ŠÎĞARMAŠÎLÎM
ŠÎĞARMAŠÎLÎM

Полная версия

ŠÎĞARMAŠÎLÎM

Язык: Русский
Год издания: 2026
Добавлена:
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля

ŠÎĞARMAŠÎLÎM


Nariman Nurtoleu

© Nariman Nurtoleu, 2026


ISBN 978-5-0069-0704-1

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

NARIMAN NҰRTӨLEU

ŠǏĞARMAŠǏLǏĞǏM

жазушы

НАРИМАН НҰРТӨЛЕУ

жеке әндер, өлеңдер, тақпақтар, мақалдар аудармалар жинағы

АЛҒЫ СӨЗ

Өзінің арманы мен мақсаты үшін бірде-бір қадам баспаған адамдардың қаншамасы солай мәнсіз құр өмір сүріп, тұрмыстық тіршіліктен шыға алмай, елге аты шықпай, мәңгілікке арманына қол жете алмай кетті.

Негізі армандар адамдардың бала кезінен қанаттарын қақтырып, алға қарай жетелейді дейді. Құдайға шүкір, бұл өмірде армандау тегін. Бұл дүниеде әр адам баласы өзінің өмірдегі орнын тапса бір жөн. Ал таппаса ше? Онда не істейді? Өзінің орнын тапқан адамдар, бұл өмірде бақытты шығар иә, шіркін-ай.

Шыны керек мен арнайы жазушы, не сценарист, не болмаса комикс әлде манга жазушысы болу мен үшін үш ұйықтасам да арманымда да мақсатымда да болған жоқ. Бірақ бала кезінен хобби ретінде өзінше сурет салатынмын, кішігірім шығармалар жазатынмын, мектепте өзім ватман қағазға стен-газеталар құрастырып сызып салатынмын. Кейінірек, бірақ өзім түсінбеймін қалай, бұл жазғандарымның бәрі ұсақ-ұсақ мәтіндерден толық ауқымды туындылар шыға бастады. Бастауышта балаларға арналған бейнелеу өнерінің курсына үш ай жазғы демалыста барғанмын. Неге суретші болмадым, сол күйі белгісіз. Суреттерімде көбінесе тірі табиғатты, жануарлар әлемін, ғарыштық кемелерді бейнелейтінмін. Айтпақшы иә менде бала кезімде ғарышкер болғым келді. Ғарыштық кемемен Құс жолын кезіп, тұрлі-түсті әлемшарларды (планеталар) аралап, бүкіл ғаламды (вселенная) саяхаттап ұшқым келді. Тағы бір айта кетерлік жайт, автокөліктердің суреттерін журналдардан, газеттерден қайшымен қиып дәптеріме желіммен жабыстырып жинайтынмын. Және сосын болашақтағы ғарыштық кемелерді де құрастыруды жақсы көретінмін. Білмеймін өзіме қатты ұнайтын. Тағы президент болуды армандайтынмын. Бірақ ешбір арманым әзірге орындалған жоқ.

Неге шығармаларыңды ертерек баспаға беріп шығармадың деушілерге айтарым, қайталап айтамын мен жазушы болуды армандамадым және өз-өзімнің қабілетіме, тәжірибеме сенімді болмадым. Сондықтан да мені қатты сынға алып сөкпеңіздер. Бірақ маған бәрібір, мен өзім үшін солай қаладым және солай жаздым. Бұл өмірде елдің бәрінің пікірін тыңдай берсең, одан өмірде ештеңеге жетпейсің. Оданша шама-шарқың келгенше өзің үшін өмір сүр.

Менің ең басты және ең шынайы ынталандырғышым (мотиваторым) ол менің өліммен бетпе бет келгенде пайда болды. Өлім аузында үш-төрт рет болғанмын. Кішкентай кезімде батып кеттім, мектеп оқушысы кезінде этажкадан құладым, кейін студент кезімде сабақ жұмыс сессия деп жүрегім шыдамай автобуста құлап түстім, одан соң тағы жұмыстан үйге келе жатқанда ұшып түстім. Былай енді ауызбен айту оңай, бірақ ол кезде шыны керек қалжыңдайтын хәлде болмадым. Сондықтан «ертең жастай өліп қалсам не болады екен, онда армандарым мақсаттарым бітпей қалса не болмақ, әлі алда қаншама жасалынбаған іс-шаралар бар» – деген ойлар мені күніге мазалайды. Ал оған дейін жүре бергенмін ғой, жаңағындай өмір бойы жас боламын деп, қайдағы иә саған. Өлімді өзіңнің тұла бойыңмен сезінбегенге дейін, өмірдің қас қағым сәт қысқа екенін түсінбейсің.

Менің жазғанымды түсіне алмай отырсаңыздар, мені түсініп қажет емес. Білемін маған көбісі психологқа барсын дейді, бірақ психологқа барсаң өзіңді жынды қылып тастайды. Кей-кезде психологтардың өздеріне психолог қажет ау деймін.

Жалғастыра кетейік, содан кейін енді өскенсін, универде заңгерге оқып жүргенде, киноға қызығушылығым артты. Миымда бір керемет қазақша кинолар түсіру туралы ойлар басым болды. Тіпті санамды жаулап алды десе де болады. Бір кездері универді бітірген соң киномен ауыра бастадым. Актер боламын деп соттағы жұмыстан шығып, массовкаларда түсе бастап, одан ары эпизодтар да, кейін уақытымен келе-келе неше түрлі рөлдерді сомдап түстім. Бірақ шыны керек бұған дейін кітап жазу, кино түсіру тіптен ойымда болмапты. Әйтеуір өмірдің өзі мені соған басынан бастап итермелей берді ма, әй білмеймін, бірақ ол туралы еш өкінбеймін. Болар іс болды, бояуы сіңді.

Содан әлгі өзім кино түсіруге бет бұрдым. Ол кезде енді жұмыстеп жүрмін, жұмыстан ты бос уақытта жаңағы съемкасына түсіп қоямын, бірдеңе бірбәле көріп үйреніп жүрмін. Соның арасынша, басымда идеялар бүлкілдеп сорпа сияқты қайнап, ет пісіп жатыр, ақырындап сценарий жазуды үйрене бастадым. Қысқаметрлік фильмдерде өзім түсіп, өзім соларға сценарий жаздым, енді режиссер болмадым, операторда болып қатырмадым, бірақ мен үшін соның өзі кішігірім прогресс болды. Енді болашақта не боларын ақтарып айтпай-ақ қояйын, шынымды айтсам өзімде білмеймін, бірақ енді мүмкін толықметрлік қазақ тілді киноны да түсіру топшалай болып қалар. Мен соған үміттенемін.

Негізі бұл жазған шығармаларымның бәрі 2015-те шығу керек болған. Бірқатар қаржылай қиындықтардан кейін сол күйі қалды. (мен енді жас кезімде ақшаны ұстай алмайтынмын, үнемі бірдеңеге жаратып қоятынмын, енді шыны керек адам деген көрсеқызар жыртқыш ғой, бәрінде зат болса сол зат сенде де болса ғой деп армандайсың шіркін, бірақ басқалар өз ақшасына алады, ал мен болсам банктен несиеге аламын, қазір енді қарасам, сол өміріңе қатты керек емес әншейін заттар екен ғой, болмайтын нәрселер үшін қарызға батқанша, оданша қарызға батпай, жұмыс істеп өз ақшаңа алғаның абзал екен, бірақ уайымдамаңыздар, банктен алған несиелердің бәрін жаптым). Сосын 2020-да шығарайын деген кезде, Ковид-19 болған соң тағы солай қалды. Одан кейін былтыр 2025-ші жылы ақыры бәрін бітіріп, жөнге келтіріп, шығаруға дайын тұрған, бірақ отбасымда болған қайғылы жайттан соң бәрі жайына қалды. Сонда да ештен кеш жақсы демекші, биыл осындай электрондық форматта шығаратын болдым.

Шын айтсам кітап жазудың өзі оңай нәрсе емес. Егерде кітап оқымасаң, білім ізденбесең, сөздік қорыңды көбейтпесең, ол тіпті одан екі есе қиын. Бірдеңе жазу үшін, басыңда қандай да бір білім, сөздік қорың болуы шарт. Және де бастапқы да елдің қолдауы болмаса да ары қарай талпыну керек (мен өзім қарапайым жұмысшы отбасынан шыққанмын. Біздің әулетте ондай өнерпаз жазушы деген атымен жоқ. Біздің отбасыда ондай нәрсені анша түсінбейді. Оларға өз қиялында шатқып жүрген бала керек жоқ, оларға нақты жұмыс істеп ақша мен нан табатын еркек керек. Сондықтан да сол жағынан бірталай түсініспеушіліктер де көп болды.)

Өз тәжірибемнен ұққаным, ең алдымен өз-өзіңе деген сенім ауадай қажет екен. Өмірде өз-өзіңе арқауда, қолдауда, тіреуде, тіпті керек болса өзің папа, өзің мама боласың.

Екіншіден өз-өзіңе деген қатал тәртіптің (дисциплина) болуы қажет. Мен мынаны істей алмайтын. Мынау мен үшін тым қиын. Шыны керек өзіңді тәртіпке келтіру деген, ішті пыстыратын нәрсе.

Адам өз-өзін күнделікті тәртіпке үйрету керек. Мен негізі басқа нәрсені қалаймын – деген сылтауларыңды ырбимай бір жеріңе тығып қой. Істегің келеді ма – істе, істегің келмейді ма – онда босқа уақытты рәсуа ғылма. Адам өз өмірін өз қолына алып, өз өмірі үшін жауапкершілікті толықтай өз мойнына алған сәттен бастап қана шынайы өзгереді. Асыра сілтеп айтсам, ғафу өтінем қазақшама айып етпессіздер.

Үшіншіден, әрине бұл өмірде біздің қолымыздан келмейтін, біз шеше алмайтын проблемалар және біз әсіресе ешқашан күтпеген проблемалар, әрі бізге ыңғайсыз уақытта, қолайсыз кезде келетін проблемалар, ондай ондай өмірде болып тұрады. Ондай кезде әлбетте бір Құдайыңнан қолдау сұрап жалбарынасың. Бірақ кейбір-кезде олда көмектеспеуі мүмкін. Оған да ренжуге болмайды. Өмірде ешкімге ренжудің қажеті жоқ. Бәріне ренжи берсең бір күні күйбеңшілдіктен күйзелесің де кетесің. Өмір сол үшін тым қысқа. Не істейсің енді, болғанды бардай қабылдайсың да, ары қарай түк болмағандай өмір сүресің. Әйтпесе басқа амал жоқ. Бірақ адам да егерде кәдімгідей өмір сүруге құштарлығы оянса, жай ғана сандалып өмір сүру үшін емес, шынайы өмір сүру үшін, ертелі-кеш адам ол шектеулер шығады.

Әрине бұл тек бастамасы ғана. Әлгі айтады ғой, басы ащы болса, арты тәтті болады – деп, сол сияқты бұл тек жай ғана бастама емес, бұл нағыз жақсылықтың бастамасы деп есептеймін. Ал қазір халыққа ұнайды ма, не болмаса халыққа ұнамайды ма оны әлі уақыт көрсете жатар. Бұны ары қарай бізден кейінгі келешек ұрпақтар шешеді.

(Ескерту: Барлық авторлық құқықтар толықтай өзімдікі.)

ТУҒАН ЕЛІМ ТУРАЛЫ

(өлең шумақтарым)Қазақ елім біздікіҚазақ жерім біздікіКөк аспаны біздікіАсқар тауы біздікіСай-саласы біздікіКең даласы біздікіГүлмен шөбі біздікіСоққан желі біздікіТолған теңізі біздікіӨзен-көлдері біздікіОттың шоғы біздікіЖер жырағы біздікіАққан бұлағы біздікіТас-топырағы біздікіАттың пырағы біздікіКөздің қырағы біздікіКүн ай жарығы біздікіҚоңыр күздеу біздікіӘппақ қыстау біздікіКөкше көктеу біздікіЖасыл жайлау біздікіҰшқан құстары біздікіОрманмен аңы біздікіӘдеп-ғұрпы біздікіСалт-дәстүрі біздікіЖас жалыны біздікіҚарт-қариясы біздікіЖеті қазынасы біздікіБарлығы түгел біздікіТуған елімнің иісіӨз елімнің әр шетіАлақандай әр жеріАрпа, бидай, тарыЖаңа піскен наныСамал сергек ауасыАуыл аймақ қаласыӘр өңірдің тұрғыныӘр адамның ыстығыӨлеңі, үні, жырлауыАтқан батқан әр күніҚазақтың бар болмысыОсының өзі барлығыТуған елім, туған жерімОсының бәрі біздікі

«ЖАС ҚАЗАҚ»

Біз еліміздің жастарыЕңсеңді көтер достарыЕлді қорғау борышыӘр қазақтың парызыБалалардың қуанышыЖарқыраған жұлдызыЖас буыны болашағыМен елімнің жас қазағыҚайырмасы:Қазақ елім, ыстық мағанСен туралы ән жырлаған,Жас қазағың сенің балаңМенің жаным, адал сағанҚазақ елім, ыстық мағанБіз сарбаз болар қорған,Жас қазағың сенің балаңМенің жаным, адал сағанАта-бабамыздың қаныКең байтақ туған жеріңӘр қазақтың ұлы отаныТуып өскен жайсаң еліңСәулелі күннің шуағыБіз еліміздің жас ұланыҚазақты қолдар аруағыМен елімнің жас қазағыҚайырмасы:Жалындаған жанарыБұл жастардың ұраныЕлдің қайсар жандарыҚаһарманның қыраныҰлы даланың тұлпарыЕжелгі қасиетті пырағыҮміт оты халық шырағыМен елімнің жас қазағыҚайырмасы:(мектеп кезіндегі бітпей қалған әндерім)

«ТҰМАРЫМ»

Жанарың сенің мөлдірегенАжарыңа көзім тоймайды екенСені аңсадымСені күтіп едімСен менің мойныма таққан тұмарымҚасымда мәңгі қолыстасқан серігімҚайырмасы:Қайда жүрсіңКөрінбейсіңСен жүрегімде соғасыңМен сені жаным күтемін

«СҰЛУ ҚЫЗ»

Көше бойын кезіп барады бір сұлу қыз

Жан-жағына қарамайды бұл не құлқыңыз

Сізбен танысқым келеді сәл тоқтаңыз

Әй қарындас тыңдаңызшы ұнадыңыз

«ҮМІТ ОТЫ»

Үміттенем үміттенем үміттенем үміттенем

Үміттенем келер әлі біздің көктем

Үміттенем үміттенем үміттенем үміттенем

Жаным еркем мен тек сені сүйем

«ЖАЗҒЫ САМАЛ»

Жаздағы күннің жылуыКөшелермен келемінМен тек сені сүйемінЖайқалған гүлшоғырыОсының бәрі аруымТек саған ғана жанымТаныстыққа баулайдыСенің көзіңнен көремінТек сені мен аңсаймынЖүректе оттай лаулайдыМенің саған сезімімТек маған сенші жаным

«САҒАН АРНАУ»

Неткен көркемсің қызбала

Қараймын саған тамсана

Гүлге жайқалған гүлдала

Келдім да саған жаңа ғана

Қайырмасы:Бара жатыр қинапБара жатыр қинапБара жатыр қинапКөкіректіБара жатыр қинапБара жатыр қинапБара жатыр қинапСүлдем меніЕшбір ару тең келмейдімаЖүрегімдесің тек сен ғанаЕшкім білмейді өзің тыңдаӘнімді арнадым саған ғана

Қайырмасы:

«МЕН СЕНІ СҮЙЕМ»

(бірінші нұсқасы)Қара бұлт, қара бұлт кетті-ауАртынан қайта күн шықты уауОсы сәтті есіңе сақтап қалБұдан былай қайталанбас біздің балБақыттан басымыз айналды-ауЕкеуміздің әңгімеміз жарасып тұр-ауСенің әсем нәзік жүзіңненАйналдым сүйкімді күлкіңненБолшы жанымда әрқашанКетпеші өтінем ешқашанҚайырмасы:Мен сені сүйемМен сені сүйемМен сені сүйемСүйем жаным жанымҚолымнан ұсташыҚұшағыңа алшыЕрнімнен сүйшіЖаным меніңБарамыз, барамыз екеумізҚолыстасып өмір бойы келемізБақытты сәттерге ес толыКеше ғана танысқан сияқтыБақыттан басымыз айналды-ауЕкеуміздің әңгімеміз жарасып тұр-ауСенің әсем нәзік жүзіңненАйналдым сүйкімді күлкіңненБолшы жанымда әрқашанКетпеші өтінем ешқашанҚайырмасы:

«МЕН СЕНІ СҮЙЕМ»

(екінші нұсқасы)Жайма шуақты күндерімБақытты сәттерге толыКездесуге асығысЖүректердің дүрсіліБұл ашушаң замандаОңай емес мен білемінСонда да сен мойымайСанаңмен мені тыңдаҚайырмасы 2-рет:Мен сені сүйемМен сені сүйемМен сені сүйемЖаным сүйемМөлдір бұлақты сезімімТек қана сен үшінҚарайлап қоймайсыңБаурап алдың, көңілімді сенБұл ашушаң замандаОңай емес мен білемінСонда да сен мойымайЖүрекпен мені тыңдаҚайырмасы:

«ЖАЙ ӨЛЕҢ»

Қоңыр салқын тағы өңге ұрып тұр

Жайсаң сүлдем алаңғасарлап жүр

Бозалт (қыс) еріп кейін шаңқай (жаз) шығады

Естен кетпес сенімен болған мезет


Неге солай солай солай

Жаным шыдашы бекем болғай

Неге солай солай солай

Аспанға ұшамыз екеуміз самғай

Қайырмасы:Ала бұлт аспандаҚара суық даладаАқша жоқ қалтамдаОууу жаным мұңаймаҮмітім барындаКеледі уақыттаӨтеді қиындықтаОууу бақыт қолымдаТағдырдың тәлкегі бізбен ойнайдыЕкеуміз арамызда сезім қалмадыҚанша ауыртса жүрегім саспайдыМаңдайыма жазса менікі қашпайдыНеге солай солай солайЖаным шыдашы бекем болғайНеге солай солай солайАспанға ұшамыз екеуміз самғай

«КӨЗҚАРАС»

Жаңбыр баяу

Қоңыр суық

Сезім ояу

От былымық

Қарайсың сен, назданамын мен

Қарайсың сен, назданамын мен

Қарайсың сен, қарайсың сен, қарайсың сен

Қарайсың сен, қарайсың сен, қарайсың сен


Қайырмасы:

Қараймын мен көздеріңе

Аймалап айтқан сөздеріңе

Көңіл күйім онша емес

Айым оңынан туар емес

Қайда кетті аңсаған күндер

Біз санаған жұлдызды түндер

Сүйтетұғын сен мекендеген

Білмеске мен кеттімбе екен


Уақыт алтын

Күміс тұмар

Қара салқын

Жеміс құмар

Қарайсың сен, назданамын мен

Қарайсың сен, назданамын мен

Қарайсың сен, қарайсың сен, қарайсың сен

Қарайсың сен, қарайсың сен, қарайсың сен


Қайырмасы:

ЖОҚШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

Ақша жоқ мендеНе істеймін ендіОтырып ойланайынБір Құдайдан сұрайынМүмкін бередіМүмкін бермейдіБірақта білгенің жөнЕңбексіз ештеңе болмайдыЕңбек етпей қарның тоймайды– — –Қалтамда көк тиын жоқЖүрмін сандалып, әсірәпәндөз бопЕнді не қылайын? Не қыл дейсің сен?Саған жаным гүл алайын десемАқшам жоқ, ақшам жоқМен қай бетіммен қараймынСенің сұлудай нәзік жүзіңе– — –Ұятай бетім-айСенімен кездесуге ұяламынКелмейін десем, сонда да сен қоймайҚоймайсың кел деп сөзіңе тоймайБәрібір келсей дедің сенСүмірейіп сүпсиіпБасымды түсіріп келдім менСол кезде басқа маған сененЕшкім керек емес дедің сен
– — –

«ҚАЗАҚ ЕЛІМ, ҚАЗАҚ ЖЕРІМ»

1) Маңдайымнан тер ақса да

Білегімнен қан ақса да

Тәуелсіздік бәрі сен үшін

Бар бақыттың тұғыры сен

Жан бағымның ғұмыры сен

Ұранымыз – бірлік, татулық

ҚайырмасыҚазақ елім, қазақ жерімБейбіт өмір – туған елімБірлік туын берік ұстарҚазақ елім, қазақ жерімӘр қазақтың, жүрегісің сенХалқымыздың, тірегісің сенБейбіт сыйлар, ұлы отанымҚайсар мінез, ар-ожданымСүйем сені, Қазақ елім2) Құт береке хан ордамызМарқаямыз мақтанамызАсқар таудай биік ҰлыдалаЕл ертеңі қадам болсынБолашақта аман болсынТәуелсіздік көшін бастаған

Қайырмасы

3) Сан ғасырлар, сан арыстар

Жан берісіп, жан алысқан

Тәуелсіздік сенің жолыңда

Ел сенімі, үміттері

Қазағымның кемеңгері

Тәуелсіздік сенің арқаңда

Қайырмасы

«СЕН ЖАЙЛЫ»

Сенің нұрлы жүзіңненКөремін бақытты өмірдіСенің әрбір сөзіңненКүй естілер көңілдіКүндей шалқып күлгеніңБір бақыттың белгісі ғойСен мен үшін өмір сүргеніңОдан асқан бақыт жоқ қойҚайырмасы 2-рет:Сол себепті мен саған ғашықтайынЖүрегімнен жанымнан жыр жазайынҚұлағыңа сыбырлап сыр айтайынСеніменен қосылып қалықтайынЖайма шуақтай күле берАқмаңдайлы алма торқамСаған сірә тең келерЖер бетінде барма қалқамКүндей шалқып күлгеніңБір бақыттың белгісі ғойСен мен үшін өмір сүргеніңОдан асқан бақыт жоқ қой

Қайырмасы:

«СЫНЫПТАСЫМ – ЖАН ДОСЫМ»

1) Есіңде ме алғашқы,

Қоңыраудың сыңғыры

Сол сыңғырға жалғасты,

Келешектің бір сыры 2 рет


Қайырмасы:

Қылығыңның барлығын,

Көңілімде қалдырдың

Сені қалай ұмытам,

Сыныптасым жан досым (2реттен)


2) Балалықтың кезінде,

Меніменен достастың

Сол алғашқы достықпен,

Келмейді ғой қоштасқым 2 рет

Қайырмасы:3) Жылдар өтті мектепте,Артта қалды балалықМұңаймашы сен текке,Бірге оқуға барайық 2 ретҚайырмасы:

«ҚАМАРСҰЛУ»

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып толып тұрған сәні қандай

Еріткен іш-бауырынды көзі қандай,

Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп

Жайтаңдап жан күйдірген жүзі қандай


Қайырмасы:

Сұлу Қамар, Сұлу Қамар,

Сені ойласам, сені ойласам, ішім жанар

Жаным Қамар, Жаным Қамар,

Үлбіреген ерніңнен сүйсем, мейірім қанар

Қамарсұлуу

Қамарсұлууууу

Қамарсұлуу

Қамарсұлууууу


Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып,

Бойының мінсіздігі содан асып

Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді,

Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып

Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі,

Қайнамас оны көрген кімнің іші

Есінен екі-үш айда әрең кеткен

Талайы бозбаланың болған ғашық


Қайырмасы:

Сұлу Қамар, Сұлу Қамар,

Сені ойласам, сені ойласам, ішім жанар

Жаным Қамар, Жаным Қамар,

Үлбіреген ерніңнен сүйсем, мейірім қанар

Қамарсұлуу

Қамарсұлууууу

Қамарсұлуу

Қамарсұлууууу

АЛМАТЫ ТУРАЛЫ

Алматым менің АлматымСен неткен керемет едіңАсқар таулы туған қаламЫстық маған әрбір жеріңАлматым менің АлматымАсқақтаған тұла бойыңЖүрегімдесің қазынамАңсайды сені ғашығыңАлматым менің АлматымСөз жетпейтін сәулетіңЕң алғашқы махаббатымКөз тоймайтын сұлулығыңАлматым менің АлматымБас қаласы ҚазақстанныңЕшбірі жетпей таңқаламАқ шыңдарына АлатаудыңАлматым менің АлматымКөңілашар қалам меніңЖасыл орман жайқалғанГүлге толған көшелеріңАлматым менің АлматымКөк-Төбеден қарап сағанТамсанамын, сүйсінемТынымсыз қайнап жатқанАлматым менің АлматымЖарқырайды жарықтарыңТалай өтті жақсы түндерімҚарбаласқан шу күндеріңАлматым менің АлматымҚыста қарлы, жазда жайлыБикештің әйбат көркемАлматының сән ауа-райыАлматым менің АлматымКімдер не десе о десінЖетпейді саған ешқашанСүйер қайсыбір көргенің

АУЫЛЫМА

Балдәурен балалық шағым

Өтті сенімен Ақтүбегім

Атам мен апамның жылуан

Көрдім сенімен Ақтүбегім

Әкемнің туып өскен жерін

Есіме түсірдің Ақтүбегім

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «Литрес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Конец ознакомительного фрагмента
Купить и скачать всю книгу