
Полная версия
Іштегі әтір. Мен әлемді жақсырақ орынға айналдырғым келеді және қолымнан келгенін бәрін жасайтын боламын!
ғұлама адамға айналады! Себебі: білімнің түбі жоқ! Бәрі дамып жатқанда бір орында тұрған ақшадай инфляция жеп қояды!
Күндердің бір күні банкрот болсаң, ақшан жоқ болса, Анаңнан басқа ешкім қол ұшын бермес! Тіпті Анаңда сені ойлап «Жұмыс тап!» дер.
Тоғызыншы көк сөз (Мойыма)
Кім қатты жарқырап жанса, соғұрлым ерте сөнеді! Дәл сол секілді түнек тым қараңғы болса, соғұрлым сәл жарық, жарқырап жанып, ерекше көрінеді. Адам қандай керемет болса да, ол да біреуге ұқсағысы келеді. Қарсылас жеңу оңай болса, ол қарсылас емес, ал сенің жеңуің қиын болса, ол шынайы қарсылас болады. Менің қарсыласым айтқан: «Мен істеп өкінгенше, істемегеніме өкінуді қаламаймын» деген, сонда менің алдымда мен іздеген қарсылас екенін ұқтым. Кез келген нәрседен шығатын жол болады. Сол шығатын жолды табуға, сенің күшің және ақылың жетеді ме? Міне мәселе сонда! Әр берілген сынақ Бір Тәңірдің берген тәтті сыйы! Әр сынақтан соң, міндетті түрде жеңілдік және сыйы болады! Айналаңа қара, ұнайды ма? Ұнасын, ұнамасын Шүкір ет! Қиындық келсе бүкіл қиындыққа ақылыңды қолданып, күшіңді сал! Жеңілме, тек алға, жарқын болашаққа жол құра! «Қорқасың ба жасама, жасап жатсың ба
– қорықпа, жасап біттің бе – өкінбе!» Деп Шыңғыс хан бабамыз айтқандай әр сөзің, ісің үшін жауап бере алатындай бол! Жетістікке жетсең де дұрыс жаққа қолдана біл! Адам негізі басқаларды емдеген кезде, өзін
де емдейді. Басқаларға мейірімділік танытқан кезде, өзін жақсы көреді. Басқаларға көмектескен кезде, өзіне де көмектеседі. Жақсылық жасап, мейірімді бол! Оны берген Аллаға шүкір ет те, Алланы таны!
Оныншы көк сөз (Өлеңдеп)
Бізді заман емес, адам өзгертеді,
Солай-солай заманға дақ келтіреді,
Бірімізге-біріміз жау болып,
Өмірді солай босына өткізеді!
Түбінде бәрібір жаман іс жарып шығады,
Ұрлық ісі өзіне де керек емес болып қалады,
Жасырын, жасап ап неге өзін сынға алады?
Жарып шыққанмен ол қоймай, махшарда сауал болады!
Қасыңды аш қабағыңа қар жаумай,
Ғайбат айтпа сауабыңнан айырылмай,
Өзіңді ұлы ұстар мінезді қой,
Тәкаппарланып жұмағыңнан айырылмай!
Білмей жатып білем деме ешқашан,
Әйтпесе өтірікпен күнә аласың әрқашан,
Пысық болам деп, артықпенен арам жеп!
Сұрау болады! Өзіңді алдауды тоқтатасын сен қашан!
Қазір деген заман!
Соғыс деген жаман!
Қанаттанбаған адамнан!
Ешқашан да қадір күтіп алданбаң!
Өтірік-алдау бүгіннің,
Кәсібі болған бұл жалған!
Жерге тоймай бірін-бірі
Етін жеген тым жаман!
Кім жырлады заман қатал деп?
Адамның өзі жақсы емес!
Ес түзелмей түзелмес!
Бірі түсінсе, ерді бірі түсінбес!
Он бірінші көк сөз (Еліктеме)
Бізді, біз емес, қоршаған орта өзгертеді. Біреуге еліктеу, қоршаған ортаңа бейімделу бастапқы Алла Тағаланың бергеніне шүкір етпей өзгертеді, сорақысы да осы. Адамның жақсы не жаманына қарамастан, оны босқа ғибрат қылып, істерін хәуесқа айналдырады. Бәлкім, өзгелерге еліктесең де, өз қалпыңда мәңгі қаласың! Не жаман жаққа өзгеріп аласың, ал бұндайды ешкім қаламайтұғын! Өзіңе болашақта керектіні пайда әкелетін нәрселерді алуың керек. Сен олардан емес, олар сеннен қолтаңба алғанша адал еңбек ет! Берілуші болма, қаламайтын кезде өзіңді мәжбүрле! Осы екі өмірді, өзің үшін, жақсылыққа ұмтылу тым қиын ба? Еш өкпесіз өмір сүр! Еш нәрсеге өкінбейтіндей өмір сүр. Иә, жеңіліп, жеңіліп басында, міндетті жеңесін сен артында! Бұл өмірде бәрі ешкімге айналудан қорқатын болғандықтан, олар кім көрінгенге айналады! Біздегі басты проблема: біз өз өмірімізге емес, басқалардың өміріне көп уақыт бөлетініміз де! Өзгелермен өзімізді салыстырумызда! Салыстыру тұлғаны бұзады. Олармен өз өміріңді жаман не жақсы деп салыстырма, олар болуға еліктеме себебі: сен бөлек тұлғасың! Алла тағала оған сол несібені беруді қалады, берді, саған да уақыты келер, бірақ тек еңбек етсең ғана! Тұлғалығыңды жоғалтып алсаң, қайта құрудың, бірден-бір жолы зейінді
тек өз өміріңе аудару, өз өмірімізге мән-мағына беру! Неге біреуге еліктейсің, сен неге өзің жеке жақсы тұлға болуға ұмтылмасқа? Жақсыларға еліктеп ұқсап бақсақ та, біз өзіміздің тарихымыз ғана шығады. Өзге емес, өзің болу үшін ұмтыл. Өз жолыңды, өзің сал. Әрқашанда өз пікірің, өз ойың, өз туындың болсын, өзің жеке тұлға бол! Өзіңді ешқашан да ұмытпа, көбіне адамдар өзінің дамуының орнына, өзгелердің көңілінен шығу үшін, мақтану үшін кұндылықтарын, қызығушылықтары мен мінез-кұлқын өзгертіп жатады, сол арқылы шынайылығын жоғалтып, ерекше тұлғалығынан айырылады, сол арқылы өзгелерге мүлдем одан әрмен қызық емес тұлға болып, шынайы өзі болмағаны үшін бақытсыз болары хақ! Әу баста, сені түсінетіндер аз еді. Егер біреудің кеңесімен өмір сүретін болсаң, сен өзгенің өмірімен өмір сүресің. Өз шынайлығыңды көрсетсең, жаман, біртүрлі болып көрінбейсің! Сен өзіңнің басқаларға ұқсамайтын, ерекшелігіңді көрсетіп біртүрлі болмайсың. Бұл өмірде біреуіне жақсы енді біреуіне жамансың. Әркім сені қалай көргісі келсе сондайсың. Бірақ оны түсінбеген адамның өмірі қатты қиын болатұғын. Біреудің сыны үшін, өз өмірін қиындататұғыны қалай? Өз пікіріңізді басқалардың ойы үшін төмендетпегеніңіз жақсы! Ақымақ болып көрінсең де, билей бер! Ең бастысы өзіңе сену! Басқалардың пікірі күнде өзгереді! Алайда өмірің де ата-анаң, мұғалімің болашақта керек болатын тәлім-тәрбиені берсем дейді, алайда оны өз бойың сіңдіру өзіңнің талпынысыңа байланысты!
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.