bannerbannerbanner
ИСАТАЙ – МАХАМБЕТ
ИСАТАЙ – МАХАМБЕТ

Полная версия

ИСАТАЙ – МАХАМБЕТ

текст

0

0
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля
На страницу:
1 из 1

ЫҒЫЛМАН ШӨРЕКОВ

ИСАТАЙ – МАХАМБЕТ

ИСАТАЙ – МАХАМБЕТ

ЫҒЫЛМАН ШӨРЕКОВ(1876–1932)Бірінші бөлімБолмаған жанның таласы,Атына таныс олардыңБарлық қазақ баласы,Айып етпе, білгендер,Сөзімнің болса шаласы,Арғы атаң Беріш, БайсейітЖайық, Наурыз, Тілеуке –Айтуда солай шамасы.Қайым қылып заманынХандардың бұзған қамалын.Ұранға шыққан Ағатай,Бірге туған Есіркеп,Аруақты бабасы.Ағатайдың БоқайынТүрікпеннен бұ да өлді деп,Қалыңдық ойнап жүргендеБегəлідей батырдыНекеден бұрын болды деп,Жабылған жұрттың жаласы,Есіркеп пен Жаңғабыл,Бірге туған жəне СартЖақсының еді жанасы.Замандасың жүз батырӨрбіген Сарттан тұқымнанСахи бір жомарт данасы.Ағайынның арына,Қарындастың қамына,Қысқа күнде қырқ шапқанҚысылқанның панасы –Асыл едің, Исатай,Ер Тайманның баласы.Ене жайын сұрасаңЕсентемір Тағашы,Тағашыда Қожамбет;Құлқара менен КиікшіӨзіне тете нағашы.Тарихтап айтпай шешілмесӨткен күннің жұмбағы.Туған жерін сұрасаң,Жайықтың шығыс күн жағы.Жаз жайлауын сұрасаң,Өлеңді менен Шідерті,Үш аңқаты, БарпастауБұлардың қатаң шымдағы.Күз күзеуін сұрасаң:Бұлдырты мен Жымпиты,Қалдығайты, Жақсыбай,Балқашты сала мұндағы.Қыс қыстауын сұрасаң:Ойыл да, Қиыл, Жем, Сағыз,Үйшіктен1 бергі қалың сор.Қаракөл менен ҚарабауТайсойған, Бүйрек-құмдағы.Есі бір нағыз енгенде,Жасы он беске келгенде,Қоныс етіп Нарынды,Қалың елмен бірге өткенМың сегіз жүз жылдағы.Əділдігін сұрасаң:Қастаспаған момынғаЖəбір-жапа қылмады.Қайсарлығын сұрасаң,Бөксе бұрып орнынанХан келсе де қыңбады.Сабырлығын сұрасаң,Өзі айтқанда аз сөйлеп,Кісінің сөзін тыңдады.Батырылғын сұрасаң,Қатерін тіккен дұшпанменҚан төгіспей тынбады.Он жасына келгенде,Бұлбұлдай тілі сайрады.Жасы он баске келгенде,Жұрт пайдасын ойлады.Жиырмаға келгенде,Жиылған дуды көргенде,Оза шауып бəйгі алды.Жиырма беске келгенде,Астананың қамы үшінТүн ұйқысын бөлгендеТүгесілмес қайғы алды.Отыз жасқа келгенде,Өлімді жауды көргенде,Жасақпенен сайланды,Арыма шыдап тұрман деп,Он екі ата Байұлын,Жетібаулы жеті руБермеске жауға айналды.Адырнасын атқа алып,Беліне садақ байланды.Төрт қырланған қу жебе,Оқтарын атқан тайға алды.Бір жиырма мал беріп,Жалғыз өркеш нар беріп,Қиғыр қылыш, найза өткірСатып алды арзан деп,Көбелі сауыт сайманды.Тірлік етіп аз күні,Жазына жайлап, қыс қыстап,Орда мен Нарын тұрған жер,Халқына басшы хан сайлап,Ханның да тəртіп құрған жер.Кеткен соң босып Ноғайлы,Қалың орман тоғайлы,Төрт түлік малға мырғам жер.Қанша мақтан айтсам да,Он сан ата ноғайдың,Қыл жалаулы қалмақтың,Тоқтамаған сырдаң жер.Асанқайғы, Телағыс,Қазтуған менен ШораныҚапыда алдап ұрған жер.Қара Иваннан қысылып,Өкшесін содан ысырып,Солардың талақ қылған жер.Мұнда отырсаң, тұтар депХиуа мен Ауған, БұхарданКөшінің басын бұрған жер.Билеп тұрған Қазанды,Тартқызам деп жазаңды,Ханның туған шешесі –Сүйінбике ханымдыТұтқын қылып бұған жер.Қашып көшкен ноғайдыҚайырмаққа серт етіп,Ат сабылтып қуған жер.Шүйіштің ұлы Қазтуған,Туған жерін қия алмай,Еділ менен Жайықтың,Арасына сыя алмай,Қонысын жоқтап зар еңірек,Жаспенен бетін жуған жер.Солардан қалған қонысты,Өзімсініп иеленген,Шаруасы шалқып кенелген;Кеміп қалған көп дəулет,Екі-үш жылда жетісіп,Көп ұзамай төленген;Жазғы туған құлыны,Құнандай арда тел емген;Жесір қатын, жетім ұл,Жер арқасы байлық пен,Қазынаға бөленген,Исатай менен Махамбет,Тастемір, Дəрі, Балқы би,Жайылған, Қабыл, ЖақсымбетӨзі бүтін тұрғанда,Аздары көпке теңелген.Қасына ерген қарашы:Алашада Ырсалы,Ысыдағы Қабыланбай,Есенқұл, Үбі, ТаңатарЖау дегенде даяр боп,Аттанып қосы жөнелген.Есенгелді, ҚосқараҚолына ұстап көк найза,Көкірегіне жел енген.Сөз білгенге борыш деп,Шықпаққа даңқы өрістеп,Ерлерімді ескерттім,Бəйіт етіп өлеңмен,Қалдырмаққа тарихынТаныстырып ел-елмен.Тəржіме халін ерлердіңЖырлап жазсаң нетед деп,Ел үшін еткен еңбегіЖарыққа шықпай кетед деп;Көз жұмып дария кешпесең,Ұяда жаның барындаСөз түйінін шешпесең,Жалғанда жазым дүние боқСенен де бір күн өтед деп;Үйренген бастап бір мінез,Шабан едім бойкүйез,Ұйқымнан жатқан оятып,Тұрғызды сөзбен жетектеп.Дауысын естіп халқымныңҰйқымнан жатқан тұрғанмын,Ел қамын жеген ер үшінШыбын жанын пида еткен –Мен бір даяр құрбанмын,Ертерек мұнан оянбай,Елге сөзім жая алмай,Өмірді босқа өткіздім,Сөзімді сынға қоя алмай,Бар күнінде мұршамның,Ұяқыда жатқан тұра алмайАуру едім əлсіреп,Дəурені озып қор болған;Қастыққа мінез ар алған,Алыстан көздеп қаранған,Ерлерді еске түсіріп,Шешен бір сөзді қарманған;Базарға салып барымды,Баяндап өткен Нарынды,Бір шығайын арманнан,Базарға салып барымды,Кейінгі туған бала үшін,Білгендерге сана үшін,Кетейін айтып зарымды.Тиегі сөздің шешіліп,Қайнап бір жатқан қалың дерт –Шиқанның аузы жарылды.Ел қамын жеген ерлердіңСөз білген жанда хақы бар,Жоқтаған күнде арымды…Исатайдың тұсында,Бөкейден соң сайланғанЖəңгір деген ханы бар.Хан деп айта тұрсам даБілгендерге мəні бар.Лауазымға керек РаманғаТөлейтін труба басы даны бар;Хан қарауы қазақтыңОтыз мың үй саны бар;Ересе болған есепте:Сексен мыңдай жаны бар;Үй басына мал санапЗекет түгел алынар.Хан салығы сол болып,Қазынаға салынар.Он екі уезд орнынаƏр ұруға би қойғанƏдет-ғұрпы, заңы бар.Дін ықтияр берілген –Мекемелі мүфтиліШарғымен жанған шамы бар.Берішке деген биліктіОртасына тастады,Тастағанның ішіндеИсатай мен Дəрі бар.Жақсымбет, Шомбал, Балқы биКөңілдінің бəрі бар.Ортаға келген биліктіБіріне-бірі қимады,Бір қазанға сыймады.Бəрі дырау, бəрі нар, –Кеңеске жұртын жинады.Ортаға келген биліктіЕл қамын жеген халықшылЕр Исатайға қимады.Өңшең дырау күндесіп,Сөз сөйлесе мен десіп,Бір қазанға сыймады.Қимағаннан ұсынып,Құзғынға жемтіп түсіріп,Ортамыздан сен ал деп,Балқыға беріп сыйлады.Сонымен Балқы би болды,Би болған соң күйленді.Халықты қойып, хан жақтапƏдіске шебер үйренді.Халық арасы бұзылып,Сөз бенен қаңқу шиеленді.Хан сақтаған əскерденХалық қорқып именді.Ханнан күдер үзіліп,Халық арасы бұзылды.Қашықтады қатынас,Естіген сайын ызыңды.Елге қатаң тиді деп,Момындар нақақ күйді деп,Ерлерің сонда қызынды,Жанжалдың ұлы, кішісіЖаңылмай жіпке тізілді.Хан үстінен шағымдап,Наместник патшағаАрыздар талай сызылды.Елге қатаң тиді деп,Момындар нақақ күйді деп,Тізгінін беріп Ордаға,Қожа менен молдаға,Келімсекті жиды деп,Халық сайлайтын əкімдіӨз еркімен беркітіп,Заңның жолын бұзды деп,Өз таяғын соққаннанҚойып отыр биді деп.Сонымен ерлер кеңестіКеңескенде не десті:Орданы қожа-молда алып,Хан тізгінін қолға алып,Келімсектер тел өсті,Қашаннан патша жақтаған,Ішіне кегін сақтаған,Əбілқайыр тұқымы,Халық қамын жемес-ті!Қарындастың қамы үшін,Қатын менен бала үшін,Қарсы шықпай осығанЖалтаңдаған жан аяп,

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «Литрес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

1

Үйшік – Гурьев қаласы.

Конец ознакомительного фрагмента
Купить и скачать всю книгу
На страницу:
1 из 1