдаланып, өздерінің дамуы- на жаратып жатқаны бар. Əрине бұдан кейін дамыған елдер өзгенің байлығын пайдаланып дами береді. Бай байлығын жасайды, ал кедей кедейлігін. Байға қолындағы жалшы болып, жатқан кедейдің білімді жəне өзімен қатар болғаны қажет емес, оған тек надан құл айтқанды орындап, арзан жал ақыға жұмыс істегені қажет. Бұны біз бүкіл əлем елдерін қарайтын болсақ болып жатқан жағдай: дінді бұрмалау, бір ел- дің халқын бір-біріне айдап салу т.б. əрекеттер жасалу себебі тек бір мақсат ол ел қараңғылықта жүргені керек. Сонда ғана дамыған елдер, дамымаған елдің дүниесіне, арзан жұмысшысына т.б. игіліктеріне қол жеткізеді. Сондықтан осы күні бес уақыт намаз туралы қозғап жатқаны- на, айтқандарына сабыр етуіміз қажет. Раббымызды белгіленген уақыт- та пəктеп мадақ айтып еске алайық. Сонда ғана жан тыныштығымен шынайы бақытқа жетеміз, əрі Раббымыздың нығметтеріне разы бола- мыз. Тек өзара бөлінбейік. Жаратушымыз өзара бөлінбеуге бұйырған. Тату болайық. Өзара бір-бірімізге сенбеушілік жəне дұшпан көзбен қа- рамайық. Біз бір-бірімізге дұшпан емеспіз, нағыз дұшпан ол шайтан. Бұл əлемде қандай дінді ұстансақта бізде бір мақсат ол өзімізді жаман- дықтан тиып, жақсылыққа бет бұрып, оны ұстану. Жақсы игі амалдар жəне жанның тазалығы Құдай қаласа бізді жетістікке жеткізеді.
Жала жабу
Кей сəтте ойланбастан біреуге жала жаба саламыз. Өзімізді өзгеден аппақ көріп, тілімізбен біреуді масқаралауға дайын тұрамыз. Алайда қанша жала жапсақта, түбтін-түбін- де ақиқаттың беті ашылады. Алланың қалауымен. Сонда ғана біздің ісіміз дұрыс емес, бұрыс екенін жұрттың алдында ап-айқын көрінеді. Көбіне біз біреудің жетегінде кетеміз. Сол жаланы естігенде, сол айтып жатқанға ілесіп кетеміз. Ішкі жан дүниемізді тындамай, Құдайды еске алмай: «бұл айқын жала» -деудін орнына: «а солайма» — деп жала жабушымен бірге қосылып күнəға батамыз. Жаратушымыз: «Арсыз- дықтың күнəнің не екенін де білмейтін, ары мен көңілі таза мүмін əйелдерге зина жасады деп жалған жала жапқандар бұл дүниеде ақыретте де лағынеттеледі, сондай-ақ оларға алапат азап бар» — деп ескертеді. Бұл аят пайғамбарымы- здың (с.а.с) əйелі Айша (р.а) туралы түскен болу керек. Ол кісі бір жол сапарда, жұрттан қалып қояды. Кейін ол кісіні іздестіруге бір жас сахабаны жібереді. Олда көп уақытқа жоғалып кеткен болу керек. Содан біраз уақыт өткеннен кейін екеуі жол сапардағы жұртқа қосылған. Бұны көрген кейбір сахабалар жала жауып, өсек-ғайбат тарата бастаған. Кейін бұл өсек халықтың арасында тарап, Айша (р.а) қиын жағдайға тап болды. Əрине бұл жала деп ақтаушылар бар еді. Басты ақтаушы Жаратушының Өзі болды. Осы аят- тарды түсіріп, Айша (р.а) ақтап шығарды. Сондықтан бізге қандай жала жабылсада түбтін-түбінде ақтаушымыз Жара- тушы. Өйткені Ол бəріне куə. Біз өз тілімен өзгеге жала жа- уып, өз-өзімізге үлкен қасырет тауып алуымыз мүмкін. Бұл қасыретке лекпеу үшін барынша бұдан аулақ болайық.
Дұшпаннан қорықпау
Бұл өмірде бəріде қорқады. Ештенеден қорықпаймын деген жалған ай- тушы. Бір нəрседен қорқудың ұяттығы жоқ. Алайда өз қорқынышымен күре- спеу ұят. Бұл қорқыныштармен адам өмір бақи өмір сүруі мүмкін, немесе осы қорқыныштарымен күресіп, жеңіске жетуі мүмкін. Өмір бақи қорқақ болу неме- се батыр болу, ол біздің əрқайсымыздың өз таңдауымыз. Кейде кітаптардан, теледидардан естіп, көрген батырларды еске аласын. Отан соғысында ба- тыр жандар алған бетінен қайтпай, қаруын қолынан тастамай жан тапсырған қаншама. Кейбір батыр жандарды дұшпанның өзі құрмет көрсетіп, тұтқыннан босатып жəне көмгендерде бар. Қазіргі заманда көптеген адамдардың ерлігі- не тəнті боласын, олар туралы оқып, бейне жазбалар арқылы көріп таң қала- сын. Осы күндері Жаратушы бізге олар туралы көруге, естуге нəсіп етіп отыр. Олардың ерліктері ел ауызында қалып, бізге үлгі болып қалды. Жаратушы- мыз: «Уа сенім келтіргендер! Құдайға сенбейтін дұшпан қолымен бетпе-бет келгенде, жалт беріп тұра қашпандар. Кімде-кім сондай күнде басқа жаққа қа- рай ойысып, қайта шабуыл жасауды немесе өзге жасаққа қосылуды көздемей оларға ту сыртын беріп тура қашатын болса, Құдайдың қаһарына ұшырайды һəм ақыр соңы баратын жері жаһаннам болады» — деп қатты ескертеді. Сон- дықтан біз шыбын жанымызды сақтап қаламыз деп, қашатын болсақ, керсін- ше сол жанымызды құрдымға итереміз. Иса пайғамбар айтқандай: «Кімде-кім өз жаның сақтап қалуды ойласа оны əлбетте жоғалтады». Қаншама адамдар дұшпанынаң қорқып қашқан, өз елін сатқандар, халықтың лағынетіне, қарғы- сына ұшырады. Өз еліне қара бет болған жан, бəлкім өмірінің соңына дейін адамдардың жаман көз қарасына тап болуы мүмкін. Бұл оның осы дүниедегі жазасы, ал ақыреттегі жазасы не екенін бір Құдай біледі. Мен 11 сыныпты тамандап жатқанда, əкем мені əскери институтқа оқуға орналастырмақ бол- ды. Онда менің нағашы ағам жұмыс істейтін. Менде іштей əскери қызметті қаламадым, əрі қорқыныш болды. Бұны əкеме жəне туған-туыстарымма айта алмадым көңілдерін қалдырам ғой деп. Əкем 11сынып бітіргенімді көре ал- май өмірден озды. Ауырып жүрген еді, ауруы ракқа ұласып кеткен екен. Бұны біз кеш білдік. Бұл жылда мен оқуымды дұрыс бітіре алмадым. Əскери институтқа түсетін балды жинай алмадым. Бірақта нағашы ағам мені келесі жылы əскери институтқа түсірмек болды. Сондықтан бір жыл оқып дайында- луға маған нұсқау айтты. Бір жылдан соң əскери институттың казармасында үміткер болып орналастым. Сол институтта тест тапсырып курсант болу тиіс едім, бірақ екі-үш күндей əскери өмірді көрген соң, кетуге шешім қабылдадым. Нағашы ағам бір талай ақылын айтып, қалуға көндіріп еді, алайда мен көн- бедім. Осылайша қара бет болып, елге қайттым. Кейін бір талай уақыт өткен соң, өз қорқыныштармен жеңіп, əскерге барып, өз борышымды өтедім. Осы күні ойласам, сол күндері өз қорқыныштарымды жеңсем, бəлкім бəрі басқаша болар ма еді. Бұл күндері офицерлік шенде қызметімді өтеп жүрерме едім, оны бір Жаратушы Алла біледі. Сондықтан қорқынышты ойларды салушы шайтанға ермейік, бір Жаратушыға сенейік.
Ойланбайтын
«Ертелі кеш құлшылық еткенімен, мен Жаратушының аяттарын, оқығанда ойланып, жүрекке түйюші болдым ба?» — деп кейде іштей өз-өзіме сұрақ қоя- мын. Əрине орынды сұрақ. Өйткені кей амалдарым, Құдайға сенген адамның амалына ұқсамайды. Қалай күнə жасадым, солай жасаушы болып қалатын жайым бар. Осыдан кейін: «Егерде мен Жаратушының аяттарын жүрегіме қон- дырып, ақылға салсам, бəлкім мен мұндай күнə жасаушылардан болмас па едім» -деген ойға келесін. Жаратушы бізге: «Құлақтарына кірген сөз жүректері- не қонбаса да, „естідік“ деп айтқандардың кебін кимендер. Өйткені тіршілік иелерінің ең жаманы-ақылға салып ойланбайтың керең мылқаулар» -екенін атап ескертеді. Осыған орай бір бейне жазба есіме түсіп отыр, осы күнде. Бір жас жігіт таң-ата жұмысқа бара жатып, игі амалдар істейді. Жол жөнекей біре- удің гүл құмырасын суарады. Жолда қайыр сұрап тұрған ана мен қызға əмиян- дағы бар ақшасын береді. Арбасын сүйреп бара жатқан қарт əйелге көмекте- седі. Түскі асын қанғырып, жүрген итпен бөліседі. Кешке қарай үйіне келгенде көрші қарт əйелдің есігіне білдірмей, жемістерді іліп кетуші болады. Жатарда барынша жан тəңімен сəждеде Құдайына құлшылық етеді. Ол будизм дінін ұстанушы. Бұл адамның амалдарын көріп, ол ислам дінің ұстанбаса да, то- зақтық болуы мүмкін емес деген ойға келдім. Йə бəлкім көпшілік менің ойыма қарсылық білдірер. Алайда біз қандай дінді ұстансақта бастысы Жаратушы- мызға игі амалдармен жəне таза жүрекпен қайту деп ойлаймын. Əрі барша пайғамбарлардың шақырғаны: ол жаман істерден, жаман ойлардан айырылу, тек жақсы амалдарға тырысып талпыну жəне жақсы ойларды жүрегімізге қоң- дыру болу керек. Өйткені бұл дүниеде жақсылықпен игілікті егсен, ақырет- те оратының сол болмақ. Ал енді жамандық болса, оратының сол жамандық болмақ. Ешкім кінəлі емес, біз өз-өзімізге қиянат жасаушымыз. Міне осыны пайғамбарлар ескертпек болды білем. Жаратушының аяттарын ойланып оқи- тын болсақ, міне осы негізге тап боламыз. Бұл пайғамбарлар Жаратушыдан əкелген ілімді, қай заманда болсын өз пайдасына асырған адамдар болған жəне бола береді. Өйткені дін ол адамдарды басқару, бағындыру құралы жəне табыс көзі. Осылайша біз көпшілігіміз сол адамдардың жетегінде кетеміз. Бір- бірімізді тыңдамай, біздікі дұрыс деп, өзгенікі бұрыс деп жүрген жайымыз бар. Мен- мендік бізді билеп алды ғой деп ойлаймын. Бұл жерде шайтанда бос қарап қалмаған болу керек. Осы күні көріп жатқан əр түрлі дін өкілдері, бір дін ішінде тармақталып бөлінуі, əр түрлі құлшылықтар, адамдардың бөлінуі, бір-біріне жат болуы, бір-бірімен дін үшін соғысып қақтығысуы т.б. амалдар, бұл шайтанның сыбырлауымен пайда болған амалдар болса керек. Алайда қай дінді алсақта, ішінде ақиқаты да бар, жалғаны да бар. Сол ішіндегі ақиқат бізді сол дінге ертіп, əкетеді. Ал бұл ақиқатты Жаратушы бізге əрқайсымыздың шыбындай жанымызға, ол бастан құйып қойған. Бізге тек жүрегімізге үңіліп ойлану керек. Бəлкім сонда ғана дінімізде қай жері жалған, қай жері ақиқат екенін, танып білеміз.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

