bannerbanner
Қазақша ашылып сайрау
Қазақша ашылып сайрауполная версия

Полная версия

Қазақша ашылып сайрау

Настройки чтения
Размер шрифта
Высота строк
Поля
На страницу:
4 из 4

Дәл осы кезде КПЗ-ының ауыр темір есігі сарт-сұрт ашылып, камераға учаскелік полицей мен Рысты кіріп келеді. Көмекбай оқыс шыққан дыбыстардан шошып оянып, орнынан атып тұрады да, есік алдында состиып қалған екеуге ештеңеге түсінбеген кісінің пішінімен бажырая қарайды.

Рысты. Әй, тұр, қарағым!.. Күн сәске түс болды. Мына жерде ұйқыңды әбден қандырған шығарсың.

Қолдары кісендеулі Көмекбай орнынан ирелеңдей әзер тұрып, керуетке отырады. Учаскелік полицей келіп, оның қолындағы кісенін алады. Кісенді шешіп жатқан кезде Көмекбай мен полицей бір бірлеріне үн-түнсіз, ерекше бір мағыналы көздермен жақтырмай қарап өтеді

Рысты. (Көмекбайға). Жүр енді, үйге қайтамыз. (Сұқ саусағымен полицейді нұсқап). Мына ұлға рахметіңді айт. Екеуміз таң атпай үйіне барып, Ниетәліні арызын қайтып алуға әзер көндірдік әйтеуір. Әйтпегенде сотталып кететін едің, байғұс. Енді жайыңа қарап, тыныш жүр, білдің бе?! Егер осындайыңды тағы қайталайтын болсаң бар ғой, мен тағы екінші рет осылай жүгірет деп ойлама. Жүр!..

Кешегі асаулықтан бойында түк қалмаған Көмекбай үнсіз. Алдын ала оқшаулау камерасының оған кәдімгідей-ақ әсер еткені байқалады. Еңсесі түсіп, иығы салбыраңқырап кеткен ол мектептегі ұстазының барша нұсқауларын қалтқысыз орындауға тырысатын бастауыш сыныптың тәртіпті оқушысы секілді Рыстының бар айтқанын қалт еткізбей, оның соңынан ереді.

Көмекбай. (Сыртқа шыққан соң). Сағат неше болды?

Рысты. Оны не қыласың? Кеңседегі қызметіңнен қалып бара жатсың ба?

Көмекбай. Білейік те енді…

Рысты. Сегіз, не сегіз жарымның шамасы шығар.

Көмекбай. Рысты, кешір, енді қайталанбайды.

Рысты. Кешірмегенде не істеймін? Тек сенің осындай «кәнсерттеріңнен» кейін екі-үш аптаға дейін жұрттың бетіне тура қарай алмаймын ғой мен бейшара жаңа түскен келіншектей бетмоншағым үзіліп.

Көмекбай. (Даусы дірілдеп) Кешір, осы жолы шын айтам.

Рысты. Ниетәліні де көрерміз, дүние-кезек, оның да осылай асығы үнемі алшысынан түсіп тұра бермес. Бір заманда мүмкін біздің де қолымызға қарға саңғырар. Айтпақшы, ертең «мәтимәтик» мұғалім бала біздің Назымбекжанды да оқушылардың аудандық олимпиадасына апарғалы жатыр. Ауданның есепке жүйрік ең үздік балалары жарысатын көрінеді. Соған біздің ауылдан мектебінен комиссия екі-ақ баланы іріктеп алыпты, біреуі – cенің жаңағы жаман ұлың, екіншісі – Жарықбас қайнағаның сүткенжесі – Жарас.

Көмекбай. Қойш?!

Рысты. Рас. Әйтеуір кеше кешкілік сынып жиналысында Назымбекжанды әлгі «мәтемәтик» мұғалім жігіт жатып кеп мақтады. «Көрерсіздер, түбінде Көмекбаевтан үлкен оқымысты шығады» деп.

Көмекбай. Алтыным, сол жаман негізі өзіме тартқан. Ана қалқиған құлағы мен жарқыраған маңдайына шейін.

Рысты. (Жұлқынып) Қойш әрі осы, кісінің жынын келтірмей! Саған тартса, жетісер!.. «Арғы бабамыз Қойгелді қара қылды қақ жарған би болған, болыс болған» деп отырушы едің ғой, қарағым түнімен полицейлердің кеңсесін күзетіп шығатын саған тартқанша, сол кісіге тартсыншы. Саған ешқайсысы ұқсамай-ақ қойсын құлындарымның.

Екеуі осы пәтуаға тоқтасқандай, үнсіз қалады. Сәлден соң ерлі-зайыптылар тізілісіп, өз үйлерінің ауласына барып енеді. Ауыл тегіс оянып, құдіретті Жаратқанның тағы бір жарық күні басталған. Соны дүйім жұртқа жариялауға асыққандай әлдеқайдан ата қораздың бар даусымен шабыттана шақырғаны, өріске бет алған сауын сиырлардың қорада қалып бара жатқан бұзауларын қия алмай мейірлене мөңірегендері, малсақ төбеттердің әлденеге мазасызданып, маңқ-маңқ үргендері естіледі.

СОҢЫ

На страницу:
4 из 4