Алтын кебіс. Ертегілер
Алтын кебіс. Ертегілер

Полная версия

Алтын кебіс. Ертегілер

Язык: Русский
Год издания: 2026
Добавлена:
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля

Алтын кебіс

Ертегілер


Гүлнара Жомартова

© Гүлнара Жомартова, 2026


ISBN 978-5-0070-3509-5

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Мазмұны

Әппақ қоян 4

Алма 7

Баспалдақ 8

Бауырсақ қалай аң патшасы атанды 9

Гүл мен жаңбыр 12

Алтын кебіс 13

Жапырақтар 15

Бақытсыздық бақыттан қалай қашты 16

Әткеншек 17

Мысық пен тышқан 19

Піл мен есек 20

Ит пен үйрек 21

Алтын жүнді ешкі 22

Алтын жаялықты бала 23

Әлін білмеген әлек 24


Әппақ қоян

Бір күні әппақ қоян шалшыққа құлап түсіп, аяқ астынан қап-қара қоян болып қалыпты. Қоян орманда жылап келе жатса, алдынан түлкі шығыпты.

— Неге жылап келе жатырсың қоян? — деп сұрапты түлкі.

Қоян болса «Шалшыққа құлап қалдым ғой», — депті жыламсырап.

— Бар болғаны сол ма? Жылама, жүр, біз бірге өзен тауып алайық. Суға түсесің де, бірден қайтадан әппақ қоян болып шыға келесің, — деп жұбатыпты оны түлкі.

Қоян мен түлкі екеуі келе жатса, алдарынан борсық шығыпты.

— Сендер қайда бара жатырсыңдар? — деп сұрапты борсық.

— Қоян шалшыққа құлап, үстін былғап алыпты, соны жууға өзен іздеп бара жатырмыз, — депті түлкі.



— Мен де сендермен барайыншы, менің де суға түскім келіп тұр еді, — депті борсық.

Сөйтіп, қоян, түлкі және борсық келе жатса, кенет аспанды бұлт торлап, найзағай ойнап, жаңбыр төге жөнеліпті. Түлкі мен борсық жүгіріп барып ағаштың астын паналапты. Қоян болса жаңбырдың астында тұра беріпті.

— Қоян, бізбен бірге жүр, әйтпесе жаңбырдың астында қаласың, — депті түлкі оған.

— Жоқ, мен су боламын деп қорықпаймын, жаңбырдың астында тұрып-ақ жуынып аламын, — депті қоян.

Сөйтіп қоян суға түсетін өзенді іздеп әуре-сарсаңға түспей, жаңбырдың астында тұрып-ақ қайтадан әппақ қоянға айналып шыға келіпті.

Алма

Кірпі орманда келе жатып, жерде жатқан бір алманы тауып алыпты. Алманы көріп қуанып кеткен кірпі: «О мына алма жақсы болды ғой, өзі үлкен алма екен, бірнеше күн тоқ жүретін болдым», деп оны арқасына түйреп алып, ініне қарай беттепті. Осы кезде кірпінің алдынан есек шыға келіпті:

— Кірпі, қайда барасың? — депті есек.

— Ініме барамын, — деп жауап беріпті кірпі.

— Ал алманы қайдан алдың? — деп сұрапты есек.

— Орманнан тауып алдым, — деп жауап беріпті кірпі.

— Бұл менің алмам ғой, алмамды қайтарып бер, — депті бір қулық ойлаған есек.

— Алманы мен тауып алдым ғой, ол қалайша сенің алмаң болады? — деп таңқалыпты кірпі.

— Кеше мен түсіріп алған едім, — депті сонда есек.

Есектің қулығын түсіне қойған кірпі:

— Онда алманы сен кеше түсіріп алған жерге қайта апарып қояйын, сен сол жерден аларсың, — депті.

Есек болса, не дерін білмей сасып қалыпты. Сөйтіп, есектің өтірігі шығып қалыпты да, кірпі алманы өзінің ініне алып кетіпті.

Баспалдақ

Бір күні баспалдақтың әрбір сатысы бір-бірімен айтыса бастады.

— Бәріңнен де мен маңыздымын, — деді бірінші тұрған саты: — Өйткені, мен болмасам сендерге ешкім міне алмас еді, бәрі ең алдымен аяғын маған қояды, — деді.

— Жоқ, мен маңыздымын, мен болмасам адам екінші аяғын қайда салар еді, — деді екінші баспалдақ.

Үшінші баспалдақ болса:

— Сендерді ұстап тұрған мен болмасам, не болар едіңдер, — деді.

Сөйтіп, біртіндеп баспалдақтың барлық сатысы бір-бірімен айтыса жөнеліпті. Мұның бәрін естіп тұрған баспалдақтың тірегі басу айтып, әрқайсының өз орны, өзінің атқаратын қызметі, өзінің маңызы бар екенін түсіндіруге тырысыпты. Алайда, өзеуреп бірін-бірін тыңдамаған сатылар оның сөзін тыңдай қоймапты.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «Литрес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Конец ознакомительного фрагмента
Купить и скачать всю книгу