bannerbannerbanner
ТОПАН («Жем суының тасқыны»)
ТОПАН («Жем суының тасқыны»)

Полная версия

ТОПАН («Жем суының тасқыны»)

текст

0

0
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля
На страницу:
1 из 1

ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ

ТОПАН («Жем суының тасқыны»)

ТОПАН

(«Жем суының тасқыны»)

ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ(1841–1929)Бегім төре, нəніміз,Сөзге құлақ салыңыз,Айтқаныма менің наныңыз,Тауқымет тартып тосыннанБолмай отыр хəліміз.Аз ғана тарих айтайын –Саралап талдап алыңыз,Өткен күннің шежіресі,Не зият, не жат – таныңыз.Бұлағын жырдың көзейін,Қызыл тілді безейін,Көзінен əбден қаныңыз,Шырқатайын шығандапКелгеніңше хəліміз,Шамыңа тимей қарайын,Жыр құмартса жаныңыз…Өткен менен кеткеннен,Бұрынғы би-бектерденБіраз мысал əшкертсем,Түсер ме екен бабымыз?Ол күн менен бұл күнніңАйырымы не нəрсе? –Екі арасын бағыңыз.Жəне бір жайды айтайын:…Ноғайлының елінде,Үш қиянның жерінде,Ұзын аққан Еділде,Ақ Жайықтың кеңіндеТалай хандар шалқыған.Басынан бақыт ауғанда,Пошымы аумай ғаріптен,Бұғалықты аттай бүгіліп,Шалқыған хандар алқынған.Дəреже тапқан ерлер барСаланың бойы салқыннан.Менмендік тасқан шағындаЕдіге ерді қорсынғанТоқтамыс ханның елі деҚапияда отқа шарпылған.Бақыты баста тұрғандаКəпірдің жұрты қорықтыОрақ пен Мамай даңқынан.Алшы Ысмайыл, Қалусарыдан –Бақыт бұлардан да арылған.Басынан бақыт ауған күнПатшалар да ауған тағынан,Айырылған атақ-бағынан.Мыңғырған малды байлардыңҚоңсысы кеткен жанынан.Батырлар да өтті əруақтыҚанжығасы қанға малынған,Бексауытын жамылған,Дұшпаннан кегі алынған.Көрмесе жауын сағынған,Алмастан қару тағынған.Қамалға шауып шеп бұзып,Жүрегін басқан қабынған.Он сан ноғайлының хандығынБилігімен басқарыпОрақ, Мамай, Телағыс,Асанқайғы атам, Қазтуған –Олар да кеткен шарасызМынау көлденең жатқан Нарыннан.Асан-қайғы бас болыпҚайғыменен өтсе де,Нарынды тастап кетсе де –Құтты жұрт екен бұл қоныс:Тоқтығы берен іркіттей,Баққан қойы қара бүркіттей,Тізбектелген нарыныңДулығасы үйген іскірттей.Кəрі биесі жал алған,Нарлары семіз, қом алған,Кəрі саулығы шайлаған,Сағызын нандай шайнаған.Еркек қой мен тоқтысыШырынын шөптің «байлаған».Ерлері бар ед егескен,Дұшпанымен шенескен.Аллаға жағып құлығы,Ұрпақтары көп өскен.Əруағы күнді жасқардай,Абыройы асқардай, –Не жақсымен теңескен.Үлкен бір іске көшердеКөшелі қарттай кеңескен.Ғалымдары болыптыҚұраннан неше хат білген,Көңілі танып Хақ білген,Бір Алласын жад білген,Жаңылмаған тəспі, тəкпірден.Мырзалары болыптыҚұбарлан ертіп құс салған,Ылашын, сұңқар ұстаған,Томағасын əдіптеп,Мақпалменен тыстаған.Елеуретіп екі жүйрік жетектеп,Сулығын алтын бедермен кердірткен,Жалын сабаутіспен тердірткен.Жүйріктерін жүйткітіп,Алысқа сап көрдірткен.Мынау Еділ мен Жайық, Жем екен, –Бұл жетімдерге жем екен,Жесірлерге кен екен,Қасерлерге кең екен.Шөбі малға май болар,Аш-арыққа жəй болар,Төрт түлігі сай болар,Баға білген бай болар –Қашаннан да бұл қонысҚұтты болған жер екен.Өзегі де қайырлы –Аш-арығы сүйреп жейді екенБекіре менен жайынды.Балқашын орып мал жеген,Аралас үйрек-қаз жеген,Малының жақын өрісі,Құлынның ұзын желісі,Ағашында піскен алма бар,Миуалы жемісі.Еділ мен Жайық, НарынныңОсылай екен келісі –Бір Алланың берісі.Күндердің күні болғанда:«Орыстар зорлық етер, – деп, –Жағама қолы жетер, – деп, –Еңіреп ерлер өтер», – деп,Асан-қайғы бабамызЖерінен безіп сол үшінАмалсыз тастап кетіптіКөк Еділ менен Ақ Жайық,Кең Нарынның қонысын!..Мынау бір өткен уақиға,Бұдан да хабар берейін:Тайшық ханның елі толғанда,Тай тулап талқан болғанда;Үш қиянның жерінеОрмамбет ханның елі тегіс қонғанда;О да келіп бір күніБір құтырған құртқа жолықты.Ормамбет хан сол күндеҚайтерін білмей торықты.Бүлдіруге көп елдіСол құрт себеп болыпты.Арша деген ағашқаБір бозторғай келіп қоныпты.Сол ағаштың бойынанҚұтырған құртты қағып жеп,Құтырып торғай шырлайды,Қанатын сілтеп пырлайды,Көкке қарай зырлайды.Өзінен зордан қаша алмай,Жүрегін торғай баса алмай,Шарықтап жүрген бүркіткеШапқан екен торғай тайсалмай.Оқиға бұрын болған көп,Ойласаң, шығар түрлі кеп.Қара бүркіт құтырды,

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Конец ознакомительного фрагмента
Купить и скачать всю книгу
На страницу:
1 из 1