bannerbanner
Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары
Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Полная версия

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Язык: Русский
Год издания: 2020
Добавлена:
Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля
На страницу:
2 из 2

– Қарақшылықпен айналысайық! – деді Жарғақбас серігінің сөзін бөліп.

– Қарақшылық?!

– Иә, Тескентаудың бойындағы ұлы сауда жолын білесіңдер ғой. Сол жолмен ерсілі-қарсылы сауда керуендері өтеді. Міне, соларды тонаймыз.

– Бәрекелді! – деді Шибұт сұқ саусағын шошайтып. – Бұл – ұрлық жасағаннан гөрі беделдірек кәсіп. Әрі ауылдастарыңды емес, бөтен адамдарды – шетжұрттықтарды тонайсың. – Жарғақбастың басынан сипайды. – Мынау жай бас емес, алтын бас қой!

Жарғақбас та өз басын мақтанышпен сипайды.

– Ендеше, бұл жорықты қай жерде, қалайша жүзеге асырамыз – жоспарын құрайық. – деді Қылкеңірдек.

– «Тентек шоқпар жинайды» деген, қару-жарағын да қамдайық.

– «Өткеннің орағын, кеткеннің кетпенін алу үшін де» күш керек. Күресіп, алысып жаттығайық.

– Онда «ұрыста тұрыс жоқ», ал кірістік…

Екеуі Жарғақбасты ортаға алып, жоспар жасауға кірісті. Ертеңіне үшеуі ағаш басына өрмелеп, бұтақ кесіп, сойыл-шоқпар жасауға отырды. Үй алдында алысып-жұлысып, күш сынасуды да ұмытпады.


***

Тескентау өткелі аузында біздің үш қарақшы шайла тігіп жатқанына біраз уақыт болды. Белдерінде – басы кішігірім қауындай жұмырлап жонылған ағаш шоқпар. Тескентаудың биігіне кезек-кезек шығып, жол қарайды.

Үшеуі күні бойы жол аңдып, қатты жалықты.

– Фу, ішіміз пысып кетті ғой! Кәне, бір ермек табайық, – деді Шибұт.

– Қандай ермек?

– Мәселен… – басын қасып тұрып сайда жайылып жүрген есектеріне көзі түседі. – Ау, анау есектерімізді жарыстырып ойнайық.

Қылкеңірдек мойнын созып жолға қарап:

– Ақыры бүгін аңдыған жемтік-саудагерлеріміздің келмейтін түрі бар. Онда сөйтсек-сөйтейік.

Үшеуі сайда жайылып жүрген есектерін жетектеп, қара жолдың үстіне әкеледі. Үш есекті қатарынан тұрғызып жолға қаратады да, қолдарындағы шыбықтарымен олардың бөкселерінен салып-салып қалады.

– Ы-һы! Ы-һы! Кәне шабыңдар!..

Бірақ есектерінің орындарынан қозғалатын түрі көрінбейді. Жондарына батқан шыбықты да елемей, есектік мінездеріне бағып, тұқырып бір орында тұрды да қойды.

– «Жүгі жеңіл есек жатаған келеді» дейді. Енді қайтеміз, ә?

– Бұларды қалай жарыстырамыз?

– Қандай амал бар?

 Е, тап-тым! – деді Қылкеңірдек. – Қожанасыр әпендінің есегін қалай жүргізгенін білесіңдер ме?

– Қалай?

– Алдына шөп байлап қойып жүргізеді ғой.

– Оп, бәрекелді! Біз де сөйтейік!

– Сенің де таппайтының жоқ! – деді Жарғақбас.

Үшеуі сайда өсіп тұрған қара талдың қураған ұзын бұталарын сындырып әкеліп, оларды есектерінің мойындарына байлады. Есек-терінің бастарынан асып тұрған бұтаның екінші басына дайындап қойған құрақ шөптің бір-бір шөмелесін байлап қояды. Сөйтіп, есек-терінің басын қоя беріп еді, есектері шөп жеймін деп бастарын созып дедектеп жүріп кетті. Үшеуі шайлаларының астында жатқан күйі қарқылдап күліп, есектерін қырдан асқанша көздерімен шығарып салды.

– Иә, олар қайда кетер дейсің, иелері біз емеспіз бе, қайтып келер.

– Дұрыс, «Ат айналып қазығын табар» деген, ерте ме, кеш пе қайтып оралар.

– Қайсысы озып бірінші келсе соның иесі жеңген болып шығады, соған бәстесейік, – деді Жарғақбас.

– Келістік!

Бірақ күн кешкіріп, есектері қайтып оралмады, сол кеткеннен мол кетті. Үшеуі оларды күте-күте жалығып, кешкі астарына отырды. Шайлаларына түнеп, таң атқанда да есектерінен хабар болмады.

– «Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді» деген, біз де ақымақпыз, – деді Жарғақбас. – Бастарында шөп тұрғанда қайтып оралушы ма еді.

– Иә, сонысы да бар екен, оны біз ескермеппіз ғой.

– Бір реті табылар, соған алаңдамай-ақ қойыңдаршы, – деді Шибұт. – Біз тонайтын саудагерлердің де көлігі бар шығар.

– Иә, Шиекең жөн айтады, – деді Қылкеңірдек. – Одан да жолымызды ториық. Кімнің кезегі еді?

– Есің дұрыс па, бүгін санамақты қайта бастаймыз, – деді Жарғақбас. – Кім соңында қалса, сол бастап кезекке тұрады.

Қылкеңірдек үшеуін сұқ саусағымен түртіп, санамақты жүргізеді:

– Әдім бәдім шума-шу, шим-ширика атам бу, бума бели баран тас, ско-рида пиди шаш!..

Бұл жолы төбе биігіне Қылкеңірдектің жол қарайтын кезегі түсті. Ана екеуі шайла астында жатыр. Жай жатқан жоқ, беттеріне қонған шыбындарды қағып жатыр. Шибұт бетіне қонған шыбындарды қолы-мен қағып алады. Ұстаған шыбындарын Жарғақбасқа көрсете жерге тастайды:

– Мен үш шыбын ұстадым!

Жарғақбас та қағады. Ұстаған шыбындарын Шибұтқа көрсете жер-ге түсіреді:

– Ал, мен жеті шыбын өлтірдім!

– Әрине, сенің басың үлкен, содан…

– Қыртпашы! Әңгіме – бастың үлкендігінде емес, ептілікте, —деді Жарғақбас.

– Жоқ, ептілікте емес, бастың үлкендігінде.

– Үлкендігінде емес, ептілікте!

– Онда кел, мен – сенің басыңды, сен менің басымды қориық.

– Сөйтсек, сөйтейік, —деді Жарғақбас.

Екеуі бір-бірінің бастарын қоруға көшеді.

– Бір керуен «майшелпек» келе жатыр! – деп айқайлады Қылкеңірдек төбе басынан. – Дайындыққа кірісіңдер!

Ана екеуі орындарынан ұшып тұрады. Үшеуі өткел аузындағы өз орындарына барып жайғасып алды. Өзара сыбырласа сөйлесіп, «май-шелпекті» басып алудың жайын талқылауда. Қылкеңірдек:

– Керуен – он екі түйе, қарулы адамы төртеу екен.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Конец ознакомительного фрагмента
Купить и скачать всю книгу
На страницу:
2 из 2