bannerbanner
Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы
Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы

Полная версия

Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля

Нарша Булгакбаев

Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы


Сіздің өміріңіз, проблемаларды шешумен ғана байланысты ма?

Батыста «бақыт этикасы» деп аталатын нәрсе бар. Қарапайым тілмен айтқанда, бақыт этикасы былай дейді: «Қалағаныңды алсаң, қалауыңа жетсең бақытты боласың». Егер біз көп жұмыс жасап, өміріміздегі барлық проблемаларды шешсек, бір күні (бір күні болмаса әйтеуір бір күні) біз бақытты боламыз деген теорияға негізделген. Біздің өміріміздегі ойлар мен әрекеттердің көпшілігі проблемаларды шешуге бағытталған. Біз бәріміз білгеніміздей, біз ойлаған нәрсе біздің шындыққа (өмір шындығына) айналады.


Сонымен, сіз көп жағдайда не туралы ойлайсыз? Әдетте проблемалар туралы ойлайсыз. Шынында да, көпшілігіміз таңертең төсектен тұрғанда ойлайтын бірінші нәрсе – біз сол күні шешуіміз керек барлық проблемалар және біздің сол үшін қанша уақыт жұмсап, не істеуіміз керектігі.


Біз «ЖОҚ» нәрсені ойлауға дағдыланғанбыз, «БОЛУЫ КЕРЕК» туралы нәрселерді ойлауға дағдыланғанбыз, және содан кейін жағдайды қалай «ТҮЗЕТУГЕ», «ШЕШУГЕ» немесе «ЖАҚСАРТУҒА» болатындығы туралы ойлауға дағдыланғанбыз. Және осылайша, енді ғана оянып жатып, сіз барлық проблемаларыңызға автоматты түрде назар аудара бастайсыз, сіз сол күні қарсы тұру керек болатын проблемаларға. Алайда, егер сіз өз өміріңізге шынайы көзқараспен қарасаңыз, сіз сезетін боласыз – проблемаларды шешу, еңбек ету және қалаған нәрсеге ие болу, сіздің өмір сүру сапаңыздың түбегейлі фундаментін жақсартпайды. Шындығында, мұның бәрі, бәлкім, сіздің өміріңіздің сапасын нашарлататын шығар, сіздің өміріңізді қызықсыз, мәнсіз, мағынасыз және өзіңізді басқалардың алдында тартымсыз ететін шығар…


Өмір – бұл шығармашылық процесс

Шығармашылық процесс туралы сөйлесейік. Сіз бен біз өз өмірімізді ең жақсы түрде құрғымыз келеді. Ол үшін, біз өмірмен бірге жүзуіміз керек, өмірге қарсы жүзудің орнына. Өмірмен бірге жүзу үшін бізге өмір заңдылығы бойынша жасау керек:


1) БОЛ 2) ІСТЕ 3) АЛ


Біз БОЛ – ды ұмытып кетіп, бірден ІСТЕ – ге кірісіп, АЛ – уға жанталасамыз.


Жаратылыс заңдылығы бойынша адам өмірі болмыстан нәтежиеге (яғни бір нәрсе істеу, сосын бір нәрсеге қол жеткізу) дейін жалғасады. Болмыс деген сөздің не екенін түсіндіріп өтейін, оны басқаша адамның қазіргі шынайы жағдайы деп атайды. Адамның болмысы (ішкі жағдай) болады және оның тұрмыс-тіршілігі (сыртқы жағдай) болады, бірақ біз өкінішке орай сыртқы жағдайымыздың жақсы болу керектігін білеміз, алайда ішкі болмысымыздың мінсіз БОЛУ керек екенін білмейміз. Біз үшін өмірдегі бақыт тек тұрмыс-тіршілікпен өлшенген. Біз жаратылған сәттен бастап мәңгілік бақытты БОЛУ үшін жаратылғанбыз (ерте ме кеш пе, ол маңызды емес). Ал біз бақытсыздық деп санайтын нәрселердің барлығы иллюзия. Ол бәрібір түбінде ұмытылады, сіз жеңіп шығасыз, екі өмірде де, жалпы бір-ақ қана бақытсыздық бар – ол сыналу (сынақ), бірақ бұның өзі бақытқа апаратын жол, себебі біз бұл Жаратушының методикасы арқылы шыңдаламыз.


Ал нәтежие дегеніміз белгілі бір амал-әрекеттің нүктесі. Бірақ егер біз өз болмысымыздың мінсіз екенін түсінсек, нәтиже біз үшін әдетте сөйлемнің соңында қойылатын нүкте емес, көп нүкте болады. Сол себепті адамның болмысы да, сүрген өмірінің нәтижесі де – мәңгілік, жойылмайтындай етіп жаратылған. Тіпті оны Жаратушының өзі, жаратылып қойған энергияны (жаратылыстарын) жоя алмайды, себебі Құдай бір қабылданған шешімді ешқашан өзгертпейді, өйткені ол оның толық салдарын біледі.


Болу – бұл ішкі тәжірибе, ол сіздің ішіңізден келеді. Сіз сыртқы жағдайларға сіздің болмысыңызды анықтауға мүмкіндік бере аласыз – сіздің бақыт немесе қанағаттану деңгейіңіз – бірақ сіз нақты қауіпке тап боласыз, себебі сізді қоршаған сыртқы жағдайлар, сіздің өміріңізді басқарады және сіздің өзіңізді қалай сезінетініңіз де осыған байланысты. Егер сіз: «Мен бақытты боламын егер де…» деп айтсаңыз, сіз ешқашан бақытты болмайсыз.


Сіз – жаңа жұмыс сіздің өміріңізді өзгертеді деп ойлайсыз делік. Сонымен, сіз жаңа жұмыс табасыз және жақын арада белгілі болады – бұл баяғы ескі, ешнәрсе өзгермеген жұмыс екен, сол баяғы адамдармен сөйлесу керек, жауапкершілікті қолға алу керек, қатаң мерзімді сақтау керек және сіз сияқты дүниеге байланған адамдармен жұмыс жасау керек. Бұл шындық. Сол кезде сіз түсінесіз, бұл жұмыс сіз үшін сапалы өзгерістер әкелмейді, сондықтан сізге тағы басқа бақыт көзін іздеу керек болады, сондықтан сіз өзіңізді бақытты сезіну үшін тағы басқа нәрселер іздей бастайсыз. Мүмкін сіз ойлайтын шығарсыз – жаңа жұмыс, жаңа үй, жаңа көлік, бала табу немесе табыстың артуы сіздің өміріңізді өзгертеді немесе сізді бақытты қылады деп. Алайда соңында, ақырында сіз осының бәрін ІСТЕ – йсіз, қалағаныңызды АЛ – асыз, бірақ сіз әлі де бақытсызсыз. Себебі қарапайым. Бізден тыс ештеңе, бізден тыс орта – бізді бақытты етпейді, өйткені бақыт – бұл іштен сыртқа бағытталған тәжірибе. Бұл ақиқат. Ал көп адамның бойындағы жалған сенім – бақыт, сырттан ішке жиналуы керек уақытша тәжірибе. Шын бақыт ең әуелі шынайы болмыс деңгейінен, БОЛ – удан басталады, себебі адамға бақытты болу үшін өмірде БОЛ – уның өзі жеткілікті, бірақ біз бақытты ІСТЕ мен АЛ арқылы өлшейміз.


Неліктен «бақыт этикасы» жұмыс істемейді?

Біз бұл туралы айтқан болатынынбыз, ақиқатында өмірдің қалай қарай ағып жатқанын – болмыстан <әрекет етуге, әрекет етуден <иелік етуге. Бірақ, өкінішке орай, өз өмірін құру үшін, адамдардың көпшілігі қолданатын бақыт этикасы, әрекет етуден <иелік етуге, иелік етуден <болмысқа қарай ағады. Бақыт этикасы мынаған сендіреді (оның теориясы мынадай): егер сіз, бақытты адамдар сияқты әрекет етсеңіз, сіз бақытты адамдардағы бар нәрселерге ие боласыз, содан кейін ғана сіз бақытты бола аласыз. Бірақ бұл рас па?


Бұл планетаның басқа ұрпақтарына қарағанда, сіз және мен олардан да артық мүмкіншіліктерге иеміз. Біз қалаған нәрсемізді жасай алатын көбірек уақыт бар, қалағанымызға жұмсай алатын көбірек ақшамыз бар және біз технологиялық жағынан жетілгенбіз. Бұл планетаның тарихындағы кез келген өркениетке қарағанда бізде арман болмауы керек еді, бірақ неге олай болып жатқан жоқ? Айналаға қарап, бір байқап қойыңыз, біз рухани шын бақыт пен қанағаттанудан алыспыз. Ақиқат мынада, өмірдің ағысы осылай ағады: болу <әрекет ету <иелік ету.


Егер сіз бақытты болсаңыз, яғни ойыңызбен өзіңізді бақытты сезінсеңіз және сол бақытты іштен сыртқа қарай бағыттай алсаңыз – сіз бақытты адамдар сияқты әрекет етесіз, содан кейін ғана сіз бақытты адамдардағы бар нәрселерге ие боласыз. Сонымен, ең бірінші, бақытты сіз өз миыңызда қалыптастырасыз, яғни БОЛ -асыз, содан кейін іс-әрекеттің нәтежиесінің арқасында шынайы өмірде бақытқа ие боласыз. Бұл өте қарапайым үш тізбектен тұратын «Бақыт Формуласы», бірақ «қандай» және «кім» боласыз ол сіздің жеке проблемаңыз, ол проблемаға сіз мені аралыстырмайсыз, алайда адамның болмыс деңгейін өзгерту, жақсарту, түзету үшін мен «Бақытты болуды үйреніңіз» кітаптар сериясын жаздым және осы кітаппен барлық кітаптардың қысқаша және қарапайым қорытындысын шығарғым келеді.


Будданың философиялық ғылым ретіндегі ең үлкен үлестерінің бірі – шамадан тыс қалау, ішкі күйзеліс әкеледі деген ілімі болды. Бұл дегеніміз, егер сіз, шамадан тыс, сізде ЖОҚ нәрсені алғыңыз келсе немесе ЖОҚ нәрсеге қол жеткіңіз келсе және сіздегі БАР нәрселерді қабылдағыңыз келмесе, сіз зардап шегесіз. Бұл сіздің өміріңізде түк істемеу керек дегенді білдірмейді. Керісінше, біз мақсат қоя білетін, шығармашылыққа ұмтылған жаратылыспыз, себебі өмір сүру – бұл шығармашылық процесс. Бірақ біздің өмірімізде қаншама бақытсыз адамдар бар, қанша әрекет етсе де, қанша дүние-мүлікке иелік етсе де. Себебі біз әрқашан бізде «ЖОҚ» нәрсені қалайтын сияқтымыз, сосын біз қалаған «ЖОҚ» нәрсеге қол жеткізгенде бәрі «Енді әрі қарай не істеймін?» әніндегідей болады. Біз зымырандарды ұшырдық, аспанды толық бағындырамыз деп ойладық, интернет пен роботтарды ойлап таптық, өмір жұмаққа айналады деп ойладық, бірақ содан кейін бәрібір әлі бір нәрсе жетіспейтіндей адамдардың бойында «көңіл толмаушылық» пайда болды. Ол артынан «көңіл тоймаушылық» – қа айналды.


Метафизикалық заңдылық: адамға әлі де бір нәрсе жетіспесе ол көңілсіз болады.


Будданың философиялық ілімі «қалауды» тастау және осылайша жеңілдеу және ішкі соғысты жою болды, осылайша олар адамға жедел әрі бақытты болудың қарапайым жолын ұсынып отыр. Бірақ бұны сіз қазіргі заманның адамдарына айтып көріңіз, олар бұл идеологиядан бірден бас тартып, қарсы болады.


Бұл идеология маңызды болғанымен, бұл толық салынып біткен жол емес. Сіз қабылдау керек маңызды фактілердің бірі – қазір БАР екеніңізді қабылдау және сізде БАР нәрсенің бағасын білу. Сонда сізде жан тыныштығы пайда болады және сіз шын бақытты адамдар сияқты қуана аласыз.


Сіз нені күтсеңіз, ол сізді күтеді, сіз қайда барғыңыз келсе, ол сізге қарай барғысы келеді. Міне осы – толық салынып біткен жол. Бірақ әлі де сапасыз.


Бұл кітаптың идеологиясы қазіргі БАР – ыңызға қанағат етіп, сізде БАР нәрсені ғана қабылдап, өмір сүруді (шығармашылықты) тоқтату керек дегенді білдірмейді. Керісінше сіз қалағанның бәрі сіздің миыңызда (қазіргі болмыс деңгейіңізде) БАР дегенді білдіреді. Ми (болмыс) – сізді бақытқа жеткізе алатын жалғыз меншігіңіз. Жаратылыс деңгейінде сіз өз миыңызбен қазірден бастап өзіңізді бақытты сезіне бастасаңыз болады, әрекет ету мен иелік ету – ді екінші планға қойып. БОЛ, ІСТЕ, АЛ темасына қайта оралайық.


Өмір – бұл тек АЛ – у ғана емес

Көптеген адамдардың өмірінің мәні – өмірден бірдеңе АЛ – у. Ал ақиқатында АЛ – атын ештеңе жоқ. Бізге тек БОЛ – у керек. Түпкі нәтижені беретін болмыс (ми). Сіз міндетті түрде түсінуіңіз керек, сіздің өміріңіздің ІСТЕ мен АЛ дейтін бөліктері – өміріңіздің сапасын анықтамайды. Сіздің өміріңіздің сапасы экзистенциалды аспектімен анықталады. Экзистенциализм – қазіргі философия мен әдебиеттегі иррационалистік (ақылмен ғана шектелмейтін) бағыт, адамның болмысын зерттейтді, ақиқатты түсінудің негізгі әдісі ретінде бейсананы растайды. Сіздің кім екеніңіз – сіздің өзіңіз туралы саналы қабылдауыңыз – сізбен не болып жатқанын басқарады.


Сіз проблемаларды шешуге және жағдайды жақсартуға тырысқанда, өте бір қызық жағдай болады, сіз – БАР нәрсені байқамай, ұмыта бастайсыз. Сондықтан бақыт пен қанағат табудың жалғыз жолы – дәл қазір БАР нәрсеге көңіл толу, көңіл тою. Сонымен сізде не БАР? Біздің ойымыз әрдайым ЖОҚ нәрсені ойлауға дағдыланған. Сіздің БАР – ыңыз өмір (физикалық) және ғайып (метафизикалық) заңдылықтарға сәйкес келе ме? Сәйкес келмесе сіздің өміріңіз жалған, ал бізге бақытты болу үшін ақиқат қажет. Ақиқаттың не екенін мен алғашқы Үш кітапта (Бақытты болуды үйреніңіз!) айттым.


Тағы да қайталайын, мен сізге мақсат қоймаңыз немесе жоспар құрмаңыз деп айтпаймын. Мен сізге қазіргі сәтте көңілді толтыру, тойдыру керектігін айтамын, өйткені бұл сіздің қолыңыздан келеді және бәрі мимен жасалады. Ертеңгі күн үшін әрекет етіңіз

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Конец ознакомительного фрагмента
Купить и скачать всю книгу